Codeo
221 subscribers
70 photos
5 videos
1 file
171 links
IT әлемінен қазақ тілінде жаңалықтар, кеңестер, технологиялар туралы қызықты мәліметтер жазылатын канал.

Чат: @codeo_chat (it жаңалықтармен бөлісуге және пікіралмасуға арналған)
Download Telegram
Pockemon Go ойыны кімнің есінде? Ұшуы тез болған ойынның ұмытылуы да тез болды. Бірақ толықтырылған виртуалды шындық бағытын бір толқытып тастады.

#Google толықтырылған виртуалды шындық жобаларын жазуды оңайлататын ARCore SDK-сын таныстырды. Платформа қазір превью режимінде, оған қарамай қазірден бағдарламалар жазып бастауға болады.

#ARCore Tango платформасы негізінде жасалған, бірақ кез-келген мобильді құрылғыларда жұмыс жасай алады. Бастапқы кезде олар Pixel және Samsung S8, ал кейін уақыт өте келе құрылғылар саны 100 млнға дейін көбейеді.

Жаңа SDK Java/OpenGL, Unity және Unreal технологияларымен жұмыс жасай алады. Келесі функционалдарды береді:

- қимылды бақылау
- қоршаған ортаны түсіну
- виртуалды объектілерге түсетін жарықты есептеу

Мысал ретінде Google Blocks және Tilt Brush бағдарламаларын жазды. Бағдарламалар кодтарын Github сайтынан таба аласыздар.

https://www.youtube.com/watch?v=ttdPqly4OF8
Почтама Highloadcup жеңімпаздары туралы хабарлама келді. 25 атқылау нәтижесінде орындар былай бөлініпті:

1. Никита Уваров
2. Олег Кузнецов
3. Максим Андреев
4. Иван Тямгин
5. Алексей Дичковский
6. Александр Шумский

Суретте финал алдындағы алғашқы ондық көрсетілген. Мысалы, бірінші орын нәтижесі шамамен 135 секунд. Бұл дегеніміз жалпы 820150 сұраныстың барлығына бар жоғы екі минуттан сәл ғана көп уақыт жұмсалған. Процессоры Intel Xeon x86-64 2 GHz 4 ядро, оперативті жадысы 4 Гб болатын машинада мұндай нәтиже алуды елестетудің өзі қиын. Шамамен 6000 RPS.

Басты ескеретін нәрсе, алғашқы ондықтың барлығы дерлік C және C++ тілінде жазылған, яғни төменгі деңгей. Біреу-міреу ассемблерде жазып қалар деп ойлап едім, ешкім шықпады. Уақыт аздығы әсер еткен болуы керек, әйтпесе ондай тентектер де бар :)
Мына зерттеуге сәйкес 2020 жылы IT саласындағы 500 000 жұмыс орны бос қалады екен. Бұл жұмыс орындарының мамандар санына қарағанда қарқынды өсуінің тікелей салдары.

Бұл сандарға Google алғашқылар қатарынан болып реакция білдіріп жатыр. Ол Bertelsmann компаниясымен бірігіп 75 мың мамандар оқытылуына демеушілік жасап жатыр. Оқыту екі сатыдан тұрады.

Бірінші сатыда Android және веб-бағдарламалаушы мамандығына 30 мыңнан жалпы 60 мың адам таңдап алынады. Әр оқу программасы екіге бөлінген - бастаушылар үшін (20 мың орын) және жалғастырушылар үшін (10 мың орын). Бұл сатының демеушісі Google болады. Бірақ курсқа тек Еуропа, Ресей, Египет, Израиль және Туркия азаматтары ғана қатыса алады. Қатысу үшін өтінішті Udacity платформасында 15 қазанға дейін беруге болады.

Екінші саты осы жылы кейінірек өткізіледі. Бұл сатыда мәліметтер жайлы ғылым үйретіледі. Оны Bertelsmann неміс компаниясы демейді. Бұл сатыда 15 мың адам оқытылады.

