Candidate Kairov
5.16K subscribers
12.9K photos
1.54K videos
639 links
Комментатор Ербол Каировтың авторлық телеграм-каналы;

@erbol_kairov

Instagram: https://instagram.com/footballinkz
Download Telegram
«Ақтөбе» Еуропадан футболшыны шақырды

Словакиялық «Слован» командасының қорғаушысы Юрий Медведев «Ақтөбеге» ауысуы мүмкін.

Қысқы трансферлік терезе кезінде «ақ-қызылдар» 28 жасар футболшыны шақырды, алайда, словактар оны жібермей қойды.

Осы маусымда Медведев Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде бірнеше матч ойнап, өзін жақсы көрсетті.

Айта кетейін, Юрий Ақтөбе облысының Бадамша деген жерінде дүниеге келген. Бала кезінде отбасымен Чехияға қоныс аударды.

Бірнеше жыл бұрын Медведевке тіпті Қазақстан құрамасы
да ұсыныс жасады. Чехия, Ресей, Словакия чемпионаттарында доп тепті. Қазіргі бас бапкері – экс-қайраттық Владимир Вайсс.

Толығырақ ақпарат жақында BorodAbata YouTube-арнасында шығады.

@candidate_kairov
🎫 Бір сағатқа жетпей Sold Out

❤️🏆 «Ақтөбе» мен «Қайрат» арасындағы матчтың билеттері 44 минут ішінде толығымен сатылып кеткен екен.

📆 ҚПЛ 11-турындағы бұл орталық матч 30 мамырда Ақтөбедегі Қобыланды батыр стадионында өтеді.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Нақты тізім жарияланды

Құрамға 27 ойыншы енді. Оқу-жаттығу жиыны 31 мамырда Астанада басталады.

🔜 Маусымда ұлттық құрама екі ойын өткізетінін естеріңізге салайық.

🇧🇾 Беларусь – Қазақстан 🇰🇿
🤝 Жолдастық матч
📆 05.06.2025 | 22:00 (Астана уақыты)
🏟️ «Динамо» стадионы, Минск

🇰🇿 Қазақстан – С.Македония 🇲🇰
🏆 2026-Әлем чемпионаты | Іріктеу кезеңі
📆 09.06.2025 | 19:00
🏟️ «Астана Арена», Астана
🎟️ Билеттер Ticketon.kz сайтында
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҒАЛЫМЖАН КЕНЖЕБЕК. ИСПАНИЯНЫ ҰЯТҚА ҚАЛДЫРҒАН ҚАЗАҚ БАЛАСЫ

«Абаттың сақалы» жобасы – Словакияда!

Ғалымжанды «Бетис» шақырып жатыр

Неліктен Кипрден Словакияға көшті?

Испанияға дубльді қалай жасады?

Шынымен де «проблемный» ойыншы ма?

Топ-5 чемпионаттарында алғашқы қазақ бола ма?

«Тараз – сила!»

Максим Самородовтан мықты ма?

https://youtu.be/U6kw7sbSJ8M?feature=shared
📱 SIUUU. Топовые подгоны каждый месяц за подписку на PINCO BET 🇰🇿

Вступай в наш закрытый ТГ-канал и залетай на раздачу девайсов. Подпишись и проверь свой фарт 🔥
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Ғасыр футболы | Қазақ футболы (Bekzzat 🇪🇸)
💣 Африкалық жартылай қорғаушы «Астана» сапын толықтыруы мүмкін

📝 Сербтік БАҚ өкілдерінің хабарлауышна, Габон ұлттық құрамасының және «Црвена Звезда» клубының 34 жасар ойыншысы Гелор Канга «Астанаға» ауысуы мүмкін.

⚡️ Гелор биылғы маусымда 40 ойынға қатысып, 2 гол және 11 нәтижелі паспен көзге түсті.

@gasyrfootball
Бұл жай ғана матч емес. Бұл маусымның шарықтау шегі.

“Интер” бұрынғы даңқын қайтарғысы келеді. ПСЖ — 2020 жылғы жеңілістен кейінгі гештальтты жабуды қалайды. Чемпиондар лигасының финалын тікелей эфирде 31 мамыр күні 23:50-де QazSport арнасында және Кинопоиск платформасында тамашалаңыз.

UCLKINOPOISK промокодымен Яндекс Плюс жазылымын 30 күн тегін пайдаланыңыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎦 Словакиядан басқа 4-5 күнге Өзбекстан астанасы – Ташкентке барып қайттым. Соңғы кездері көршілердің футболы жоғары қарқынмен дамып келе жатыр.

🇺🇿 Ұлттық құрама 1-2 ойыннан кейін әлем чемпионатының финалдың кезеңіне шығады. Жасөспірімдер командасы – Азия чемпионатының жеңімпазы.

Кеше ғана жай дарынды болып, ал бүгін нағыз жұлдызға айналған Абдукодир Хусанов «Манчестер Ситиде» ойнап жүр, Эльдор Шомуродов болса «Романың» – үздік футболшысы.

Құраманың бас бапкері Тимур Кападземен, команданың рекордсмені, әрі Азияның екі дүркін үздік футболшысы Сервер Джепаровпен және Хусановтың алғашқы бапкері – Сергей Чигодаевпен сөйлестік. Басты сұрақ: Өзбекстан футболындағы сәтті нәтижелердің құпиясы неде?

