жарық
533 subscribers
166 photos
4 videos
49 files
46 links
бұл арнада:
✨️сезімдер,
🕯ойлар,
📚қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті,
🕊өлең,
🎯өмір,
🪐ғалам бар.

арна әкімшісі: үлкен сезімдерге толы кішкентай жүректің иесі 🐣
Download Telegram
Сосыын, әке-шешең қайда болса, үйің сонда екен. Ол, мейлі, өскен ауылың, үйің болса да, әке-шешең болмаса, бөтенсіп тұратындай...
жарық pinned «Сәлем, #жақсым... Кеудемде сан сезім арпалысып, көңілім таңдаулар арасы сенделіп жүрген қазіргі сәтте арнама не жазатынымды білмей жүрмін. Десе де осы уақытқа дейін жазған жазбаларым жетерлік. Хештегсіз өзіме ұнаған авторлардың тармақтарын, электронды кітаптарды…»
Forwarded from Жасын
Кімнің кім кеп, тыңдар дейсің ақылын,
Екі жүрек, үш көзі бар ақынның.
Ол əлемнің үзілмейтін бөлшегі,
Жүрегімнен үзіп түскен жарқылын

Аяла Біржанқызы
Мен жаңбырды сүйем. Жаңбыр шелектеп құйып тұрғанда өзгелердің көзін де, сөзін де ысырып қойып, қай көше, қай мекенде болсам да, көктен құлаған тамшыларға бетімді төсеп, сумен теңселген жарықтармен бірге билеп, жаяулап жүре беремін. Шылқылдап су болып, сел боп аққан суды шылпылдатып секіріп ойнағанда - ғаламды да, ғаламдағы бар ойларды да шетке қойып, бақыттың құшағына енем. Бүгін Алматы жаңбырлы. Мен де бақыттымын. #үзік
Сосын, маған жауынның астында жүрген күннің ертесі ауырып қалуға мүлде болмайды. Ауырсам, біттім. Ондайда міндетті түрде еститін лекциям шамалап былай: "Сауап! Сол керек өзіңе. Жаңбыр көрмеген ғой бұл. Иә, дым көрмеген! Не қолшатыр ұстамайды, не басын істетіп, қалқа да іздемейді. Жүр тағы су-су боп, өзіңе жақсы болса" 😂😂 #қисық
-қашан?
-білмеймін. әлі уақыты келмеген сияқты.
-уақыт- "односторонка" . ол келмейді, кетеді.

#дейді
-бақыт - ақшада емес.
-иә, бақыт - ақшада емес. бірақ ақшаға "бақытты" сатып алуға болады.
-мысалы?
-мысалы... кітап!

#🙃
еең бақытты сәттерді сыйлап, қуаныштан жаныңды жеті қат көкке көтерген адам - еең қайғылы естелікке айналып, жаныңды жеті қат жерге көме салуға қауқарлы... #парадокс
дипломды жазуы қалып, құжаттары бітпей ит қылды-ау...
Қазір бір романды оқып аяқтадым.💔
Жазушы - шебер. Қанат Әбілқайыр образдарды, оқиғаларды өте жақсы суреттеген. Романды оқыған соң, бірден ғаламторды парақтап, 2006 жылы 14-шілдеде болған Шаңырақ оқиғасына байланысты ақпараттарды парақтадым. Романды бір деммен бастан аяқ оқып, артынша-ақ шындықпен салыстырып, қарап отырғанда, жазушының оқырманға ұсынған сипаттауларымен сәйкестігіне таң болдым.

Айтпақшы... Бұл роман - роман емес, жазылған кино. Логлайны да мықты. Парақтап отырып, бір оқиғадан келесі оқиғаға еніп, бір кадрден келесі кадрге өтіп отырасыз. Әрі сюжет өз ауанында қалып, жылжып отырады.

Ал соңында... мен жыладым. Романның тілі ауыр емес. Романдағы шындық - ауыр... Әрі бұл "Шаңырақ оқиғасы" - жай ғана бетін жылы жауып қоя салған, тіпті қазір көп адам бңлмейтін, "ұмытылған" халықтың зары... Қаңтар ше?.. 2006 жылғы оқиға осылай болса, және оны тек 18 жылдан соң, осылай ашық жазсақ, кешегі "Қаңтар оқиғасы" жайлы қашан жазамыз?..💔

"Ағыраптағы аты жоқ адам" #неоқыдым
Мен бүгін тағы бір кітапты оқып аяқтадым. Қызығы авторының тегі - Әбілқайыр. Кешегі Қанат Әбілқайыр емес, ол кісіге дым қатысы жоқ Қанағат Әбілқайыр.

Кітаптың атауы - "Қайыршының миллиардер досы". Иә, банально. Атауы оқырман ретінде мені тартқан жоқ. Мұқабасының да түсі сәбізтүстес яки бір арнаның атына ұқсайтын түс екен. (Оранжевый) Кітапты сыйға Нұртас ағадан (Тұрғанбек) алғам.. Үйде біраз жатты. Кішірек болған соң, бір мәрте қалаға ала шығып, бетін де ашпап едім... Бүгін аштым да, бас алмай оқыдым.

Қызық хикаяттар әрі әр әңгімесінде өзіндік ащы кекесін мен халықтың зары мен запыраны төгіліп жатыр. 2018 жылы жазылып, 2020 жылы жарыққа шыққан екен. Ішіндегі саяси оқиғалардың астары ауыр. Бай мен кедей, қараша мен билік... Иә, саясат. Бірақ бұл қазіргі халықтың хәлі. Әр әңгіме сайын түрлі иллюстрация да бар екен... Бір ауыр теңеулер, оралымдар жоқ. Бірақ тілі жұтаң да емес. Бір ертегі сияқты оқылатын хикаялар... Қысқасы, ұнады. #неоқыдым