КГА 🇰🇿
3.1K subscribers
1.53K photos
85 videos
4 files
218 links
Комитет гражданской авиации МТ РК
Авиационная администрация
Казахстана

💻 www.aaq.kz

www. aviation.miid.gov.kz

🤳 https://facebook.com/caakaz/


📱Instagram: https://www.instagram.com
Download Telegram
 
 
Около 4 млн пассажиров перевезли казахстанские авиакомпании в первом полугодии 2021 года

По итогам первого полугодия текущего года отечественными авиакомпаниями было перевезено 3 973 150 пассажиров, из них на внутренних линиях 3 488 675 и на международных линиях 484 475 пассажиров.
Годом ранее, в связи с пандемией COVID-19 отмечалось значительное снижение количества пассажиропотока, так за 12 месяцев 2020 года отечественные авиакомпании перевезли 5 260 014 пассажиров, что на 27% ниже относительно показателей 2019 года.
По прогнозам отечественных авиакомпаний (Эйр Астана, Scat, Qazaq Air и FlyArystan) общее число пассажиропотока к концу текущего года должна возрасти до 9 093 022, из них авиакомпания АО «Эйр Астана» - 3 482 790   пассажиров, авиакомпания АО «Scat» - 1 569 410 пассажиров, авиакомпания АО «Qazaq Air» - 575 996 и недавно вошедная на рынок авиакомпания «FlyArystan» прогнозирует перевезти 3 464 826 пассажиров в 2021 году. Таким образом ожидается, что число пассажиропотока в этом году превысит показателей 2019 года (7 227 127 пассажиров).
Следует отметить, что отдельные авиакомпании, в частности «FlyArystan», несмотря на прошедший тяжелый год показывает ежегодный рост по числу обслуженных пассажиров (2019 год - 700 233, 2020 год – 1 467 261 и за первое полугодие 2021 года – 1 379 400).
Қазақстандық әуе компаниялар 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 4 млн-ға жуық жолаушыны тасымалдады

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша отандық әуе компаниялар 3 973 150 жолаушыны, оның ішінде ішкі желілерде 3 488 675 және халықаралық желілерде 484 475 жолаушыны тасымалдады.
Бір жыл бұрын, COVID-19 пандемиясына байланысты жолаушылар ағынының айтарлықтай төмендеуі байқалды, осылайша 2020 жылдың 12 айында отандық әуе компаниялар 5 260 014 жолаушыны тасымалдады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 27% - ға төмен.
Отандық әуе компаниялардың (Эйр Астана, Scat, Qazaq Air және FlyArystan) болжамдары бойынша ағымдағы жылдың соңына қарай жолаушылар ағынының жалпы саны 9 093 022-ге дейін өсуі тиіс, оның ішінде 2021 жылы "Эйр Астана" АҚ әуе компаниясы - 3 482 790 жолаушы, "Scat" АҚ әуе компаниясы - 1 569 410 жолаушы, "Qazaq Air" АҚ әуе компаниясы - 575 996 және нарыққа жақында кірген "FlyArystan" әуе компаниясы 3 464 826 жолаушыларды тасымалдау жоспарлануда. Осылайша, биыл жолаушылар ағынының саны 2019 жылғы көрсеткіштен (7 227 127 жолаушы) асады деп күтілуде.
Жекелеген әуе компанияларда, атап айтқанда "FlyArystan" өткен ауыр жылға қарамастан, қызмет көрсетілген жолаушылар саны бойынша жыл сайынғы өсімді көрсетеді (2019 жылы - 700 233, 2020 жылы – 1 467 261 және 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында – 1 379 400).
Воздушные суда QAZAQ AIR перешли под казахстанскую регистрацию

