Қорап жартылай қорғаныс
Бүгін осы тақырыпқа сәл тереңірек тоқталамын. Негізі бұл тактикалық терминнің төл атауы box midfield болып табылады, команданың жартылай қорғанысының орталық аймағында 4 ойыншы қорап немесе тіктөртбұрыш пішінінде позициялық шабуыл жүргізгенде қолданылады.
Қазіргі таңда топ клубтар, әсіресе АПЛ клубтары, арасында кең таралған тактикалық құрал. Жалпы басты мақсаты терең қорғаныста орналасқан командалардың қорғаныс шебін бұзу, ал допты жоғалтқан сәтте ойыншылардың орналасқан структурасының көмегімен контрпрессинг арқылы қорғану, мінсіз жағдайларда допты қайтарып, жаңа шабуылды бастауға мүмкіндік беру керек.
Қағаз бетінде оңай сипатталатын бірақ алаң жиегінде жүзеге асыруға жеңілдікпен берілмейтін әрекеттерді жасауға қорап жартылай қорғанысы қалай көмектеседі? Жартылай қорғаныстың орталық аймағында кем дегенде 1 ойыншыға артық болуы алаңның ортасында үстемдік орнатуға көмектеседі. Бұл өз кезегінде допқа бақылау орнатуды және команданың шабуылды бастау (build up) фазасын жақсартады. Оған қоса ең қауіпті және аз адам жиналатын жартылай қаптал аймақтарында екі ойыншы береді.
Қорап жүйесі сонымен қатар қорғаныстың орнықтылығын rest defence (қалғандардың қорғануы) арқылы күшейтеді. Қарымта шабуылдар қаупі 3-2-5 жүйесінде орналасқан ойыншылар алаңның 5 вертикалді жиегін жабу арқылы сейіледі. Егер жүйедегі 5-ті шабуылдап жатқан ойыншылар десек, қалған 3-2 бестігі қорғаныста қалғандар болып есептеледі. Солардың дұрыс орналасуы, атап айтқанда, қауіпті орталық аймақты компактті блок болып жабу арқылы шабуылдар тоқтатылуы керек.
Төменде түрлі клубтардың қорап жартылай қорғанысын қолдану трансформациясын келтіре кетемін.

👍2👏1
«Ман Ситидің» олжалы маусымы Гвардиоланың 3-2-5 жүйесіне орталық қорғаушы көмегімен ауысқаны жеңістердің негізі болғаны анық.
Олардың тен Хаг бастаған көршілері достық кездесулерде жүйенің дәл сондай түрде трансформациясымен ойнай бастаған, жаңадан келген қақпашының әсері бірден көрініп тұр.
«Арсенал» маусым бойы Зинченконы тіреуші қасына жылжытып, жалған фулбэк рөлінде ойнатқан. Осы маусымда енді қасында жиірек Парти емес Райс ойнайтын сияқты.
«Ливерпуль» ТАА-ның Зинченко рөлін ойнай бастауымен 8 ойын қатарынан жеңген болатын, осы маусымда бұл жүйе негізгіге айнала ма жоқ па деген тағы бір қызықты сұрақ.
«Барселона» трансформациясы ең өзгеше болып келеді. Гави/Педри шабуылдың қапталында бастап, сол жартылай қапталға ойысады, ал бос қаптал толығымен жүйрік Бальдеге қалатын.

👍7❤🔥1🔥1
АПЛ 2023/24 маусымына болжам
1. «Манчестер Сити»
Қазіргі таңда әлемдегі ең мықты команда қағаз бетінде чемпиондыққа айқын фаворит, оған қоса Гвардиола ұзақ мерзімді жарыстардың атасы. Тек Гюндоган және Марез сынды көшбасшылардың кетуі команда үшін тым үлкен ысырап болмай ма?
Эрлинг Холланд ойынымен таныс болған қорғаушылар үздік сұрмергенді тоқтата ала ма? Бірақ ең басты сұрақ: «Ман Сити» АПЛ олжасын 4 рет қатарынан жеңген алғашқы клуб атана ма?
2. «Арсенал»
Артета шәкірттері алдыңғы маусымда құрамның тұрақтылығы мен сол ойыншылардың үйлесімділігі арқасында чемпиондық жарыстың негізгі демеушісі болды. Алайда негізгі құрамның тереңдігі істі соңына дейін жеткізуге мүмкіндік бермеді.
