Beyneutoday
765 subscribers
188 photos
70 videos
1 file
59 links
Жаңалықтар, оқиғалар, афишалар.

Біздің Instagram-дағы парақшамыз: instagram.com/beyneutoday
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бейнеуде жаңа субұрқақ салынып жатыр.

Аудан әкімі Рахымжан Шалбаев аудан орталығында салынбақ жаңа субұрқақтың құрылыс жұмыстарымен танысты. Және де игі бастамаға сәттілік тіледі.

Субұрқақтың жалпы көлемі 970 м2 құрайды. “Тәуелсіздік” алаңында орналасқан…
Нұрдәулет Қилыбай – Маңғыстау облысының жаңа әкімі

Ол «Өзенмұнайгаз» АҚ бұрынғы бас директоры қызметін атқарды.

Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай 1978 жылы Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында дүниеге келген.
Бейнеуде бюджет қаржысын жымқырған колледж директоры сотталды.

Маңғыстау облысы Бейнеу гуманитарлық колледжінің директоры бюджеттің ірі көлемдегі ақшасын иемденді деген айыппен сотталды. Сотта оның 2022 жылғы желтоқсан және 2023 жылғы тамыз айлары аралығында қызметкерлерге сыйақы беру туралы бұйрықтар шығарғаны анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бейнеу астық терминалы қайта ашылады.

Астық терминалы осыдан үш жыл бұрын банкротқа ұшырап жабфлып қалған болатын.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бейнеу ауданында түлектер жаппай төбелесіп, 50-ге жуық адам ұсталды

Оқиға 25 мамырда Бейнеу ауданы Боранқұл ауылындағы түлектер арасында болған. Желіде қызыл лента таққан түлектердің төбелесіп жатқан видеосы тарауда. Олардың кейбіреулері тас лақтырып жатқанын көруге болады.

Полицияның хабарлауынша, кәмелетке толмаған 47 адам ұсталып, полицияға жеткізілген.
1 шілдеден бастап темекінің ең төменгі бағасы көтеріледі

Қазір елде 20 дана темекінің ең төменгі құны 770 теңге. Ал 1 шілдеден бастап бұл баға 820 теңге, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап 870 теңге болып өзгереді.
Маңғыстау облысының тұрғындарына дала тасбақасын үйінде ұстағаны үшін айыппұл салынбақ.

Маңғыстау облысы бойынша өңірлік экологиялық кеңестің мәліметінше, дала тасбақасын жабайы табиғаттан алуға, сондай-ақ үй жануары ретінде ұстауға немесе сатуға тыйым салынады.

Экологиялық кеңес өңір тұрғындарына дала тасбақасын үйде ұстағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

“Тасбақаларды табиғаттан алуға болмайды. Егер онымен кездесуден естелік ретінде бірдеңе қалдырғыңыз келсе, суретке түсіп, жібере салыңыз. Бұл үй жануары емес, жабайы жануар”, – дейді экологтар.

Маңғыстау облысы бойынша аймақтық экологиялық кеңестің мәліметінше, дала тасбақасын үйде ұстағаны үшін тұрғындарға 10-нан 140 АЕК (36 920 – 516 880 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Бейнеу ауданында 2020 жылы туған бала тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бала түрлі жарақаттармен жергілікті ауруханаға жеткізілді және ол дәрігерлердің бақылауында.

Төтенше жағдайлар министрлігі кішкентай балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға шақырады.
Бейнеуде ауыз су мәселесі қашан шешіледі?