КГА 🇰🇿
3.11K subscribers
1.58K photos
86 videos
4 files
222 links
Комитет гражданской авиации МТ РК
Авиационная администрация
Казахстана

💻 www.aaq.kz

www. aviation.miid.gov.kz

🤳 https://facebook.com/caakaz/


📱Instagram: https://www.instagram.com
Download Telegram
Рейстерді кешіктіру кезінде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін авиакомпанияларды жауапкершілікке тартуға қатысты

Азаматтық авиация комитеті ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қ.А. Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша рейстерді кешіктіру кезінде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін авиатасымалдаушыларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты жалғастыруда.
Осылайша, ағымдағы жылғы тамыздың үшінші онкүндігінде "Эйр Астана" әуекомпаниясына (құрылымдық бөлімшесі "Fly Arystan" әуекомпаниясы болып табылады) қатысты рейстерді кешіктіру кезінде жолаушылар құқығын бұзғаны үшін 2 000 АЕК (6 126 000 теңге) көлемінде қосымша екі айыппұл салынды.
Осы жылдың шілде айынан бастап "Эйр Астана" әуекомпаниясына қатысты жалпы сомасы 6 000 АЕК (18 378 000 тг) алты айыппұл салынды. "SCAT" әуекомпаниясы рейс кідірген кезде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін 1 000 АЕК (3 063 000 тг) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен, аталған кезеңде қазақстандық әуекомпаниялар жеті рет 7 000 АЕК (21 441 000 тг) сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Азаматтық авиация комитеті жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының жолаушылар құқықтарын сақтау бөлігіндегі талаптарын ұстанады. Тасымалдаушылар тарапынан қайталап бұзушылық фактілері анықталған жағдайда шаралар қабылданатын болады.
“SCAT " авиакомпаниясының әуепаркі тағы бір жаңа ұшақпен толықты


8 қыркүйек күні кешкісін елімізге "SCAT" әуе компаниясының үшінші "Боинг-737"әуе кемесі келді. Сыйымдылығы 189 орындық бұл ұшақ авиакомпанияның әуе кемелері паркін 29 бірлікке дейін, оның ішінде "Боинг"үлгісіндегі 22 әуе кемесіне дейін ұлғайтады.
Өткен айда авиакомпания сыйымдылығы 189 және 174 кресло (оның ішінде бизнес-кластағы 12 кресло) болатын 2 "Боинг-737" ұшағын алған еді.
Әуепаркін ұлғайту, тасымалдау сыйымдылығын ұлғайту және рейстердің кешігу санын азайту жөніндегі осы жұмысты Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша Азаматтық авиация комитеті қазақстандық авиакомпаниялармен бірлесіп жүргізуде.
Әуе кемесін пайдалануға қосу авиакомпанияның тасымалдау сыйымдылығын арттырып, тасымал кестесінің уақтылы орындалуы мен әуе билеттерінің ұсыныстарына оң әсер етеді.
Сонымен қатар, жылдың соңына дейін отандық тұрақты тасымалдаушылар паркі тағы 11 ұшаққа толығады деп күтілуде. Осылайша қазақстандық авиакомпаниялардың тасымалдау сыйымдылығы 20% - ға артып, ұшуларды уақтылы орындауға оң ықпал етеді.
Қазақстандық авиакомпаниялардың әуе кемелерінің паркін кеңейту жұмысы жалғасуда және Азаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында болады.
Авиапарк компании «SCAT» пополнился еще одним новым самолетом


Вечером 8 сентября прибыло третье воздушное судно «Боинг-737» авиакомпании «SCAT». Данный самолет, емкостью 189 кресел, увеличит парк воздушных судов авиакомпании до 29 единиц, в том числе до 22 воздушного судна модели «Боинг».
В августе авиакомпания уже получила 2 самолета «Боинг-737» с емкостью 189 и 174 кресла (в том числе 12 кресел бизнес-класса) соответственно.
Данная работа по наращиванию парка ВС, увеличению провозной емкости и снижению количества задержек рейсов, проводится Комитетом гражданской авиации совместно с казахстанскими авиакомпаниями, по поручению Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан Каирбека Ускенбаева.
Ввод в эксплуатацию воздушного судна повысит провозную емкость авиакомпании, положительно повлияет на своевременность выполнения расписания и предложения авиабилетов.
Вместе с тем, ожидается, что до конца текущего года, парк отечественных регулярных перевозчиков пополнится еще на 11 самолетов, тем самым, провозная емкость казахстанских авиакомпаний увеличится на 20 %, что также положительно повлияет на своевременность выполнения полетов.
Работа по расширению парка воздушных судов казахстанских авиакомпаний продолжается и находится на постоянном контроле Комитета гражданской авиации.
Касательно привлечения к ответственности авиакомпаний за нарушение прав пассажиров при задержке рейсов

