Candidate Kairov
5.1K subscribers
13K photos
1.54K videos
649 links
Комментатор Ербол Каировтың авторлық телеграм-каналы;

@erbol_kairov

Instagram: https://instagram.com/footballinkz
Download Telegram
АҚТӨБЕ-ҚАЙРАТ. СҰМДЫҚ МАТЧ. ММА МА? СӘТПАЕВ – МЫҚТЫ

Ақтөбеден - тамаша влог.

Футболды шайқасқа айналдырды.

Төреші бірнеше қателік жіберді. Жастарды не үшін қояды?

Умаев Глейзермен төбелесті 👊. Оған израильдік футболшы не деді?

Дастан Сәтпаев «Челсиге» қазір-ақ барсын.

Рафаэль Уразбахтин өзін жаман жағынан көрсетті 🟥.

Қобыландыда – керемет атмосфера 😍

https://youtu.be/4Nj7MtAod6M?feature=shared
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда үлкен футбол күні: меморандумға қол қойылуы және БАҚ өкілдерімен жолдастық матч.

Қалай болғанын көрейік ▶️
🇰🇿 Бүгін ҚПЛ 11-туры өз мәресіне жетеді

16:00. 🐴 Оқжетпес – Қызылжар 🦅
16:00. 🇰🇿 Ұлытау – Тұран 💙
20:00. 🐺 Қайсар – Жетісу 💙

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💚 «Атырау» тағы бір футболшысымен қоштасты

🤝 «Мұнайшылар» қос тараптың мақұлдауы бойынша грузиялық қорғаушы Гиорги Гадранимен келісімшартты бұзды.

🇬🇪 30 жастағы футболшы «Атырауға» осы маусымның басында қосылды. Клуб сапында 8 матчқа қатысып, 1 ассист жасады.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💚 «Елімайдың» негізгі шабуылшысы клубтан кетті

🔚 Сербиялық шабуылшы Фейсал Муличтің семейлік ұжымдағы мансабы мерзімінен бұрын аяқталды. Қос тарап өзара келісім бойынша қоштасты.

📊 Бойы 2 метрді құрайтын футболшы «Елімай» сапында 9 матчқа қатысып, 3 гол соқты.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from SALE футбол
🏆 ФИНАЛ АЛДЫНДА КОНКУРС!

💰 Жүлде – 15 000 теңге

Шарттары:

1. @Sale_football парақшасына тіркеліңіз
2. @Candidate_Kairov парақшасына тіркеліңіз
3. @Goal_emes парақшасына тіркеліңіз

🇫🇷 ПСЖ – Интер 🇮🇹 матчының НЕГІЗГІ УАҚЫТЫНДАҒЫ есебін және соңғы голдың авторын табыңыз. 0:0 деген есеп қабылданбайды. Егер негізгі уақыт 0:0 аяқталса, конкурсты келесі ойынға қалдырамыз.

‼️ МАҢЫЗДЫСЫ: Пікір өзгермеуі керек және есеп те, гол авторы да бір жерде жазылуы тиіс. Сондай-ақ қатысушының бір ғана болжамы қабылданады. Болжамдарды тек матч басталғанға дейін жазуға болады.

‼️ Жүлдені бәрінен ерте дәл тапқан 2 жеңімпаз тең бөліп алады. Жеңімпаздар екеуден аз болса, қалған сома келесі конкурсқа қалады.

Пікірді SALE футбол арнасындағы дәл осы посттың астына жазыңыздар. Тіркеліңіздер! 👇

@Sale_football
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔝 Көкшетаулықтар ешкімді аяп жатқан жоқ

🇰🇿 ҚПЛ, 11-тур

🐴 Оқжетпес – Қызылжар 🦅 – 3:2

⚽️ Голдар: 9’ Жұмат (п), 73’ Йоваеович, 89’ Марат – 56’ Жаңғылышбай, 90+1’ Горшунов

Қызыл қағаздар: 38’ Дарабаев – 32’ Валгушев

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💪 «Ұлытау» қатарынан екінші матчта жеңіске жетті

🇰🇿ҚПЛ, 11-тур

🇰🇿 Ұлытау – Тұран 💙 – 2:1

⚽️ Голдар: 60’ Таубай, 73’ Абылайхан – 22’ Дорофеев

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Candidate Kairov pinned «🏆 ФИНАЛ АЛДЫНДА КОНКУРС! 💰 Жүлде – 15 000 теңге Шарттары: 1. @Sale_football парақшасына тіркеліңіз 2. @Candidate_Kairov парақшасына тіркеліңіз 3. @Goal_emes парақшасына тіркеліңіз 🇫🇷 ПСЖ – Интер 🇮🇹 матчының НЕГІЗГІ УАҚЫТЫНДАҒЫ есебін және соңғы голдың…»
«Қайсар» матч соңында бір ұпайға ие болды

🇰🇿 ҚПЛ, 11-тур

🐺 Қайсар – Жетісу 💙 – 2:2

⚽️ Голдар: 57’ Жалмұқан, 90+7’ Мырзағалиев – 67’ Шмидт, 88’ Ковель

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🤦‍♂️ Финал деп Покатиловты ұмытып кетіппіз

🇦🇿 Кеше Чемпиондар лигасының финалы алдында «Карабах» пен «Сабах» Әзербайжан кубонын сарапқа салды.