👏🏻 Фильм сіздерге ұнайды деген пікірдемін. Лайк басып, комментарий қалдырыңыздар.

🫂 Осы фильмді түсіру кезінде үлкен көмек көрсеткен Олег Сабиров ағамызға мың да бір алғыс айтамыз.

https://youtu.be/IYA_yfzWOmQ

https://youtu.be/IYA_yfzWOmQ

https://youtu.be/IYA_yfzWOmQ
Тимур Кападзе: Сәтпаевтың болашағы бар

Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Тимур Кападзе «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың ойынына жоғары баға берді.

«Дастанның ойындарын толық көрмедім, бірақ шолу видеоларын, соңғы кездері соққан голдарын көріп жүрмін. Өте талантты екені көрініп тұр. Жасына сай емес деңгейде ойнайды. Дастан әлі жас болса да, алаңда өзін қалай ұстауы, ойын көру қабілеті, шешім қабылдауы – бәрі оның дайын футболшы екенін көрсетеді.

Потенциалы өте жоғары. «Челси» секілді клубтың қызығушылық танытуы бекер емес. Оның болашағы бар. Қалғаны – өзі мен бапкерлеріне байланысты. Оның жасы үшін мұндай нәтиже көрсету – өте жоғары деңгей», – деді Кападзе «Футбол жолы» жобасына берген сұқбатында.

@candidate_kairov
🇰🇿 Бүгін ҚПЛ 11-туры басталады

18:00. 💚 Елімай – Астана 🏆
18:00. 💛 Жеңіс – Ордабасы 💙
18:30. 💚 Тобыл – Атырау 💚
20:00. ❤️ Ақтөбе – Қайрат 🏆

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇺🇿 Ўзбекистон - футболда парвоз этмоқда!

⚽️ Миллий терма жамоа жаҳон чемпионатига чиқиш остонасида
🔥 Ҳусанов – «Манчестер Сити» сафида
⚡️ Файзуллаевга «Бавария» қизиқиш билдиряпти
🏆 Ёшлар термаси – Осиё чемпиони!

Бу ютуқлар тасодифми? Йўқ!
Узоқ йиллик меҳнат, тузилмавий ислоҳотлар ва ёшларга ишонч ортидан келган муваффақият!

🎥 Янги «Футбол Жолы» сони – Тошкентдан эксклюзив:
👉 Тимур Кападзе ва Сервер Жепаров билан интервю
👉 Терма жамоа ортидаги ҳаёт
👉 Ҳусанов қандай қилиб Европага йўл олди?
👉 Академиялар, инфратузилма ва болалар футболи ҳақида

📺 Ҳозироқ томоша қилинг!
🔗 https://youtu.be/IYA_yfzWOmQ
Forwarded from YerSport (Арабиялық Агент)
Футболдың ұлы түні – тікелей Мюнхеннен!

😍Qazsport арнасы UEFA Чемпиондар лигасының финалын Еуропадан тікелей эфирде ұсынады!

🇪🇺 Футболдың жүрегі соғатын жерде – біздің даусымыз естіледі!

🎙 Тарихи сәттің тізгінінде – Ерсін Ерік.
Қазақстандық комментатор алғаш рет ЧЛ финалын стадионнан тікелей жүргізеді.


📺 Арна арнайы тікелей эфирлік студияны Мюнхенде ұйымдастырып, көрерменге бұрын-соңды болмаған әсер сыйлайды.

📲 @ersinsport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Kommentator_Maulen
🅰️ Кеше ютуб арнама видео салынған ғой. Ашып қалсам просмотры 5555 боп тұр екен! Соны неге тур алдында тамашалап 11111 просмотрға жеткізіп тастамасқа?!

https://youtu.be/2_aqGpcPp-Y?si=QeFlwBumYgb152j-
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚФФ президенттігіне сайлаудан кейін ең жиі қойылатын сұрақтар: 1. Не үшін сайлауға қатыстыңыз? 2. Әріптестеріңізге деген ренішіңіз бар ма?

Оқырмандар әуелі өздері жауап берсін 👇, кейін жеке пікірімді де жазамын.

P.S. Хан Бауыржанұлы бауырымызға рахмет 🤝

@candidate_kairov
Forwarded from SALE футбол
📊 «Ақтөбе» – «Қайрат» ойынында тіркелген соңғы 5 нәтиже:

🏆 Қайрат 2:0 Ақтөбе ❤️
❤️ Ақтөбе 2:1 Қайрат 🏆
🏆 Қайрат 1:3 Ақтөбе ❤️
❤️ Ақтөбе 4:2 Қайрат 🏆
🏆 Қайрат 2:1 Ақтөбе ❤️

Бүгін қандай есеп тіркеледі?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👊 «Астана» сырт алаңда сенімді жеңіске қол жеткізді

🇰🇿 ҚПЛ, 11-тур

💚 Елімай – Астана 🏆 – 0:2

⚽️ Голдар: 32' Кәрімов, 54' Камара

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Жеңіс» тағы да жеңісті уысынан шығарып алды

🇰🇿 ҚПЛ, 11-тур

💛 Жеңіс – Ордабасы 💙 – 2:2

⚽️ Голдар: 3' Ануарбеков, 38' Әділ – 71' Малый, 90' Сұлтаниязов

🔴 Қызыл қағаздар: 66' Совет – 62' Жақсыбаев

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM