Beisenali Olzhas
12K subscribers
828 photos
26 videos
90 files
540 links
Бұл каналда менің ойларым, кітаптан түртіп алғаным және тағы да басқа өзім пайдалы деп көрген дүниелерді кездестіресіз. Парақша белгілі бір бағытта емес.

Әлеуметтік парақшаларым:

Инста: https://instagram.com/beisenali.olzhas
Кітапхана: t.me/mufakkirr
Download Telegram
Кешегі (менің инстаграм парақшамда болған) сұрақ-жауап нәтижесінен байқағаным, оқырмандарымның арасында Құранға әлі түспеген, яғни, араб әліппесін білмейтіндер баршылық екен. Намазды енді бастаған шығар немесе ата-анасына қызмет етіп қолы тимей жүрген шығар деген жақсы ойдамыз, одан басқа қандай үзір бар екен?! Дегенмен, әрбір мұсылман адам Құранның хақысын беруі керек. Ал оның ең бірінші хақысы - оны оқу. Айтыңызшы, Құранның хақысын беруге бізге не кедергі? Мешітте сабақтар жоқ емес, бар, үнемі болып жатады. Қай мешітке барсаңыз да, сізге ең болмаса әріп үйрететін ұстазды табу қиынға соқпайды. Әй, қазір карантин ғой десеңіз, дайын видео форматта, өте оңай, жеңіл курстар баршылық. Соның бірі - Олжекеннің (@olzhas_khanafin) курсы. Бағасы да арзан. 3-ақ мың теңге. Бұны оқуға не кедергі? Ақша жоқ деп бірақ, менің жазбамды оқып отырған болсаңыз, онда мегабайтыңыз бар деген сөз. Ал сол мегабайтты пайдалы нәрсеге неге жұмсамасқа? Ютубты ашып, Нұрсұлтан Адамкуловтың "Арабша оқып үйрену" атты онлайн сабақтарын көріңіз. Енді точно ақтала алмайсыз. Сізде бір ай бар. Бір айдан соң Құран түскен қасиетті Рамазан айы келеді. Рамазан айы тек ауыз бекітумен өтеді деп кім айтты? Тіпті, Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзі Джәбрәил (оған Алланың сәлемі болсын) періштемен осы айда Құранды қайталаған (қр. Бұхари, Муслим)

Сондықтан, құрметті мұсылман бауырлар мен әпке-қарындастар! Мен сіздерді ойлап, жаным ашып жазып отырмын. Ешқандай жарнама емес. Қандай курс болсын, кіммен болсын, Құранға бет бұрыңыз. Егер менің сөздерімнен кейін бір айдың ішінде Құранға түсіп кетсеңіз, маған жазыңыз. Мен сізбен бірге қуанайын. Сіздің атыңызды атап, дұға етейін.

Иә, Раббым, бізді шынайы Құран иелерінен қылшы! Әмин!

ИншаАллаһ, жақында Құран оқи білетін және араб тіліне қызығушылығы бар жандарға өзім жақсы білетін онлайн курстар топтамасын жазамын.
Алла Та'ала Құран Кәрімде айтады: "Маған және ата-анаңа шүкір ет. Қайтар орның Мен жақ". (Лұқман-14)

Осы аяттың тәпсірінде Суфьян ибн У'яйна былай дейді:

"Кімде-кім бес уақыт намаз оқыса, ол адам - Аллаға шүкір етіпті.
Ал кімде кім намаздарының соңында ата-анасына дұға етсе, ата-анасына шүкірлік етіпті".


(Қр. Бағауи, 5-том, 84-бет)

t.me/mufakkirkz
Білім іздеуші!

Бүгінгі ісіңді ертеңге қалдырма! Өйткені, ертең сенде басқа жұмыстар мен жауапкершіліктер болады, олар саған кешегі істермен айналысуға мүмкіндік бермейді.

Бүгін істей алатын нәрсені жалқаулыққа салынып ертеңге қалдырма!
Өйткені, "ертең" - ол әлсіздердің күні (және амалда да ештеңені орнында істей алмайтындардың күні).

Біл, күн біткен соң ол - сол күні болған барлық нәрсені өзімен алып кетеді. Ал егер сен жұмыстарыңды кейінге қалдырсаң, онда ертеңгі күні саған екі күндік жұмысты атқаруға тура келеді.

- Умар ибн ‘Абдуль‘Азизге: «Оны ертеңге қалдыр» -дегенде, ол былай деп жауап берген:

- "Бір күннің ісі мен үшін қиын болып жатыр, ал егер екі күндік жұмыс болса ол қалай болар екен?!"

Егер сен күнделікті жоспарланған міндеттерің мен жұмыстарыңды өз уақытында орындасаң, онда жандүниең тынышталып, жұмысыңды жақсы атқаратын боласың.

t.me/mufakkirkz
WhatsApp қолдануға қатысты маңызды ережелер

Бүгін біз "WhatsApp - қолдану әдебі" туралы әңгімелесеміз.

Оны қолдануда белгілі бір әдеп және жалпы қабылданған ережелер бар. Өте маңызды ережелердің бірі бұл - қолданушыдан рұқсат сұрамай-ақ топқа қосу.

