Sen sūlu
49 subscribers
28 photos
1 file
80 links
Сұлулықтану - біреуге өмір ұстанымы, біреуге əуестік, жұмыс, беймəлім дүние. Бірақ бəріне де қызық
Download Telegram
Сізден басқа елдің бəрі теңізге, шетелге барып келді ме? Қапаланбаңыз, есесіне теріңізде əжім азырақ болады 🙃🙃🙃
Себебі теңіздің тұзды суы + күннің UV сəулелері сұлу терінің қас жаулары. Оны теңізден қыдырып келген əріптесіңіздің бетінен байқадыңыз ғой ə))
Биылғы жаз созылғандықтан күннен қорғайтын коемнің тағы біреуін сатып алдым. Əдетте күннен қорғайтын кремнің иісі жаман (спецификалық), теріде алапес аппақ із қалдырады, құрғатады. Ал мына кремді бетке де денеге де жағуға болады, иісі мүлдем жоқ (сəл жағымды иіс қана), жақсылап жақсаңыз ізі қалмайды, теріні ылғалдандырады. Кейбір қыз-келіншектер косметикасыз далаға шықпайды. Ал мен күннен қорғайтын SPF 15 кем емес кремсіз үйден аттап баспаймын 😎
Упс. Бұл SPF кремнің не екенін білмейтін əріптесіңіз))
Ал бұл менің күннен қорғайтын сүйікті кремім)
Шамадан тыс сұлулық психикалық дертке шалдықтыруы мүмкін. Мұндай сырқат түрін Стендаль синдромы деп атайды. Синдром атауына себепкер болған ХІХ ғасырда өмір сүрген француз жазушысы. Иə, сіз генийсіз, ол əрине, Стендаль. Жазушы «Неаполь жəне Флоренция: Миланнан Реджиоға саяхат» атты кітабында 1817 жылы Флоренцияға барған саяхатын сипаттайды. Бұл психикалық ауытқу жүректің жиі қағысы, бастың айналуы, галлюцинациялармен сипатталады. Адам табиғаттың, өнер туындыларының, адамдардың сұлулығына қарап таңданғанда осы симптомдар пайда болады. Иə, сұлулық жойқын күш 👸
Ең мықты камера 120 мегапискель болғанда, адам көзі шамамен 570 мегапиксель екен. Мұндай сұлулықтан менде де Стендаль синдромы болар еді 😜
Косметологияның соңғы қолжетімді дүниелерінен патчтар мен альгинат маскаларын ерекше атар едім. Альгинат маскалары туралы міндетті түрде жазам, кейінірек. Əзірге патчтар туралы
Қазақстандық сұлулық салондарында жасалатын операциялардың жартысынан көбісі көз маңайына жасалады. Осыдан бірер жыл бұрын мен де диспорт жасатқым келетін, патчтерді білмейтін кезімде 🙈🙈 Əйел затының ең тез қартайып, жасын білдіріп тұратын осал тұсы - көз айналасы. Ұсақ əжімдер, көз астының қарауытуы, ісінуі, қабақтың салбырауы мұны ешбір тоналды крем, корректор жасыра алмайды. Операцияға əлі ерте, ал кремдер мен сарысулар қауқары жетпегенде патчтер көмекке келеді. Көз айналасына арналған гидрогельді патчтер не істейді?
көз маңайындағы теріні ылғалдандырады
ұсақ əжімдерді жазады (бірінші қолданыстан-ақ əсерін байқайсыз. Бірақ ұзақ мерзімді нəтижеге жету үшін 20 күндік курсын жасаңыз)
көздің астындағы қара, көк, күлгін көлеңкені жояды
түні бойы ішсеңіз де (шай, мəселен), таңертең 10 минутта ісікті басады
Патчтерді қолдану өте ыңғайлы. Теріні тоникпен сүртіп жұп-жұқа гель тəрізді қанатшаларды жабыстырып жүре бересіз. 15-20 минут ұстаған жөн. Мен əдетте ояна салып жуынған соң жабыстырып үйден шыққанша жүре беремін. Кешке жатарда да қолдануға да болады. Жастық-төсекті былғамайды. Тек алып тастаған соң бір жеңілдеу кремді жаға саламын. Мынау Secret Key өнімдерін жарнамалап қоймады демеңіз, өзім қолданып, сынымнан өткені осылар енді. Иə, корей косметикасына бүйрегім бұратыны да рас. Себебі арзандау əрі əсерлі. Айтпақшы, патчтер бағасы 2800, 3600 теңге.
Бүгінгі тақырып - бақыт туралы. Əлемді мұң басып, жүрегіңді қайғы тұмшалағанда кенеттен сарайыңды ашып, жүзіңе нəзік күлкі үйіретін бақыт туралы. Бұл əрине Chanel 5.
Əпкемнің сөресіндегі парфюмдер үнемі ауысып тұратын. Бірақ Chanel 5 мəңгілікке орналасқандай. Oл кезде мен Nina Ricci Premier jour мен Dior Addictке ғашық едім. "Əлі есеймегенсің ғой" дейтін маған.
Бірде жиен інім келінмен таныстырды. Қонақтарды шығарып салған соң əсерімізбен бөлісіп отырмыз.
- Талғамы жоғары қыз екен. Ұнады маған.
- Оны қайдан біле қойдың?
- Шанелді қалай сезбедің?!...
Сол жолы қояр да қоймай сүйікті парфюмын сөмкеме салып жіберді. Алғашқы таныстығымыз осылай басталды. Бойым үйреніп, ақырындап барлық иіссуларымды ығыстыра бастады. Бірде досым жаңа иісімді сезіп, "Əйелдердің иісі сияқты" деді. "Иə, ересек əйел. Бірақ бекзада əйел" деп нақтылады. Жымидым да қойдым. Бірақ сөзі есімде қалып қойыпты.
Қазір əпкем жоқ. Бірақ оның сыйлаған құтысын мəңгілік сақтаймын. Chanel 5 - мен үшін есею, бекзада əйел, классика жəне əпкеме сағыныш.
Коко Шанель өзінің осы туындысы туралы "Əйел иісі аңқитын əлемдегі ең нəзік жанды иіс" деген екен. Айтпақшы Chanel 5.-ті 1921 жылы Ресей патша сарайы парфюмерінің ұлы Эрнест Бо Коко Шанель тапсырысымен шығарған. Осы иіссуды Мадмуазель Коко 05.05.1921 жылы көпшілікке алғаш таныстырды. Неге N5 дейсіз бе? 5 - Коко Шанельдің сүйікті саны болған. Жəне Эрнест Бо ұсынған 10 нұсқаның ішінен 5-нұсқаны таңдаған екен.
Негізі парфюмдегі компоненттер көп болған сайын иіссу бағасы да қымбаттай түседі. Chanel 5. құрамында 80 компонент бар.
 Білесіз бе, əйелдерге арналған парфюмның, осы Chanel 5.-тің тұңғыш "еркек келбеті" Бред Питт болған. Жоқ, əрине оған дейін парфюмды Катрин Денев, Кароль Буке, Эстелла Уоррен, Николь Кидман, Одри Тоту, Кира Найтли жарнамалаған.
Энди Уорхол гламур нысанын өнер туындысына айналдырып  Chanel №5  картинасын жазды 1985 жылы.
Статистика былай дейді: "əр 30 секунд сайын əлемді Chanel 5.-тің бір құтысы сатылады". Сол статистикаға сіз бен біз де кіретін шығармыз))
Кеңесім - иіссуды тек ресми дүкендерден алыңыз. Интернет дүкендер, үйдің жанындағы шағын маркеттен ешқашан иіссу алмаңыз. Ол жерде бақыт емес, иісі өзгеше спирт қана сатылады.
Айтпақшы, көктемде Куала Лумпурда Sephora-дан  CHANEL Gabrielleдің иісін көріп кетіп едім. Француз Үйіне (BSB) осы жаңа парфюм келіпті, 50 г құты бағасы 43680 теңге екен. Алып көру керек, мүмкін дəм-иісіміз жарасып кетер)))
Энди Уорхол. Chanel 5.
Сізге Chanel 5 ұнай ма?
anonymous poll

