Sen sūlu
47 subscribers
28 photos
1 file
80 links
Сұлулықтану - біреуге өмір ұстанымы, біреуге əуестік, жұмыс, беймəлім дүние. Бірақ бəріне де қызық
Download Telegram
Бюти аккаунттардың қазақша сөйлегені қуантады. Тек сммшінің мына посты уақытың құнсыз, өмірің мəнсіз, праймер сенің не теңің дегендей екен
Телеграмның қайта-қайта блокталуы, қызу тірлік жəне көктемнің созылуы канал контентінің сиреуіне ықпал етті (ақталған түрім 🙈). Бүгін оқыған бір мақаламның сілтемесін бөліспеуге болмас. No makeup makeup ("мейкапсыз мейкап") жақтасы ретінде ұнады. Ең əдемі тері - таза, сау тері. Оқимыз: https://theblueprint.ru/beauty/skincare-is-the-new-makeup
Іссапармен кетіп бара жатсам да мына шараны қимай тұрмын
Forwarded from MUR
Как правильно произносить названия известных брендов? Итак, ловите список.

Chanel = Шане́ль
Maison Martin Margiela = Мэзо́н Марта́н Маржела́
Yves Saint Laurent = Ив Сен-Лора́н
Lanvin = Ланва́н
Phillip Plein = Филипп Пляйн
Hermes = Эрме́с
Comme Des Garçons = Ком де Гарсо́н
Balmain = Бальма́н
Givenchy = Живанши́
Christian Dior = Кристиа́н Дио́р
Rochas = Роша́
Barbara Bui = Барбара́ Бюи́
Chloe = Клоэ́
Herve Leger = Эрвэ́ Лэже́
Louis Vuitton = Луи Вьютто́н
Isabel Marant = Изабель Мара́н
Cacharel = Кашаре́ль
Christian Louboutin = Кристиан Любута́н
Jean Paul Gaultier = Жан-Поль Готье́
Sonia Rykiel = Соня Рике́ль
Giorgio Armani = Джо́рджо Арма́ни
Alessandro Dell’Acqua = Алесса́ндро Деля́куа
Bottega Veneta = Боттега Ве́нета
Dolce and Gabbana = До́льче энд Габба́на
Moschino = Моски́но
Versace = Верса́че
Salvatore Ferragamo = Сальваторе Феррага́мо
Roberto Cavalli = Роберто Кава́лли
Miu Miu = Ми́у Ми́у
Alberta Ferretti = Альберта Ферре́тти
Etro = Э́тро
Emilio Pucci = Эми́лио Пу́ччи
Trussardi = Трусса́рди
Missoni = Миссо́ни
Gianfranco Ferre = Джанфра́нко Фе́рре
Sergio Rossi = Серджо Ро́сси
Giambattista Valli = Джамбатти́ста Ва́лли
Balenciaga = Баленсиа́га
Manolo Blahnik = Маноло Бла́ник
Loewe = Лоэ́вэ
Paco Rabanne = Пако Раба́нн
Adolfo Dominguez = Адольфо Доми́нгес
Oscar de la Renta = Оскар де ля Рента
Antonio Marras = Антонио Ма́ррас
Carolina Herrera = Каролина Эрре́ра
Ralph Lauren = Ральф Ло́рен
Levi’s = Ливайс
Donna Karan = Донна Ка́ран
Marc Jacobs = Марк Дже́йкобс
Alexander McQueen = Александр Маккуи́н
Anna Sui = Анна Суи или Анна Сви
Burberry = Бёрберри
Calvin Klein = Кэлвин Клайн
Stella McCartney = Стелла Макка́ртни
Charlotte Olympia = Шарлот Оли́мпия
Gareth Pugh = Гарет Пью
Jill Stuart = Джил Стю́арт
Vivienne Westwood = Вивьен Ве́ствуд
Mulberry = Ма́лберри
Matthew Williamson = Мэтью Уи́лльямсон
Paul Smith = Пол Смит
Tommy Hilfiger = Томми Хилфи́гер
Michael Kors = Майкл Корс
Badgley Mischka = Бэдгли Мишка
Vetements = Ветьмо
Jacquemus = Жакмюс

Не благодарите.