Весной текущего года авиакомпания QAZAQ AIR успешно сертифицирована Авиационной администрацией Казахстана по техническому обслуживанию и ремонту авиационной техники по эксплуатируемому типу воздушного судна модели De Havilland Dash-8 400. Так, подготовительная работа по запуску собственной службы по техническому обслуживанию QAZAQ AIR завершена и запущено непосредственное обслуживание собственными ресурсами.
Генеральный директор Авиационной администрации Казахстана Питер Гриффитс отмечает: «Это первый шаг к репатриации всех коммерческих самолетов, эксплуатируемых в Казахстане, для завершения которого потребуется около пяти лет.  Qazaq air завершил свою перерегистрацию, и вскоре мы перейдем к флоту Air Astana, который пройдет через двухэтапный процесс, сначала регистрацию в Ирландию, затем ожидается, что с 2024 года новые самолеты будут зарегистрированы в Казахстане».
После данной сертификации QAZAQ AIR приступила к перерегистрации флота в Казахстанский регистр воздушных судов. Государственный регистрационный номер воздушного судна – это идентификационный номер, присваиваемый самолету по завершении процедуры его внесения в авиационный реестр государства. Весь воздушный флот QAZAQ AIR на сегодня имеет обновленный авиационный регистрационный префикс – UP (Гражданская авиация Казахстана).
Благодаря слаженной совместной работе Авиационной администрации Казахстана и команды QAZAQ AIR воздушные суда были перерегистрированы практически без приостановления их эксплуатации. Таким образом, влияние на действующее расписание полетов было минимальным.
В среднем каждое воздушное судно было выведено из расписания до трех дней. За этот период инженеры QAZAQ AIR осуществили работы по перерегистрации радиомаякового оборудования и обновили государственные опознавательные знаки. Инспекторы надзорных государственных органов заблаговременно провели полный аудит и осуществили техническую проверку воздушных судов с выпуском сертификата летной годности.
«С 1 августа все самолеты QAZAQ AIR имеют казахстанскую регистрацию и находятся на обслуживании собственной сертифицированной станции технического обслуживания. Независимость авиакомпании по техническому обслуживанию воздушных судов под надзором контролирующих органов Казахстана позволит развивать местный инженерный состав с долгосрочной перспективой. QAZAQ AIR будет и дальше продолжать свою внутреннюю локализацию для эффективного развития и предоставления доступного авиаперелета для наших пассажиров» – Председатель Правления АО «QAZAQ AIR» Пламен Атанасов.
QAZAQ AIR ұшақтары қазақстандық тіркеуге көшті

Ағымдағы жылдың көктемінде QAZAQ AIR әуе компаниясы Қазақстанның авиациялық әкімшілігімен De Havilland Dash-8 400 үлгісіндегі ұшақтардың пайдаланылатын түріне арналған авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша сәтті сертификаттаудан өтті. Осылайша, QAZAQ AIR техникалық қызмет көрсету қызметін іске қосу бойынша дайындық жұмысы аяқталып, өз ресурстарымен тікелей қызмет көрсету басталды.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффитс: "Бұл Қазақстанда пайдаланылатын барлық коммерциялық ұшақтарды репатриациялауға жасалған алғашқы қадам, оны аяқтауға шамамен бес жыл қажет болады. Qazaq air тіркеуді аяқтады, және көп ұзамай біз екі кезеңдік процесс арқылы өтетін Air Astana әуе паркіне көшеміз. Алдымен Ирландияда тіркеледі, содан кейін 2024 жылдан бастап Қазақстанда жаңа ұшақтар тіркеледі деп күтілуде".
Осы сертификаттаудан кейін QAZAQ AIR өз әуе кемелерін қазақстандық тіркелімге өткізуге кірісті. Әуе кемесінің мемлекеттік тіркеу нөмірі - ұшақтың мемлекеттің авиациялық тізілімге енгізу рәсімі аяқталғаннан кейін берілетін сәйкестендіру нөмірі. Бүгінгі таңда QAZAQ AIR компаниясының бүкіл әуе флотында жаңартылған авиациялық тіркеу префиксі – UP (Қазақстанның азаматтық авиациясы) бар.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен QAZAQ AIR тобының бірлескен үйлесімді жұмысының арқасында әуе кемелерін пайдалануды тоқтаусыз қайта тіркелді. Осылайша,компанияның қолданыстағы ұшу кестесіне әсері аз болды.
Орташа алғанда, әрбір әуе кемесі кестеден үш күнге дейін шығарылды. Осы кезеңде QAZAQ AIR инженерлері радиомаяк жабдығын қайта тіркеу жұмыстарын жүзеге асырып, мемлекеттік сәйкестендіру белгілерін жаңартты. Мемлекеттік қадағалау органдарының инспекторлары толық аудитті алдын ала жүргізді және ұшуға жарамдылық сертификатын бере отырып, әуе кемелеріне техникалық тексеру жүргізді.
"1 тамыздан бастап QAZAQ AIR ұшақтарының барлығы қазақстандық тіркеуден өтіп, сертификатталған техникалық қызмет көрсету станциясында қызмет көрсетуде. Әуе компанияның Қазақстанның реттеуші органдарының қадағалауымен ұшақтарға техникалық қызмет көрсетудегі дербестігі ұзақ мерзімді перспективамен жергілікті инженерлік құрамды дамытуға мүмкіндік береді. QAZAQ AIR жолаушыларымыз үшін қол жетімді әуе тасымалын тиімді дамыту және қамтамасыз ету үшін ішкі локализациясын одан әрі жалғастыратын болады" – "QAZAQ AIR" АҚ басқарма төрағасы Пламен Атанасов.
ИКАО повысил до 84% уровень обеспечения безопасности полетов Казахстана. Это на 15% выше среднемирового показателя
 
