Alwayss.fm
309 subscribers
1.47K photos
81 videos
15 files
61 links
https://instagram.com/bidreamss?utm_medium=copy_link
🔗 Жұбатам сені, жарқыным...
Автор: @bpoets
Download Telegram
“Досем” Ризоға

Ол мына менің екінші жартым секілді,
Менімен мүлде ажыраспауға бекінді.
Анасы оның мен үшін дұға жасауда
Талғамайды екен екінті, ақшам, бесінді.

Біздерге ортақ жоспар мен есеп, бақыт та.
Оу, Досым жастық көңілді мүлде жасытпа!
Арманға бірге жетеміз әлі қол ұстап,
Көк пен Жер, Ертіс бәрі де куә,
Асықпа.

Біз салған қалсын даңғыл жол артта қарайлап,
Біз бірге болсақ атады таңдар арайлап.
Бастысы кәусар бұлақтай таза болғаның
Заманның талай кесапатынан абайлап.

Ол менің нағыз кейпімді көрген, шынайы.
Ып-ыстық құшақ, жәрдемді берген ұдайы.
Тілеймін оның болсын деп үстем мерейі
Оранып нұрға,
Көмескіленбей шырайы.

Жан жолдасыммен дертім де бірдей тұп-тура.
Өтеміз жаншып қасірет, азап, жұтты да.
Шеберді шебер десеңші бізге қарап-ақ,
Жаратады екен досты да егіз, жұп қыла.
©️ Бинұр
#теңізболамдегенде
9😍1
Нужно срочно начать больше путешествовать по миру, пока его не разрушали…
2
Біздің билік до того мықты, халық конституцияның өзгергенін байқамай қалсын деп АҚШ пен Иранға соғыс аштырып жіберді.
2
Қай жерде, мейлі, қай елде
Әлемнің мәні – Әйелде.
Шын мықты болсаң оныңды,
Әйелге барып дәлелде!

Әйелсіз айтпан әнді мен,
Әйелмен дәмді әңгімем.
Сүйкімді болсаң шынымен
Әйелің сүйсін алдымен!

Әйелге мәлім көп сырың,
Сүрінсең – әйел деп сүрін.
Халыққа сыйлы болмайсың,
Әйелге болсаң жексұрын.

Әйелсіз қонды бақ қашан,
Әйел деп түстік отқа сан.
Әлемнің тілін таппайсың,
Әйелдің тілін таппасаң!

Ананың сорып емшегін,
Басылған талай кемсеңің.
Бәдік боп өмір кешесің,
Бермесе әйел жень-шенін.

Болмасын әйел назалы,
Болмасын әйел жазалы.
Кеудесін қаққан талайдың,
Әйелден болған ажалы!

Әйелден ыстық от бар ма?
Сол үшін түстік көкпарға.
Қарғағың келсе біреуді,
Әйелің өлсін деп қарға!

Әйелмен құның өлшенер,
Құдайдан кейін – сол шебер.
Бақытты сен де болмайсың,
Әйелің сорлы болса егер!

Сырыңды соған ашасың,
Шөліңді содан басасың.
Адамның күні әйелмен,
Әйелдер мәңгі жасасын!
©️ Жүрсін ЕРМАН
5
Иә, сен ғана ғой қиналып жүрген. Сенде ғана жұмыс бар, сабақ бар, қатал ата-ана бар. Сенде ғана бітпейтін дедлайн мен отчет бар. Мазаңды алатындар, түсінбейтіндер сенің ғана айналаңда жүр. Телефон қарауға, жауап беруге шамаң жоқ. Ұйқыға да уақыт жоқ қой, ой Алла. Кешіксең, дөрекі сөйлесең, үлгермей жатсаң кінәң жоқ. Сен ғана ғой Қазақстанда қызмет етіп жатқан.

Шынымен солай ойлайсың ба? “Сенде” ғана ма?

Әлемде одан да көп проблема бар негізі, көзіңді ашып қарасаң. Әлемдегі ең соңғы адам өзіммін деп ойлауды қойшы, плиз. Тәкәппарлыққа апаратын өз-өзіңді аяп, арашалап алатын сылтауларыңды тасташы. Дым пайдасы жоқ отқа жақындатқаннан басқа.
9
Forwarded from men❤️‍🩹
біз – біреудің қабыл болған дұғасымыз…❤️
таңдайдағы тілек маңдайға бұйырар түндері бірімізге-біріміз дұға етейік. қайтарылмайтын дұға деген сол…
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
3
Forwarded from aldarqatar
Менің досым – Құдай.
Сенің досың – Құдай.
Қабылдайды үнсіз,
Сәлеміңді дұғай.

