Candidate Kairov
5.15K subscribers
12.8K photos
1.53K videos
619 links
Комментатор Ербол Каировтың авторлық телеграм-каналы;

@erbol_kairov

Instagram: https://instagram.com/footballinkz?igshid=YmMyMTA2M2Y=
Download Telegram
💣 ЛЕОНОВ ОТСТАВКАҒА КЕТЕДІ

Соңғы екі ойында жеңіліске ұшыраған «Ақтөбенің» бас бапкері Игорь Леонов командадан жақын арада кетеді. Оның орнына жаңа бас бапкер тағайындалады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейін, өткен жылы «Ақтөбемен» бірге Леонов Қазақстан кубогінің жеңімпазы атанды.

@candidate_kairov
🔚 Игорь Леонов ресми түрде қызметінен кетті

❤️ 57 жастағы маман отбасылық жағдайына байланысты жұмыстан кету туралы өтініш жазып, келісімшарт қос тараптың мақұлдауымен бұзылған екен.

🙃 Леоновтың жетекшілігімен «ақ-қызылдар» өткен маусымда Қазақстан кубогын жеңіп алды.

Команданы «Ұлытаумен» болатын ойынға (26 сәуір) Вячеслав Левчук дайындайды.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💚 Ресми: Константин Горовенко «Атыраудан» кетті

🔚 48 жастағы маман жұмысынан өз еркімен кету туралы шешім қабылдады

Горовенко «мұнайшыларды» осы маусымның басында тізгіндеді. Оның жетекшілігімен команда жеті матч өткізіп, тек біреуінде жеңіске жетті.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from YerSport
😱 Самат Смақов неліктен төрешілер мен федерацияны сынады?

🟥 Оның қызыл қағазы кімге керек болды?

Қандай шешім қабылдау керек?

Жауап төменгі видеода.

Лайк басып, комментарийді ютубтың астында қалдыр 👇

https://youtu.be/F5wuBkWVv8g?si=WPqo4LxY-gyO19xn

https://youtu.be/F5wuBkWVv8g?si=WPqo4LxY-gyO19xn

https://youtu.be/F5wuBkWVv8g?si=WPqo4LxY-gyO19xn
Жаңа ойыншыларға отты бонус 🔥

Ережелері оңай:
Арнаға тіркел 👉 PIN-UP Bet Kazakhstan
Арнайы промокодты ал
1000 ₸-дан жоғары толтырым жасап 100% фрибет ал

Қосыл, ең мықты промокодтар мен ваучерлер әр күн сайын 🎁
Соңғы маусымдарда тіркелмеген көрсеткіш

🔚 Қазақстан Премьер-лигасы 5-ші турының қорытындысы бойынша үш клубтың бас бапкері қызметінен кетті:

🦅 Александр Бразевич (4-тур)
❤️ Игорь Леонов (5-тур)
💚 Константин Горовенко (5-тур)

‼️ Соңғы жылдары маусымның басында мұншалықты көп отставка тіркелмеген екен. 2021 жылдан бері алтыншы турға дейін бір ғана бапкер жұмысынан кетіп отырған.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Футбол саласында өмірімнің жартысын өткіздім. Балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, кейін болбойлық жұмыс, Қазақстан футбол федерациясындағы қызмет, жағажай футболында ойыншы ретінде алтын мен күміс жүлделерім, жеке әуесқой командам, медиа-жобаларым, комментаторлығым, агенттік/скауттық жұмысым – мүмкіндігінше өсіп, осы саланың дамуына өз үлесімді қосуға тырысамын.

Жанкүйерлер де маған жиі жазып: «Қалай футболда жұмыс жасауға болады? Ол үшін не істеу керек?» деген сұрақтарды оқимын.

Біріншіден, білім алып, кейін тәжірибе жинау керек. Сондықтан соңғы жылдары кәсіби футболшылар, бапкерлер, клуб жұмысшылары, маркетологтар, журналистер, тіпті қарапайым жанкүйерлер «Футбол менеджменті» арнайы курсында оқуға мүмкіндік алып отыр. Осы жоба тікелей басты футбол органы – Қазақстан футбол федерациясымен байланысты және де еліміздегі топ-клубтармен бірге серіктестік орнатылған. Мысалы, «Қайрат» футбол клубын алайық. Курс түлектері стажировкадан өтіп, кейін футбол саласында қалуға мүмкіндік алады.

Спикерлер де мықты – шетелдік, қазақстандық мамандар матч-менеджмент, спорт маркетингі және медиа жағынан сапалы білім береді.

Барлық сұрақтар бойынша осы аккаунтқа жазыңыздар 👉 @d_fmedukz

☎️: +7-776-826-84-22.

https://t.me/fmedukz
⛏️ «Шахтер» қазақстандық маманмен толықты

🇰🇿 Бұған дейін Қазақстан жасөспірімдер құрамасын жаттықтырған Александр Кузнецов бүгіннен бастап «Шахтер» ФК футбол орталығын басқарады.

🔚 40 жастағы маман кеше Қазақстан U19 жасөспірімдер құрамасынан кеткенін мәлімдеген болатын.

🇰🇿 Кузнецовтың жетекшілігімен жастарымыз бірнеше жарқын жеңістерге жетті.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from КЕҢЕСШІ
🇰🇿🇺🇿Өзбек футболы үшін қуанамыз!

Ағайындарымызға үнемі тілектеспін. Ойындарында жанкүйермін!

Кешегі Өзбекстанның U 17 құрамасының жеңісіне қуандық. Алайда кейбір әріптестеріміз өз футболымызды дәріптеудің орнына көршілеріміздің жеңісін басқа мақсатта пайдаланып жүр. Біздің футболды төмендетіп, өзгелерді мадақтаумен айналысып кеткендей. Айтар дүние көп...

