КГА 🇰🇿
3.3K subscribers
1.82K photos
98 videos
4 files
262 links
Комитет гражданской авиации МТ РК
Авиационная администрация
Казахстана

💻 www.aaq.kz

www. aviation.miid.gov.kz

🤳 https://facebook.com/caakaz/


📱Instagram: https://www.instagram.com
Download Telegram
В Министерстве транспорта обсуждены вопросы развития малой авиации в Казахстане

Министр транспорта Республики Казахстан Марат Карабаев провел совещание по вопросам развития малой авиации в стране.
В совещании приняли участие представители акиматов областей Абай, Улытау, Жетысу, Восточно – Казахстанской, Карагандинской и Костанайской областей, авиакомпаний «Жетысу» и «Южное небо», а также аэропортов Ушарал, Урджар и Зайсан.
В ходе совещания были обсуждены вопросы дальнейшего развития малой авиации. По итогам совещания глава Минтраснпорта поручил рассмотреть вопросы строительства и реконструкции аэропортов в городах Урджар, Ушарал, Зайсан, Катон – Карагай, Каркаралы, Улытау и Аркалык, а также продолжить работу по развитию малой авиации.
🔸Көлік министрлігінде БҰҰ-мен көлік саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев БҰҰ Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі М.Фриберг-Сторимен кездесті.

Кездесу барысында БҰҰ-мен көлік саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ тараптар биыл 29-30 қаңтарда Брюссельде өтуі жоспарланған Global Gateway инвестфорумына қатысу бойынша жоспарлармен бөлісті.

Айта кетерлігі, министрлік БҰҰ Орталық Азияға арналған бағдарламасының Көлік, транзит және байланыстылық бойынша жұмыс тобының аясында осы бағытта белсенді жұмыс атқарады. Сонымен қатар Қазақстан теңізге шығатын жолы жоқ ең үлкен аумаққа ие бола отырып, аталған санаттағы елдер тобының (LLDC’s) жыл сайынғы отырыстарына белсенді түрде қатысады. Жалпы жиынға қатысушылар көлік, инфрақұрылым, логистика және басқа да салаларда белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.

⚪️

🔸Вице-министр транспорта встретился с постоянным координатором ООН в Республике Казахстан
 
Т.Ластаев и М.Фриберг-Стори обсудили ряд вопросов касательно сотрудничества с международной организацией в транспортной отрасли и поделились планами по участию в инвестфоруме «Global Gateway», который пройдет 29-30 января т.г. в Брюсселе.

Было отмечено, что Министерство транспорта Казахстана ведет активную работу в рамках рабочей группы по транспорту, транзиту и взаимосвязанности специальной программы ООН для Центральной Азии. Кроме того, Казахстан принимает деятельное участие в ежегодных заседаниях групп стран, не имеющих выхода к морю (LLDC’s).

По итогам встречи стороны договорились продолжать активное сотрудничество в сфере транспорта, инфраструктуры, логистики и др.

Астанада Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация қызметкерлері күніне орай спорттық іс-шара өтеді

Ағымдағы жылдың 1 ақпанында Қазақстанда алғаш рет жаңа кәсіби мереке – Азаматтық авиация қызметкерлері күні атап өтіледі, оның құрметіне Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі авиациялық кәсіпорындары арасында үстел теннисінен ашық турнир өткізеді.
Турнир 2024 жылдың 28 қаңтарында өтеді, оған 16-дан астам команда, оның ішінде Қазаэронавигация, Азаматтық авиация академиясы, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Атырау қалаларының әуежайлары және басқа да отандық әуежайлар мен әуе компаниялар қатысуды жоспарлап отыр.
Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация қызметкерлері күніне арналған үстел теннисінен ашық турнир салауатты өмір салтын насихаттау, қызметкерлердің дене шынығуын қалыптастыру және азаматтық авиация қызметкерлері арасында командалық рух пен ұйымшылдықты нығайту мақсатында өткізіледі.