В настоящее время, Комитетом гражданской авиации, по поручению Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан Ускенбаева К.А., продолжается работа по привлечению к ответственности авиаперевозчиков за нарушение прав пассажиров во время задержки рейсов.
В ходе работы установлено, что 16 июля 2022 года, рейс КС-853 авиакомпании «Эйр Астана» по направлению Алматы – Нур-Султан был задержан на 27 часов 21 минуту по причине ожидания резервного летного экипажа. Во время задержки рейса, пассажирам не были предоставлены услуги, предусмотренные действующим законодательством, а именно проживание в гостинице.
В связи с чем, 6 сентября т.г. в отношении авиакомпаний «Эйр Астана», за нарушение прав пассажиров во время задержки рейса, был наложен очередной штраф размером 1 000 МРП (3 063 000 тг.).
Тем самым, с июля т.г. в отношении авиакомпании «Эйр Астана» (структурным подразделением которой является авиакомпания «Fly Arystan») всего было наложено 7 штрафов на общую сумму 7 000 МРП (21 441 000 тг.).
Итого, за указанный период казахстанские авиакомпании 8 раз были привлечены к административной ответственности на сумму 8 000 МРП (24 504 000 тг.).
Комитет гражданской авиации в рамках проводимой работы придерживается требований действующего законодательства Республики Казахстан в части соблюдения прав пассажиров, и в случае установления повторных фактов нарушения со стороны перевозчиков, будут приниматься предусмотренные меры.
Рейстерді кешіктіру кезінде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін авиакомпанияларды жауапкершілікке тартуға қатысты
 
Қазіргі уақытта Азаматтық авиация комитеті Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қ.А. Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша рейстерді кешіктіру кезінде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін авиатасымалдаушыларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты жалғастыруда.
Жұмыс барысында 2022 жылғы 16 шілдеде "Эйр Астана" әуекомпаниясының Алматы – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша КС-853 рейсі резервтік ұшу экипажын күту себебінен 27 сағат 21 минутқа кешіктірілгені анықталды. Рейстің кешігуі кезінде жолаушыларға қолданыстағы заңнамада қарастырылған қызметтер ұсынылмады, атап айтқанда қонақ үйде тұру.
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде "Эйр Астана" әуекомпанияларына қатысты рейстің кешігуі кезінде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін 1 000 АЕК (3 063 000 тг) көлемінде айыппұл салынды). Осылайша, ағымдағы жылдың шілде айынан бастап "Эйр Астана" әуекомпаниясына (құрылымдық бөлімшесі "Fly Arystan" әуекомпаниясы болып табылады) қатысты жалпы сомасы 7 000 АЕК (21 441 000 тг) жеті айыппұл салынды.
Аталған кезеңде қазақстандық авиакомпаниялар сегіз рет 8 000 АЕК (24 504 000 тг) сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Азаматтық авиация комитеті жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының жолаушылар құқықтарын сақтау бөлігіндегі талаптарын ұстанады және тасымалдаушылар тарапынан қайталап бұзушылық фактілері анықталған жағдайда, көзделген шаралар қабылданатын болады.
Столкновения воздушных судов с птицами требуют безотлагательного решения

