Sen sūlu
48 subscribers
28 photos
1 file
80 links
Сұлулықтану - біреуге өмір ұстанымы, біреуге əуестік, жұмыс, беймəлім дүние. Бірақ бəріне де қызық
Download Telegram
Channel created
Қош келдіңіз. Бұл арнада мен тек өзім қолданып, сынап көрген косметика жайлы пікірімді, сұлулық, бет, тері күтімі туралы білген-түйгенімді, ара-тұра дүкендердегі ғаламат жеңілдік, акциялар туралы хабарландыруларды жазатын боламын.
Үйде спатифиллум гүлін өсіремін (сіздерге "Женское счастье" атымен таныс болуы мүмкін). Бұл гүлді əдеттегідей түбінен суарамын. Бірақ қанша шылқытып суарып жапырақтарына бір тамшы тигізбесеңіз жапырақтары солғын тартып, салбырап қалады. Осы гүл жапырақтарына су бүркіп жүріп бет терісіне қатты ұқсайтынын ойладым. 🌸🌸🌸 Сіз қанша нəрлі тағам ішіңіз, витамин қабылдаңыз, операция жасаңыз, ешер бетіңізге жеткілікті ылғал бермесеңіз бəрі бекер, бетіңіз солғын тартып тұрады. Бетіңізді жуған соң бірден айнаға қарағагда "əй өзім-ай, неткен сұлу едім" дейсіз ғой. Ал күні бойы шапқылап, кешке таман айнадан əлгі сұлудың ізін де таппайсыз. Себебі сол ылғалдың жоғалуы. Тіпті ылғалдандыратын кремдердің өзі көмектесе алмайды. Осындайда мист жақсы көмектеседі. Ара-тұра бір-екі сағаттан соң бір пыш еткізіп алсаңыз, бет макияжын да құртпай өңіңізді жаңартып тұрады. Неге термальды су емес, мист дейіз ғой? Себебі оның функциялары көп:
♳ Крем сияқты ылғалдандырады.
♴Термальды су сияқты жандандырады, өңіңізді келтіреді.
♵ Беттің майланып жылтырауына жол бермейді.
♶ Макияждың ұзақ бұзылмауына көмектеседі.
♷ Сарысу (сыворотка) сияқты. Құрамында бетіңізге қажетті витаминдер болады.
Осыған дейін түрлі мисттерді қолдандым. Ең ұнап, көңілімнен шыққаны Secret Key компаниясының Honey Bee's Ac Control Mist өнімі.
Сізден басқа елдің бəрі теңізге, шетелге барып келді ме? Қапаланбаңыз, есесіне теріңізде əжім азырақ болады 🙃🙃🙃
Себебі теңіздің тұзды суы + күннің UV сəулелері сұлу терінің қас жаулары. Оны теңізден қыдырып келген əріптесіңіздің бетінен байқадыңыз ғой ə))
Биылғы жаз созылғандықтан күннен қорғайтын коемнің тағы біреуін сатып алдым. Əдетте күннен қорғайтын кремнің иісі жаман (спецификалық), теріде алапес аппақ із қалдырады, құрғатады. Ал мына кремді бетке де денеге де жағуға болады, иісі мүлдем жоқ (сəл жағымды иіс қана), жақсылап жақсаңыз ізі қалмайды, теріні ылғалдандырады. Кейбір қыз-келіншектер косметикасыз далаға шықпайды. Ал мен күннен қорғайтын SPF 15 кем емес кремсіз үйден аттап баспаймын 😎
Упс. Бұл SPF кремнің не екенін білмейтін əріптесіңіз))
Ал бұл менің күннен қорғайтын сүйікті кремім)
Шамадан тыс сұлулық психикалық дертке шалдықтыруы мүмкін. Мұндай сырқат түрін Стендаль синдромы деп атайды. Синдром атауына себепкер болған ХІХ ғасырда өмір сүрген француз жазушысы. Иə, сіз генийсіз, ол əрине, Стендаль. Жазушы «Неаполь жəне Флоренция: Миланнан Реджиоға саяхат» атты кітабында 1817 жылы Флоренцияға барған саяхатын сипаттайды. Бұл психикалық ауытқу жүректің жиі қағысы, бастың айналуы, галлюцинациялармен сипатталады. Адам табиғаттың, өнер туындыларының, адамдардың сұлулығына қарап таңданғанда осы симптомдар пайда болады. Иə, сұлулық жойқын күш 👸
Ең мықты камера 120 мегапискель болғанда, адам көзі шамамен 570 мегапиксель екен. Мұндай сұлулықтан менде де Стендаль синдромы болар еді 😜
Косметологияның соңғы қолжетімді дүниелерінен патчтар мен альгинат маскаларын ерекше атар едім. Альгинат маскалары туралы міндетті түрде жазам, кейінірек. Əзірге патчтар туралы
Қазақстандық сұлулық салондарында жасалатын операциялардың жартысынан көбісі көз маңайына жасалады. Осыдан бірер жыл бұрын мен де диспорт жасатқым келетін, патчтерді білмейтін кезімде 🙈🙈 Əйел затының ең тез қартайып, жасын білдіріп тұратын осал тұсы - көз айналасы. Ұсақ əжімдер, көз астының қарауытуы, ісінуі, қабақтың салбырауы мұны ешбір тоналды крем, корректор жасыра алмайды. Операцияға əлі ерте, ал кремдер мен сарысулар қауқары жетпегенде патчтер көмекке келеді. Көз айналасына арналған гидрогельді патчтер не істейді?
көз маңайындағы теріні ылғалдандырады
ұсақ əжімдерді жазады (бірінші қолданыстан-ақ əсерін байқайсыз. Бірақ ұзақ мерзімді нəтижеге жету үшін 20 күндік курсын жасаңыз)
көздің астындағы қара, көк, күлгін көлеңкені жояды
түні бойы ішсеңіз де (шай, мəселен), таңертең 10 минутта ісікті басады
Патчтерді қолдану өте ыңғайлы. Теріні тоникпен сүртіп жұп-жұқа гель тəрізді қанатшаларды жабыстырып жүре бересіз. 15-20 минут ұстаған жөн. Мен əдетте ояна салып жуынған соң жабыстырып үйден шыққанша жүре беремін. Кешке жатарда да қолдануға да болады. Жастық-төсекті былғамайды. Тек алып тастаған соң бір жеңілдеу кремді жаға саламын. Мынау Secret Key өнімдерін жарнамалап қоймады демеңіз, өзім қолданып, сынымнан өткені осылар енді. Иə, корей косметикасына бүйрегім бұратыны да рас. Себебі арзандау əрі əсерлі. Айтпақшы, патчтер бағасы 2800, 3600 теңге.