Beyneutoday
765 subscribers
188 photos
70 videos
1 file
59 links
Жаңалықтар, оқиғалар, афишалар.

Біздің Instagram-дағы парақшамыз: instagram.com/beyneutoday
Download Telegram
Бейнеу астық терминалы қайта ашылады.

Астық терминалы осыдан үш жыл бұрын банкротқа ұшырап жабфлып қалған болатын.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бейнеу ауданында түлектер жаппай төбелесіп, 50-ге жуық адам ұсталды

Оқиға 25 мамырда Бейнеу ауданы Боранқұл ауылындағы түлектер арасында болған. Желіде қызыл лента таққан түлектердің төбелесіп жатқан видеосы тарауда. Олардың кейбіреулері тас лақтырып жатқанын көруге болады.

Полицияның хабарлауынша, кәмелетке толмаған 47 адам ұсталып, полицияға жеткізілген.
1 шілдеден бастап темекінің ең төменгі бағасы көтеріледі

Қазір елде 20 дана темекінің ең төменгі құны 770 теңге. Ал 1 шілдеден бастап бұл баға 820 теңге, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап 870 теңге болып өзгереді.
Маңғыстау облысының тұрғындарына дала тасбақасын үйінде ұстағаны үшін айыппұл салынбақ.

Маңғыстау облысы бойынша өңірлік экологиялық кеңестің мәліметінше, дала тасбақасын жабайы табиғаттан алуға, сондай-ақ үй жануары ретінде ұстауға немесе сатуға тыйым салынады.

Экологиялық кеңес өңір тұрғындарына дала тасбақасын үйде ұстағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

“Тасбақаларды табиғаттан алуға болмайды. Егер онымен кездесуден естелік ретінде бірдеңе қалдырғыңыз келсе, суретке түсіп, жібере салыңыз. Бұл үй жануары емес, жабайы жануар”, – дейді экологтар.

Маңғыстау облысы бойынша аймақтық экологиялық кеңестің мәліметінше, дала тасбақасын үйде ұстағаны үшін тұрғындарға 10-нан 140 АЕК (36 920 – 516 880 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Бейнеу ауданында 2020 жылы туған бала тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бала түрлі жарақаттармен жергілікті ауруханаға жеткізілді және ол дәрігерлердің бақылауында.

Төтенше жағдайлар министрлігі кішкентай балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға шақырады.
Бейнеуде ауыз су мәселесі қашан шешіледі?
Бейнеу ауданы әкімінің өкімімен Қанағат Батырбекұлы Назарханов Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Қанағат Батырбекұлы 1989 жылы Бейнеу ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі - жоғары. Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша (2011 жыл) бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы «КІСОМ Security» ЖШС-де күзетші болып бастаған.

2011 жылы Бейнеу аудандық ішкі саясат бөліміне бас маман ретінде мемлекеттік қызметке қабылданған.

Мемлекеттік қызметте бас маманнан сектор меңгерушісі, құрылымдық бөлімше басшысы, бас инспектор, бөлім басшысы лауазымдарына жоғарылаған.

Аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария, мемлекеттік қызмет көрсету салаларында қызмет етті.

2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келді.

БЕЙНЕУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Енді Бейнеу-Ақтау Ақтау-Бейнеу бағыттарында жүретін автобусқа билетті онлайн алуға болады.

Билетті O-City мобильді қосымшасы арқылы алуға болады.
Beyneutoday
Грант иегерлерінің тізімі 2024.pdf
2024 жылғы Қазақстандағы білім грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Білім беру гранттарының конкурсына қатысу үшін барлығы 104 мыңнан астам өтінім берілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға артық.

Грант тізімін жоғарыдағы файлдан көре аласыздар!👆🏻
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ақтауда ер адам өзіне пышақ сұғып, 4-қабаттан секіріп кетті

Ол секірер алдында “мен мұндай қылмысты істеген жоқпын” дейді.

Ер адам мерт болды.

Қазір өзін-өзі өлтіруге итермелеу бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Видео: Lada.kz Telegram-арнасы