Жанарыңды сүйген,
Амалыңды сүйген.
Арыңды да ақ қып,
Бағыңды да үйген.

Тұрса дауыл, құйын –
Соған ғана сыйын.
Адасуың – оңай,
Кері қайту – қиын.

Менің досым – Құдай.
Сенің досың – Құдай.
Мен сүйемін оны,
Сен де сүйші құлай.
4😍1
Өмір бізге көп мүмкіндік береді. Байқамай жүрген өзіміз. Тірліктің қым-қуытына кіріп кетіп, қолдағы бағымызды жіберіп алғандаймыз. Өткенге өкпелеп бүгінді жоғалттық. Бітпейтін өкінішпен күн кешіп армандарымыз қаза болуда. Тәуекел етуді үйрену керек. Жаса, көр. Болмаса басқасы болар. Кейде Құдай жай ғана біздің оған сенгенімізді қалайды. Ал біз бәрін өзіміз жаратқандай оған қарсы келеміз.
1
“Рамазан” формальды түрде тәмам. Ары қарай әркімнің өз иманы өзіне. Рамазандағы күйіңді ұстап қалып, қалған 11 айыңды берекелі өткізесің бе, әлде “уақыт бар” деп жүре бересің бе өзің біл. Менің биылғы Рамазанда пайда болған уайымым ол - мен келесі жылы боламын ба деген сұрақ. Шынында бұл мүбәрак айдың қайта айналып келері хақ. Ал біздің тағдырымыз белгісіз. Ертең таң намазына оянбай қалуың да ғажап емес. Егер бұл кеткен ай менің соңғы Рамазаным болса мен оны жақсы деңгейде өткізе алмадым ғой💔
Жүрек соған ауырады. Кітабым толық оқылмады, парызым түлгелденбеді, әдеттерім жақсармады. Құдайдың беріп тұрған сауабын еселеп алудың орнына жіберіп алдым ба, құлықсыз болдым ба деймін арасында. Бірақ, шара не. Өтті-кетті. Ары қарай осы өкініштің арқасында шәууәл қайырлы бола түссе, мейлі. Өзімді кешірем.
4😢2
Саған тисе деп тілеймін Құдайдан,
Менің амал еткен кезде сауабым.
#теңізболамдегенде
О, менің белгісіз ғасырым,
Сыйлашы сезімнің асылын.
Мен кеше махаббат тіледім,
Тіледім қол жайып,
жасырын.

Көктеммен келсінші адалдық,
Кең құшақ,
Сыйластық, адамдық,
Адамзат іңкәр боп күтетін -
Махаббат!
Біз одан жаралдық!

Пәк сезім бөлейтін бақытқа,
Өтінем, жүректі жасытпа.
Мен тұрар қалаға тұрақта,
Аялда, деміңді ал,
Асықпа!

Әкеліп сиқырды ғаламға,
Сия боп төгіліп қаламға,
Сыйлашы өзің кеп бір үміт,
Мен тағы ғашық боп қалам ба?
#теңізболамдегенде
©️Бинұр
4
Үй жақтағы наурыздың сипаты осындай🌷
❤‍🔥51
Мына екі бөлімнен тұратын інжу-маржанды демалыста жатып тамашалап тастамасақ, сын болғалы тұр. Қысқа-нұсқа, әннің ғажап тарихын әдемі жеткізген. Кезіндегі әдет-ғұрып сақталған, көркем туынды. Ғашық болсаң, Естайдай сүй, Нұрмағамбеттей ер бол. Бұдан артық теңеу жоқ шығар.
1
Әр адам өзімен-өзі әуре болып, тек өзімен ғана айналысса, жетілсе, оқыса, өсек-аян, тырнақ астынан кір іздеу, істеген адамды жақтыртпау да болмас еді. Даму тек өзімізге оның керек екенін мойындағанда болады. Жақсы мамандар да ізденіс бар жерден ғана шығады.
Егер сен де өзіңді дәл мендей бір орында тоқтап қалдым деп есептептесең, онда өзіңді танып баста. Өзіңмен ғана алыс. Жоспар құр. Далбаса әңгімеге ерме. Ақшаңды шашпа. Үздіксіз бір нәрсені жасауға тырыс. Мен де тырысып көрем.
1
Барлық нәрсені тазартуға тырысып жатырмын. Біраз уақ жаңалық естімесем, қажетсіз адамдардың стористарын көрмесем, музыканы тыңдамасам, ештеңе етпейді. Керісінше пайдасы молырақ болар.
1
“Өскемен 1967. Солдан оңға қарай Марина Мұхамет, Бинұр Дүйсек, Диляра Қоғау” деп сақтап қоятын екен.
💯71🐳1