О, менің белгісіз ғасырым,
Сыйлашы сезімнің асылын.
Мен кеше махаббат тіледім,
Тіледім қол жайып,
жасырын.
Көктеммен келсінші адалдық,
Кең құшақ,
Сыйластық, адамдық,
Адамзат іңкәр боп күтетін -
Махаббат!
Біз одан жаралдық!
Пәк сезім бөлейтін бақытқа,
Өтінем, жүректі жасытпа.
Мен тұрар қалаға тұрақта,
Аялда, деміңді ал,
Асықпа!
Әкеліп сиқырды ғаламға,
Сия боп төгіліп қаламға,
Сыйлашы өзің кеп бір үміт,
Мен тағы ғашық боп қалам ба?
#теңізболамдегенде
©️Бинұр
Сыйлашы сезімнің асылын.
Мен кеше махаббат тіледім,
Тіледім қол жайып,
жасырын.
Көктеммен келсінші адалдық,
Кең құшақ,
Сыйластық, адамдық,
Адамзат іңкәр боп күтетін -
Махаббат!
Біз одан жаралдық!
Пәк сезім бөлейтін бақытқа,
Өтінем, жүректі жасытпа.
Мен тұрар қалаға тұрақта,
Аялда, деміңді ал,
Асықпа!
Әкеліп сиқырды ғаламға,
Сия боп төгіліп қаламға,
Сыйлашы өзің кеп бір үміт,
Мен тағы ғашық боп қалам ба?
#теңізболамдегенде
©️Бинұр
❤4
Үй жақтағы наурыздың сипаты осындай🌷
❤🔥5❤1
Мына екі бөлімнен тұратын інжу-маржанды демалыста жатып тамашалап тастамасақ, сын болғалы тұр. Қысқа-нұсқа, әннің ғажап тарихын әдемі жеткізген. Кезіндегі әдет-ғұрып сақталған, көркем туынды. Ғашық болсаң, Естайдай сүй, Нұрмағамбеттей ер бол. Бұдан артық теңеу жоқ шығар.
❤1
Әр адам өзімен-өзі әуре болып, тек өзімен ғана айналысса, жетілсе, оқыса, өсек-аян, тырнақ астынан кір іздеу, істеген адамды жақтыртпау да болмас еді. Даму тек өзімізге оның керек екенін мойындағанда болады. Жақсы мамандар да ізденіс бар жерден ғана шығады.
Егер сен де өзіңді дәл мендей бір орында тоқтап қалдым деп есептептесең, онда өзіңді танып баста. Өзіңмен ғана алыс. Жоспар құр. Далбаса әңгімеге ерме. Ақшаңды шашпа. Үздіксіз бір нәрсені жасауға тырыс. Мен де тырысып көрем.

Барлық нәрсені тазартуға тырысып жатырмын. Біраз уақ жаңалық естімесем, қажетсіз адамдардың стористарын көрмесем, музыканы тыңдамасам, ештеңе етпейді. Керісінше пайдасы молырақ болар.
❤1
Жақында көңілге мұң сыйлайтын бір факт оқыдым. Одан өзімді көрдім.
Қазір бәрі жауыр қып айтып жүрген өтпелі кезеңімде(14-15 жас) менің жан жолдасым дәптер еді. Өзімше оны хобби көріп жүрдім. Өлеңді де тұрақты қолға алған кезім сол. Осы күнде парақтап отырсам әр күнім жазылған екен. Ішінде қуанышты бір хабар жоқ. Отбасымдағы жағдай, достарыммен ара-қатынас, мектеп, көше бәрін жазған екем. Елдің маған айтқан сөздері, менің не қалайтыным, арманым, тағы басқасы. Сонда есіме алсам тәуір стрессте жүрген шағым. Өлеңдерімнің бәрі “өлім”, “реніш”, “ішкі айғай” деген тақырыптарда. Бүгінгінің жасөспірімдері бізге проработка жасау керек, психологқа бару керек дейді ғой. Менің психологым дәптер болған екен. Тәуір жағдайдан құтқарып қалыпты. Жазу адамның ең ұлы табысы деп есептеймін. Қаламға рақмет.
Ғалымдардың айтуынша адамдар көп жазатын болса, бұл оны өмірде ешкім тыңдамайтынының айғағы екен.
Қазір бәрі жауыр қып айтып жүрген өтпелі кезеңімде(14-15 жас) менің жан жолдасым дәптер еді. Өзімше оны хобби көріп жүрдім. Өлеңді де тұрақты қолға алған кезім сол. Осы күнде парақтап отырсам әр күнім жазылған екен. Ішінде қуанышты бір хабар жоқ. Отбасымдағы жағдай, достарыммен ара-қатынас, мектеп, көше бәрін жазған екем. Елдің маған айтқан сөздері, менің не қалайтыным, арманым, тағы басқасы. Сонда есіме алсам тәуір стрессте жүрген шағым. Өлеңдерімнің бәрі “өлім”, “реніш”, “ішкі айғай” деген тақырыптарда. Бүгінгінің жасөспірімдері бізге проработка жасау керек, психологқа бару керек дейді ғой. Менің психологым дәптер болған екен. Тәуір жағдайдан құтқарып қалыпты. Жазу адамның ең ұлы табысы деп есептеймін. Қаламға рақмет.
🕊5❤2💯2
Ақ жауын төгіп тұр.
Мен келем.
Көшенің шаңы да басылған.
Қуыстан сығалап тұр әні қорқаулар жүздерін жасырған.
Қорғанар түгім жоқ, түсіндім,
Иса да кезінде асылған.
#теңізболамдегенде
Мен келем.
Көшенің шаңы да басылған.
Қуыстан сығалап тұр әні қорқаулар жүздерін жасырған.
Қорғанар түгім жоқ, түсіндім,
Иса да кезінде асылған.
#теңізболамдегенде
❤4
Мен өзімнің қандай болуым керек деген сұраққа жауап таптым.
Өмірде ештеңе кездейсоқтық емес. Әр айтылған сөз - белгі. Миссиясың жоқ болса бәрі бекер екен ғой. Адамды жетелейтін мақсаты, көңілін толтыратын ісі болмаса бәрі бос. Ісіңе ғашық болсаң, адамдарға көмектескің келсе, мына көмескі күнді сәл болса да нұрға бөлегің келсе - жол әне. Мүмкіндік көп. Сонда ғана ғұмырың бос өтпейді. Ақша жинауды мақсат қылсаң, жақсы жобаларға демеуші болам де. Білім алам деп ойласаң, онымен бөлісем деп оқы. Адамның жүрегі алдамайды екен ғой.
Өмірде жақсылыққа ұмтылған жандар әр салада бар. Олар аз, бірақ өнімді еңбек етеді. Ешкімнен ештеңе күтпестен әрекет қылады. Түбінде солар джекпот ұтады. Себебі, тәуекел етеді.
Сен де, мен де солардың бірі бола аламыз. Пайдалы бола аламыз. Өз ісіңді жетік білу керек, құдайға сену керек, мейірімді болу керек.

❤2
Forwarded from Өшіргіш
Мен де кейін көп кітаптан кітапхана жасап:
- Ала бер, таңда. Саған қарап тұрғаны нәсіп болады, - деп айтқым келеді.