Матч экстра-таймға ұласып, 3:2 есебімен Стас Покатилов өнер көрсететін «Сабах» жеңіске жетті.

🇰🇿 Қазақстан құрамасының қақпашысы 43-минутта «Карабахтың» пенальтиден гол соғуына мүмкіндік бермеді.

🏆 Әзербайжандық клубқа қаңтар айында қосылған 32 жастағы қақпашы алғашқы маусымында-ақ трофей жеңіп алды.

⚽️ 2017 жылы құрылған «Сабах» клубы сегіз жылдық тарихында алғаш рет Еуропа лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алды.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🚀 Забирай фрибет 7 000 ₸ за точные прогнозы каждую неделю

Подпишись и покажи свой скилл в беттинге 👉 PINCO BET 🇰🇿
Артем Дзюба «Қайратқа» ауыспайтын болды

🇷🇺 Ресей құрамасының экс-шабуылшысы өз отанында қалады.

@gasyrfootball
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Әлібек Қасым ұлттық құрамаға көмектесе алмайды

🤕 «Ақтөбе» – «Қайрат» матчында Қазақстан құрамасының қорғаушысы жарақат алып қалып, ойынды жалғастыра алмады. Осы себеппен Әлібек оқу-жаттығу жиынына келмейді.

🔄 Оның орнына кім келетіні туралы алдағы уақытта хабарланады.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Спорттық болжам бойынша чемпион табылды! Camry — енді оның қолында!

Саят — Семейден шыққан қарапайым жігіт. Спортты жақсы көретін, «Ұлттық спорт сарапшысы» жобасында тегін болжамдар жасайтын… және чемпион атанды!! Бүгінде ол жаңа Toyota Camry-мен жүреді 🚗 — өйткені футболға қатысты білімдеріне сенді ⚽️

Егер спорт сіз үшін жай хобби емес болса, арнаға жазылыңыз: дәл қазір мұнда iPhone мен фрибеттер ұтысқа қойылған, ал жақында екінші маусым басталады. Сізді көптеген жүлделер, ақшалай сыйлықтар 💰 және басты жеңімпаз үшін тағы бір Camry күтіп тұр!

Camry ұтып алуға мүмкіндігіңді жіберіп алма!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏆 Георгий Джикия «Қайратқа» ауысуы мүмкін

🇷🇺 KazFootball порталының хабарлауынша, өткен маусымда «Химкиде» доп депкен 31 жастағы қорғаушы қазір жаңа клуб іздеуде. Ресейлік футболшы осы айдың соңында еркін агент атанады.

🇪🇺 Алматылық клуб Чемпиондар лигасы қарсаңында қорғаныс шебін күшейтуді жоспарлап отыр. «Қайрат» Джикияны Егор Сорокин, Александр Мартыновичке бәсекелес ретінде көріп отыр.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💰 Төрешілер жалақысыз жүр. Демек, жемқорлық одан әрі күшейе ме?

Жаңа футбол маусымы төрешілер үшін жақсы жаңалықпен басталды. Оларға берілетін гонорар мөлшері көбейді, жайлы қонақүйлерде тұратын болды, сонымен қатар федерация тарапынан сыйақы тағайындалды. Яғни, олардың арам жолмен ақша таппай, әділ түрде төрелік етуіне барлық жағдай жасалғандай көрінді.

Алайда қуаныш ұзаққа созылмады. Төрешілер сәуір айындағы еңбекақысын әлі алған жоқ. Қазақстан футбол федерациясы қазіргі уақытта жалақы фондының Jusan Bank-ке ауыстырылып жатқанын, сондықтан күтуге тура келетінін хабарлады.

Маусым айын есепке алғанда төрешілер сегіз (!) айда бір рет қана жалақы алған. Көбінің қосымша табысы жоқ. Ал бұл мүмкіндікті ҚПЛ клубтары пайдалана алады.

Жақында комментатор Олжас Байбосын төрешілердің әлі күнге дейін клубтардан пара алып жатқанын, адал жұмыс істейтін реферилердің аз екенін айтты. Футбол әлеміне жақын емес журналистің өзі осылай деп тұрса, елестетіп көріңізші, телеграм-каналдардың авторлары не айтатынын?

Жақында ғана бір команданың төрешілерге 6 миллион теңге жинап бергенін анықтадық. Бұл ойын тең нәтижемен аяқталды, дегенмен төрешілер ақша ұсынған командаға барынша «көмектесуге» тырысты.

Демек, төрешілік жанжалдарға қосымша бас ауруы қосылды. Ал мен оның тезірек шешілгенін қалаймын.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM