BlueScreen QAZ🇰🇿
253 subscribers
1.5K photos
162 videos
2.08K links
bluescreen.kz – IT -жаңалықтардың сенімді ақпарат көзі

TSARKA қолдауымен

Серіктестік 👉🏽 @melnikovaanya
Download Telegram
💵OpenAI коммерциялық компанияға айналуды шешті. Неліктен?

Reuters агенттігінің хабарлауынша, компания өзінің негізгі бизнесін коммерциялық корпорация ретінде қайта құрылымдау жоспарын қолға алды. Ол енді қайырымдылық кеңесі тарапынан бақылауда болмайды.

Қайта құрылымдау аясында Сэм Альтман алғаш рет коммерциялық компаниядан акционерлік капитал алмақ, компанияның бағасы 150 млрд долларға жетуі мүмкін.

🧐 Сарапшылардың пікірлерін жинап, оқиғалар тізбегін қалпына келтірдік:

⭐️OpenAI бастапқыда қайырымдылық ұйым ретінде құрылған. Бірнеше ай бұрын Альтман подкасттардың бірінде акционерлік капиталға қызығушылығы жоқ екенін ашық айтты.

⭐️Қайта құрылымдау инвесторларды тарту құралы ретінде қарастырылуда.

⭐️2021 жылы OpenAI небәрі 14 млрд долларға бағаланған еді. Бүгінгі таңда OpenAI 6,5 млрд доллар көлемінде қаржыландыру раунды туралы келіссөздер жүргізіп, корпоративтік құрылымын өзгерткен жағдайда компанияны 150 млрд долларға бағалауды көздеп отыр.

⭐️Инвестициялар бойынша келісімдері Microsoft, Nvidia, Apple және Thrive Capital жүргізуде.

⭐️OpenAI-ға ақша қажет. Біріншіден, жалақыларға. Сонымен қатар, The Information мәліметтері бойынша, компания модельдерді оқытуға шамамен 7 млрд доллар және кадрларды іріктеуге 1,5 млрд доллар жұмсаған. Шығындары өте үлкен.

⭐️Қайырымдылық элементі әлі де сақталады, бірақ ол ірі коммерциялық компаниядағы азшылық үлесі болады.

⭐️Өтпелі кезеңнің нақты уақыты анықталмағанымен, ол жоғарғы басшылықтың кетуі аясында жүзеге асуда. Бұрынғы және қазіргі қызметкерлердің айтуынша, стартап тұрақсыздықтан арылуға тырысқан кезде, коммерцияландыру және компанияға табыс әкелетін өнімдер әзірлеу қажеттілігіне қатысты бөлініс пайда болған.

⭐️Бұл жасанды интеллект қауіпсіздігі мен есептілігі мәселесіне қатысты алаңдаушылық туғызады. Әсіресе, жылдың басында OpenAI ұзақмерзімді қауіпсіздік командасын таратқанын ескерсек.

⭐️Жақын болашақта ChatGPT-де жарнама көріп қалуымыз ғажап емес.

#АйтарлықIT #Itжаңалықтар
#OpenAI #технология

TSARKA қолдауымен

📷 BlueScreen | Digital Kazakhstan
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2👎1🤔1
🤝 Цифрлық министрлік қазақстандық компанияларға қытай нарығына шығуға көмектесуде

Қазақстандық компаниялар Цифрлық министрліктің қолдауымен Қытайдағы Global Digital Trade Expo көрмесінде бірнеше маңызды меморандумға қол қойды. Олардың ішінде «Қорғас смарт порты» мен юань-тенге трансшекаралық төлем жүйесін құру, сондай-ақ Қытай нарығында Қазақстан мен Орталық Азиядан стартаптарды қолдауға арналған Халықаралық хабты іске қосу бар.

#АйтарлықIT #Itжаңалықтар
#стартаптар #еңбекнарығы

TSARKA қолдауымен

📷 BlueScreen | Digital Kazakhstan
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2🔥21
📚Қазақстанда электронды оқулықтарға қойылатын талаптардың қатарына геймификация енгізіледі

ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектептер мен балабақшаларға арналған оқулықтарға қойылатын талаптарды жаңартып, заманауи интерактивті және технологиялық элементтерді қосты. Ең қызықты тармақтардың қатарында:

– геймификация элементтері;

– интерактивті тапсырмалар мен мультимедиялық контент;

– оқулықтар танымал құрылғылар мен операциялық жүйелерде қосымша плагиндерді орнатпай-ақ қолжетімді болады;

– жекешелендіру: оқулықтар деңгейлік саралауды және жеке оқу траекторияларын қолдауы тиіс.

Бұл өзгерістер оқыту процесін интерактивті және әрбір оқушының қажеттіліктеріне бейімделген етіп жасауға бағытталған.

#АйтарлықIT #Itжаңалықтар
#цифрландыру #электрондықүкімет

TSARKA қолдауымен

📷 BlueScreen | Digital Kazakhstan
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍21🔥1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2🔥21👌1
Алибек Индыкбаев «Кселл» АҚ директорлар кеңесіне сайланды

«Кселл» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жиналысының қорытындысы бойынша, компанияның директорлар кеңесіне «Қазақтелеком» АҚ корпоративтік бизнес дивизионының басшысы Индыкбаев Алибек Бейбитұлы сайланды.

Белгілі болғандай, Индыкбаев өзінің еңбек жолын 2005 жылы ақпараттық технологиялар саласында бастаған. Кейіннен ол «Қазақтелеком» АҚ, «KAZTRANSCOM» АҚ сынды ұйымдарда басшылық қызметтер атқарып, сондай-ақ «Altyn Bank» АҚ басқарма төрағасының IT жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарған.

#АйтарлықIT #Itжаңалықтар
#kcell #қазақтелеком

TSARKA қолдауымен

📷 BlueScreen | Digital Kazakhstan
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🔥1👏1
🇰🇿 Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясының дебаттарында цифрлық трансформацияның маңыздылығын атап өтті

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясының жалпы дебаттарында сөз сөйледі.

Спикер цифрлық трансформацияның маңыздылығын атап өтті:

"2030 жылға дейінгі цифрлық күн тәртібі технологияларға тең қолжетімділікті талап етеді. Жасанды интеллекттің дамуы бізге киберқауіптер мен деректер қауіпсіздігіне қатысты жаңа сын-қатерлер қояды".


Министр осы үдерістерде БҰҰ-ның рөлін күшейтуді ұсынды, жасанды интеллект мәселелері бойынша БҰҰ кеңсесін құрудың этикалық стандарттарды әзірлеуге арналған дер кезінде қабылданған шешім екенін атап өтті.

#АйтарлықIT #Itжаңалықтар
#ассамблея #БҰҰ

TSARKA қолдауымен

📷 BlueScreen | Digital Kazakhstan
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🔥1👏1
📣 $50 000 жүлде қоры және виртуалды IT вакансиялар жәрмеңкесі бар хакатон Қазақстанда өтеді

18-19 қазанда Қазақстанда $50 000 жүлде қоры бар ең ірі мультилокациялық хакатон Decentrathon 2.0 өтеді. Іс-шара еліміздің 17 аймағын қамтып, AI, Blockchain, GameDev және Telegram mini apps бағыттарындағы тапсырмаларды шешу үшін 2500-ден астам әзірлеушіні жинайды.

Технологиялар болашағын қалыптастыруға өз үлесіңізді қосу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

#АйтарлықIT #Itжаңалықтар
#жәрмеңке #хакатон

TSARKA қолдауымен

📷 BlueScreen | Digital Kazakhstan
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2👍2🔥2
🧠 Нейродизайн: ғылым мен шығармашылықтың үйлесімі

Нейродизайн — нейробиология, психология және мінез-құлық экономикасының білімдерін біріктіретін заманауи тәсіл. Оның мақсаты — визуалды элементтердің миға әсерін түсініп, тиімді әрі интуитивті дизайн жасау.