Былтырғы жылы мен алғаш рет WhatsApp желісін қолдана бастадым. Сол күні-ақ мені бір топқа қосты. Мен сол адамға сыпайы түрде хат жаздым: "Сіздер менің рұқсатымды сұрамадыңыздар, бұл - күнә. Өтініш, мені топтан шығарып тастаңыз", -деп. Ал, топ админі болса, мұны жасамады, нәтижесінде мен өзім топтан шығуыма тура келді. Қазір менің WhatsApp статусымда былай жазылып тұр: «Өтініш, мені топтарға қоспаңыз».

Кей адамдар топқа өзгелерді қатырынан бәрін қосуды қалыпты жағдай деп санайды, алайда ережені есте сақтау өте маңызды.
Егер біреуді топқа қосқыңыз келсе, алдымен ол адамнан рұқсат сұраңыз.

Енді екінші ереже, адамдардың өзінің контактісіндегі барлық адамдарға жаппай хабарламалар жолдауына байланысты. Әр екі-үш күн сайын WhatsApp сондай хабарламалармен толады. Бұл - әдептілікке жатпайды. Менің отбасым, жақындарым менен қал жағдайымды сұрап маған жазады. Сол уақытта басқа біреу: «Бүгін мынандай дұғаны оқыңыз» - деп жазып жіберсе, артынан басқасы дәл соны жазады. «Бүгін бейсенбі – мына-мына нәрселерді істеу керек». Сіз не болып жатқанын түсінесіз бе? Осындай хабарламалар WhatsApp-ты толтырып, отбасыңыз бен достарыңыздан маңызды бір нәрсені жіберіп алуыңыз мүмкін. Әр хабарлама келгенде, телефоныңызды тексеріп тұруға тура келеді, бұныңда бір өзіндік қолайсыздықтары бар. Әр хабарлама келген сайын мен жақындарымнан келген екен деп ойлаймын. Бейсенбі күні мен онсызда не істеу керектігін білемін және бұл хабарламалар мені қатты елеңдетеді.

Біреулерге рұқсатсыз қатарынан хабарламалар жіберу - ол адамдарға қолайсыздық туғызады. Бірақ, сіз былай рұқсат сұрай аласыз: «Бауырым, егер қаласаң мен саған әр екі-үш күнде қызықты материалдарды жіберемін, сен оларды оқығың келе ме?», егер келісетін болса, ол: «Иә, әрине» - деп жауап қайтарады. Бірақ, адамнан міндетті түрде рұқсат сұрау керек.

Муфтий Мухаммад ибн Адам әл-Кәусари

t.me/mufakkirkz
Beisenali Olzhas
WhatsApp қолдануға қатысты маңызды ережелер Бүгін біз "WhatsApp - қолдану әдебі" туралы әңгімелесеміз. Оны қолдануда белгілі бір әдеп және жалпы қабылданған ережелер бар. Өте маңызды ережелердің бірі бұл - қолданушыдан рұқсат сұрамай-ақ топқа қосу. …
Иә, бұл ережелерді көптеген адам біле бермейді. Сөйтіп, басқа адамдардың мазасын алады. Бұны тек WhatsApp желісінен ғана емес, Telegram, Instagram (direct) секілді басқа да мессенджерлерден байқауға болады.

П.с. Өзіңді мазалай беретін досыңа осы мақаланы жіберсең болады 😉
Мына суретті алғаш рет көргенде картоп пен жұмыртқа екен деп ойлап қаласың. Бірақ, шындығында мүлдем олай емес.

Картопқа ұқсағаны, ол - алма.
Жұмыртқаның сарысына ұқсағаны, ол - өрік.
Жұмыртқаның ағына ұқсағаны, ол - айран .

Кез-келген хабарды немесе кез-келген сөйлемді жеткізу үшін оның дұрыстығына міндетті түрде көз жеткізу қажет.

Алла тағала айтады:
(Әй мүміндер! Бұзық біреу хабар келтірсе, оны анықтаңдар. Әйтпесе, білмей бір елге кесірлерің тиіп, істегендеріңе өкінесіңдер.) "Хужурат" сүресі, 6-аят.

Алла елшісі ﷺ былай дейді:
"Адам естігендерінің барлығын (сараламастан) айту арқылы күнə істеуде жеткілікті".

Аударған: Нурхожа Əбу Əсия

t.me/mufakkirkz
Сен тақуа және әдепті балаларыңның болғанын қалайсың, бірақ сенде осы қасиеттердің біреуі жоқ. Бәріне белгілі, "балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі". Ал баланың ұясы - әкесі мен анасы. Егер сен әлсіз және күнаһар болсаң, сенің перзентің де дәл сендей болады. Ал егер сен күшті әрі Раббысынан қорқатын тақуа адам болсаң, сенің балаң да дәл сендей күшті және тақуа мұсылман болып өседі.

Қымбатты бауырым, осы жайлы жақсылап ойлан!
Кейде ата-анаң саған қалаған нәрсеңнің бәрін бермеуі мүмкін. Алайда, сенімді бол, олар саған өздерінде бардың бәрін берді.

