КГА 🇰🇿
3.11K subscribers
1.58K photos
86 videos
4 files
222 links
Комитет гражданской авиации МТ РК
Авиационная администрация
Казахстана

💻 www.aaq.kz

www. aviation.miid.gov.kz

🤳 https://facebook.com/caakaz/


📱Instagram: https://www.instagram.com
Download Telegram
Астана қаласының әуежайынан/әуежайына рейстердің кешігуіне қатысты

Ағымдағы жылдың 29 желтоқсанында Астана әуежайынан ұшуға 84 рейс жоспарланған, 38 рейс кешіктірілді.
Ағымдағы жылдың 30 желтоқсанында сағат 00-00-ден 08-00-ге дейінгі аралықта ұшуға 39 рейс жоспарланған, оның 22-сі кешігумен ұшып, 17-сі кешігуде.
Сағат 09-30-дан 12-00-ге дейін Астана әуежайы ауа-райының нашарлауына және тұрақ орындарының шектелуіне байланысты әуе кемелерін қабылдауға жабылды. Барлығы 64 тұрақ бар.
Астана әуежайы аймағында нақты болжам бойынша жел 18 м/с, екпіні 23 м/с дейін, көріну 100-150 м, боран. Әуе кемелерін мұзға қарсы өңдеуді жүргізу желдің жылдамдығы 15 м/с дейін, көріну 800 м-ден астам, сондай-ақ жауын-шашын болмаған жағдайда ғана мүмкін болады.
Қазіргі уақытта қолайсыз метеожағдайлар және тұрақ орындарының болмауына байланысты Астана әуежайынан/әуежайына 10 рейс ұшуға және 20 рейс ұшып келуге кешігуде.
КС 7208 FlyArystan Астана-Атырау
КС 7054 FlyArystan Астана-Алматы
КС 7365 FlyArystan Астана-Орал
FZ 1308 Fly Dubai Астана-Дубай
IQ 429 Qazaq Air Астана-Талдықорған
DV 1704 SCAT Астана-Алматы
DV 783 SCAT Астана-Өскемен
DV 716 SCAT Астана-Шымкент
DV 714 SCAT Астана-Алматы
КС 7367 FlyArystan Астана-Орал
КС 851 Air Astana Алматы-Астана
DV 742 SCAT Ақтау-Астана
DV 756 SCAT Тараз Астана
КС 7368 FlyArystan Орал-Астана
CZ 6013 China Southern Үрімші-Астана
КС 7051 FlyArystan Алматы-Астана
КС 7053 FlyArystan Алматы-Астана
DV1703 SCAT Алматы-Астана
IQ408 Qazaq Air Шымкент-Астана
DV715 SCAT Шымкент-Астана
КС 7366 FlyArystan Орал-Астана
X982 Air Astana Атырау-Астана
IQ430 Qazaq Air Талдықорған-Астана
DV784 SCAT Өскемен-Астана
KC208 Air Astana Дубай-Астана
DV743 SCAT Алматы-Астана
IQ354 Qazaq Air Алматы-Астана
IG368 Qazaq Air Қостанай-Астана
DV735 SCAT Шымкент-Астана
IQ522 Qazaq Air Омск-Астана
Жолаушыларға әуекомпанияның анықтамалық қызметтерінде, әуежай қосымшаларында және қызметтерінде рейс мәртебесін нақтылау ұсынылады.
Жолаушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметтер, оның ішінде рейстің ұшуын 2 сағаттан астам күткен кезде сусындар, 4 сағаттан астам - ыстық тамақ, 8 сағаттан астам - қонақүйде орналастыру ұсынылады. Ауа-райының жақсаруына байланысты рейстердің ұшу-қонуы орындалатын болады.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Астана халықаралық әуежайында жолаушыларға арналған іс-шаралар ұйымдастырды.


Министерством транспорта РК организованы мероприятия для ожидающих своих рейсов пассажиров в Международном аэропорту Астаны.
Астана халықаралық әуежайында қар тазалау техникасы ұшу-қону жолағын тазарту жұмыстарын жалғастыруда.


Снегоуборочная техника продолжает работу по очистке взлетно-посадочной полосы Международного аэропорта Астаны.
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында тараған санкцияларды айналып өтіп, қазақстандық тасымалдаушыдан Falcon 7X ұшағын сатып алу туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.