В Астане состоится спортивное мероприятие, приуроченное ко Дню работников гражданской авиации Республики Казахстан

1 февраля текущего года впервые в Казахстане будет отмечаться новый профессиональный праздник – День работников гражданской авиации, в честь которого Министерством транспорта Республики Казахстан будет проведен открытый турнир по настольному теннису среди авиа предприятий.
Турнир пройдет 28 января 2024 года, и в нем планируют принять участие более 16 команд, в том числе Казаэронавигация, Академия гражданской авиации, аэропорты городов Астана, Алматы, Шымкент, Актобе, Атырау и другие отечественные аэропорты и авиакомпании.
Открытый турнир по настольному теннису ко Дню работников гражданской авиации Республики Казахстан проводится в целях пропаганды здорового образа жизни, формирования физической и нравственной закалки работников и укрепления командного духа и сплочения среди работников гражданской авиации.
🔹Көлік министрлігі Қазақстан Республикасы әуежайларының құрылыс салу мәселелерін талқылады

Көлік министрлігінде Бас көлік прокуратурасы, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, әуежайлар мен ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте ұшу қауіпсіздігі талаптарын ескере отырып, әуеайлақ талаптарын құрылысты реттеу және бақылау мәселелері қарастырылды.

📌Толығырақ - www.gov.kz

⚪️

🔹В Минтранспорта Казахстана обсудили вопросы застройки вокруг аэропортов РК

На совещании в Министерстве транспорта с участием представителей Главной транспортной прокуратуры, центральных государственных и местных исполнительных органов, аэропортов и организаций рассмотрены вопросы по регулированию и контролю за строительством на приаэродромной территории, с учетом требований безопасности полетов.

📌Подробнее - www.gov.kz
▫️Брюссельде Қазақстан мен Латвия көлік министрлерінің кездесуі өтті

Global Gateway көлік қатынасы жөніндегі инвестициялық форум аясында Брюссельде Қазақстан мен Латвия Республикасының Көлік министрлері Марат Қарабаев пен Каспарс Бришкенстің екіжақты кездесуі өтті.

Тараптар көлік және өңірлік байланыс жөніндегі бірлескен жұмыс тобының рөлінің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ азаматтық авиация және автокөлік саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Сонымен қатар министрлер Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту бойынша меморандум жасасу туралы сөйлесті.

📌Толығырақ - www.gov.kz

⚪️

▫️В Брюсселе прошла встреча министров транспорта Казахстана и Латвии
 
В рамках инвестиционного форума по транспортному сообщению ЕС-Центральная Азия Global Gateway в Брюсселе состоялась двусторонняя встреча министров транспорта Казахстана и Латвийской Республики Марата Карабаева и Каспарса Бришкенса.

Стороны отметили важность роли совместной рабочей группы по транспорту и региональной связанности, а также обсудили сотрудничество в области гражданской авиации и автотранспорта. Кроме того, миниистры поговорили о заключении меморандума по развитию Транскаспийского международного транспортного маршрута.

📌Подробнее - www.gov.kz
▫️Брюссельде Қазақстан мен Латвия көлік министрлерінің кездесуі өтті

Global Gateway көлік қатынасы жөніндегі инвестициялық форум аясында Брюссельде Қазақстан мен Латвия Республикасының Көлік министрлері Марат Қарабаев пен Каспарс Бришкенстің екіжақты кездесуі өтті.

Тараптар көлік және өңірлік байланыс жөніндегі бірлескен жұмыс тобының рөлінің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ азаматтық авиация және автокөлік саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Сонымен қатар министрлер Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту бойынша меморандум жасасу туралы сөйлесті.

📌Толығырақ - www.gov.kz

⚪️

▫️В Брюсселе прошла встреча министров транспорта Казахстана и Латвии
 
В рамках инвестиционного форума по транспортному сообщению ЕС-Центральная Азия Global Gateway в Брюсселе состоялась двусторонняя встреча министров транспорта Казахстана и Латвийской Республики Марата Карабаева и Каспарса Бришкенса.

Стороны отметили важность роли совместной рабочей группы по транспорту и региональной связанности, а также обсудили сотрудничество в области гражданской авиации и автотранспорта. Кроме того, миниистры поговорили о заключении меморандума по развитию Транскаспийского международного транспортного маршрута.

📌Подробнее - www.gov.kz
🔹Көлік министрлігінің басшысы Румыния премьер-министрінің кеңесшісімен кездесті

Global Gateway көлік саласындағы инвестициялар форумы аясында Брюссель қаласында Көлік министрі Марат Қарабаев Румыния премьер-министрінің мемлекеттік кеңесшісі Флорин Спатарумен екіжақты кездесу өткізді.

Тараптар азаматтық авиация және автокөлік салаларындағы ынтымақтастықты, қазақстандық делегацияның Румынияға сапары шеңберінде екіжақты құжаттарға қол қоюды және TMTM мен TRACEKA халықаралық дәліздерін дамытуды талқылады.