Жасалған трансферлер құрамның тереңдігіне қажетті сапа береді, бірақ негізгі 11 алдыңғы маусымдағыдай тұрақты болмайтыны анық. Бұл жағдай «Арсеналға» чемпиондыққа жол аша ма әлде нәтижелердің де тұрақтығына кері әсер бере ме?
3. «Манчестер Юнайтед»
Команда Эрик тен Хагтың ойын жүргізу қағидаттары жағынан айтарлықты жақсаруы керек. Андре Онананың пас беру шеберлігі шабуылды бастау кезеңінде көмектессе, жоғарыда Мейсон Маунттың допсыз да, доппен де белсенді қозғалу қасиеттері Бруну Фернандештің креативті машықтарын толықтырады.
Алдыңғы маусымда «Юнайтед» 71,9 xG көрсеткішін тек 58 голға айналдыра білген, осыған байланысты клубтың жаңа шабуылшысы Расмус Хойлунд голдар соғу мәселесін шеше ала ма? - деген сұрақ туындайды. Ал бапкер трансферлік кезеңде көрсеткен сенімді ақтай ала ма?
4. «Ливерпуль»
Клопп жаңа маусымда өзінің 3-ші командасын құрғалы жатыр. Кайседо (?) Мак Аллистер және Собослаи өте мықты жартылай қорғаныс болып көрінеді, алайда Клоппқа келген ойыншылардың көбісі белгілі бір уақыт адаптация өтеді.
Клубта Эллиот пен Джонс болғанымен Фабиньо мен Хендерсон кетуі жаңа ойыншыларға адаптацияға уақыт қалдырмайды, сондықтан бірден деңгейдегі ойын көрсетулері қажет. Юргеннің әлі де құратын жаңа жартылай қорғанысы прессингті және ең бастысы нәтижелерді дұрыстауға қажетті сапа бере ме?
P.S.
Бұл АПЛ маусымының болжамына арналған посттардың біріншісі ғана, жалпы бұл тақырыпқа 3 мәтін және топ-8 команда жайлы жазу жоспарланған. Сондықтан өз пікірлеріңізбен және болжам тізімдеріңізбен бөлісіңіз.
P.P.S.
Басқа еуропалық чемпионаттарға да болжамдар жасаймын, бірақ топ-4 командамен шектелетін боламын.

❤9👍1🔥1
АПЛ 2023/24 маусымына болжам (2)
5. «Ньюкасл Юнайтед»
Эдди Хау командасы жаман емес трансферлік кезең өткізді. Харви Барнс қарымта шабуыл мен позициялық шабуылдауда үйлесімді ойыншы, Сандро Тонали құрамның орталық аймақтағы тереңдігі мен сапасын күшейтеді. Ал Тино Ливраменто алдыңғы маусым бойы жарақаттанған болғанына қарамастан, дарынды ойыншы екені айқын.
Бірақ клуб ең осал орталық қорғаушы позициясын күшейтпегені үлкен қауіп тудырады. Бапкердің тәжірибесі мен құрамның тереңдігі чемпионат пен Чемпиондар Лигасында интенсивті әрі сәтті ойын көрсетуге жеткілікті бола ма?
6. «Челси»
Маурисио жастарға сенеді. Біз Маурисиоға сенуіміз қажет. Трансферлік терезе кезінде жақсы тазалау жұмысын өткізді, бірақ Маунт сияқты кейбір ойыншылардың кетуін қаламағыны да бар. Ойын сапасы алдыңғы маусымға қарағанда жақсаратыны анық және клуб еурокубоктарға қатыспауы арқасында үлкен басымдыққа ие.
Алайда «Челси» жақсы нәтижелерге күресуге үміткер атанғысы келсе шабуылшы мен орталық аймаққа ойыншы алу керектігін еске салайын. Жас команданың көшін бастайтын ойыншы кім болады? Көшбасшы жетелеген нәтижелер қаншалықты жоғары болады? Боули тек ойынның сапасы жақсарғанына қанағаттана ма?
7. «Брайтон»
Клуб әдеттегідей көшбасшыларын жоғалтып, олардың орнына сәтті алмастыру жасап, ойын сапасын жоғалтпай, керемет нәтижелер көрсете алатындығына сенемін. Бірақ осы маусымдағы жағдай Еуропа Лигасымен күрделенеді.
«Брайтон» бұндай қиындықтарға дайын болып көрінеді, себебі құрамның тереңдігі мен теңгерімі трансферлер арқылы күшейтілген. Жоау Педро мен Эван Фергюсонның потенциалды дуэтіне және Билли Гилмордың Кайседоны алмастыруына міндетті түрде назар салу қажет. Басты интрига: Де Дзербиді маусым басында ешбір топ клуб алып кетмей ме?
8. «Астон Вилла»
«Вилланың» жасаған трансферлеріне қарап, көбісі маусымды топ-6 кейбіреулері топ-4 командалар ішінде аяқтайды деп болжамдап жатыр. Мен бұндай пікірлермен келісе алмаймын. Эмери команданы өзінің ойынына аз уақыт арасында үйрете алып, нәтиже бере алды.
Бірақ Эмери және команда бірқатар клубтардың кешіп жатқан дағдарысын сәтті қолданып қалғанын ұмытпаған жөн. Сондықтан келген ойыншылармен «Астон Вилла» алдыңғы маусымда жеткен жақсы нәтижені тек қайталай алады деп ойлаймын. Пау Торрес АПЛ-дың мықты шабуылшыларына төтеп бере ала ма? Юри Тилеманс немесе Дуглас Луиз? Мусса Диаби Бундеслигалық салық төлей ме?

👍8
АПЛ 2023/24 маусымына болжам (3) немесе «Тоттенхэм» қайда?
9. «Тоттенхэм»
Даниэл Леви жазда жаңа жоба бастауды ұйғарды. Антонио Контенің сәтсіз маусымынан кейін бас бапкер лауазымына Анже Постекоглу келді. Постекоглу жүйелі ойынды үйлестіретін бапкер екені айқын. Нақтырақ айтатын болсақ, оның футболын допқа иелік ету, позициялық шабуылдау мен прессинг деп сипаттауға болады. Анже қоятын заманауи футбол Конте футболынан өте алыс екені туралы айту керек емес шығар.
Менің ең басты күмәнім Антонио Конте ойынына жиналған футболшылардың жаңа бапкердің ойын суретіне үйлеспеуіне байланысты туындайды. Анже екі қапталда да жасанды фулбэкпен ойнайды, Конте жүйесінде ол позицияларда қапталды толығымен жабатын латеральдар ойнаған. Ал орталық қорғаушылардың көбісі үштік жүйесінде ойнауға бейімделген. Оған қоса, маусымда тұрақты 20+ гол соғатын сұрмергендерінен айырылғандары да бар.
Бірақ Леви бапкерді қолдау көрсетіп жатқаны анық. Постекоглу ойынына жақсы келетін дарынды қорғаушы Ван де Вен алынды, орталық аймаққа шабуылдарды жандандыратын Джеймс Мэддисон келді. А сериясынан келген аяқпен керемет ойнайтын Викарио қақпаны қорғайтын болады. Құрамның жаңа бапкер стиліне қарай өзгерісі осындай позитивті динамикамен өтіп жатқанына қарамастан, Контеболлдан Анжеболлға бір трансферлік терезеде өту мүмкін емес сияқты.
Сонымен қатар Постекоглу бейімделуді жек көретін бапкер сияқты болып көрінеді. «Селтик» клубын басқарғанда еурокубоктарда өз дегенінен таймай, доминантты ойын тұрғысында ойнауға тырысқан. Толыққанды дайын болмаған құраммен АПЛ-да дәл солай әрекет ету – өте қауіпті шешім. Осыған байланысты оларға аса қатты сенбеймін.
Лондондықтарға топ-6 команда тізіміне кіру үшін біршама жақсы командалардың сүрінуін күту керек. «Тоттенхэмге» қарсы жоғары нәтижелер үшін күресетін клубтар өз жобаларының басқа даму сатысында болса, «Тоттенхэм» өз жобасының бірінші қадамдарын басқалы жатыр.

❤🔥4
Ла Лига 2023/24 маусымына болжам
1. «Барселона»
Қаржылық қиындықтар аясында команда құрамы күшеймеді, ал кейбіреулер біршама әлсіреп қалды деп айтуы мүмкін. Бірақ қарсыластардың асып күшейгендерін көріп жатқан жоқпын. Бастысы құрамның негізгі қаңқасы сақталған.
