Candidate Kairov
5.18K subscribers
12.9K photos
1.54K videos
639 links
Комментатор Ербол Каировтың авторлық телеграм-каналы;

@erbol_kairov

Instagram: https://instagram.com/footballinkz
Download Telegram
🥺 «Қайрат» финалда сүрінді

Алматылық клуб Чемпиондар лигасының шешуші матчында испаниялық «Пальмадан» 4:9 есебімен ұтылды.

⚽️ «Қайрат» сапында Кайо Руис, Дәурен Тұрсағұлов, Жаһангир Рашит және Кевин Арриета гол соқты.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💣 Қазақстан құрамасы Индонезия құрамасымен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін

🇮🇩 Индонезия құрамасы қыркүйек айындағы үзілісте құрамамызға кездесу өткізу жайында ұсыныс тастауы мүмкін.

@gasyrfootball
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💙 «Ордабасы» жергілікті футболшыларға сенім артуда

🇰🇿 «Атыраумен» болған ойында Андрей Мартин Шымкент футболының жеті түлегін алаңға шығарды. Олардың бесеуі негізгі құрамға ілінді:

Бекхан Шайзада
Ұлар Жақсыбаев
Зикрилло Сұлтаниязов
Сұлтанбек Астанов
Муроджон Халматов
🔄 Еркебұлан Тұңғышбаев
🔄 Жасұлан Әмір

🇰🇿 Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев соңғы сұхбаттарының бірінде орталық алаңды күшейту үшін Сұлтаниязов пен Халматовты бақылап жүргенін мәлімдеген еді.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
YouTube-та жаңа жоба! Дивандағы сарапшылар

Бұл шығарылымда ПСЖ мен «Арсенал» арасындағы тартысты кездесуді талқыладық.

Ойын барысы;

Негізгі сәттер;

Жеке шеберлік пен тактикалық шешімдер;

Қос командаға баға және алдағы матчтарға болжамдар.

Футбол сүйер қауымға арналған қызу пікірталас! Төменде пікір қалдырып, каналымызға жазылуды ұмытпаңыздар!

https://youtu.be/6lU3_1hsbtE
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💚 «Атырау» құрбандық шалды

🐏 Осы маусымда жолы болмай, қатарынан жеті матчта жеңіліп, орта жолда бапкер ауыстырған «мұнайшылар» «Ордабасыға» қарсы ойын алдында жақсы нәтиже көрсету ниетімен қой сойып, құрбандық шалған екен.

Бірақ бұл көмектеспей, Қуаныш Қабдоловтың командасы өз алаңында шымкенттіктерден 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🆕 Жаңа форма, жаңа талисман

💙 «Ордабасы» бүгін әлеуметтік желіде клубтың су жаңа бойтұмарын таныстырды. Шымкентті көбісі АҚШ-тың Техас штатына теңегендіктен және клубтың фан-секторы дәл осындай атауға ие болғандықтан, бойтұмар ковбой кейпінде жасалған.

🏟 Айтпақшы, «Ордабасы» 11 мамырда «Қайсармен» болатын ойынды Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда қабылдайды.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤️ Рамазан Оразов «Ақтөбеге» оралуы мүмкін

«Серый CARDINAL» арнасының хабарлауынша, 27 жастағы жартылай қорғаушы «Силькеборгтағы» жағдайына риза емес. Қазақстандық футболшы ойын уақытын көбірек алғысы келеді.

🤝 Рамазанның өзі «Ақтөбеге» ауысу нұсқасын қарастыруға дайын.

🔜 Оразов даниялық клубқа дәл осы «Ақтөбеден» ауысып барған еді.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жанкүйер боламын. Алаңдатпаңыз

Чемпиондар Лигасының жартылай финалы кезінде біз Telegram үшін арнайы аватарлар жасадық — "Жанкүйер боламын" статусымен. Ашасыз — онда бәрі адал: мен суық тиюмен ауырмаймын, сүйікті командама жанкүйер боламын.
Сіз кім үшін жанкүйер боласыз — "Барселона", "Арсенал", ПСЖ немесе "Интер" — таңдаңыз, матч кезінде ешкім артық сұрақтармен алаңдатпауы үшін ава қойыңыз.

Чемпиондар Лигасы Кинопоискте — міне нағыз керегі осы. Қалғанының бәрі күте тұрады.
🤕 Жоао Пауло ауыр жарақат алыпты

🦵 Vesti порталының ақпаратына сенсек, «Қайрат» шабуылшысы тізе байламын үзіп алған екен. Сол себепті ұзақ уақыт бойы алаңға шықпайды. Тіпті мансабын да аяқтауы мүмкін көрінеді.

36 жастағы футболшы «Тобыл» және «Ұлытаумен» болған матчтардан шет қалды.

‼️ «Қайрат» маусым басында жарақатына байланысты Элдер Сантанадан да айырылған болатын.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан құрамасының шабуылшысы бәріне де керек

Әсіресе заңға өзгерістер енгізілгеннен кейін 👇

https://arena.olimpbet.kz/news/sport/top-kluby-premer-ligi-zainteresovalis-napadayushhim-sbornoj-kazahstana/
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤕 Батеканың жағдайы ауыр

🇹🇷 Түркиялық Fotospor басылымы Бақтиер Зайнутдиновтың жаттығуға қатыспай жүргенін хабарлады. Әзірге қазақстандық футболшының жүгіруіне де тыйым салынған. Жарақаты қайтадан сыр беруі мүмкін екен.

🩺 27 жастағы футболшыға Қазақстанда ота жасалған. Осы ота қате жасалды деген де болжамдар бар. Қазір «Бешикташтың» медициналық штабы Батеканы мұқият бақылап отыр және алдағы уақытта оған жарақатынан айығу үшін жаңа жаттығу жоспарын құрып береді.

🇹🇷 Бақтиер алаңға соңғы рет 26 қаңтарда «Антальяспорға» қарсы матчта шыққан болатын.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Бүгін ҚПЛ 8-туры басталады

19:00. 💛 Жеңіс – Қайрат 🏆

Бұл матчқа «Жеңістің» жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат қатыса алмайды. Қазақстандық футболшы жеті тур ішінде төрт сары қағаз алып, бір ойыннан шеттетілді.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Нұрдәулетов «Ертістен» кетпекші

Павлодарлық «Ертістің» бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов командадан кетеді. Оның орнына басқа маман тағайындалады.

P.S. Неліктен кетеді деп сұрайсыздар? Себебі жоғарыдағылар ешқашан бас бапкердің жұмысына араласпауы тиіс.

@candidate_kairov