Сохраняйте.
Mon Amie интернет дүкенінде бүгін жеңілдіктер түні екен
Бірақ сізге басқа бір акция туралы айтайын
Екі апта бойы таңертең тұра сала посылкамды аңдуды əдетке айналдыра бастап едім. Жетті-ау ақыры. Екі апта жүріп. Қазпоштаға рахмет сол күні əкеліп тастады. Енді ретиноидпен қарым-қатынасымыз туралы бірнеше апталан соң жазармын 😋
8 Маусым. Алматы. Beautymania Беташар дүкені. Сағат 18:00-23:00.
Халықаралық шоколад күні құрметіне бізде де бәрі шоколадта болсын
Forwarded from Map Mind — Статистика и аналитика
Самый популярный бренд одежды по странам Европы
Көптен жазбай кеттім. Тіпті қысылады екенсің ұзақ уақыт үнсіздіктен соң))) Бірақ үнсіздікті бұзған «пеструшка» сортты алманың жұпар иісі. Алматыдан досым әкелген еді. Екеуін сөмкеме салып алғам. Біреуін қызыма бердім де, біреуін жұмысқа апарғам. Демалыс күні Алматы облысы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне барып шақалақтың басындай апорттар алған едім. Жұмыста сондай апорттың жанында «пеструшкам» үнсіз монтиып тұрды. Апорт ірі, әдемі, түрі де көз тартады. Ал пеструшка кішкентай, сырты да керім «мені жеші» деп тұрмайды бір қарағанда. Бірақ иісіііі. В общым кеше қалдырып кеткем жұмыс істелінмнің үстінде. Бүгін кабинетке кіргенде бірден байқадым. Кіп-кішкентай алма бүкіл кабинетті хош иісімен орап алған. Әлемді сұлулық құтқаратын шығар. Не депрессиядан алманың хош иісі құтқаратыны хақ. Хақ екені рас. Рас екені анық. Анық екені бла-бла-бла ))) Айтпақшы ароматерапевттер алманың иісі стресстен арылуға септесіп, жағымды эмоциялармен зарядтайды дейді. Пеструшкаңыз болмаса, алма иісі сезілетін парфюмдер Montale-дің Sunset Flowers-і (иіс ұнамды, бірақ тым бұқара болып кетті), Nina Ricci-дің алмаға махаббатын бұрынырақ байқағам. Nina-сы (сырты қызыл алма, жапырағы күміс түстес) тәтті қызыл алма, Nina Love By болса ерке иіс, көк алманың сергітетін жұпарын сезесіз. Salvatore Ferragamo-ның Incanto Heaven-і (өте нәзік, алманың жұпары гүлдер, жеміс-жидектермен аралас), DKNY-дің Be Delicious Juiced-і (сыртқы формасының өзі көк алмаға ұқсайды. Алманың иісі сезіледі, бірақ химия иісі де қылаң беріп қалады).
Үстелдің түстінде әлі тұр пеструшка алма. Мына алманы жесем өзімді каннибал сезінетін шығармын))
10 қазан Дүниежүзілік сүт бездерінің қатерлі ісігімен күрес күні. Қазақстанда жыл сайын омырау рагына 4000 астам әйел шалдығады. Олардың үштен бірі (ресми деректер 1400 адам дейді) көз жұмады. Онколог-маммологтардың айтуынша сүт бездерінің қатерлі ісігі емдеуге икемді. Дер кезінде емделсе 98% жазылып кетеді. Бірақ біздің қыз-келіншектерді құртатын салғырттық қой. Кім барыпты осы отырғандарымыздың арасынан тексерілуге? В общым, айтайын дегенім, ертең Қазақстанның ірі қалаларындағы барлық қалаларындағы онкодиспансерлерде тегін маммография мен сүт бездерінің ультрадыбыстық зерттеуі тегін жасалады. Плиз, өзіңіз де, туған-туыстарыңызды (жынысы әйел) да ала барыңызшы. Онкология ата-әжемізден қалған мұра емес. Әрқайсымыз, кез келгеніміз тап болуымыз мүмкін.
Алматылықтарға #жеңілдік