Работа проводимая Комитетом гражданской авиации МИИР РК совместно с Авиационной администрацией Казахстана в рамках реализации 68 шага Плана нации по переходу на новую модель управления отраслью гражданской авиации была высоко оценена аудиторами ИКАО. Так, по предварительным результатам проверки ИКАО, проведенной в период со 2 по 11 августа 2021 года по безопасности полетов, Казахстан превысил среднемировой уровень соответствия стандартам ИКАО на 15% и достиг 84%.
Рост соответствия стандартам ИКАО был продемонстрирован по следующим областям проверки:
- Основное авиационное законодательство (LEG) с 61% до 81%;
- Организация гражданской авиации (ORG) с 37% до 75%;
- Аэронавигационное обслуживание (ANS) с 87% до 95%;
- Аэродромы и наземные средства (AGA) c 56% до 90%;
- Расследование авиационных происшествий и инцидентов (AIG) с 47% до 53%).
Казахстан достиг среднего уровня соответствия стандартам ИКАО стран-членов Европейского агентства по безопасности полетов (EASA) (84%). В настоящее время по данному показателю мы находится выше многих европейских стран и встали на ряду с такими европейскими странами как Нидерланды – 87%; Бельгия – 87%; Португалия – 87%; Чехия – 87%; Латвия – 86%; Дания – 85%; Исландия – 84%; Польша – 84%; Словения - 82%, Кипр - 82%.
Результаты будут в скором времени официально опубликованы на сайте ИКАО и будут доступны всем государствам.
Данная проверка ИКАО была направлена на оценку нового подхода в управлении отрасли гражданской авиации и прогресса, достигнутого Казахстаном по устранению ранее выявленных замечаний по организации контроля за обеспечением безопасности полетов. В целом, ИКАО инициируют проверку страны в случае значительных изменениях в регулировании отрасли. Инициатива реализуемая Казахстаном согласно Плана нации по трансформации модели осуществления контроля и надзора за безопасностью полетов в стране была положительна оценена данной независимой оценкой ИКАО, проведенной аудиторами из штаб-квартиры, европейского регионального офиса и государства-члена ИКАО.
Аудиторами ИКАО была отмечена плодотворная работа проведенная Комитетом гражданской авиации и Авиационной администрации Казахстана и значительный прогресс, достигнутый с момента запуска нового подхода в управлении.
Отсутствие существенных замечаний по безопасности полетов в Казахстане позволяет авиакомпаниям свободно выполнять рейсы в страны Европейского Союза, после авторизации эксплуатанта третьих стран.
Необходимо отметить, что на сегодня у Казахстана отсутствуют угрозы по включению в «черный список» Европейской Комиссии отечественных авиакомпаний и по наложению санкций или ограничений на полеты в зарубежные страны.
ИКАО Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін 84%-ға дейін көтерді. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштен 15%-ға жоғары
 
