Candidate Kairov
5.07K subscribers
13K photos
1.54K videos
653 links
Комментатор Ербол Каировтың авторлық телеграм-каналы;

@erbol_kairov

Instagram: https://instagram.com/footballinkz
Download Telegram
🤦‍♂️ Финал деп Покатиловты ұмытып кетіппіз

🇦🇿 Кеше Чемпиондар лигасының финалы алдында «Карабах» пен «Сабах» Әзербайжан кубонын сарапқа салды.

Матч экстра-таймға ұласып, 3:2 есебімен Стас Покатилов өнер көрсететін «Сабах» жеңіске жетті.

🇰🇿 Қазақстан құрамасының қақпашысы 43-минутта «Карабахтың» пенальтиден гол соғуына мүмкіндік бермеді.

🏆 Әзербайжандық клубқа қаңтар айында қосылған 32 жастағы қақпашы алғашқы маусымында-ақ трофей жеңіп алды.

⚽️ 2017 жылы құрылған «Сабах» клубы сегіз жылдық тарихында алғаш рет Еуропа лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алды.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🚀 Забирай фрибет 7 000 ₸ за точные прогнозы каждую неделю

Подпишись и покажи свой скилл в беттинге 👉 PINCO BET 🇰🇿
Артем Дзюба «Қайратқа» ауыспайтын болды

🇷🇺 Ресей құрамасының экс-шабуылшысы өз отанында қалады.

@gasyrfootball
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Әлібек Қасым ұлттық құрамаға көмектесе алмайды

🤕 «Ақтөбе» – «Қайрат» матчында Қазақстан құрамасының қорғаушысы жарақат алып қалып, ойынды жалғастыра алмады. Осы себеппен Әлібек оқу-жаттығу жиынына келмейді.

🔄 Оның орнына кім келетіні туралы алдағы уақытта хабарланады.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Спорттық болжам бойынша чемпион табылды! Camry — енді оның қолында!

Саят — Семейден шыққан қарапайым жігіт. Спортты жақсы көретін, «Ұлттық спорт сарапшысы» жобасында тегін болжамдар жасайтын… және чемпион атанды!! Бүгінде ол жаңа Toyota Camry-мен жүреді 🚗 — өйткені футболға қатысты білімдеріне сенді ⚽️

Егер спорт сіз үшін жай хобби емес болса, арнаға жазылыңыз: дәл қазір мұнда iPhone мен фрибеттер ұтысқа қойылған, ал жақында екінші маусым басталады. Сізді көптеген жүлделер, ақшалай сыйлықтар 💰 және басты жеңімпаз үшін тағы бір Camry күтіп тұр!

Camry ұтып алуға мүмкіндігіңді жіберіп алма!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏆 Георгий Джикия «Қайратқа» ауысуы мүмкін

🇷🇺 KazFootball порталының хабарлауынша, өткен маусымда «Химкиде» доп депкен 31 жастағы қорғаушы қазір жаңа клуб іздеуде. Ресейлік футболшы осы айдың соңында еркін агент атанады.

🇪🇺 Алматылық клуб Чемпиондар лигасы қарсаңында қорғаныс шебін күшейтуді жоспарлап отыр. «Қайрат» Джикияны Егор Сорокин, Александр Мартыновичке бәсекелес ретінде көріп отыр.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💰 Төрешілер жалақысыз жүр. Демек, жемқорлық одан әрі күшейе ме?

Жаңа футбол маусымы төрешілер үшін жақсы жаңалықпен басталды. Оларға берілетін гонорар мөлшері көбейді, жайлы қонақүйлерде тұратын болды, сонымен қатар федерация тарапынан сыйақы тағайындалды. Яғни, олардың арам жолмен ақша таппай, әділ түрде төрелік етуіне барлық жағдай жасалғандай көрінді.

Алайда қуаныш ұзаққа созылмады. Төрешілер сәуір айындағы еңбекақысын әлі алған жоқ. Қазақстан футбол федерациясы қазіргі уақытта жалақы фондының Jusan Bank-ке ауыстырылып жатқанын, сондықтан күтуге тура келетінін хабарлады.

Маусым айын есепке алғанда төрешілер сегіз (!) айда бір рет қана жалақы алған. Көбінің қосымша табысы жоқ. Ал бұл мүмкіндікті ҚПЛ клубтары пайдалана алады.

