Бірге тексерейік!
531 members
17 photos
6 videos
1 file
286 links
Бәрі де тексеріледі!

Байланыс үшін: https://t.me/smaqov

Орыс тілінде: https://t.me/factcheckkz
Download Telegram
to view and join the conversation
...Сарапшылардың айтуынша Google жүйесінде ақпарат іздеген қолданушы басқа сайттарға сілтемені басып кірмейді. Мұндай “бос” сұраныстардың саны 50,3% дейін өскен...
13 маусым күні халықаралық The Diplomat журналында Қазақстандағы Орта Азиялық мигранттар туралы мақала жарияланды. Мақалада соңғы жылдары Қазақстанда Орталық Азия елдерінен келетін мигранттар санының өскені жайлы жазылған. Және автор бұл қарқын жалғаса берсе жақын арада Нұр-Сұлтан мигранттар саны бойынша Мәскеуге бәсекелес болуы мүмкін екенін атап өтеді. Factcheck.kz бұл жөнінде бірнеше деректерді тексеріп көрді...
Жоғарыдағы сауалнамаға көпшілігіңіз "өтірік" деп жауап бердіңіздер, әрі сол арқылы жалған ақпаратқа сене берметіндіктеріңізді көрсеттіңіздер.

Шын мәнінде, Желіде көрсетілген сілтеме Беларусь елінің Адукар білім беру орталығының тиесілі. Беларусь елінің Білім министрлігінің сайтында 2019/20 оқу жылының күнтізбесі уатсап желісінде тараған хабарламадағыдай.
Осыдан 70 жыл бұрын КСРО билігі қазақ даласын сынақ алаңына айналдырған еді. Жоспарлағаннан да артық нәтижеге қол жеткізген жүйе Семейдегі сынақты ондаған жылдар бойы тоқтатпады. Жердің астын да, үстін де жарды. Сол арқылы Семей өңіріне ғана емес, күллі қазақ даласына, ғаламшарымызға орны толмас зардап әкелді.

Осы бір ауыр жағдай туралы бірнеше материалды назарларыңызға ұсынамыз.
Конституция күні құтты болсын!

Заң әділет пен шындыққа қызмет етсін! Сенімге ие Конституция болсын!

Заңымыз үстем болсын!
Ихууу. Күздің алғашқы жұмыс күні құтты болсын! Осы еңбек жылы табысты болсын, достар.

Еңбек жылы демекші, бүгін бір қызық материалмен бөліскелі отырмын. Финляндияда үйі жоқтарға ешқандай талап пен шартсыз баспана береді деген ақпарат тарап жатыр. Қызық, иә? Бізде көпбалалы аналар мен жағдайы төмен отбасыларға 500 теңгесі асып кетсе АӘК-ті алып тастайды, ал бұл жақта керісінше үй береді. Сонда қалай?
Та-та-та-дан

Президент жолдауына фактчекинг. Оқып, бөлісуге болады.
Кеше Қазақстанның екінші президенті Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына алғашқы жолдауын тексеруді бастаған едік. Бүгін де сіздердің назарларыңызға жолдауда айтылған бірнеше мәлімдеменің ақ-қарасын ұсынбақпыз.
«Қазақстанға 55 ескі қытай зауытын көшіреді» деп тараған хабарлама қоғамды дүр сілкіндіріп, Қазақстанның бірнеше қаласында қарсылық шаралары өтті.

Қарсылық шаралары туралы көптеген БАҚ ақпарат таратты, оның ішінде BBC арнасы да бар.

Factchcek.kz бұл жерде ненің шындық, ненің жалған екенін анықтап көрді.
Сұмдық ақпарат.
Қазақстанда әр 3 сағатта бір әйел, әр тәулік сайын 2 бала зорланады екен. Бұл ақпарат қаншалықты рас? Осыншама жантүршігерлік жағдайға не себеп?
Мына қызықты қараңыз...
Данияда теріз пайыздық үстемемен ипотека береді екен. Ал бізде қалай? Қазақстанда теріс пайыздық мөлшерлеме тұрмақ, 10 пайыздан төменгі үстемемен берсе қуанасың. Қызық, сонда біздің елдің осындай мәрттік жасауға әлеуеті жетпей ме, әлде Данияның кредиттеу жүйесінде біз білмейтін бір жайт бар ма?

Толық ақпаратты мына сілтемеден көре аласыз.
Қазақстан мен Қытай арасында «Төтенше жағдайға» байланысты заңның бары рас па?
Telegram компаниясы Telegram Open Network (TON) блокчейннің тестілік нұсқасын баршаға қолжетімді етті. «Ведомости» басылымының хабарлауынша блокчейн коды бар мұрағатқа сілтеме және жаңартылып отыратын коды бар Github репозиториі test.ton.org сайтында пайда болды.

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/dajdzhest-kaz/telegram-blokchejndy-synaudy-bastady/.
Сәлем! Сәлем!
9/11 дегенде естеріңізге АҚШта болған терактінің түсері анық. Ендеше, сол туралы мифтерді оқығыларыңыз келе ме?
Сәлем! Сәлем!
Сіздердің сұрауларыңыз бойынша "9/11" жайлы мифтерге шолу.
Естеріңізде болса, Қазақстанның қазіргі президенті Қ. Тоқаев 2 қыркүйекте өзінің бірінші жолдауын жариялаған еді. Біз соған видеоталдама жасадық. Көре отырыңыздар.