Бұл әдіс веб-дизайн, жарнама және өнім қаптамаларында кеңінен қолданылады. Apple, Google сияқты ірі корпорациялар нейродизайнды қолдана отырып, оң эмоциялар тудыратын дизайн жасайды. Дегенмен, басты сұрақ — назарды жаулап алу үшін дизайн қаншалықты қарапайым болуы керек?

Мақала Bang Bang Education (Ultimate Education құрамына кіретін ) дизайн және технологиялар онлайн мектебінің сарапшыларымен дайындалды. Тәжірибелі тәлімгерлердің басшылығымен студенттер дизайн, иллюстрация, бейне түсіру, сондай-ақ деректерді талдау, программалау, өнім жасау және жасанды интеллектпен жұмыс сияқты алдынғы қатарлы оқу сабақтарын меңгереді.

#АйтарлықIT #Itжаңалықтар
#дизайн #нейротехнология

TSARKA қолдауымен

📷 BlueScreen | Digital Kazakhstan
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🔥1👏1
🚫 Canva Қазақстанда бұғатталды ма? Қызметке тек VPN арқылы кіруге болады.

Бірнеше күннен бері Қазақстандағы қолданушылар Canva сервисіне кіре алмай жүр, ол графикалық дизайн жасауға мүмкіндік береді. VPN қолдануға тура келеді.

«Біздің инженерлеріміз мәселені шешу үстінде, және біз сіздерді міндетті түрде хабардар етіп отырамыз. Жаңартуларды алу үшін canvasstatus.com сайтына кіре аласыздар», – деп түсіндірді сервистің қолдау қызметі.


Осы мәселеге тап болдыңыз ба? Мен мысалы үй жұмысын жаса алмай жатырмын. Егер сіз де белсенді қолданушы болсаңыз 👎 қойыңыз.

#АйтарлықIT #Itжаңалықтар
#дизайн #canva

TSARKA қолдауымен

📷 BlueScreen | Digital Kazakhstan
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎8🤯2😭2👍1🤬1
🎮 Алматы Орталық Азиядағы киберспорттың басты хабы болуды жоспарлап отыр

Жыл басынан бері Алматыда IT-экожүйесін және киберспортты дамытуға 2,5 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 217 жаңа жұмыс орны құрылды. Орталық Азиядағы ең ірі киберспорт хабын құруға бағытталған Almaty Cyber Games (ACG) жобасы Logitech және Tencent Games сияқты алпауыттарды өзіне тартты.

Setanta телеарналарымен ынтымақтастықтың арқасында жоба 6 миллион адамды қамтыды, ал Алматы университеттерінде киберспорт және ойын индустриясы саласында мамандар даярлау басталды.

#АйтарлықIT #Itжаңалықтар
#киберспорт #Қазақстан

TSARKA қолдауымен

📷 BlueScreen | Digital Kazakhstan
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍32🔥1👏1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍31🔥1
🇰🇿 Қазақстандық стартаптар Global Digital Trade Expo көрмесінде өздерін таныстырды

Astana Hub халықаралық технопаркі және оның төрт стартап-резиденті, соның ішінде ApartX, Смарт Жанармай құю, Jasaim Blockchain және ZIZ INC, өздерінің шешімдерімен халықаралық аудиторияның назарын аударды.

Кейбір компаниялар стратегиялық келісімдерге қол қойып, жаһандық нарықтарда өз қатысуын кеңейтіп, елдің жаһандық цифрлық аренадағы позицияларын нығайтты.

#АйтарлықIT #Itжаңалықтар
#көрме #стартап

TSARKA қолдауымен

📷 BlueScreen | Digital Kazakhstan
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍21🔥1
🎓 Қазақстан ЖОО оқытушылары ЖИ және GameDev бойынша оқытылады

ҚР Цифрлық даму министрлігі мен Astana Hub елдегі 47 ЖОО-дан 700 педагогтарға арналған ауқымды бағдарламаны іске қосты. Tech Orda бағдарламасы аясында оқытушылар жасанды интеллект пен ойын жасауды үйренеді. Мақсат – педагогтардың біліктілігін арттырып, заманауи технологияларды білім беру процесіне енгізу.

#АйтарлықIT #Itжаңалықтар
#ЖИ #грант

TSARKA қолдауымен

📷 BlueScreen | Digital Kazakhstan
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2👌2🔥1
Қазақстанда байланыс операторлары өз есебінен ҰҚК-ге абоненттердің деректеріне қолжетімділік береді

Қазақстанда байланыс операторларын өз қаражаты есебінен абоненттердің деректері мен олардың коммуникацияларына қолжетімділікті Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қамтамасыз етуге міндеттейтін жаңа ережелер бекітілді. Бұл жедел-іздестіру және қарсы барлау іс-шараларын жүргізу үшін қажет.

Ережелер абоненттер мен байланыс желілері туралы қызметтік ақпаратқа қолжетімділікті, сондай-ақ осындай іс-шаралар барысында қолданылатын жабдықты орнатуға техникалық жағдай жасауды қамтиды. Операторлар жүйелердің үздіксіз жұмысын, оның ішінде электрмен жабдықтау және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ақпараттың жария болмауын қорғауы керек.

Сонымен қатар, операторлар ай сайын ұялы байланыс базалық станциялары туралы ақпарат беріп, жедел-іздестіру шараларына арналған жабдыққа қатысты ақауларды дереу жоюға міндетті.

#АйтарлықIT #Itжаңалықтар
#байланысоператоры #ақпараттықорғау

TSARKA қолдауымен

📷 BlueScreen | Digital Kazakhstan
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔2👍1👎1🤯1
☄️ Astana Hub халықаралық технопаркі, Jaiq Impact Fund әлеуметтік қоры, Ural Oil & Gas мұнай-газ компаниясы және Society of Petroleum Engineers қауымдастығы Jaiq Oil & Gas Hackathon ұйымдастырды.

Өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздікке қатысты HSE мәселелерін шешу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен 20-дан астам команда қатысып, 4 000 000 теңге көлеміндегі жүлде қоры ойнатылды.

Zerek Vision интеллектуалды тақталар мен камераларды пайдалана отырып, кен орындарындағы жарақаттар мен өлімге әкелетін жағдайларды азайтатын HSE басқару жүйесін ұсынды және инкубациялық бағдарламаға өтті.

#АйтарлықIT #Itжаңалықтар
#AstanaHub #технопарк

TSARKA қолдауымен

📷 BlueScreen | Digital Kazakhstan
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍21🔥1
Taverna VR ойыны әлемдік VR ойын нарығын бағындыруда

Қазақстандық студия әзірлеген Taverna VR ойыны бірегей концепциясымен халықаралық ойыншылардың назарын аударуда: ортағасырлық тавернаның симуляциясы, экшен элементтері және кооперативті геймплей. Жоба Солтүстік Америка мен Еуропа нарығына бағытталып, Қазақстанның виртуалды шынайылық саласындағы әлеуетін көрсетуде.

#АйтарлықIT #Itжаңалықтар
#ойындар #VR #games #Қазақстан

TSARKA қолдауымен

📷 BlueScreen | Digital Kazakhstan
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍31🔥1
📣 Финтехтер, ШОБ және реттеушілер KURSIV ECOSYSTEMS FORUM 2024-те цифрлық экожүйелердің дамуын талқылайды

22 қазанда Алматыда цифрлық нарықтың негізгі ойыншылары, шағын және орта бизнес өкілдері, сондай-ақ реттеушілер цифрлық экожүйелердің болашағын талқылайды. Форумның тақырыптары платформалық жұмысты салықтандыру, киберқауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ финтех пен электронды коммерцияның дамуын қамтиды. Спикерлер арасында – Қазақстанның ірі цифрлық компанияларының көшбасшылары мен шетелдік сарапшылар.