В последнее время участились случаи столкновения воздушных судов с птицами, в результате которого авиакомпании несут издержки, связанные с ремонтом воздушных судов и задержками рейсов.
Согласно Закону «Об использовании воздушного пространства РК и деятельности авиации» орнитологическое обеспечение полетов относится к деятельности, подлежащей контролю и надзору по обеспечению безопасности полетов со стороны Авиационной администрации Казахстана. Так, администрацией совместно с Комитетом гражданской авиации МИИР РК организовано оперативное совещание, в ходе которого был обсужден вопрос столкновения воздушных судов с птицами. В совещании приняли участие акиматы г. Алматы, Алматинской области, представители отечественных авиакомпаний и аэропорта г. Алматы.
По данным Авиационной администрации Казахстана, в текущем году в зоне ответственности аэропортов РК зарегистрировано 46 случаев столкновения самолетов с птицами. В разрезе регионов наиболее неблагоприятная орнитологическая обстановка наблюдается в аэропорту Алматы.
По словам экспертов, столкновения с птицами носит сезонный характер, обусловленный миграционной активностью птиц весной и осенью, а также активностью в теплый период года. Ежегодно максимальное количество столкновений приходится на июль или август.
Полностью исключить столкновение птиц невозможно, но этот риск может быть минимизирован, считают в администрации. При проведении сертификационных обследований и инспекционных проверок Авиационная администрация Казахстана проверяет аэропорты на предмет соблюдения эксплуатантами аэропортов требований национального законодательства. В частности, отпугивание птиц с применением пиротехнических средств, газовых пушек, биоакустических устройств, лазеров и прочих средств, а также уведомление диспетчеров по обслуживанию воздушного движения о перелетах птиц.
По итогам совещания представители местных исполнительных органов выразили готовность оказать содействие в решении озвученных проблем и оперативно наладить взаимодействие с аэропортом.
«Работа в этом направлении ведется. При этом, сдерживающим фактором по ликвидации незаконных объектов является отсутствие соответствующего финансирования с бюджета», отметили в акимате г. Алматы. 
Также рекомендовано ускорить работу по ликвидации незаконных объектов, привлекающих птиц в районе аэропортов и увеличить финансирование на эти цели.
Вопрос находится на контроле ведомства.
Әуе кемелерінің құстармен соқтығысу жағдайларын азайту жедел шешімдер қабылдауды талап етеді

Соңғы уақыттарда әуе кемелерінің құстармен соқтығысу жағдайлары жиілеп кетті. Салдарынан авиакомпаниялар рейстердің кешіктірілуіне және әуе кемелерін жөндеуге байланысты қомақты шығынға ұшырауда.
«ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңына сәйкес ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне жүктелген. Сонымен қатар ҚАӘ ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бақылау мен қадағалауға да жауапты. Ұшу кезіндегі осындай олқылықты жайттардың алдын алу және азайту мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жедел кеңес өткізді. Алматы қаласы, Алматы облысы әкімдіктері және бірқатар отандық авиакомпаниялар мен әуежайлардың өкілдері қатысқан арнайы басқосуда әуе кемелерінің құстармен қақтығысу жағдайларын азайту туралы мәселе қарастырылды.  
Қазақстанның авиация әкімшілігінің ақпаратына сүйенер болсақ, биыл еліміздің бірқатар әуежайының жауапкершілік аймағында ұшақтардың құстармен соқтығысуының 46 жағдайы тіркелді. Оқыс оқиғалар әсіресе Алматы әуежайында жиі байқалып отыр.
Сарапшылардың айтуынша, құстармен соқтығысу маусымдық сипатқа ие. Қақтығыстардың басым бөлігі құстардың көктем және күздегі көші-қон кезінде және жылдың жылы маусымдарында көптеп орын алады. Жыл сайын осы тақілеттес оқиғалар шілде немесе тамыз айларында жиі болады.
Мамандардың пайымдауынша, құстардың соқтығысуын толығымен жою мүмкін емес. Алайда бұл қауіпті едәуір азайтуға мүмкіндік бар. Қазақстанның азаматтық әкімшілігі сертификаттық және инспекциялық тексерулер жүргізу барысында әуежайларды пайдаланушылардың ұлттық заңнама талаптарын сақтауын тексереді. Оның ішінде әуежайдағы ұшу-қону жолағы ауданында патрульдеуді қамтамасыз етуді, пиротехникалық құралдарды, газ зеңбіректерін, биоакустикалық құрылғыларды, лазерлерді және өзге де құралдарды қолдана отырып құстарды үркітуді қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ құстардың ұшуы туралы ақпаратты диспетчерлер хабардар етуі тиіс.
Кеңес қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы орган өкілдері жиында көтерілген мәселелерді оңтайлы әрі жедел шешуге ықпал ететіндігін жеткізіп, бұл орайда әуежай әкімшілігімен бірлесіп жұмыс істеуге даяр екендіктерін білдірді.
«Бұл тұрғыда тиісті іс-шаралар қолға алынып, сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Осы ретте әуежай аймағындағы заңсыз нысандарды жоюға бюджеттен тиісті қаржының бөлінбеуі қол байлау болып отыр», – дейді Алматы қаласы әкімдігінің өкілі. 
Жиын қорытындысы бойынша құстардың көптеп шоғырлануына әсер ететін заңсыз нысандарды жоюды жеделдетіп, осы мақсаттағы қаржыландыру көлемін арттыру ұсынылды.
Бұл мәселе бүгінде ведомствоның ерекше бақылауында.
О результатах проверки аэропорта г. Усть-Каменогорска