Иə – 16
👍👍👍👍👍👍👍 52%

Əлі таныс емеспіз – 12
👍👍👍👍👍 39%

Жоқ – 3
👍 10%

👥 31 people voted so far.
ЖЕҢІЛДІКТЕР!!!
Ұстаздар күніне мұнша қуанамын деп ойламаппын.
Французский Дом, Beautymania, Imperial Home Ұстаздар күніне орай люкске 30% жеңілдік жариялапты. 29 қыркүйек-1 қазан күндері қалаған косметикаңызды жеңілдікпен ала аласыз.
MonAmie де қалыссын ба, онда да 29.09-05.10 күндері аралығында 30% жеңілдік.
- Sisleyдің кремдерін ұнатамын. Сен ше?
- Маған балаларға арналған кремдер ұнайды.
- Бетіңе күнде жағасың ба сонда?
- Иә, басқа кремдерге аллергиям бар. Өзің жағып көрші, терің жұп-жұмсақ болады.
- ...
Иә, ары қарай құрбым крем құрамы, табиғи ингредиенттер туралы ұзақ әңгіме айтты. Бірақ менің есімде тек бетіндегі безеуі ғана қалыпты...
http://telegra.ph/BALALAR%D2%92A-ARNAL%D2%92AN-KREMD%D0%86-NEGE-%D3%98JELDERGE-ZHA%D2%92U%D2%92A-BOLMAJDY-09-30
ЖЕҢІЛДІКТЕР туралы жаза берем деп едім ғой. Сұлулық деген тек косметика емес. Адам көркін ашатын, ол туралы азды-кем ақпарат беретін оның бет терісі мен аяқ киімі. Сондықтан, осы жеңілдікті жазбасам тынышталар емеспін. Супер жеңілдіктер! 90% дейін. Қай қалада тұратыныңыз маңызды емес. Себебі YOOX.com мультибрендті интернет дүкені (https://www.yoox.com) . Мұнда ерлер, әйелдер, балалар киімдері сатылады. Сауда еурода жасалады (1 € - 404 теңге). Сайтқа кіргенде елдердің ішінен Қазақстанды таңдайсыз. Тауарыңыз 1 аптада жетеді (Астана мен Алматыға сондай мерзімде, басқа қалаларда сәл ұзақтау болып қалуы мүмкін). Кейбір елдерде жеткізу тегін, бірақ бізде 7 тауар (көлемі, салмағына тәуелсіз) үшін 30€ төлейсіз. Сондықтан бірнеше адам боп бірігіп тапсырыс берген ыңғайлы. Біздің қазақстандық форумдарда (иә, олар әлі тірі 😜 ) адамда бірігіп YOOX-қа тапсырыс беріп жүреді. (Мысалы, мұнда https://vse.kz/topic/379885-yooxcom-multibrendovyi-magazin/page-48 ). Мұнда оригинал, бренд тауарлары сатылады. Сондықтан үйдің жанындағы үнді текстилімен салыстыру қажет емес. Бірақ BALENCIAGA, ALEXANDER MCQUEEN, JOHN GALLIANO, DOLCE & GABBANA, JIMMY CHOO LONDON, DSQUARED2 (тоқтатыңдар мені!!!) сияқты брендтерді 70-80 мыңдық жалақымен де алуыңызға болады. Мен болдым)) 😇 👗👠👜