Bilimger.kz
2.63K subscribers
214 photos
24 videos
289 files
500 links
Bilimger.kz
Республикалық білім порталы
Download Telegram
Forwarded from UKIMET
Президент бастамаларын жүзеге асыру: ЭЫДҰ-ның білім беру саласындағы зерттеулерінде Қазақстан өз позициясын жақсарта түсті

📊 Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жүргізген TALIS-2024 сабақ беру және оқытудың халықаралық зерттеуінің нәтижесі бойынша, Қазақстанның білім беру жүйесінде оң өзгерістер байқалды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған білім беру саласын дамыту және педагог мәртебесін арттыру шараларының тиімді жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді.

🎓 TALIS зерттеуі білім беру ортасын, педагогтердің еңбек жағдайларын, кәсіби даму мүмкіндіктерін, оқыту тәжірибесін және кәсіби ұстанымдарын бағалайды. Биыл зерттеуге Қазақстаннан 7 мыңнан астам педагог және 369 мектеп директоры қатысты.

Оқу-ағарту министрлігі бұл мұғалімдердің оқу ортасын және еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған кең ауқымдағы жалғыз халықаралық зерттеу екенін атап өтті. 2018 жылмен салыстырғанда қазақстандық педагогтерді әкімшілік жұмыстарға тарту азайып, олар сабақ беруге және ата-аналармен, қамқоршылармен байланысқа көбірек уақыт бөле бастаған. Сондай-ақ мамандығына және еңбек жағдайына қанағаттану деңгейі едәуір артқан.

📈 Одан бөлек, зерттеу нәтижелері педагогтердің еңбек жағдайында айтарлықтай оң өзгерістер болғанын көрсетеді. Өткен оқу жылында қазақстандық педагогтердің орташа апталық жүктемесі 36 сағатты құрады. Ал 2018 жылы бұл көрсеткіш 50 сағат болған. Мұндай қысқарту – ЭЫДҰ елдерінің ішінде ерекше жағдай. Сонымен қатар Қазақстандағы педагогтердің орташа жасы 41 жасқа дейін төмендеді, бұл ЭЫДҰ-дегі орташа көрсеткіштен 4 жасқа төмен.

🔹 Маңызды нәтижелердің тағы бірі — педагогтердің еңбек жағдайларына және жалақысына қанағаттанушылық деңгейінің көтерілуі. Сауалнама деректері бойынша, педагогтердің 95%-ы өз жұмысына көңілі толатынын, ал 80%-ы мамандықты қайта таңдаса, қайтадан мұғалім болуды қалайтынын айтқан.

🌍 Қазақстан TALIS зерттеуіне 2018 жылдан бері қатысып келеді. Алынған нәтижелер білім беру стратегиялары мен ұлттық заңнаманы, соның ішінде «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеу кезінде ескерілген.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
41👍1
Bilimger.kz білім порталының жаңалықтарын тез алып отыру үшін, әлеуметтік желілеріне жазылып алыңыз:
Телеграм:
https://t.me/bilimger
Инстаграм:
https://www.instagram.com/bilimgerkz
Ватсап группа:
https://chat.whatsapp.com/JS9Q2yXqf7XELADXVAH1Ze
2👍2👏1
ҚР Үкіметінде оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ант берді

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Жарлығымен оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалған Үкіметтің жаңа мүшесі Жұлдыз Сүлейменованың ант беру рәсімі өтті.

«Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаным – Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму iсiне барлық күш-жігерім мен бiлiмiмдi жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзiмнiң барлық iс-әрекетiмде заңдылық пен әдiлеттiк, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерiн ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елiмнiң мемлекеттiлiгi мен дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы беделiн нығайта беруге салтанатты түрде ант беремiн. Ант етемiн»,
— деді министр.

📱 @KZgovernment
3👍2🎉1
#қысқашатарих
Қазақстан тарихы

Әмір Темір мемлекеті ⚔️

Болған жері: Мауараннахр (Орта Азия), астанасы — Самарқан

Жылы: 1370–1405 жж.