АО «Авиационная администрация Казахстана» в период с 22 – 23 августа текущего года проведена внеплановая инспекционная проверка по авиационной безопасности деятельности АО «Аэропорт Усть-Каменогорск» на предмет соответствия требованиям законодательства Республики Казахстан в области использования воздушного пространства и деятельности авиации.
По результатам проверки выявлен ряд нарушений требований авиационной безопасности, имеющих системный характер. За нарушение требований авиационной безопасности и в соответствии со статьёй 107 Закона Республики Казахстан «Об использовании воздушного пространства Республики Казахстан и деятельности авиации» первый руководитель аэропорта Короленко Н.И., его заместитель – руководитель службы авиационной безопасности аэропорта Григорьев Р.А. и АО «Аэропорт Усть-Каменогорск» были привлечены к административной ответственности по статье 570 ч.1 и 2 Кодекса Республики Казахстан «Об административных правонарушениях» в виде штрафа на общую сумму 480 МРП (735 120 тг.).
Өскемен қаласының әуежайын тексеру нәтижелері туралы

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ ағымдағы жылғы 22-23 тамыз аралығында «Өскемен әуежайы» АҚ қызметінің авиациялық қауіпсіздігі бойынша Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жоспардан тыс инспекциялық тексеру жүргізді.
Тексеру нәтижелері бойынша жүйелі сипатқа ие авиациялық қауіпсіздік талаптарының бірқатар бұзушылықтары анықталды. Авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін және «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 107 – бабына сәйкес әуежайдың бірінші басшысы Н.И. Короленко, оның орынбасары-әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы Р. А. Григорьев және «Өскемен әуежайы» АҚ Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 570-бабының 1 және 2 бөлігі бойынша жалпы сомасы 480 АЕК (735 120 тг.) айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Планируется увеличение количества рейсов между Казахстаном и Румынией