Бірақ, былтыр біздің U 17 құрамамыз кешегі Азия чемпиондарын Тәшкенде 4:2 есебімен жеңді. Және де біздің осы толқын жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп жүр. Өткен айда Грузияны да жеңді. Өз басым бауырларымызға сенем. Уақыт керек. Дұрыс жолда келе жатыр.

Дастан Сәтпаев пен Дәулеттер де Азия чемпионатына барса жақсы көзге түсер еді. Біз Еуропадамыз! Жолымыз басқа. Мақсатымыз айқын.

Алға Қазақстан!
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💚 Ресми: Қуаныш Қабдолов «Атыраудың» бас бапкері атанды

37 жастағы жергілікті маман 2009-2012 жылдар аралығында «Атыраудың» жастар командасында (дубль) бас бапкердің көмекшісі болып еңбек етті. 2013 жылы «Атырау» футбол орталығының басшысы болып тағайындалды.

2014-2020 жылдар аралығында Қуаныш Кенжәліұлы «Атырау» негізгі командасының бапкерлік штабында қызмет жасап, бас бапкер көмекшісі және бас жаттықтырушы міндетін атқарды. Сол уақытта «мұнайшылар» екі мәрте Қазақстан кубогының финалына (2017 және 2019 жылдары) шықты.

2021-2022 жылдар аралығында түркістандық «Тұранның» бас бапкеріне көмектесіп, содан соң команда тізгінін ұстады. Ал былтырғы маусымда ақтаулық «Каспийдің» бас бапкері ретінде Бірінші лиганың қола медалін жеңіп алды.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤️ «Ақтөбеде» бапкер ауысты

🔚 Бұған дейін клубта қақпашыларды жаттықтырып келген Олег Шевченко қызметінен кетті.

Алдағы уақытта «Ақтөбеде» голкиперлердің дайындығына Жасур Нарзикулов жауапты болады.

‼️ Жасур 2023 жылдың соңында кәсіби мансабына нүкте қойған болатын. Осы уақытқа дейін «Ақтөбеде» бапкердің көмекшісі болып жұмыс істеді.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from SALE футбол
⚡️ Самат Смақов төрт ойынға шеттетілді

💙 «Ордабасы» – «Жетісу» ойынында матчтың ресми тұлғасына тіл тигізіп, әдепсіз сөздер айтқаны үшін «Жетісу» командасының бас бапкері Самат Смақов төрт ойынға шеттетілді», – деген шешім қабылданды Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысында.

@Sale_football
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Candidate Kairov
Video message
Ал, өздеріңіз не ойлайсыздар, ағайын? Самат Смақовты әдейі жазалады ма, әлде барлық бапкерлерге дисквалификация қолдану керек пе?

@candidate_kairov
Candidate Kairov
💚 «Атырау» қазақстандық футболшымен толығады 🟪 Meta-ratings порталының ақпаратына сәйкес, «мұнайшылар» 25 жастағы жартылай қорғаушы Сұлтан Сағнаевпен келісімшарт түзеді. 🏆 «Астананың» түлегі бұған дейін «Ертіс», «Ақсу», «Мақтаарал» және «SD Family» клубтарында…
💚 Сұлтан Сағнаев «Атырау» ойыншысы атанды

25 жастағы жартылай қорғаушы бұған дейін «Ертіс», «Ақсу», «Мақтаарал» және «SD Family» клубтарында доп тепті.

2024 жылдың тамызында «SD Family» сапында жүріп, бас төрешіге қол көтергені үшін бір жылға футболдан шеттетілді.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💛 «Жеңіс» су жаңа футболшысымен қоштасты

Елордалық клуб македониялық шабуылшы Эрдон Дацимен келісімшарттың бұзылғанын хабарлады.

📊 26 жастағы футболшы «Жеңіс» сапында төрт матчқа қатысып, бір гол соқты.

🦵 Қазақстан кубогында «Ақтөбемен» болған ойында тізе байламын үзіп алып, ұзақ уақытқа қатардан шықты. Сол себепті қос тарап келісімшартты осы жерден тоқтату туралы шешім қабылдады.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎁 PIN-UP-тан фантастикалық сыйлықтар. 4 супер сыйлықтың бірін және 40 000 ₸ дейін ұтып ал!

Байқауға қатысу үшін жабық тг-қауымдастығына қосыл 👉 PIN-UP Bet Kazakhstan

Тездет, уақыт шектеулі
Candidate Kairov
Астанаға футбол аңыздарынан кімдер келетіні белгілі болды 💺 Kazfootball порталы Қазақстан мен әлем футболының аңыздары арасындағы матчқа қатысатын ойыншылар тізімін жариялады. 🇰🇿 Қазақстан аңыздары: Ұлан Қонысбаев, Азат Нұрғалиев, Алмат Бекбаев, Сергей…
🎙 Астанада аңыздардың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтуде

🏆 Пресс-конференцияға Чемпиондар лигасын үш түрлі клубпен жеңген әлемдегі жалғыз футболшы Кларенс Зеедорф пен Қазақстан құрамасының экс-қорғаушысы, қазір бас бапкердің көмекшісі Елдос Ахметов қатысуда.

📆 Аңыздар матчы ертең, 25 сәуірде «Астана Арена» стадионында өтеді.

🇰🇿 Бұл ойынға Қазақстан құрамасының бас бапкері болып Әли Әлиев тағайындалыпты. Ханәлиұлы алаң жиегінде тұрмай, өзі де ойнайды екен.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM