Теңізден тамшы🌊
200 subscribers
167 files
12 links
Download Telegram
IMG_1064.PNG
135 KB
Бір жыл бұрын галлап тапсырдым.
бұл тестті ешқашан романтизациялаған емеспін.
Бірақ маған үлкен артықшылықтары болды. Мүмкін нәтиже разборы жақсы қолға түсті, тапсырғандағы күйім тыныш болды, сондықтан.
бір жыл бойы талдауда айтылған, өзім тұжырым жасаған дүниелермен жұмыс жасауға тырыстым.
Ең үлкен күшім - миымда екен. даналықта. артық тұсым. зейінді шын сезіндім. интеллектімді өзім сүйген біршама салаға салып көрдім. өнерге, саяхатқа.
Өнер туындысын талдай алатын, талғаммен тұтынатын, орынды сын мен тамсанудың әдемі шегін білетін болдым. Әр саяхатым - таным сапары болды. Тарих, мәдениет, тіл барлығы зерттеуге сұранып тұрғандай, саяхаттағы әдемі күйіме ізденіс енді, көздер тағы да үлкен шамын жақты.
4
Көп идея туды, даралығым осы тұста байқалды. Қасиеттер сөзбен емес әрекетпен салмақты. Өзге тудырмаған, мүлде жаңа идеялар келгенде “дара” қабілет көрінді.
Тәнің не жаның ғана емес бүкіл болмысыңмен “өзге” болу бақыт.
қазір жүйе бар. таланттарды дұрыс пайдалану, орнымен пайдалану маңызды. Жақсының бәрі пайдалы, тиімді емес.
Галлап талдаған соң қосылған тағы бір талғам, қазір болашақ адамымда шамамен қандай таланттар топта болуы керек екені анық. Оны қолдана алуы өз алдына іс. Бостыққа уақыт жоқ, анықталып барайық кез келген жерге.
өз адамымды таңдауда галлап құрал.

Негізі өмірді жеңілдететін құралдар көп. Галлап соның бірі.
6
-Бұл саусақтар мың жүректі емдейтін сөздер жазады.
8
бір парақша көріп қалдым.
кіргеннен сұлу әлемге ендім де кеттім.
барлығы өзгеше.
тәннің мінсіздігіне емес, мәнге ұмтылған жазбаларды көрдім.
кең ауқымды ойлар, максимум өмір сүру.

тіл үйрену қашан да керек. ауызекі сөйлесуден аса алсақ екен. жаңағы парақшадағы жазбаларды ағылшынша оқыдым, миымда жарылыс болды. әрдайым солай, ағылшынша оқығанда ақылға, түрікшеде сезімге салмақ қосылады. ал өз тілімде бәрі анық.
9
Бұл сезім қалай аталататынын білмеймін.
Көптен сезінбеппін.
Түннің осы бөлігінде ұйықтатпай отырған дүние. Ойымда, қалам күшінде бір ғажап оқиға туды. Бірнеше сағаттан бері соны жазып отырмын. Бітер емес.
Ойыңдағы туған дүние жазылмай, ұйықтай алмау. Бұл азабы бар тәтті сезім.
Ең қиыны бастауы болған істің тек басында қалуы, бұл жолы соңына дейін болсын деп тілеймін.
9