Уа, Жаратушым! Мені және ата-анамды кешіре гөр, мені кішкентайымда аялап тәрбие бергендей, Сен де оларды мейіріміңе бөле!

Ахмад Иса Ми'сроуи
Төрт сөзді тастап, иманыңды күшейт!

Шейх Мухаммад әл-Бантани ат-Таннари (رحمه الله) айтты:

Кімде кім төрт сұрақты тастаса, иманы толық болады. Олар: «қайда», «қалай», «қашан» және «қанша».

[Кәшифәту-с-сәджә, 19-бет]

t.me/mufakkirkz
Beisenali Olzhas
Төрт сөзді тастап, иманыңды күшейт! Шейх Мухаммад әл-Бантани ат-Таннари (رحمه الله) айтты: Кімде кім төрт сұрақты тастаса, иманы толық болады. Олар: «қайда», «қалай», «қашан» және «қанша». [Кәшифәту-с-сәджә, 19-бет] t.me/mufakkirkz
Егер де саған біреу: "Аллаһ қайда десе?", оның жауабы: "Аллаһ мекен мен заманға тәуелді емес, бар" деп, ал егер "Аллаһ қалай/қандай?" десе, "Оған ешкім тең емес" де. Егер де "Аллаһ қашаннан бар" десе, "Аллаһ басталуы мен ақыры жоқ мәңгі" де. Ал егер де біреу, "Аллаһ қанша?" десе, "Ол біреу, аз болғаннан емес, Ол жалғыз" де.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Кешегі "менің кітапханам" сторисі
Beisenali Olzhas
Кешегі "менің кітапханам" сторисі
Көшіріп алған бауырға Аллаһ разы болсын!
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ал мына сөреде ақида кітаптары (көбінесе)
Сіздерге менің кітаптарым қызық болып жатыр ма?
Anonymous Poll
50%
Иә, қалдырмай көріп жүрмін
39%
Әлі көрмедім
11%
Жоқ, дым түсінбеймін
Алладан сұраған адам ешқашан көмексіз қалмайды.

Мәселені шешу үшін ең алдымен жасалатын қадам - дұға болып табылады, содан кейін қиындықты шешу үшін, Аллаға арқа сүйей отырып себептерін жасау керек.

Ұстаз Әбу Әли әл-Әшғари
Мың айдан да берекелі, сауабы мол осынау қасиетті айға сіз бен біздің дайындығымыз қалай? Жалпы дайындалып жатырмыз ба? Былтырғы рамазан біткенде көп дүниеге үлгермедім дегеніңіз есімізде ме, соларды жасауға ниет еттік пе биыл? Әлде рамазан біткенде ғана есімізге түсіп, тағы сан соғып қаламыз ба?

Иә, Алланың қалауымен биыл осы берекелі айымыз үйде өтпек. Жылына бір рет тарауих намазына толатын мешіттеріміз қаңырап бос тұрмақ, мәре-сәре болып жиналатын ауызашар дастархандары да тек отбасы мүшелеріне жайылмақ. Хайр. Демек, бұның да біз үшін бір жақсылығы бар.

Үйдеміз ғой деп уақытымызды тек сәресі мен ауызашар ішіп, арасында намазымызды оқып, қалған уақытта телефон мен ұйқыға бөлмейік. Керісінше, үйде екенімізді пайдаланып, көбірек Құран хатым етіп, діни кітаптар оқып, жаңадан сүрелер жаттап, көбірек нәпіл намаз оқумен берекелі ете түсейік. Үйдегі жақындарымызға көңіл бөліп, дінге жақындауына ықпал етейік! Тек тамақ пен ұйқының хақысын бермейік!

Әлі уақытыңыз бар. Осы рамазанда жасағыңыз келетін істердің тізімін құрыңыз. Ораза ұстамайтын жақындарыңызға насихат жүргізіңіз. Ренжіскен, хабарласпай кеткен жандарға хабарласып, қасиетті айдың келетінін есіне салып, құттықтаңыз. Ауызашар бере алмаймын деп қайғырмай, көбірек садақа беріңіз! Зікірден қол мен ауызымыз босамасын Өзіңіздің ниетіңіз бен амалдарыңызды бір жаңартыңыз!

Рамазан - сіз бен біздің мейрам. Себебі, ол - береке мен жақсылықтың, сауап пен қуаныштың айы. Карантинді рамазанды ерекше өткізуге берілген мүмкіндік деп санап, Аллаға жақындай түсіңіз!
Ұйқы басқа уақытта да қанады, қарын күнде тояды. Ал рамазан жылына бір-ақ рет келеді. Сол келіп тұрған мүмкіндікті жіберіп алмайық!

Рамазанда барша мұсылман бауырыңызды, мені дұғаңызға қосуды ұмытпаңыз!🤗
Кім біледі, мүмкін бұл біздің соңғы рамазан айымыз болар...
Ескерту - менікі, амал ету - сіздікі 😊

#ᴹᵘᶻᵃᵏᵏᶦʳᵃ
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Менің фиқһ және усул кітаптарым