Азаматтық авиация саласын басқарудың жаңа моделіне көшу жөніндегі Ұлт жоспарының 68-қадамын іске асыру шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Қазақстанның авиациялық әкімшілігімен бірлесікен жұмысы ИКАО тарапынан жоғары бағаланды. Осылайша, 2021 жылдың 2-11 тамыз аралығында ұшу қауіпсіздігі бойынша жүргізілген ИКАО тексеруінің алдын ала нәтижелері бойынша Қазақстан ИКАО стандарттарына сәйкестіктің орташа әлемдік деңгейінен 15%-ға асып, 84%-ға жетті.
ИКАО стандарттарына сәйкестіктің өсуі тексерудің келесі салалары бойынша көрсетілді:
- Негізгі авиациялық заңнама (LEG) 61%-дан 81%-ға дейін;
- Азаматтық авиация ұйымы (ORG) 37%-дан 75%-ға дейін;
- Аэронавигациялық қызмет көрсету (ANS) 87%-дан 95%-ға дейін;
- Әуеайлақтар және жердегі қызмет көрсету (AGA) 56%-дан 90%-ға дейін;
- Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру (AIG) 47%-дан 53%-ға дейін.
Қазақстан Еуропалық ұшу қауіпсіздігі агенттігіне (EASA) мүше елдердің ИКАО стандарттарына сәйкестіктің орташа деңгейіне қол жеткізді (84%). Қазіргі уақытта осы көрсеткіш бойынша біз көптеген еуропалық елдерден жоғары орналастық және Нидерланды – 87%; Бельгия – 87%; Португалия – 87%; Чехия – 87%; Латвия – 86%; Дания – 85%; Исландия – 84%; Польша – 84%; Словения  – 82%, Кипр - 82% сияқты еуропалық елдермен қатар тұрмыз.
Нәтижелер жақын арада ИКАО сайтында ресми түрде жарияланады және барлық мемлекеттерге қол жетімді болады.
ИКАО-ның осы тексеруі азаматтық авиация саласын басқарудағы жаңа тәсілді және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауды ұйымдастыру бойынша бұрын анықталған ескертулерді жою бойынша Қазақстан қол жеткізген прогресті бағалауға бағытталған. Жалпы, ИКАО саланы реттеуде айтарлықтай өзгерістер болған жағдайда елді тексеруді бастайды. Қазақстанның Ұлт жоспарына сәйкес елдегі ұшу қауіпсіздігін бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру моделін трансформациялау жөніндегі бастамасы ИКАО штаб-пәтері, еуропалық өңірлік кеңсе және ИКАО-ға мүше мемлекет аудиторлары жүргізген ИКАО тәуелсіз бағалауымен оң бағаланды.
ИКАО аудиторлары Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің жүргізген жемісті жұмысын және басқарудың жаңа тәсілі іске қосылған сәттен бастап қол жеткізілген елеулі прогресті атап өтті.
Қазақстанда ұшу қауіпсіздігі бойынша елеулі ескертулердің болмауы үшінші елдердің пайдаланушысы авторизациялағаннан кейін әуе компанияларға Еуропалық Одақ елдеріне рейстерді еркін орындауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда отандық әуе компанияларды Еуропалық комиссияның "қара тізіміне" енгізуге және шет елдерге ұшуларға санкциялар немесе шектеулер енгізуге қауіп жоқ екенін атап өту қажет.
ICAO has increased the level of flight safety in Kazakhstan to 84%. This is 15% higher than the world average.

The work carried out by the Civil Aviation Committee of the MIID RK together with the Aviation Administration of Kazakhstan as part of the implementation of Step 68 of the National Plan for the transition to a new model of governance of the civil aviation industry was highly acknowledged by the ICAO auditors. Thus, according to the preliminary results of the ICAO audit conducted from August 2 to 11, 2021 on flight safety, Kazakhstan exceeded the global average level of compliance with ICAO standards by 15% and reached 84%.
Increased compliance with ICAO standards has been demonstrated in the following audit areas:
- Primary Aviation Legislation (LEG) from 61% to 81%;
- Civil Aviation Organization (ORG) from 37% to 75%;
- Air Navigation Services (ANS) from 87% to 95%;
- Aerodromes and Ground Aids (AGA) from 56% to 90%;
- Aircraft Accident and Incident Investigation (AIG) from 47% to 53%.
Kazakhstan has achieved an average level of compliance with ICAO standards of member countries of the European Aviation Safety Agency (EASA) (84%). Currently, according to this indicator, we are above many European countries and are on par with such European countries as the Netherlands - 87%; Belgium - 87%; Portugal - 87%; Czech Republic - 87%; Latvia - 86%; Denmark - 85%; Iceland - 84%; Poland - 84%; Slovenia - 82%, Cyprus - 82%.
The results will soon be officially published on the ICAO website and will be available to all States.
This ICAO audit was aimed at assessing the new approach to the governance of the civil aviation industry and the progress made by Kazakhstan in addressing previously identified safety oversight concerns. In general, ICAO will initiate a country audit in the event of significant changes in industry regulation. Kazakhstan's initiative under the National Plan to transform the country's safety oversight was positively assessed by this independent ICAO assessment carried out by auditors from ICAO Headquarters, the European Regional Office, and an ICAO Member State.
ICAO auditors noted the fruitful work carried out by the Civil Aviation Committee and the Aviation Administration of Kazakhstan and the significant progress achieved since the launch of the new governance approach.
The absence of significant remarks on flight safety in Kazakhstan allows airlines to freely operate flights to the countries of the European Union by applying for a third country operator approval.
It should be noted that today Kazakhstan has no threats to get its domestic airlines included in the "black list" of the European Commission and to impose sanctions or restrictions on flights to foreign countries
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің ұжымы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Ғабит Қалиұлы Тәжімұратовтың әкесі Қали Тәжімұратовтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты, қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.
 
Коллектив Комитета гражданской авиации Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан выражает искренние и глубокие соболезнования председателю Правления Акционерного общества «Международный аэропорт Нурсултан Назарбаев» - Тажимуратову Габиту Калиевичу в связи с безвременной кончиной отца – Кали Тажимуратова.
В 2 раза больше пассажиров перевезли казахстанские авиакомпании за 7 месяцев

С начала этого года после постепенного восстановления полетов зафиксирован рост показателей в сравнении с прошлым годом.
За 7 месяцев 2021 года число перевезенных пассажиров увеличилось на 96% - 5,1 млн человек.
Для сравнения:
Тот же период в 2020 году – 2,6 млн человек, в 2019 году – 4,6 млн человек.
На 58% увеличилось количество обслуженных пассажиров в аэропортах – 8,1 млн человек.
Биылғы 7 айда отандық әуе компаниялары тасымалдаған жолаушылар саны 2 есеге артты

Әуе рейстері біртіндеп қалпына келтіргеннен кейін биыл өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіштер өсті.
2021 жылдың 7 айында тасымалданған жолаушылар саны 96% артып, 5,1 млн адамға жетті.
Анықтама:
2020 жылдың осы кезеңінде 2,6 млн адам, ал 2019 жылы 4,6 млн адам болған.
Әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар саны 58% артып, 8,1 млн адам болды.
Модернизация инфраструктуры воздушного транспорта

В Казахстане планомерно ведутся работы по модернизации инфраструктуры воздушного транспорта.
В рамках Государственной программы инфраструктурного развития «Нұрлы жол» на 2020-2025 годы осуществляется реконструкция ВПП аэропорта г. Усть-Каменогорск. Проектом предусмотрено удлинение полосы на 300 м и замена светосигнального оборудования для приема современных типов воздушных судов.
За счет частных инвестиций продолжается строительство нового терминала аэропорта г. Шымкент, который позволит расширить площадь терминала с 3,8 до 35 тыс.м2 и увеличить пропускную способность с 150 до 2000 пасс/час.
Новый терминал будет соответствовать международным стандартам качества и безопасности, что позволит обеспечить жителей и гостей мегаполиса высоким уровнем комфорта.
Акиматом Западно-Казахстанской области с привлечением частных инвестиций ведется работа по реконструкции аэровокзального комплекса аэропорта г. Уральск. Площадь терминала будет увеличена более чем в два раза, пропускная способность со 100 до 200 пасс/час.
Завершение строительных работ по указанным проектам планируется на конец 2021 и первое полугодие 2022 года.
В целях обеспечения транспортной доступности туристического центра озера Алаколь в текущем году планируется завершение работ по реконструкции ВПП и здания аэровокзала села Урджар. Также в текущем году начаты работы по реконструкции ВПП, рулежной дорожки и перрона аэропорта г. Ушарал.
Реализация данных проектов поспособствует улучшению наземной инфраструктуры аэропортов, повышению стандартов безопасности и обслуживания.
Әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғырту

Қазақстанда әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр.
Инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Өскемен қаласы әуежайының ұшу-қону жолағы қайта жаңартылуда. Жобада жолақтарды 300 метрге ұзарту және әуе кемелерінің қазіргі заманғы үлгілерін қабылдау үшін жарық-дыбыс жабдықтарын ауыстыру көзделген.
Жеке инвестициялар есебінен Шымкент қаласы әуежайының жаңа терминалы салынып жатыр. Нәтижесінде терминал алаңы 3,8 мың м2-ден 35 мың м2-ге дейін кеңейіп, өткізу қабілеті сағатына 150-ден 2000 жолаушыға дейін артады.
Жаңа терминал халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді. Бұл мегаполис тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы жағдай жасайды.
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі жеке инвестицияларды тарта отырып, Орал қаласы әуежайының аэровокзал кешенін жаңғыртып жатыр. Терминал аумағы екі еседен астам ұлғайтылып, өткізу қабілеті сағатына 100-ден 200 жолаушыға дейін жеткізіледі.
Аталған жобалар бойынша құрылыс жұмыстарын 2021 жылдың соңында және келесі жылдың бірінші жартыжылдығына аяқтау жоспарланған.
Алакөл көлінің туристік орталығына көлікпен барып-қайтуды қолайлы ету мақсатында Үржар ауылының ұшу-қону жолағын және аэровокзал ғимаратын реконструкциялау жұмыстарын биыл аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, Үшарал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын, рөлдеу жолын және перронын реконструкциялау жұмыстары басталды.
Осы жобаларды іске асыру әуежайлардың жерүсті инфрақұрылымын жақсартып, қауіпсіздік және қызмет көрсету стандарттарын арттыруға ықпал етеді.
Комитет гражданской авиации МИИР РК и Авиационная администрация Казахстана выражают искренние и глубокие соболезнования родным и близким Хуснутдинова Халила Галиевича в связи с безвременной кончиной.
Халил Галиевич был главным авиационным инспектором - руководителем управления лёгкой авиации АО «Авиационная администрация Казахстана».
Большой профессионал и заслуженный авиатор, имел 57-летний опыт работы в авиационной отрасли. В различные годы работал на командно-руководящих должностях гражданской авиации СССР и в авиакомпаниях Казахстана, был командиром вертолётов Ми-1, Ми-4, Ми-8.
В Комитете гражданской авиации Халил Галиевич трудился с 2019 года.
За профессионализм, трудовые достижения и вклад в развитие отрасли гражданской авиации был награжден ведомственной наградой – нагрудным знаком «Құрметті авиатор».
Светлая память о Халил Галиевиче навсегда сохранится в наших сердцах.
«Qatar Airways» запускает рейсы в Казахстан

На очередном заседании Межведомственной комиссии по недопущению возникновения и распространения коронавирусной инфекции на территории Республики Казахста был рассмотрен вопрос открытия регулярного авиасообщения между Казахстаном и Катаром.
Так, благодаря работе Комитета гражданской авиации и авиационных властей Катара по созданию и расширению правовой базы в области авиасообщения между двумя странами, авиакомпания «Qatar Airways» планирует начать выполнение регулярных рейсов в Казахстан с 15 октября 2021 года между городами Доха и Алматы.
Рейсы планируются выполнять с частотой 2 рейса в неделю по понедельникам и пятницам на ВС типа А-320 со строгим соблюдением санитарно-эпидемиологических требований и в соответствии с опубликованным расписанием на сайте авиакомпании.
Открытие регулярных рейсов между двумя странами будет способствовать дальнейшему развитию торгово-экономических, культурных и туристических отношений между Казахстаном и Катаром.
Справочно:
Авиакомпания «Qatar Airways» основана в 1997 году. Осуществляет полеты на шести континентах, соединяя более 160 пунктов назначений по всему миру. Парк воздушных судов насчитывает более 200 самолетов типа А-320/321/350, Б-777/787. «Qatar Airways» вошла в рейтинг «пятизвездочных» авиакомпаний мира по версии Skytrax и стала «Лучшей авиакомпанией в мире» в 2011, 2012, 2015, 2017 и 2019 годах. Штат авиакомпании насчитывает более 46000 сотрудников.
"Qatar Airways" Қазақстанға әуе рейстерді ашады

2021 жылғы 31 тамызда Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына Қазақстан мен Катар арасында тұрақты әуе қатынасын ашу мәселесі шығарылды.
Осылайша, Азаматтық авиация комитеті және Катар елінің авиациялық билік органдары екі ел арасындағы әуе қатынасы саласында құқықтық базаны құру және кеңейту жөніндегі жұмысының арқасында "Qatar Airways" әуе компаниясы 2021 жылғы 15 қазаннан бастап Доха және Алматы қалалары арасында Қазақстанға тұрақты рейстерді орындауды бастауды жоспарлап отыр.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компания сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-320 үлгісіндегі әуе кемесінде дүйсенбі және жұма күндері аптасына 2 рейс жиілігімен орындалады деп жоспарлануда.
Екі ел арасында тұрақты рейстердің ашылуы Қазақстан мен Катар арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.
Анықтама үшін:
"Qatar Airways" әуе компаниясы 1997 жылы құрылған. Бүкіл әлем бойынша 160-тан астам тағайындау пункттерін біріктіре отырып, алты құрлықта ұшуды жүзеге асырады. Әуе кемелері паркінде А-320/321/350, Б-777/787 үлгісіндегі 200-ден астам ұшақ бар. "Qatar Airways "2011, 2012, 2015, 2017 және 2019 жылдары Skytrax нұсқасы бойынша әлемнің" бес жұлдызды" әуе компанияларының рейтингіне кірді. Әуе компанияның 46000-нан астам қызметкері бар.