Әуе кемелерінің бұл түрі бұрын ешқашан Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде болмаған. Irtysh air әуе компаниясының қазіргі уақытта азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының қолданыстағы сертификаты жоқ және 10 жылға жуық ұшуды орындамаған. Әуе компаниясы бұрын әуе кемесінің бұл түрін ешқашан пайдаланбаған.
Министерство транспорта РК сообщает, что распространяемая в СМИ информация о приобретении у казахстанского перевозчика воздушного судна Falcon 7X в обход санкций не соответствует действительности.
 
Данный тип воздушного судна ранее никогда в государственном реестре гражданских воздушных судов Республики Казахстан не состоял. Авиакомпания Irtysh Air на сегодняшний день не имеет действующего сертификата эксплуатанта гражданских воздушных судов и не осуществляет полеты практически 10 лет. Авиакомпанией ранее данный тип воздушного судна никогда не эксплуатировался.
Қазақстанда тіркелген Boeing MAX әуе кемелері бойынша ақпарат

Қазіргі уақытта Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Қазақстандағы осы типтегі ұшақтарды пайдаланушылармен, сондай-ақ Boeing және FAA-мен әрі қарай шаралар қабылдау қажеттілігін бағалау үшін байланыста.
Қазақстанда 5 Boeing 737-9 MAX ұшағы тіркелген және олардың барлығында ұшуға жарамдылық сертификаттары бар.
FAA ұшуға жарамдылық туралы шұғыл директива шығарды (2024-02-51). Ұшуға жарамдылық директивасы автоматты түрде барлық B-737 MAX пайдаланушыларына қолданылады. Бұл директива орташа кабинаның апаттық шығу люгі орнатылған кез келген санатта сертификатталған Boeing компаниясының B737-9 үлгісіндегі әуе кемелеріне қолданылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының пайдаланушылары әуе кемелерін апаттық шығу есіктерімен (апаттық шығу люкімен емес) пайдаланады, сәйкесінше директива осы әуе кемелеріне қолданылмайды.
Информация о воздушных судах Boeing MAX, зарегистрированных в Казахстане

В настоящее время Авиационная администрация Казахстана находится в контакте с эксплуатантами самолетов данного типа в Казахстане, а также с Boeing и FAA для оценки необходимости принятия дальнейших мер.
В Казахстане зарегистрировано 5 самолетов Boeing 737-9 MAX, и все они имеют действующие сертификаты летной годности.
FAA выпустило экстренную директиву по летной годности (2024-02-51). Директива летной годности автоматически распространяется на всех эксплуатантов B-737 MAX. Данная директива применима к воздушным судам модели B737-9 компании Boeing, сертифицированным в любой категории, с установленной аварийным люком выхода средней кабины. На данный момент эксплуатанты РК эксплуатируют ВС с аварийными дверями выхода (не аварийным люком выхода), соответственно директива не применима к данным воздушным судам
Елордалық әуежайды жаңғырту ағымдағы жылдың көктемінде басталады

Астана қаласының әуежайында көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың төрағалығымен мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен ұшу-қону жолағын қайта жаңартуға дайындық мәселесі бойынша кеңес өтті.
Әуежайдың қолданыстағы ұшу-қону жолағы 20 жыл бұрын пайдалануға берілген және осы уақытқа дейін тек аэродром жабындарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Ұшу-қону жолағын қайта құру әуежайды инвесторға сенімгерлік басқаруға беру кезіндегі негізгі және бірінші кезектегі міндеттердің бірі болды.
Terminals Holding компаниясы алдағы дайындық және құрылыс-монтаждау жұмыстарының кестесі туралы хабардар етті, оған сәйкес қайта құру жұмыстары наурыз айының соңына дейін басталады деп жоспарлануда.
Айта кету керек, жобаны іске асыру инвестордың жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады және 2025 жылдың көктемінде аяқталады.
Ұшу-қону жолағын қайта құру ұшу қауіпсіздігін арттырады және әуе айлағының транзиттік әлеуетін арттыруға ықпал етеді.
Өз кезегінде министрлік әуежайда рейстерді тоқтатпай жұмыс жүргізу қажеттігі туралы айтты.