Тағы бір ескеретін жағдай жоғарыдағы зерттеу Еуропа елі үшін жүргізілген. Яғни, жұмыс орындары негізінен Еуропада болады. Біздің елде көрініс мүлдем өзгеше болуы мүмкін.
Кенет Fedora Linux дистрибутивінің Қырым елінде таралуына тиым салынды. Әрине, негізгі себеп - санкция. 5 қыркүйек күні дистрибутивті пайдалану бойынша келісімшартқа жаңа пункт енгізілді. Ол пункт бойынша енді операциялық жүйені АҚШ санкцияларына түсетін елдерге таратуға болмайды.

Жағдай opensource үшін өте біртүрлі. Саясаттың ашық кодты бағдарламаға әсер етуін де алғаш көруім.

https://habrahabr.ru/post/337290/
"Биткойн" және "Блокчейн" деген сөздерді үйдегі әжелерімізге дейін естіген шығар. Бірнеше рет таксисттерден де "сондай ақша шығыпты ғой" дегенді есітіп едім. Барлығы хайптың арқасы. Негізінде, сол хайптан соң да бұл салаға қарай қызығушылық білдіруге аяқсынып жүрмін, көп нәрсені оқығым да келмейді. Өйткені, барлық жерде маркетингтік тақырыптар. Биткойн - технология, және ол адамзаттың тағы бір жетістігі. Әр технология секілді оның да кемшілігі бар, қаласын қаламасын кез-келген жерге тықпалай берудің де нәтижесі нашар болатынын ескеру қажет. Бірақ ең қызығы сол кемшіліктер туралы мақалалар өте аз, барлығы құлақтарын қолдарымен жауып алып, естігім келмейді, тек криптовалюта ол күшті, және мен онымен ақша жібергім келеді деп шауып жүрген секілді.

Мысалы, kapital.kz жариялаған мына мақала. Бұл ешқандай жаңалық емес, ешқандай техникалық тұрғыдан түсініктеме жоқ. Сол баяғы "майнинг" пен "ақша жіберу" дегенге жабысып қалған. Енді келіп криптовалюта жазушыларды рок жұлдыздарға теңестіргісі келеді.

Банктер де бұл әнге қосылып, блокчейн туралы презентация жасап, әңгіме айтып қояды. Шын мәнінде барлығы хайп тақырыптың артында жарнамаланып қалу ғой, шынайы қолдануға ендіретініне үлкен күмәнім бар. Ең қорқатыным, мемлекет те мода ғой деп, кіргізбейтін жерге кіргізуге әрекет жасамаса болғаны.

https://goo.gl/kjMdEy
Facebook және Github бірігіп Atom редакторын IDE-ету үшін [жұмыс жасап бастады](https://goo.gl/XJVUwB). Ал енді Sublime Text редакторының үшінші нұсқасы бірнеше жылдан соң ақыры бета нұсқасынан [шығарылды](https://m.habrahabr.ru/post/337882/comments/). Қарапайым редакторлар әлемінде осындай жарыс болатынын кім білген. Өйткені, Sublime ұзақ бетадан шығу кезінде Microsoft-тың VSCode редакторы нарықтың біраз бөлігін алып үлгерді. Осы мәселе Sublime тезірек қимылдауына әсер еткен секілді.

Сіз ше? Код жазуда қандай редактор пайдаланасыз?
Codeo via @vote
Қандай редактор пайдаланасыз?
anonymous poll

Sublime Text 3 – 10
👍👍👍👍👍👍👍 43%

Басқа – 8
👍👍👍👍👍👍 35%

Atom – 3
👍👍 13%

VSCode – 2
👍 9%

👥 23 people voted so far. Poll closed.
Қазақ тілінде IT тақырыбында пікірталас жүргізетін чат ашу туралы бірнеше ұсыныс түсіп еді. Соны енді келіп іске асырып жатырмыз. Енді @codeo_chat деп аталатын группамыз бар. Еркін тақырып, аса бір шектеу жоқ (балағат сөздерге де). Тек спам, жарнама, жеке басқа тиісу тиылады.