#АйтарлықIT #Itжаңалықтар
#финтех #цифрландыру

TSARKA қолдауымен

📷 BlueScreen | Digital Kazakhstan
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍21🔥1
🌐Қазақстан ЕАЭО цифрлық жүйелерін өзара мойындау жобасына қосылады

Ереванда өткен Еуразиялық экономикалық форумда ЕАЭО-дағы цифрлық үдерістерді интеграциялауға бағытталған Digital Union тұжырымдамасы ұсынылды. Қазақстан сәйкестендіру және аутентификация жүйелерін өзара мойындау жөніндегі пилоттық жобаға қатысуда, бұл одақ елдері арасындағы азаматтар мен бизнестің өзара әрекетін жеңілдетуге, сонымен қатар цифрлық егемендікті сақтауға мүмкіндік береді.

#АйтарлықIT #Itжаңалықтар
#Қазақстан #цифрландыру #мемлекет

TSARKA қолдауымен

📷 BlueScreen | Digital Kazakhstan
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2👎1😁1
🔝 OpenAI компаниясы әзірлеушілерге арналған жаңа құралдарды ұсынды

Компания DevDay шарасында әзірлеушілермен өзара әрекеттесуді жақсартуға бағытталған бірқатар құралдарды жариялады. Жаңалықтар AI-қосымшаларын жасауды жеделдетуге арналған, кең функцияларды ұсына отырып, қосымшаларды төмен кідіріспен және дауыстық жауаптармен қамтамасыз етеді.

👇 1 қазандағы релизге келесілер кіреді:

⭐️ Realtime API: вебсокет арқылы қосымшаларға дауыстық функцияларды енгізуге арналған. ChatGPT-тен ерекшеленетін OpenAI-дің 6 даусын қолдайды, авторлық құқықтарды болдырмау үшін үшінші тарап дауыстарын қолдануға мүмкіндік бермейді.

⭐️ Модельдерді дистилляциялау: дистилляция құралы арзан модельдерге (мысалы, GPT-4o mini) озық модельдер (GPT-4o) жасайтын деректер негізінде үйренуге мүмкіндік береді. Бұл шағын модельдердің дәлдігін және өнімділігін айтарлықтай арттырады.

⭐️ Image fine-tuning: енді GPT-4o үшін тек мәтіндік деректер ғана емес, суреттерді де оңтайландыруға болады, оларды сілтемелер (URL) немесе base64 түрінде жіберуге болады. Бұл көрумен байланысты тапсырмалар үшін ИИ модельдерін реттеу мүмкіндіктерін кеңейтеді.

⭐️ Evaluations: промпттарды және модельдерді сынауды автоматтандыруға арналған, бұл әзірлеушілерге өз шешімдерінің сапасын жақсартып, оларды өндірістік процестерге енгізуге көмектеседі.

⭐️ Промпттарды кэштеу: API сұрауларының шығындарын екі есеге дейін қысқартуға мүмкіндік беретін, бұрын өңделген деректерді қайта пайдаланатын кэштеу механизмі. Бұл ИИ-мен жұмыс істеу кезінде үнемділікті айтарлықтай арттырып, инфрақұрылымға жүктемені азайтады.

OpenAI өнімдері бойынша жетекшісі Кевин Вейл компаниядағы соңғы қызметкерлердің кетуіне қарамастан, компанияның белсенді дамуды жалғастырып жатқанын атап өтті. Вейл OpenAI-дің AI-қосымшаларын әзірлеу платформалары арасында көшбасшы болып қалуға ұмтылатынын айтты. Қазіргі уақытта OpenAI-мен 3 миллионнан астам әзірлеуші жұмыс істеуде және компания Meta мен Google сияқты алыптар тарапынан бәсекелестіктің өсуіне байланысты өз өнімдерін одан әрі ілгерілетуді жоспарлап отыр.

#АйтарлықIT #Itжаңалықтар
#OpenAI #ЖИ

TSARKA қолдауымен

📷 BlueScreen | Digital Kazakhstan
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍21🔥1