Состоялась встреча Вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Алмаза Идырысова с Государственным секретарем Министерства транспорта и инфраструктуры Румынии Богданом Миндреску. Во встрече также приняли участие Председатель Комитета гражданской авиации Талгат Ластаев, Генеральный директор Управления гражданской авиации Румынии Николь Стойка, Генеральный директор АО «Авиационная администрация Казахстана» Каталин Раду и представители посольства Румынии в Казахстане.
В ходе встречи стороны обсудили ряд вопросов сотрудничества в области воздушного, автомобильного, железнодорожного и морского транспорта и выразили свою готовность в дальнейшем развитии сотрудничества по всем видам транспорта, а также договорились создать экспертные рабочие группы по затронутым вопросам.
Председателем Комитета гражданской авиации Т. Ластаевым и Государственным секретарем Министерства транспорта и инфраструктуры Румынии Б. Миндреску был подписан Меморандум о взаимопонимании между авиационными властями Казахстана и Румынии. Согласно Меморандуму авиакомпании обеих стран получили право выполнять 14 рейсов в неделю (7 пассажирских и 7 грузовых) между двумя странами с каждой стороны на любом типе ВС.
Также в рамках режима «открытого неба» казахстанская сторона предложила румынской стороне выполнять полеты в Казахстан с использованием 5 степени «свободы воздуха». Так, в начале 2020 года румынская авиакомпания «Blue Air» планировала начать полеты по маршруту Бухарест – Нур-Султан. Однако, в связи с распространением коронавирусной инфекции, сроки открытия рейса по маршруту Бухарест – Нур-Султан были перенесены на неопределенный срок.
Вместе с тем, Генеральным директором Управления гражданской авиации Румынии Н.Стойка и Генеральным директором АО «Авиационная администрация Казахстна» К.Раду подписано Соглашение о техническом сотрудничестве. По итогам встречи стороны договорились продолжить работу по запуску прямых регулярных рейсов между Казахстаном и Румынией.
Қазақстан мен Румыния арасындағы әуе рейстерінің саны артады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов Румынияның Көлік және инфрақұрылым министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Богдан Миндрескумен кездесті.
Кездесуге сондай-ақ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Румынияның Азаматтық авиация басқармасының бас директоры Николь Стойка, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Бас директоры Каталин Раду және Қазақстандағы Румыния елшілігінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында тараптар әуе, көлік, темір жол және теңіз салаларындағы бірқатар мәселелерді талқылап, барлық көлік түрлері бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді. Сондай-ақ қозғалған мәселелер бойынша сараптамалық жұмыс топтарын құруға келісті.
Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Т. Ластаев және Румынияның Көлік және инфрақұрылым министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Б. Миндреску Қазақстан мен Румыния авиациялық билік орындарының арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа сәйкес екі елдің әуекомпанияларына екі ел арасында әр тараптан ұшақтың кез-келген түрінде аптасына 14 рейс орындау құқығы берілді (7 жолаушы және 7 жүк әуе кемесі).
Сондай-ақ, «ашық аспан» режимі аясында қазақстандық тарап румын тарапына Қазақстанға ұшуларды 5 дәрежелі «ауа еркіндігін» пайдалана отырып жасауды ұсынды.
Мәселен, 2020 жылдың басында румындық «Blue Air» авиакомпаниясы  Бухарест – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшуларды бастауды жоспарлаған болатын. Алайда, коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты Бухарест - Нұр-Сұлтан бағыты бойынша рейстің ашылуы белгісіз мерзімге қалдырылған болатын.
Сонымен қатар, Румынияның Азаматтық авиация басқармасының бас директоры Николь Стойка мен «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Каталин Раду Техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар Қазақстан мен Румыния арасындағы тікелей тұрақты рейстерді іске қосуға байланысты жұмыстарды жалғастыруға келісті.