Жақында комментатор Олжас Байбосын төрешілердің әлі күнге дейін клубтардан пара алып жатқанын, адал жұмыс істейтін реферилердің аз екенін айтты. Футбол әлеміне жақын емес журналистің өзі осылай деп тұрса, елестетіп көріңізші, телеграм-каналдардың авторлары не айтатынын?

Жақында ғана бір команданың төрешілерге 6 миллион теңге жинап бергенін анықтадық. Бұл ойын тең нәтижемен аяқталды, дегенмен төрешілер ақша ұсынған командаға барынша «көмектесуге» тырысты.

Демек, төрешілік жанжалдарға қосымша бас ауруы қосылды. Ал мен оның тезірек шешілгенін қалаймын.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жұмаханов «Қайрат» жайында ештеңе білмейді

Кеше ғана әр-түрлі басылымдар «Елімай» және Қазақстан құрамасының қорғаушысы Әділбек Жұмахановтың «Қайратқа» ауысып жатқанын хабарлады.

Бүгін күндіз жас футболшыны көріп қалып, бірден осы жаңалық жайында сұрадым.

«Ештеңе де білмеймін. Қазір ғана осы жаңалықты оқып отырмын», – деп жауап берді Жұмаханов.

Қалай болатынын уақыт қана көрсетеді. Дегенмен, семейліктер негізгі қорғаушыны бәсекелестерге оп-оңай беретініне күмәнім бар.

@candidate_kairov
🏆 «Қайрат» жаңа шабуылшымен толығады

🤝 Инсайдер Владимир Жарковтың айтуынша, алматылықтар Еуропада ойнаған ұзын бойлы форвардпен ортақ мәмілеге келген.

⌛️ Бұл футболшы «Қайратқа» жақын уақытта қосылады.

Ал Георгий Джикияның ауысуы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды екен.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔚 Роман Асранқұлов ұлттық құрама қосынынан кетіп қалды

💚 «Тобыл» футболшысы үйінде қайғылы жағдай болғандықтан, бүгін таңертең сұранып, үйіне қайтқан.

Романнан бөлек, алдағы ойындарда Әлібек Қасым мен Серікжан Мужиков ұлттық құрамаға көмектесе алмайды.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤️ «Ақтөбе» панамалық шабуылшысымен қоштасты

🔚 «Ақ-қызылдар» сапында 2024 жылдың жазынан бері ойнаған Фредди Гондола командадан кетті. Футболшы мен клуб екеуара келісімшартты тоқтату туралы шешім қабылдады.

📊 29 жастағы футболшы «Ақтөбе» жейдесінде 11 ойынға қатысып, 3 голмен көзге түсті.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 «Таразға» жаңа бапкер тағайындалды

♻️ Бұған дейін команданы жаттықтырған Нұркен Мазбаев қызметінен кетіп, оның орнын Жамбыл футболының түлегі, «Тараз» сапында Қазақстан чемпионы атанған Нұрмат Мырзабаев басты.

52 жастағы маман осы күнге дейін «Тараз» футбол орталығында QJ League командаларының үйлестірушісі лауазымын атқарды.

👔 Сондай-ақ жамбылдық клубтың директоры лауазымына Серік Молдагаиров тағайындалса, осы уақытқа дейін басшы міндетін атқарып келген Мұрат Агибаев бас менеджер болып бекітілді.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔥 Бүгін MATCHDAY

🇪🇺 Еуро-2027 іріктеу кезеңі. 1-тур
19:30. Қазақстан U21 – Андорра U21

🏟 Астана Арена
📺 Qazsport

🤝 Жолдастық ойын
22:00. Беларусь – Қазақстан

📺 Qazsport

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from SALE футбол
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Таңертең жаттығу, кешке ойын 🇧🇾🇰🇿

Бүгінгі ойын қандай есеппен аяқталады?

@Sale_football
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🎁 Әр жұма сайын iPhone 16 Pro ойнатылады!

Қазақстандағы спорт болжамдары бойынша алғашқы чемпионат – мұнда нағыз сыйлықтар ұтып алуға болады!

Телеграм-каналға жазылыңыз:

— әр апта сайын мұнда iPhone және фрибеттер ойнатылады 📱

— жақында екінші маусым басталады: тағы бір Camry және жүздеген сыйлықтар 💰

Келесі iPhone сіздің болуы мүмкін! Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!