Sen sūlu
49 subscribers
28 photos
1 file
80 links
Сұлулықтану - біреуге өмір ұстанымы, біреуге əуестік, жұмыс, беймəлім дүние. Бірақ бəріне де қызық
Download Telegram
Қырыну туралы. Мен шугаринг мастерім инстаграмында "не согреши" жазуы бар ұстара суретін жиі салады. Əбден санама сіңіп кеткені соншалық, қырынғанша "жалбырап" жүргенім жақсы деп шугарингке жеткенше натурлиш қалпымда жүре беретін болыппын)) Ал американ ғалымдары (бұл британ ғалымдары емес, заметьте 🤔) қырынудың шаштың өсуіне қатысы жоқ депті. Ұстараның шаш фолликулына еш əсері жоқ, тек қырынған түктің ұшы үшкірлеу болады. Қолға батып, қайратты əсер қалдыратыны сондықтан. Ал өскен түктің ұшы əлсіреп, түсі де солғын тартады. Айырмасы осы ғана. Бұл туралы Scientific American былай деп жазыпты: https://www.scientificamerican.com/article/fact-or-fiction-if-you-shave-or-wax-your-hair-will-come-back-thicker/#
​Өткенде бет жуатын сүйікті гелім Clinique Liquid Facial Soap туралы айттым ғой. Неге Clinique десеңіз айтар жауабым:
Бұл ең күшті гипоаллергенді косметика. Оның құрамында хош иістендіргіштер, артық химикаттар жоқ. Clinique барлық өнімдері аллергияға тексеріледі. Жаңа өнім қалай сыналатынын білесіз бе? Зертханалық сынақтан соң 600 ерікті терісіне кезеңмен 12 рет жағылады. Осылайша өнім 7200 рет сынақтан өткізіледі. Егер тым болмаса біреуінде аллергиялық реакция тудырса, өнім өндіріске бармайды. Сондықтан да бұл косметика өнімдері әдетте түссіз, иіссіз.
Ең жұмсақ, ең зиянсыз сабын. Тіпті баланың бетін күнделікті жуса да, гидролипид балансын бұзбайтын шығар. Кейде бетіңізді жуған соң тартылып қалғандай әсер бола ма? Ал Clinique-пен ешқашан бетіңіз құрғап, тартылмайды.
Clinique терінің ескі қабатынан тазалау қажет екенін айтқан және өлген қабаттан тазартатын құрал ұсынған бірінші компания. Қазір де салицил қышқылы негізгі ингредиенттердің бірі, сондықтан да 3 сатылы тазартудан соң бетіңіз жарқырап жүреді. Clinique арқасында беттімді салонда тазалау процедурасынан құтылғанымды бұдан бұрын айтқан болатынмын.
Clinique жарнама концепциясы бұл марка құрылғаннан бастап өзгерген емес (бұл Estee Lauder холдингінің еншілес компаниясы). Clinique өз жарнамасында танымал тұлғаларды қолданбайды. Олардың негізгі қаһармандары - өнімдері. Көбіне байқасаңыз, олардың жарнамаларында тері күтіміне қатысты ақыл-кеңестер көбірек кездеседі. Демек сіздің әр тиыныңыз жарнама, қаптама, маркетологтардың басқа да қызметтеріне емес, өнімнің өзіне ғана төленеді.
Хм, неге Clinique-ті жарнамалап кетті дейсіздер ғой? Француз үйінде бүгіннен бастап желтоқсанның 10 дейін осы компания өнімдерінің барлығына 30% ЖЕҢІЛДІК! Айтпақшы, цитрус иісін жақсы көресіз бе? Нағыз апельсин-мандарин 🍊🍊🍊 иісін жеткізе алған парфюмдар үштігінің бірі Clinique Happy. Француз Үйі дүкеніне барғанда міндетті түрде бір иіскеп көріңізші. Тым құрығанда келе жатқан Жаңа жыл иісін сезесіз.
Mon Amie жаңа жылдық жеңілдіктерді бастап кетті 🎄🎄🎄
Forwarded from @beautylogic
Акция! Жаңа жылдық сыйлықтар! Тек сыйлықты алу үшін əлеуметтік желіде (Instagram, Facebook) бетіңізді тазартуға қатысты өз тəжірибеңізді жазып, #beautylogic хештегімен бөлісесіз. Акция қорытындысы 21 желтоқсан күні шығарылады. Жеңімпаз посты каналда жарияланады, ал сыйлыққа - бет жууға арналған гель мен менің сүйікті коньяку спонжым табысталады. Сəттілік!
​​Селдір шаш және сарымсақ маскасы. Барлық адамның шашы түседі. Шаштың түсу нормасы - күніне 50-125 тал. Ал уыстап түсе бастаса, жақсы рецепті бар. Тым жақсы емес, бірақ әсерлі. 6-7 сарымсақ түйіншегін үгітіп (үккіш немесе сарымсақ сыққышпен), 2 ас қасық зәйтүн майын қасып араластырасыз. Иісін азайту үшін эфир майларын қосуға болады. Бірақ бәлендей әсері жоқ. Сарымсақтың иісін жеңу мүмкін емес. Осы ботқа тектес массаны басыңыздың терісіне жақсылап жағып, 1 сағат ұстайсыз. Басыңызға полиэтилен пакет киіп алуды рекомендеймін. Негізі осы рецептіні алғашқы аптада 2-3 рет жасауға болады дейді. Мен 1 рет қана жасадым. Бірақ сарымсақтың иісін 2 апта бойы сезіп жүрдім. Әсіресе, терлегенде, моншаға барғанда))) Бірақ шашымды жуған кезде байқадым, Шашымның түсуі азайды. Бұрын таңертең оянғанда жастығым шаш-шаш болатын еді. Қазір бір тал да жоқ. Бірақ ескертемін, сарымсақ иісін жақтыртпайтындар болса, жасаудың қажеті жоқ. Айтпақшы, кейін форумдардан оқыдым, иісін азайту үшін 3 литр суға 1 ас қасық сіркесу қышқылын (уксус) араластырып, сонымен шаю керек дейді. Өзім жасап тексермедім.
Крем қанша уақытта сіңеді?
Күндізгі кремді далаға шығардан жарты сағат бұрын, ал қысқы уақытта 1 сағат бұрын жағыңыз. Түнгі кремді ұйқыға жатардан 1 сағат бұрын жағыңыз. Aл 2-3 сағат бұрын жақсаңыз тіпті жақсы. Неге дейсіз бе? Əрине, жастығыңызды былғайды. Бірақ басты себеп бұл емес. Бетіңіздің бұлшықеттері белсенді болғанда крем жылдам сіңіп, өз функциясын тамаша атқарады. Ал кремді үй тірлігін бітіріп, тісіңізді ысып, қалжырап барып дəл ұйықтар алдында жақсаңыз, бұл кезде сіздің бетіңіздегі бұлшықеттеріңіз де босаңсиды, микроциркуляция нашарлайды, крем тері бетінде сүттің бетіндегі қаймақ құсап тұрып қалады да, таң атқанда бетіңізге ісіп тұрған түр беруі мүмкін. Əсіресе, көз айналасында.
Бет күтімінің реттілігі. Алдымен құрғақ тері жайында.
Айтпақшы, кранның хлорлы суы бетті одан əрі құрғатады. Алайда бұл проблеманы шешудің жолы бар. Таңертең/кешке беті ашық ыдысқа су құйып кетсеңіз, кешке/таңертең су оттегімен қанығып хлорлары ұшып жұмсарып тұрады. Ал тіпті еріншек болсаңыз, жақсы тоник сатып алыңыз. Тоник беттегі тазартқыш құралдардан тазартып, теріңіздің ph балансын қалпына келтіреді.
Жұмыста қыз-келіншектерді құттықтау басталып кетіпті. Сыйлыққа қатысты сауалнамамызды бастайық онда
Сүйіктіңіздің 8 наурыз мерекесінде не сыйлағанын қалар едіңіз?
anonymous poll