Казахстанская делегация приняла участие в 17 Симпозиуме и выставке по программе идентификации пассажиров (TRIP) г. Монреаль, Канада
 
Казахстанская делегация в составе представителей АО «Авиационная администрации Казахстана», АО «Международный аэропорт Нурсултан Назарбаев» и ТОО «Turkistan International Airport» приняла участие в 17 Симпозиуме и выставке по программе идентификации пассажиров (TRIP), проводимой Международной организацией гражданской авиации ИКАО в городе Монреаль, Канада (13-15 сентября т.г.).
Стратегия TRIP ИКАО признана одним из ключевых направлений авиационной безопасности и упрощения формальностей, а также одним из пяти стратегических целей ИКАО. Нормативной базой, лежащей в основе стратегии TRIP, является Приложение 9 – Упрощение формальностей.
Симпозиум по программе TRIP является мероприятием мирового уровня, предоставляющим возможности для обмена информацией по всем аспектам управления процессом идентификации пассажиров. В этом году симпозиум проходил под названием: Бесперебойные и бесконтактные процессы: обмен данными для ускорения темпов восстановления. На его различных сессиях неоднократно акцентрировалось внимание о необходимости укрепления международного сотрудничества и взаимодействия в деле упрощения поездок для пассажиров и противодействия многочисленным угрозам, с которыми сталкивается международная гражданская авиация. В целом симпозиум состоял из 9 сессии: восстановление авиации - международные и региональные перспективы; последние изменения в стратегии программы TRIP ИКАО - инновации в упрощении процедур и будущее путешествий; поддержка усовершенствованной практики управления национальной идентичностью; стандарты и спецификации ИКАО МСПД: целостность проездных документов; охрана здоровья; пограничный контроль: инспекционные системы и инструменты, и взаимодействующие приложения; данные о пассажирах: идентификация путешественников и оценка рисков; наращивание потенциала и помощь государствам со стороны ИКАО; путь вперед - достижение бесшовных и бесконтактных процессов для ускорения восстановления.
В рамках данного мероприятия на площадке ИКАО состоялась встреча заместителя генерального директора по авиационной безопаности Авиационной администрации Казахстана Еспотанова Д. и руководителя отдела по упрощению формальностей Бюро воздушных перевозок ИКАО г-жой Абденнеби Н. Во встрече также приняли участие советник посольства Республики Казахстан в Канаде Габдыжамалов Н. и управляющий директор международного аэропорта г. Туркестан Кылавуз Х. По инициативе ИКАО Республика Казахстан была выбрана одним из кандидатов для проведения 18-го Симпозиума и выставки по программе идентификации пассажиров (TRIP), которая будет проводиться в 2023 году. Казахстанской стороной было предложено провести данное мероприятие в г.Туркестан, являющейся духовной столицей Казахстана. Финальное решение о выборе страны будет озвучено ИКАО в ноябре текущего года.
Необходимо также отметить, что в текущем году ИКАО в рамках оказания помощи государствам-членам в реализации стандартов и рекомендуемой практики Приложения 9 Упрощения формальностей, включая разработку Национальной программы по упрощению формальностей при воздушных перевозках (NATFP) и реализацию стратегии ИКАО по программе идентификации путешественников (TRIP), предоставило Республике Казахстан на безвозмездной основе специализированный курс, рассчитанный на 12 участников. Данное обучение будет распределено между государственными органами Республики Казахстан, задействованных в оформлении международных рейсов.
Авиационная администрация Казахстана выражает благодарность за оказанное содействие и поддержку посольству Республики Казахстан в Канаде в лице посла Камалдинова А., а также консультанта посольства Габдыжамалова Н.
Қазақстан делегациясы Канаданың Монреаль қаласында өткен жолаушыларды сәйкестендіру бағдарламасы (TRIP) бойынша 17 Симпозиум мен көрмеге қатысты
 