📌Толығырақ - www.gov.kz

⚪️

🔹Глава Минтранса Казахстана провел встречу с советником премьер-министра Румынии

В рамках форума по инвестициям в сфере транспорта Global Gateway в г.Брюссель состоялась двусторонняя встреча министра транспорта Казахстана Марата Карабаева с государственным советником премьер-министра Румынии Флорином Спатару.

Стороны обсудили сотрудничество в сферах гражданской авиации и автотранспорта, подписание двусторонних документов в рамках визита казахстанской делегации в Румынию и развитие международных коридоров ТМТМ и TRACEKA.

📌Подробнее - www.gov.kz
 
Биыл 1 мамырдан бастап елорда әуежайының ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізуге байланысты шектеулер енгізіледі
 
Астана қаласының әуежайын  толық жаңғыртуға байланысты  дайындық жалғасуда. Оның шеңберінде Көлік министрлігі елорда әуежайы басшылығымен бірлесіп, отандық және шетелдік әуе компаниялардың өкілдерімен кеңес өткізді.
Бірқатар келіссөздердің, ауа райы болжамының, әуежайдың әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі жүктемесін зерделей келе, жолаушылар үшін туындайтын қолайсыздықтардың салдарын азайту мақсатында түнгі уақытта күрделі жөндеу жүргізу туралы шешім қабылданды.
Осылайша, 2024 жылғы 1 мамырдан 24 желтоқсанға дейін жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін Астана қаласының әуеайлағында  әуе кемелерінің ұшып-қонуына шектеу қойылады.
Бұл іс-шара әуежай ұсынатын қызметтердің сапасына кері әсер етпейтінін атап өту маңызды. Өз кезегінде ұшу-қону жолағын күрделі жөндеу бойынша жұмыстар барлық қажетті құрылыс нормалары мен қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің тұрақты бақылауымен жүзеге асырылатын болады.
Әуежайдың қолданыстағы ұшу-қону жолағы 20 жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға берілгенін және сенімгерлік басқару кезеңінде инвесторға артылған басты міндет - ұшу-қону жолағын күрделі жөндеу болғанын естеріңізге саламыз.
Осы ірі жобаны іске асыру инвестордың жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады. Бірінші кезекте әуе кемелерінің барлық түрлерін шектеусіз қабылдау үшін ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әуеайлақ жабындарының сапалық сипаттамаларын жақсартуға бағытталған.
Осы орайда рейстер кестесіне өзгерістер енуі мүмкін.  Сондықтан жолаушыларға әуе компаниялар мен әуежайдың  анықтамалық қызметтерінен рейстің мәртебесін нақтылау ұсынылады.
 
С 1 мая текущего года в столичном аэропорту вводятся ограничения в связи с проведением капитального ремонта взлетно-посадочной полосы
 
Продолжается подготовка к предстоящей полномасштабной модернизации аэропорта города Астаны, в рамках которой Министерством транспорта совместно с руководством столичного аэропорта проведены консультации с представителями отечественных и иностранных авиакомпаний.
По итогам ряда переговоров, изучения метеопрогноза, загруженности аэропорта в различные периоды времени, а также в целях минимизации последствий от создаваемых для пассажиров неудобств, принято решение о проведении капитального ремонта в ночное время.
Тем самым, начиная с 1 мая по 24 декабря 2024 года в период с 22:00 до 06:00 часов местного времени аэродром города Астаны будет закрыт для приема и выпуска воздушных судов.
Важно подчеркнуть, что данное мероприятие не окажет негативного воздействия на качество предоставляемых аэропортом услуг. В свою очередь, работы по капитальному ремонту взлетно-посадочной полосы будут проведены с соблюдением всех необходимых строительных норм и стандартов безопасности при осуществлении постоянного мониторинга со стороны Комитета гражданской авиации Министерства транспорта и Авиационной администрации Казахстана.
Напоминаем, что действующая взлетно-посадочная полоса аэропорта была введена в эксплуатацию более 20 лет назад и проведение капитального ремонта взлетно-посадочной полосы было первоочередной задачей со стороны инвестора в период доверительного управления.
Реализация данного крупного проекта будет осуществляться за счет частных средств инвестора и направлена в первую очередь на обеспечение безопасности полетов и улучшение качественных характеристик аэродромных покрытий для приема всех видов воздушных судов без ограничений.
Вместе с тем, в связи с возможным внесением изменений в расписания выполнения рейсов, пассажирам рекомендуется уточнять статус рейса в справочных службах авиакомпаний, приложениях и службах аэропорта.
✈️Құрметті әріптестер! Сіздерді Қазақстанның Азаматтық авиация қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Азаматтық авиация саласы отандық көлік жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі іспеттес.

