рухыңды сезу үлкен бақыт.
сезімдердің ең ұлысы сонда сақталған.
оны сезбеген стандарттар мен шекаралар, анықтамалар арасында өмір сүреді. еркіндігі еріксіз, таңдауы талапсыз.
Досыңды, жарыңды, үлкенді кішілі таңдауларыңды рухың үндеу, мәнге толу.
оның бағыты анық, тек баршаға емес. қарсы шыққан әр бостық үнін басады.

❤9
бүгін құрбым, -сен не үшін тұрмысқа шығар едің? - деп сұрады.
жауап жоқ. әдемі сөздермен жақсы жауап жазуға болар, бірақ жанымда жауап жоқ.
Ішкі әлемімде бұл сұраққа жауап табылмаған.
Еш махаббат оқиғасында кейіпкер болмадым. Сезім мен сенім орнында. Алып ұшатын жастық шақ та білімде, қызығушылықтармен дерттенуде.
Бір білетінім қай жерде де шартсыздық жеңеді.
Шартсыз сүю, шартсыз қабылдау. Шартсыз сүюге лайық жан да таңдалады.
Барлығы таңдау.

❤10
Амбиция маңызды.
Оның артында үлкен талғам жатыр.
Әдемі өмірімнің әр сәті амбицияның жоғары болуынан.
біз ең жоғарысына лайықпыз, өзіміз солай танығанда.

❤8
инстаграмнан детокс жасап жатырмын.
ең күшті шешім болды.
Жаңа саяхатыма дейін толығу. ішкі жетістік.
бұрын инстаграмға кетіретін уақытты, қазір подкаст тыңдауға,
тревел блогтар көруге арнап жүрмін.
шетелдік саяхатшылар бөлек. әсіресе соло саяхат қызық.
өмірімде бір рет қана соло саяхатқа шығып көрдім, ұнаған. бірақ қазір ойымда база елдер емес, тәуекелі көп елдер болған соң сәл тартынамын. бірақ саяхатта серігім үнемі тек бір адам, құрбыларым.
Саяхатқа ерте билет алудың бір минусы бар.
барғанша тек сол елдерді зерттейсің, басқасы көзге ілінбейді.
ал оның артықшылығы үнемдеу. қаншалықты жақсырақ білсең соншалықты үнемдейсің. сосын жұмсаған қаржыны есептегенде бұл үлкен эйфория. бірақ қалай қарағанда да саяхат шығын емес. кімде қалай білмеймін, әр саяхаттан келген соң көбірек ақша тауып кетемін.

❤7
енді телеграм арнама көптеп жазуға тырысамын, әйтпесе бар екені ұмытылып кетер.
кері байланысқа да ашықпын.
кері байланысқа да ашықпын.
❤8
IMG_1064.PNG
135 KB
Бір жыл бұрын галлап тапсырдым.
бұл тестті ешқашан романтизациялаған емеспін.
Бірақ маған үлкен артықшылықтары болды. Мүмкін нәтиже разборы жақсы қолға түсті, тапсырғандағы күйім тыныш болды, сондықтан.
бір жыл бойы талдауда айтылған, өзім тұжырым жасаған дүниелермен жұмыс жасауға тырыстым.
Ең үлкен күшім - миымда екен. даналықта. артық тұсым. зейінді шын сезіндім. интеллектімді өзім сүйген біршама салаға салып көрдім. өнерге, саяхатқа.
Өнер туындысын талдай алатын, талғаммен тұтынатын, орынды сын мен тамсанудың әдемі шегін білетін болдым. Әр саяхатым - таным сапары болды. Тарих, мәдениет, тіл барлығы зерттеуге сұранып тұрғандай, саяхаттағы әдемі күйіме ізденіс енді, көздер тағы да үлкен шамын жақты.

❤4
Көп идея туды, даралығым осы тұста байқалды. Қасиеттер сөзбен емес әрекетпен салмақты. Өзге тудырмаған, мүлде жаңа идеялар келгенде “дара” қабілет көрінді.
Тәнің не жаның ғана емес бүкіл болмысыңмен “өзге” болу бақыт.
қазір жүйе бар. таланттарды дұрыс пайдалану, орнымен пайдалану маңызды. Жақсының бәрі пайдалы, тиімді емес.
Галлап талдаған соң қосылған тағы бір талғам, қазір болашақ адамымда шамамен қандай таланттар топта болуы керек екені анық. Оны қолдана алуы өз алдына іс. Бостыққа уақыт жоқ, анықталып барайық кез келген жерге.
өз адамымды таңдауда галлап құрал.
Негізі өмірді жеңілдететін құралдар көп. Галлап соның бірі.

❤6
бір парақша көріп қалдым.
кіргеннен сұлу әлемге ендім де кеттім.
барлығы өзгеше.
тәннің мінсіздігіне емес, мәнге ұмтылған жазбаларды көрдім.
кең ауқымды ойлар, максимум өмір сүру.
тіл үйрену қашан да керек. ауызекі сөйлесуден аса алсақ екен. жаңағы парақшадағы жазбаларды ағылшынша оқыдым, миымда жарылыс болды. әрдайым солай, ағылшынша оқығанда ақылға, түрікшеде сезімге салмақ қосылады. ал өз тілімде бәрі анық.

Бұл сезім қалай аталататынын білмеймін.
Көптен сезінбеппін.
Түннің осы бөлігінде ұйықтатпай отырған дүние. Ойымда, қалам күшінде бір ғажап оқиға туды. Бірнеше сағаттан бері соны жазып отырмын. Бітер емес.
Ойыңдағы туған дүние жазылмай, ұйықтай алмау. Бұл азабы бар тәтті сезім.
Ең қиыны бастауы болған істің тек басында қалуы, бұл жолы соңына дейін болсын деп тілеймін.

IMG-20260103-WA0007.jpg
258.9 KB
осы жылдың ертегідей сезілген сәттері💛
❤6