Құрамында "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ, "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ және "Turkistan International Airport" ЖШС өкілдері бар қазақстандық делегация Канаданың Монреаль қаласында ИКАО Халықаралық азаматтық авиация ұйымы өткізген жолаушыларды сәйкестендіру бағдарламасы (TRIP) бойынша 17 симпозиум мен көрмеге қатысты (13-15 қыркүйек).
ИКАО TRIP стратегиясы авиациялық қауіпсіздіктің және рәсімділіктерді оңайлатудың негізгі бағыттарының бірі, сондай-ақ ИКАО-ның бес стратегиялық мақсаттарының бірі болып саналады. TRIP стратегиясының негізін құрайтын нормативтік база бұл 9 Қосымша – рәсімділіктерді оңайлату болып табылады.
TRIP бағдарламасына қатысты өткен Симпозиум жолаушыларды сәйкестендіру процесін басқарудың барлық аспектілері бойынша ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін әлемдік деңгейдегі іс-шара болып табылады. Биылғы симпозиум "Үздіксіз және байланыссыз процестер: қалпына келтіру қарқынын жеделдету үшін мәліметтер алмасу" деп аталды. Оның әр түрлі сессияларында халықаралық ынтымақтастық пен жолаушылар үшін сапарларды жеңілдету ісіндегі өзара іс-қимылды нығайту және халықаралық азаматтық авиация тап болатын көптеген қауіп-қатерлерге қарсы тұру қажеттілігі туралы бірнеше рет баса айтылды.
Жалпы алғанда, симпозиум 9 сессиядан тұрды: авиацияны қалпына келтіру – халықаралық және аймақтық перспективалар; TRIP ИКАО бағдарламасының стратегиясындағы соңғы өзгерістер – процедураларды жеңілдетудегі инновациялар және саяхаттардың болашағы; ұлттық сәйкестендіруді басқарудың жетілдірілген тәжірибесін қолдау; ИКАО-ның машинамен тексерілетін жол жүру құжатарының стандарттары мен сипаттамалары: жол жүру құжаттарының тұтастығы; денсаулық сақтау; шекаралық бақылау: инспекциялық жүйелер мен құралдар және өзара әрекеттесетін қосымшалар; жолаушылар туралы деректер: саяхатшыларды сәйкестендіру және тәуекелдерді бағалау; әлеуетті арттыру және ИКАО тарапынан мемлекеттерге көмек; қалпына келтіруді жеделдету үшін жіксіз және байланыссыз процестерге қол жеткізу – алға апаратын жол.
Осы іс-шара шеңберінде ИКАО алаңында Қазақстанның авиациялық әкімшілігі бас директорының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Д. Еспотановтың және ИКАО әуе тасымалдары Бюросының формальдылықтарды жеңілдету бөлімінің басшысы Н. Абденнеби ханымның кездесуі өтті. ИКАО бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы 2023 жылы өткізілетін жолаушыларды сәйкестендіру бағдарламасы (TRIP) бойынша 18-ші симпозиум мен көрмені өткізу үшін кандидаттардың бірі болып таңдалды. Қазақстандық тарап аталған іс-шараны Қазақстанның рухани астанасы Түркістан қаласында өткізуді ұсынды. Ел таңдау туралы соңғы шешімді ИКАО ағымдағы жылдың қараша айында жариялайды.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы ИКАО әуе тасымалдары кезінде рәсімділіктерді оңайлату жөніндегі ұлттық бағдарламаны (NATFP) әзірлеуді және саяхатшыларды сәйкестендіру бағдарламасы (TRIP) бойынша ИКАО стратегиясын іске асыруды қоса алғанда, мүше мемлекеттерге рәсімділіктерді оңайлатудың 9 Қосымшасының стандарттары мен ұсынылатын практикасын іске асыруда көмек көрсету шеңберінде Қазақстан Республикасына өтеусіз негізде 12 қатысушыға арналған мамандандырылған курс ұсынғанын атап өту қажет. Бұл оқыту халықаралық рейстерді рәсімдеуге тартылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арасында бөлінетін болады.  
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Қазақстан Республикасының Канададағы елшілігіне Елші А. Камалдиновтың, сондай-ақ елшіліктің кеңесшісі Н. Габдыжамаловтың көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін алғыс білдіреді.
КГА и представители организации отрасли гражданской авиации приняли участие в форуме «TransLogistica Kazakhstan 2022»
В Алматы в рамках Юбилейного V Международного транспортно-логистического бизнес-форума «New Silk Way», организованного Союзом транспортников Казахстана «KAZLOGISTICS» состоялась панельная сессия: на тему «Курс на развитие гражданской авиации». 
В сессии приняли участие Генеральный директор Авиационной администрации Казахстана г-н Каталин Раду, Президент АО «Международный аэропорт Алматы», г-н Эрсой Альп Эр Тунга, Первый заместитель Председателя Правления АО «Международный аэропорт Нурсултана Назарбаева», Хамзин Д., Вице-президент АО «Эйр Астана» Даулетбек А., Директор департамента по работе с международными и государственными организациями авиакомпании АО «Авиакомпания «SCAT» Жакупов Н. и другие.
Также сессию посетили представительства иностранных авиакомпаний, выполняющие регулярные пассажирские и грузовые авиаперевозки из/в РК (Turkish Airlines, Asiana Airlines, Silk Way West, Fly Dubai, Qatar Airways и др.).
Модератором сессии выступил председатель Комитета гражданской авиации МИИР РК Т. Ластаев, который в свою очередь подчеркнул важность проведения подобных встреч в формате обмена мнениями, обсуждения перспектив развития отрасли.
Реализация транспортно-транзитного потенциала является одним из приоритетных направлений экономической политики Казахстана. Для развития транзита должна быть выстроена современная логистическая инфраструктура, в полной мере удовлетворяющая спрос потребителей при перемещении пассажиров и грузов.
На панельной сессии были рассмотрены актуальные вопросы гражданской авиации, в частности обеспечение безопасности полетов, состояние и развитие пассажирских и грузовых авиаперевозок, модернизации наземной инфраструктуры аэропортов, а также интеграционные процессы в мировую авиационную систему.
Было отмечено, что совместными усилиями государственных органов, субъектов гражданской авиации и с учетом внешних экономических факторов и вызовов достигнуты положительные показатели отрасли. Для создания благоприятных условий по развитию транзита спикеры выразили намерения в сохранении динамики роста.
Кроме того, в своих докладах спикерами озвучены проблемные вопросы относительно дефицита авиатоплива, нехватки квалифицированных кадров, недостаточного уровня цифровизации отрасли, а также барьеров в таможенной сфере.
По итогам сессии участники договорились приложить совместные усилия для принятия мер по решению затронутых вопросов, а также к скорой реализации намеченных проектов, что поспособствует росту транзитных перевозок на воздушном транспорте.