Жазармандар мен оқырмандарға welcome дейміз :)

http://t.me/codeo_chat
Алматыда Массачусетс технологиялық институты (МТИ) стандарты бойынша IT курстары өтеді
https://codeo.kz/blog/itnews/414.html
— Жобамыз биылғы жылдан бастап «Бәрібар» атауымен өзгертілді. Бұрын тек «Сұрақ-жауап» төңірегінде ғана болған болса, қазір сайтымыздың тақырыптық ауқымы кеңейіп, сапалы контент ұсынатын жобаға айналғандықтан, осындай атау бердік.

https://codeo.kz/blog/zhoba/416.html
Телеграмды Қазақстанда бұғаттау ешқандайда қисынға сыймайтындығын, ешкім оқымайтын бір топқа бола осындай мәлімет алмасу ортасынан бізді айыру дұрыс емес екентігін ЦАРКА жігіттері жай сөзбен емес арнайы анализбен көрсетіп беріпті.

https://www.facebook.com/cyberseckz/photos/a.1675790765981995.1073741828.1674347306126341/2135802059980861/?type=3&permPage=1
Роскомнадзор Таган аудандық сотынан Телеграм мессенджерін блоктауды бастауды талап етіп жатыр. Бұдан алдын сот процесстері жарты жылға дейін созылуы мүмкін екендігі және соған байланысты кем дегенде жарты жыл мессенджер Ресейде жұмысын жалғастыра беретіндігі айтылған болатын. Бірақ мына жаңалықтан соң мессенджер ертеңгі күні ақ бұғатталуы мүмкін.

Ресейдің Телеграмды бұғаттау әрекеті былтырғы жылдан басталған болатын. Сол кезде процесс Телеграм компаниясының реестрге тіркелуімен аяқталған. Биылғы процесс мессенджерден хаттарды дешифровка жасау кілттерін беруді талап етіп жатыр. Ал Дуров "қауіпсіздік" басты идеялары екенін айтып, бір байт болсын мәлімет бермейтіндігін айтқан. Оған қоса мессенджер мамандары да кілттерді беру мүмкін емес, біз ешқандай кілттерді серверде сақтамаймыз, барлығы клиент құрылғысында деп те түсіндіргісі келген. Бірақ, "роскомпозор" деген қосымша атаққа ие болған ұйым ештеңеге құлақ асар емес.

#telegram #роскомнадзор
Орынборда заңсыз жұмыс жасаған майнинг фермасы табылды. Тастап кетілген зауыт орнында жасалған бұл фермаға электр энергиясын пайдалу мөлшері 8 млн КВт/сағаттан асып кеткендіктен назар аударылған.

Фермадан 6000 дана техника табылған. Осыған дейін 60 млн рубль (~312 млн теңге) майнит етілген.

https://youtu.be/R8_V4t3mr6M
1956 жыл 5 Мб-тық диск (IBM 350 бірінші моделі)

Модель туралы толығырақ мына жерде оқуға болады https://www-03.ibm.com/ibm/history/exhibits/storage/storage_350.html

#ithistory
Ресейде Телеграмды блоктау бойынша сот отырысы Телеграм заңгерлерінсіз өтіп жатыр. Қазір Роскомнадзор да ФСБ-да Телеграмды кілттерін бермегендіктен бұғаттауды толық қолдайтынын білдіріп жатыр. Ал Телеграмның отырысқа шақыру таяп қалғанда жіберілгенін, заңгерлердің құжаттарды қарастыруға уақыты болмағандығын айтып берген өтініші де қанағаттандырылмады.
Бар жоғы 19 минут созылған супер жылдам сот. Судья жиналыс бөлмесіне ақылдасу үшін кіріп кетті. Аз уақытта шешім шығарылады. Қандай шешім шығатынында ешкімнің күмәні жоқ шығар. Ал мыңдаған жазылушысы бар Ресей каналдары бұғатталған күнде де жұмыс жасауға мүмкіндік беретін прокси баптауларын таратып жатыр.

Бізге де дайын болған артық етпес, сенімді проксилер туралы жеке пост болады.
❗️Сот шешім шығарды. Телеграм тез арада бұғатталуы керек, яғни ертеңнен бастап Ресейдегі телеграм пайдаланушыларында қиындықтар басталады.