Билеушісі: Әмір Темір (Темірлан) — түркі-монғол тектес қолбасшы, мемлекет қайраткері

Шаруашылығы: Егіншілік, мал шаруашылығы, қолөнер және керуен саудасы өркендеді

Мәдениеті: Самарқанда Регистан кешені, Гур-Эмир кесенесі сияқты сәулет ескерткіштері салынды

Саясаты: Әмір Темір жаулап алу жорықтары арқылы үлкен империя құрды, бірақ тұрақты мұрагерлік жүйе орната алмады

Маңызы: Орта Азияда ғылым мен мәдениеттің дамуына ықпал етті, кейінгі түркі мемлекеттерінің қалыптасуына әсер етті


ҰБТ тест платформасы:
https://ubt-test.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2👍2👏1
Вакансия

Образовательный центр TODAY приглашает в команду 🌟 преподавателей математики!

Мы готовим учеников 4–6 классов к поступлению в НИШ, БИЛ и РФМШ, поэтому ищем ответственных, энергичных и мотивированных преподавателей - возможно, именно вас!

📚 Что мы предлагаем:
- Возможность работать фулл-тайм или парт-тайм (под учебу можем подстроится);
- Официальное трудоустройство и стабильная заработная плата от 200 000 до 500 000 ₸;
- Владение казахским и русским языком;
- Опыт работы приветсвуется;
- Обучение и методическая поддержка от центра, также есть обучение;
- Дружная команда и современные условия работы;
- График 6/1;

📚 Кого мы ищем:
- Студентов 4 курса или магистратуры педагогических, лингвистических, математических или технических специальностей;
- Людей, которые любят преподавать и хотят развиваться в сфере образования.

📍Место работы:

Алматы, район Самал, Достык 162 к4.

📞 Как подать заявку:

Отправьте сообщение в WhatsApp или можете позвонить:
📱 Контакты: +7 775 114 1806 Диана
1
Оқушыларыңызға жіберіп, болашақ мамандықтарын анықтап көріңіз:
https://ubt-test.kz/prof/
2👍1👏1
3👍1🎉1
ҰБТ-да ең жақсы дайындық тәсілі — көп тест шешу.
Күн сайын тест шешу — миыңды ҰБТ тест форматына үйретеді.
Ми практика арқылы үйренеді.
Күн сайын 2–3 толық тест нұсқаларын шешсең, бір аптада өзіңнің әлсіз тұстарыңды нақты көресің.

Қысқаша жүйе:
1. Әр тесттен кейін қателер тізімін жазып ал.
2. Сол қатеден шығатын шағын теорияны оқы.
3. 2 күннен соң сол тақырыптан тағы тест шешіп, прогресті тексер.
Ал көп тест шешу үшін тарифке жазылып ал, бүгінгіні ертеңге қалдырма.

https://ubt-test.kz/price/
1
Жасанды интелектті білім саласында тиімді қолдану туралы пайдалы ақпараттар
Педагогтер үшін өте пайдалы канал.
• Пайдалы мәліметтер
• Жасанды интелекттер
• Семинарлар
• Марафондар

Жазылып алыңыздар:
https://t.me/ai_bilimger
2👍2🎉1
Толығырақ:
👇👇👇
https://t.me/ai_bilimger
2👍1🎉1
Құрметті ұстаздар!!!
Bilimger.kz білім порталында мақала жазып беру қызметі бар.
Қызмет ақылы.
Бірақ өте қолжетімді бағада.

Мақала келесі әлемдік стандарт бойынша жазылады:
1) Аннотация
2) Түйін сөздер
3) Кіріспе
4) Негізгі бөлім
5) Қорытынды
6) 8-10 пайдаланылған әдебиеттер (сілтемесімен бірге)


Стандарт бойынша
Мақала 500 сөзден көп болу керек.
Біз 1000 сөзден асырып жазып береміз.


Уақыты: Бір күнде дайын болады.
Тапсырыс беру үшін сілтемеге өтіңіз:
https://wa.me/77078177458
2👍2👏1
​​💫 Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда 7 күн демалады

🇰🇿 Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуда. Күзгі каникул кезеңі 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғанда жеті күнге созылады.

✔️ Мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады.

Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды:

* «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру шеңберінде «Демалыста кітап оқимыз» іс-шарасы;
* «Буллингтен қорған!» қауіпсіздік сабағы;
* «Мектеп театрының» жұмысын ұйымдастыру ұсынылады.

🔎 Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алу іс-шараларына, мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшеде қауіпсіздігі, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет.

📌 Айта кетейк, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.
2👏2👍1