Дембеленің орнын Рафинья жаба алады, ал Бускетс қалдырған тесікті Ромеу мен Гюндоган бірлесіп жамайды. Жалпы Гюндоган трансферіне қатты сенемін, тек Бускетс орнын ғана емес қорап жартылай қорғаныстың әр позициясында ойын көрсете алады. Ең басты сұрақ: «Барселона» Чемпиондар Лигасының шешуші кезеңдеріне жетсе, Ла Лиганы қатар алып жүре ала ма?
2. «Реал Мадрид»
Бұл маусым «Мадрид» үшін өтпелі болатын сияқты. Карло Анчелотти өте қызықты тактикалық тәжірибе жасауға бел буғанын маусым алдындағы дайындықтан көрдік. «Милан» кезінен еске түскен 4-4-2 ромб жүйесі жұлдыздардың барлығына ыңғайлы рөл беріп, команданың тепе-теңдегін сақтап қалады.
Бұл жүйедегі басты рөл жаңадан келген жас жұлдыз Джуд Беллингемге беріледі. Ол Винисуис және Родриго арасына кіріп, шабуылға қосылу керек. Сондықтан Джудтан көп нәтижелі көрсеткіш күтемін. Зиданның нөмірін алған Беллингем сенімді ақтап, Зидандай ойын көрсете ала ма? Анчелотти ойластырған тәжірибе қаншалықты сәтті болады?
3. «Атлетико Мадрид»
Әлем чемпионатынан бері келе жатқан ойын суретіне сай келетін бірнеше жақсы ойыншы келді. Аспиликуэта, Галан және Суюнджу алдыңғы маусымда құбылмалы болған қорғанысқа позитивті әсер беру қажет.
Оған қоса, жүйенің трансформациясы үшін маңызды ойыншы Карраско әлі де клубта. «Атлетикодан» жаңа ойын жүйесі аясында дамуды жалғастырып, әдемі ойын көрсетеді деп сенемін. Соңғы рет Симеоне гибридті жүйе қолданғанда чемпион атанған, осы жолы оқиға қайталана ма?
4. «Реал Сосьедад»
Имануил Альгуасил келген сәттен бастап «Сосьедад» Испаниядағы ең тұрақты ұжымдардың бірі деуге болады. Давид Сильвадан ауыр жарақатқа байланысты клуб қана емес, футболдың өзі айырылғаны өкінішті-ақ. Жас дарындарға толы басктік клуб Чемпиондар Лигасы үшін күресте жеңімпаз болып шығуы керек.
Олардың жарыстастары «Вилльяреал» Пау Торрес, Никлас Джексон және Самуэл Чуквезе сынды жақсы футболшылардан айырылып жатыр. Ал «Реал Бетистің» көшбасшысы Фекир кезекті жарақатын емдеп жатыр. Апта ортасында болатын Чемпиондар Лигасының ойындары клубқа Чемпиондар Лигасына түсуге бөгет болмай ма?

🏆5❤1
Бундеслига 2023/24 маусымына болжам
1. «Бавария»
Чемпиондық жарыстың тізгіні әдеттегідей толығымен Мюнхендіктердің қолында. Юллиан Нагельсманды Томас Тухельге ауыстыру шешімі алдыңғы маусымда олжадан айырулыға алып келе жаздады. Ең бастысы клубта бұл шешімді қабылдаған адамдар қазір жұмыс істемейді. Сондықтан Бундеслигада сенсация күтудің қажеті жоқ деп санаймын.
Мусиала алдыңғы маусымдағы қарқынын жалғастырады деген ойдамын. Горетцка өзіне қатысты бапкердің жаңа талаптарына бейімделе ме немесе негізгі құрамдағы орны Конрад Лаймерге өте ме? Лерой Сане жұлдыз статусын ақтай ма? Алайда ең қызықты сұрақ келесідей: «Кейннің олжасыздық қарғысы немесе «Баварияның» доминациясы басым бола ма?»
2. «РБ Лейпциг»
Клуб жазғы кезеңді жақсы өткізді. Кеткен көшбасшыларын жас дарынды ойыншылармен алмастыра алды. Хави Симонс 4-2-2-2 жүйесіндегі қапталдағы 10-дық позициясында жаңадан ашылатындай көрінеді. Лоис Опендадан көрі Тимо Вернермен бірге шабуылда Бенжамен Шешко көбірек үйлеседі деп ойлаймын, әрине, «Лейпцигтің» шабуыл құрамын жиі ауыстыратын жүйесінде барлығы біршама уақыт ойнайтыны анық.
Тек Гвардиолдың орнын басатындай қорғаушы деп Лукебаны да, Битшабуды да айтуға келмейді. Екеуі де тым шикі ойыншы. Арасынан біреуді таңдау керек болса, Лукебаға көбірек сенемін. Құрамдық үлкен өзгерістер «Ред Булл» жүйесінің кезекті рет нәтиже беруге тосқауыл болмай ма? Марко Розе өзін тек дарынды бапкер емес, жоғары нәтижелер үшін күресе алатын маман екенін дәлелдей ме?
3. «Боруссия Дортмунд»
Алдыңғы маусымда xG-ді алдаған жалғыз «Унион» ғана емес, «Дортмунд» та бірталай артық ұпай алып кеткен. Олар Бундеслигада 64,69 болжамды ұпайға иеленген, бұл көрсеткіш бойынша олар «Бавария» мен «Лейпцигтен» кейін 3-ші болған. Ал іс жүзінде чемпион бола жаздады, яғни көзге айқын көрінетін «оверперфоманс».
Беллингемдей негізгі ойыншы кетуімен осы маусымда лайық болатын көрсеткіштерден жоғарырақ нәтиже беруі екіталай. Келген Марсель Забитцер жақсы, сапалы ойыншы, бірақ Беллингемді толыққанды алмастыра алмайтыны бәріне түсінікті. Эдин Терзич бастаған жігіттер Ройсқа қайтадан жалған үміт сыйлай ма әлде олжа сыйлай ма?
4. «Байер Леверкузен»
«Фармацевттердің» негізгі қаруы қарымта шабуылдан позициялық шабуылға ауысу қажет. Хаби қолында Хоффман және Гримальдо жаңа ойын суретін енгізуге көмектесетін басты құралдар болады. Бірақ команда өтпелі фазаларда жылдам шабуылдарды ұмытады деген тұжырым дұрыс болмас, қайтсе де команда Бундеслигада ойнайтынын ұмытпайық.
Фримпонгқа жаңа ойын стилі қаншалықты жағады? Виртц жарақаттардан аман қалып, өз потенциалын толығымен көрсете ме? Негізгі шабуылшы кім болады? Хаби Алонсо «Реал Мадрид» деңгейіндегі бапкер екенін көрсете ала ма? «Байер» маусым алдында чемпионаттың ең қызықты командасы болып көрінеді.

👍4
Лига 1 2023/24 маусымына болжам
1. «ПСЖ»
Түсіндірудің де қажеті жоқ деп ойлаймын. Клубта үлкен өзгерістер орын алып жатыр, жаңа жоба өз бастауын алды. Жаңа ойын стилі енгізілу үдерісі жүріп жатқанына, сонымен қатар ішкі шиеліністер шешілмей жатқанына қарамастан құрамның ресурсы чемпиондықты алып береді.
Рамуш келуімен шабуылда қысым көрсету мен жүгіруден ерінбейтін ойыншы әйтеуір пайда болды. Шкриньяр Энрике ойынына үйлеспейтін сияқты, ал Угарте Бускетс болмаса да, бапкер оған ыңғайлы рөл тауып беруі керек. Оң қапталда Испания құрамасынан таныс Асенсио немесе жұлдыз Дембеле негізгі ойыншы бола ма? Энрике команданы маусым бойы сергектік танытуға көндіре ала ма?
2. «Лилль»
Алдыңғы маусымның болжамды ұпайлар (хР) бойынша чемпион атанған команда тұрақты ойын көрсетуді жалғастырады деп ойлаймын. Команда құрамы жас және қызықты ойыншыларға толы. Канадалық шабуылшы Джонатан Дэвид, «Юнайтед» түлегі Эйнджел Гомес жаңа деңгейге шығып, топ клубқа ауысуға мүмкіндік алу керек. Джонатан Веа жолды ашып берді.