Гүл шоғы 💐 – 7
👍👍👍👍👍👍👍 32%

Алтын 💍 – 7
👍👍👍👍👍👍👍 32%

Көтеріңкі көңіл-күй 🌝 – 4
👍👍👍👍 18%

Косметика 💄💅 – 2
👍👍 9%

Ақша 💸 – 2
👍👍 9%

👥 22 people voted so far.
Əдетте өз терісін, ағзасын жақсы білетін қыз-келіншектердің өзі бір крем не далап алу үшін бьютишоптарда сағаттап жүреді. Ал сыйлық іздеген еркектердің бұл жерден сертификат қана алып кеткені жөн сияқты. Əсіресе қазір Французский Дом (Телеграмда каналдары бар https://t.me/french_house_kz), Мon Amie, Beautymania дүкендерінде жеңілдіктер болып жатыр. Жарнамада айтқанындай 50% емес əрине барлығына. Бірақ люкс косметикаға 30%, қалғандарына 10% төңірегінде екен. Ал алдыңғы суретті ишара ретінде жігіттеріңізбен бөлісіп қойсаңыз болады 😉
Майлы тері иелеріне бірнеше кеңес: 1. Бетіңізді ыстық емес, салқын сумен жуыңыз. Салқын су тері пораларын тарылтуға септеседі. Ыстық сумен жусаңыз, сəлден соң бетіңіз майланып жылтырап шыға келеді.
2. Теріңізді құрғататын емес, ылғалдандыратын крем алыңыз. Майлы теріге ылғал құрғақтан да артық қажет.
3. Əдетте визажистер макияждан соң бетке опа (пудра) жағып жатады. Бірақ сіздің жағдайда пудрадан гөрі матирующий салфетка қажетірек. Калька сияқты жұқа қағаз сіздің бетіңіздегі майды, косметика қалдықтарын сіңіріп алып, макияжды бұзбайды.
Қымбатты каналымның арулары, сіздерді шуақты мерекелеріңізбен құттықтаймын. Тəніңіз сұлу, жаныңыз көркем, жүрегіңіз ғашық болсын!
Бүгін дилеммаға тап болдым. Мерекені қалай өткіземін деген. Бір жағынан еркелік "кеттік шоппингке, өзіңді еркелетіп қалаған дүниеңді алып мерекені сезін" десе, бір жағынан нағыз қаззақы əйел дауысы "үйге уборка жасайық, дəмді тамақ пісіріп сосын кешке əддемілеп, рахаттаным шай ішеміз" дейді. Нені таңдады дейсіз бе? Қамырды илеп жылы жауып қойдым. Асүйдің уборкасын біттім, енді залға кірісейін деп сəл демалған түрім)) Ал сіздермен таза женский стикер бөліспекшімін)
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM