Көптен жазбай кеттім. Тіпті қысылады екенсің ұзақ уақыт үнсіздіктен соң))) Бірақ үнсіздікті бұзған «пеструшка» сортты алманың жұпар иісі. Алматыдан досым әкелген еді. Екеуін сөмкеме салып алғам. Біреуін қызыма бердім де, біреуін жұмысқа апарғам. Демалыс күні Алматы облысы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне барып шақалақтың басындай апорттар алған едім. Жұмыста сондай апорттың жанында «пеструшкам» үнсіз монтиып тұрды. Апорт ірі, әдемі, түрі де көз тартады. Ал пеструшка кішкентай, сырты да керім «мені жеші» деп тұрмайды бір қарағанда. Бірақ иісіііі. В общым кеше қалдырып кеткем жұмыс істелінмнің үстінде. Бүгін кабинетке кіргенде бірден байқадым. Кіп-кішкентай алма бүкіл кабинетті хош иісімен орап алған. Әлемді сұлулық құтқаратын шығар. Не депрессиядан алманың хош иісі құтқаратыны хақ. Хақ екені рас. Рас екені анық. Анық екені бла-бла-бла ))) Айтпақшы ароматерапевттер алманың иісі стресстен арылуға септесіп, жағымды эмоциялармен зарядтайды дейді. Пеструшкаңыз болмаса, алма иісі сезілетін парфюмдер Montale-дің Sunset Flowers-і (иіс ұнамды, бірақ тым бұқара болып кетті), Nina Ricci-дің алмаға махаббатын бұрынырақ байқағам. Nina-сы (сырты қызыл алма, жапырағы күміс түстес) тәтті қызыл алма, Nina Love By болса ерке иіс, көк алманың сергітетін жұпарын сезесіз. Salvatore Ferragamo-ның Incanto Heaven-і (өте нәзік, алманың жұпары гүлдер, жеміс-жидектермен аралас), DKNY-дің Be Delicious Juiced-і (сыртқы формасының өзі көк алмаға ұқсайды. Алманың иісі сезіледі, бірақ химия иісі де қылаң беріп қалады).
Үстелдің түстінде әлі тұр пеструшка алма. Мына алманы жесем өзімді каннибал сезінетін шығармын))
Үстелдің түстінде әлі тұр пеструшка алма. Мына алманы жесем өзімді каннибал сезінетін шығармын))
10 қазан Дүниежүзілік сүт бездерінің қатерлі ісігімен күрес күні. Қазақстанда жыл сайын омырау рагына 4000 астам әйел шалдығады. Олардың үштен бірі (ресми деректер 1400 адам дейді) көз жұмады. Онколог-маммологтардың айтуынша сүт бездерінің қатерлі ісігі емдеуге икемді. Дер кезінде емделсе 98% жазылып кетеді. Бірақ біздің қыз-келіншектерді құртатын салғырттық қой. Кім барыпты осы отырғандарымыздың арасынан тексерілуге? В общым, айтайын дегенім, ертең Қазақстанның ірі қалаларындағы барлық қалаларындағы онкодиспансерлерде тегін маммография мен сүт бездерінің ультрадыбыстық зерттеуі тегін жасалады. Плиз, өзіңіз де, туған-туыстарыңызды (жынысы әйел) да ала барыңызшы. Онкология ата-әжемізден қалған мұра емес. Әрқайсымыз, кез келгеніміз тап болуымыз мүмкін.
Рейсімді күтіп отырғанда жылдам жазып тастайын. Бұл жазба БАДтарға байланысты (биологиялық белсенді қоспалар). Әдетте дәрі алғанша БАД алайық, табиғи ғой деп ойлаймыз. Алайда соншалық табиғи емес екен. https://sciencebasedmedicine.org/drugs-in-your-supplements/ сайтында жарияланған мақалада БАДтар бейкүнә қоспалар емес, миллиард долларлық бизнес екені айтылады. АҚШта жыл сайын белсенді қоспалар салдарынан 23 000 адам жедел жәрдем шақырады, 2000 адам ауруханада емделуге мәжбүр. Қоспалар аннотациясында жазылған заттармен шектелмейді. Дженна Такер мен оның әріптестері тағамға белсенді қоспалардың бірнешеуін алып зерттеген. Бір ғана артрит пен жыныстық "тәбетті" ашуға ықпал ететін қоспада аннотациясында көрсетілмеген 6 зат табылған. Бұл заттар арасында түрлі синтетикалық қоспалар, дәрілік препараттар бар. Мысалы арықтауға арналған қоспада Сильбутрамин анықталған. Бізде ол қолданыла береді. Кәдімгі дәрі. Сульбутрамин тікелей миға әсер етеді. Әдетте астматиктерге арналған дәрілердің белсенді заты. Бірақ АҚШта сульбутраминге тыйым салынған. Сол сияқты көптеген препараттар туралы айтылады мақалада. Айтайын дегенім ешқандай коктейльдерге, БАДтарға жоламаңыз. Бұл тек бизнес. Денсаулыққа қатысы жоқ. И вообще сұлу, сымбатты болу үшін таблетка, операция емес, күнделікті күтім, еңбек қажет. А так маған томпақ қыздар ұнайды 😊
Макс Корждың бір өлеңі бар еді. Не выдумывай деген. Сондағы мына жолдар ұнайтын.
Замкнулся в себе, не знаешь слов, поверь,
Проблема только в твоей голове.
Не выдумывай,
Не выдумывай, не накручивай, не ищи проблем.
Ты не придумывай...
Макс Корждың бір өлеңі бар еді. Не выдумывай деген. Сондағы мына жолдар ұнайтын.
Замкнулся в себе, не знаешь слов, поверь,
Проблема только в твоей голове.
Не выдумывай,
Не выдумывай, не накручивай, не ищи проблем.
Ты не придумывай...
Science-Based Medicine
Drugs in your supplements
Supplements are a billion-dollar business, but quality control is questionable. A new study shows that supplements may be adulterated with unlabelled prescription drugs.
Қыста қолыңызды қалай қорғайсыз? Қолғап+ши майы + қолға арналған кремдер
Telegraph
Ши майы. Ura'ala
Қысқа көлікті дайындайсыз ғой, шинасын ауыстырып дегендей. Терініңізді де дайындап үлгердіңіз деп ойлаймын. Барлық ылғалдандыратын кремдеріңізді қоректендіретінмен алмастырыңыз. Неге екенін былтыр қыста толығырақ жазғанмын. Қысқаша айтқанда аяздарда беттегі…
Қыста ерінге де ерекше күтім қажет. Менің қысқы бальзамым және бір-екі кеңес.
Telegraph
Қыста ерін күтімі
Ерінде май бездері жоқ. Сондықтан оның күтімі бет терісінен де артық болуы керек. Оның үстіне біз далапты кремнен артық жағамыз. Ал оның құрамы пайдалы болмауы да мүмкін. Егер ерніңіз жиі жарылып, ұшықтана берсе бұл аллергия, дерматит немесе В тобы витаминдерінің…
Бұл жазбаның бютиге қатысы жоқ. Бірақ үйде жұпар иіс шығып тұрғанын қалайтындарға қажет боп қалар
Telegraph
Хош иістендіргіштер немесе елшіліктер жәрмеңкесіне не үшін бардым.
Үйде әдемі иіс шыққанын қалаймын. Бірақ үй, кеңсе ішіндегі хош иістендіргіштерді жақтырмаймын. Себебі олардың құрамындағы формальдегидтер, ацетон, этанол, d-лимонен, пинен және ацетат сияқты ұшқыр заттар ағзаға өте зиянды. Әсіресе астматиктер мен аллергиктер…
Жүн-жыбыр ликвидациясы. Лазерлі эпиляция туралы
Telegraph
Кірпінің түлеуі #лазерліэпиляция
Бұл жазба сәл өзгеше болар. Бірақ бөлісуді жөн көрдім. Артық жүн-жыбырдан арылу туралы. Егер мүлдем эпиляция, депиляция жасамайтын болсаңыздар, оқымай-ақ қойыңыздар. Айтпақшы, каналымда ер адамдар да бар. Бұрындары шугарингке барғанда мастеріме бір жігіттің…