Орталық аймақта допты жұлып алатын тәжірибелі Андре және креативтілік жағынан Мессимен жарысқан Кабелья бар екенін ұмытпайық. Паулу Фонсека кезекті рет әдемі ойын көрсететін ұжым құрып жатыр. Осы маусымда болжамды ұпайларды ғана емес шынайы ұпайларды иелене бастай ма? 2 маусым бұрын болған ғажап қайталану мүмкін бе?
3. «Ланс»
Франк Эс командасы керемет маусымнан кейін трансферлік кезеңді таланбай өтіп келе жатыр. Негізгі ойыншылардан Секо Фофана мен Лои Опенда ғана кетті. Көп ойыншылардың кеткеннің өзінде команда шашырап кетпейтін еді, себебі «Ланстың» керемет нәтижелерге жетудің басты себепкері Франк Эстің өзі.
Ұжымның көбісі клубта қалуы Чемпиондар Лигасында сапалы ойын болатындығына байланысты үлкен үміт туғызады. Екі жарысты қатарынан алып жүру команда мен бапкер үшін нағыз сынақ болайын деп тұр. Сенсациялық «Ланс» еуропалық көктемге ішкі чемпионатқа кері әсерсіз жете ала ма?
4. «Марсель»
Клуб кеткен Игор Тудордың орнына Марселино Торальды шақырды. Екі бапкердің бір ғана ұқсастығы бар, ол – физикалық дайындыққа үлкен көңіл бөлу. Басқа жақтары бойынша тек айырмашылықтарды ғана келтіруге болады. Тудор қорғаушы үштігімен ойнаса, Марселино Ла Лиганың сүйікті 4-4-2 жүйесін қолданады. Бұрынғы бапкер агрессивті жеке прессингпен ойнаса, жаңа бапкер компактті орташа блокта қорғанады.
Трансферлерден сол қапталда ойнайтын таза қорғаушы Ренан Лоди, шабуылдаушы жартылай қорғаушы Малиновский (Марселино жүйесінде шабуылшы рөлінде ойнауы мүмкін) орталық жартылай қорғаушы Кондогбия және Исмаилла Сарр вингерін атап өтуге болады. Команда жаңа ойын жүйесіне қаншалықты тез үйренеді және бұл ойын жүйесі қажетті нәтижелерге жеткізе ала ма?

❤1👍1🔥1
Серия А 2023/24 маусымына болжам
1. «Интер»
Миландық клуб Онана, Шкриньяр Брозович және Джекодан айырылды. Бұл тізімге ойыншының «Челсиге» тиесілі болғанына қарамастан, Ромелу Лукакуды да қосуға болады. Беппе Маротта жоғары деңгейдегі спорт директор статусын ақтап жатыр. Өкінішті қаржылық жағдайға бейімделе алып, кеткен ойыншылардың орнын бос қалдырмады.
Әрине, келген Соммер, Фратези, Тюрам және Аугусто құрамды күшейтпейді, бірақ құрам сапасы алдыңғы маусымның деңгейінен аса қатты төмендемейді. Жалпы Мароттадан басқа Индзагиді де мадақтап кету қажет, маусым сайын жақсы ойыншылар кетіп жатса да, ойын сапасын тұрақты деңгейде ұстауда. Тұрақты ойынды ұйымдастыратын Чалханоглу, Мхитарян және Барелла үштігі «Интерді» скудеттоға алып келе ме?
2. «Наполи»
Көптеген болжамдарға сәйкес чемпиондық ұжым осы трансферлік кезеңде түрлі клубтарға шашырап тарап кетуі керек еді. Алайда негізгі 11 ойыншы арасынан Ким мин-Дже ғана кеткен және ротацияның маңызды бөлігі болған Ндомбеленің кеткенін атап өтуге болады. Бастысы Хвича мен Осимхен өз орындарында.
Бірақ қазіргі футболда ең маңызды адам – бас бапкер, десем, қателеспеймін. Руди Гарсия футбол қауымдастығымен жете бағаланбаған бапкерлердің бірі болып көрінеді, «Манчестер Ситиді» Чемпиондар Лигасынан ұшырған «Лион» осы маманның жобасы. Спалетти қойып кеткен жоғары стандарттарға жаңа маусымда «Наполи» сай бола ала ма?