Осы ретте аталған кәсіби мереке Қазақстанның Азаматтық авиация саласы ардагерлерінің бастамасымен бекітілгенін атап өткен орынды. Бұл игі бастама саланы дамыту мен одан әрі нығайту, еліміздегі авиация мамандарының патриоттық рухын көтеру жолындағы маңызды тарихи қадам болып отыр.

Тәуелсіздік жылдарында қазақстандық авиация саласы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында аталған сала әлемдік қоғамдастықта өзінің лайықты орнын иеленіп отыр. Атап айтқанда, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоғары деңгейде, саладағы негізгі көрсеткіштер мен жерүсті инфрақұрылымы жылдан жылға жақсарып келеді.

Құрметті сала ардагерлері, әріптестер, кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге амандық-саулық, мұқалмас мықты денсаулық тілеймін! Сәттілік серік болсын!

Марат ҚАРАБАЕВ, ҚР Көлік министрі

⚪️

✈️
Уважаемые коллеги! Поздравляю вас с Днем работников гражданской авиации Казахстана!

Гражданская авиация всегда была и остается важнейшей составляющей транспортной системы страны.

Хочу отметить, что профессиональный праздник был утвержден благодаря инициативе и поддержке ветеранов отрасли гражданской авиации Казахстана. Это стало важным историческим шагом на пути развития и укрепления отрасли, поднятия патриотического духа авиационных специалистов в нашей стране.

За годы независимости отрасль добилась больших успехов. Считаю, что благодаря совместным усилиям авиационная отрасль Казахстана занимает достойное место в мировом сообществе. Обеспечение безопасности полетов находится на высоком уровне, показатели отрасли ежегодно растут, улучшается наземная инфраструктура.

Уважаемые ветераны отрасли, коллеги! Поздравляю вас с профессиональным праздником и желаю успешных полетов, благополучия и невероятных высот!

Марат КАРАБАЕВ, Министр транспорта РК
Азаматтық авиация қызметкерлері күні атап өтілді

Азаматтық авиация ардагерлері кеңесінің бастамасы бойынша кәсіби мерекелердің тізбесі қайта бекітіліп, оған сәйкес 1 ақпан Қазақстанның азаматтық авиация қызметкерлері күні болып белгіленді.
Елімізде алғаш рет аталып жатқан азаматтық авиация қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ҚР Көлік министрлігінде сала ардагерлері мен қызметкерлерінің, авиациялық компаниялар мен кәсіпорындардың, сондай-ақ шетелдік серіктес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті. Министр Марат Қарабаев авиаторларды құттықтап, ведомстволық наградаларды табыс етті.
«Азаматтық авиация саласы отандық көлік жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі іспеттес. Бұл игі бастама саланы дамыту мен одан әрі нығайту, еліміздегі авиация мамандарының патриоттық рухын көтеру жолындағы маңызды қадам болып отыр. Бірлескен күш-жігердің арқасында аталған сала әлемдік қоғамдастықта өзінің лайықты орнын иеленіп отыр. Атап айтқанда, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоғары деңгейде, саладағы негізгі көрсеткіштер мен жерүсті инфрақұрылымы жылдан жылға жақсарып келеді», – деді ведомство басшысы салтанатты жиналыс барысында.
Мерекелік шарада «Құрметті авиатор»медалімен азаматтық авиация ардагерлері М.А.Коровкин және М.Д.Аязбаева, «Қазаэронавигация» РМК Ақтау филиалының диспетчері С.Мифтахова, Air Astana әуекомпаниясының Airbus тренажерінің нұсқаушысы А.Петин, SCAT әуекомпаниясының кадрлық және құқықтық жұмыс департаментінің директоры А. Ганеев, Qazaq Air диспетчері Д.Османов марапатталды.
Министрдің Құрмет грамотасымен әуе кемесінің командирі, азаматтық авиация ардагері Е.Оспанов, SCAT әуе компаниясының президенті В.Денисов, Air Astana вице-президенті Е.Шамшиев, «Қазаэронавигация» РМК бас директоры Н.Ахметов, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директоры К.Раду, Qazaq Air директоры Е.Наурызбаев, Астана әуежайының бас директоры Ю.Джаудер, Алматы халықаралық әуежайының президенті А. Ерсой, Азаматтық авиация академиясының ректоры, басқарма төрағасы Б.Сейдахметов наградталды.
Сондай-ақ азаматтық авиация қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған үстел теннисі бойынша турнирдің жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен кубоктар табыс етілді.