3. «Милан»
Чемпиондар Лигасының жартылай финалисттері трансферлік кезеңде жақсы жұмыс жасаған. Рафаэль Леауға шабуылдауға енді Кристиан Пулишич пен Самуэль Чуквезе көмектеседі. Сандро Тоналиді «Ньюкаслге» оңайлықпен жіберу амбицияларының аздығының көрсеткіші деп айтуға болады. Бірақ итальяндық ойыншыны қомақты сомаға сату – жақсы бизнес деп ойлаймын, себебі оның ойын қабілеттерін алмастыру аса қиыншылық туғызбау қажет. Бірақ клубқа деген сүйіспеншілігін келген ойыншылар алмастыра ала ма?
Клуб басшылығы арасында орын алған шиеленістер Стефано Пиоли позициясына әсер еткен жоқ. Алайда жаңа маусым бапкер үшін шешуші екені барлығына түсінікті. Пиоли артылған үмітті ақтай ала ма әлде одан талап етілетін нәтижелер «Милан» үшін қазіргі жағдайда тым жоғары ма?
4. «Ювентус»
Алдыңғы маусымда Аллегридің ойыны қазіргі футболда қажетті нәтиже бере алмайды деген пікірлер көбейіп кетті. Аллегри командалары көрсететін ойыны қаншалықты көзіңізге жағымсыз болып көрінсе де, бұл ойын әлі де нәтиже бере алатын сияқты. Бапкердің өзі де біршама өзгерістерге дайын болғандай көрінді, жас ойыншыларға сенім артып, мүмкіндік бере бастады.
Осы жолы ешбір сыртқы әсерсіз көрсеткен нәтижесі чемпиондық болмаса, клуб басшылары: «Аллегри жарайсың! – деп қанағаттана ала ма? Әлде қазіргі «Ювентус» үшін Чемпиондар Лигасына оралу жеткілікті ме?
Бонус: «Удинезе» кесте ортасында
Клуб алдыңғы маусымда орта деңгейдегі клуб үшін орнықты ойын өткізді. Болжамды ұпай бойынша 11-ші болып, турнирді 12-ші орында аяқтады. Бірақ маусым басында чемпионат грандтары «Интер», «Рома» және «Лацио» сияқты командаларды жеңіп, жалынданған сәттері де болған. Жалпы өткен маусымда келген Соттил қандай бапкер екені түсініксіз, мансабындағы бірінші маусымның нәтижелерімен бағалаған дұрыс болмас.
Трансферлерден МЛС-тан келген Бреннерді атап өтуге болады. Бреннер 23 жасар бразилиялық шабуылшы. МЛС-тың 2022 маусымына 18 гол және 6 ассист жасаған, осы өтіп жатқан маусымында жарақат үшін тек 8 ойынға қатысып, 1 гол соққан. Негізі «Удинезе» Еуропа алаңында трансферлермен күн көретін клуб ретінде танылған. Бірақ соңғы шулатқан трансфері Мессидің жеке күзетшісі Родриго де Пауль болған. Мүмкін жаңа маусымда Бреннер клубтың кезекті кіріс әкелген сатылымына айналар?

❤3
Тым көп футбол болу мүмкін бе?
Жаңа маусымның АПЛ және басқа ағылшындық чемпионаттардағы алғашқы ойындарында төрешілер ойындарға асыра көп уақыт қосқандары көздеріңізге түскен болар. Өткен әлем чемпионаты уақытына оралғандай сезінесің. Аталған өзгерістер футбол ережелерін бақылайтын және реттейтін ұйымның нұсқаулығымен енгізілген (IFAB).
IFAB-тың соңғы нұсқаулығына сәйкес төрешілерге доптың ойында болатын уақыт мөлшерін көбейтумен қатар қосымша уақытты дәлірек есептеу міндеті қойылды. Осыған байланысты «Ньюкасл» мен «Вилла» арасындағы ойынының 1-таймына 10 минут қосылған, ал «Тоттенхэм» және «Брентфорд» үзіліске шығу үшін қосымша 11 минут ойын көрсеткен.
АПЛ ойындары алдыңғы маусыммен салыстырғанда 3 минут және 5 секундқа көбірек болса, доптың ойында болған уақыты 3 минут 18 секундқа артты. Чемпионшипта матчтар 3 минут 58 секундқа ұзарса, доп ойында 5 минут 18 секундқа көбірек болды.
Келтірілген статистиканың іріктелген деректері аз болғанына байланысты әзірше ешбір қорытынды жасай алмаймыз. Мүмкін футбол басшыларына басты ауыртпай таза уақытқа өту керек шығар?
Рафаэль Варан жаңа өзгерістерге қатысты пікірінде: «Бапкерлер мен ойыншылардың атынан біз көптеген жылдар бойы тым көп матчтар туралы алаңдаушылықтарымызбен бөлістік – кесте шамадан тыс жүктелген және бұл ойыншылардың физикалық және психикалық денсаулығына қауіпті.
Алдыңғы пікірлерімізге қарамастан, олар келесі маусымға келесі ұсыныстар берді: ойындардың ұзаруы, қарқындылықтың көбеюі және ойыншылар эмоцияларын азайту керек. Біз өз клубымыз бен жанкүйерлеріміздің алдында 100% дайын болып, алаңда жақсы ойын көрсеткіміз келеді. Олар біздің пікірімізді неліктен тыңдамайтыны түсініксіз», - деп айтқан.
Француз ойыншысының сөзінде жаны бар. Табысты көбейту мақсатында жасанды жарыстар құрылып жатқаны және футбол ойындары көбейіп жатқаны ақиқат нәрсе, соның әсерінен көптеген ойыншылар маусым басталмай жатып ауыр жараққаттар алып жатыр. Олардың қатарында Юрриен Тимбер, Эми Буэндия, Кристофер Нкунку және қос Реал ойыншылары Куртуа мен Милитао.
Футбол басшылары бұл мәселеге Кристиан Эриксенмен болған жағдайдың қайталануына дейін жеткізбей назар аударса, жақсы болатын еді.

👍7
Робот футболшылар
Алдыңғы постта Варан енді футболшылардан азырақ эмоция көрсетуді талап етеді деп айтқан. Француз қорғаушысы бұл сөзбен нені меңзеп тұр? Жаңа нұсқаулықтарға сәйкес төрешілер олардың шешімдеріне наразылық көрсеткен ойыншыны/бапкерді сары қағазбен жазалау құқығына ие болды.
Өткен апта ойындарындағы кез-келген тәртіпсіздік сары қағазбен жазаланғандай көрінді. Жалпы алғанда, 2023/24 маусымының 1-ші турында 42 сары қағаз тіркелді, әр ойынға орташа есеппен 4,2 сары қағаз көрсетілуі бұл – Премьер-Лиганың басқа маусымдарынан оңайлықпен асатын көрсеткіш. Бұндай қарқын маусым бойы жалғасса, дисквалификациялар көрсеткіші Бундеслигада соғылатын голдар санымен жарысатын сияқты.
Футболмен таныс әрбір адам алаңдағы ойын эмоциясыз және әсерсіз өтпейтінін біледі, ойыншы немесе команданың мүшесі сол эмоцияларды көрсетуі табиғи, адамға тән нәрсе. Ал ең жоғары нәтиже үшін күресетін футболшылар да қарапайым адам екендерін ұмытпаған жөн.
Оған қоса, төрешілер де қателеспейтін мінсіз жаратылыс емес. Сәйкесінше бұндай әрекетпен наразылықтар мен даулардан арылу мүмкін емес. Қателеспесем, «Ньюкасл» және «Челси» ойыншылары оларға қарсы дөрекі ойнаған және ойын ережесін бұзған футболшыларды ешбір агрессиясыз, тіпті белсенді әрекет түріндегі емес қағазбен жазалауды сұрағандары үшін өздері сары қағаз алды.
Әрине, өзгерістер арбитрларды қорғау мақсатында енгізіліп жатқаны түсінікті. Өткен маусымның Бруно Фернандеш төрешіні итергені үшін жазаланбай, өз кезегінде Александр Митрович дәл сондай әрекет үшін алаңнан қуылғанына байланысты көптеген даулар болған. Бірақ төрешілерді қорғаныспен қамтамасыз ету үшін оларды «сөз және эмоция елемейтін құдай» қылудың қажеті жоқ.
Футболшылардан эмоциясыз, тек футбол ойнауды талап ету мүмкін емес. Футболдың әр бөлігі – эмоция. Пас бергенде оны сәтті орындай алған ойыншы сәл болса да қуанады, ол пасты түсініп қойған футболшы басында қуанып, содан кейін соңына дейін жете алмағаны үшін қапа болады. Осындай ең қарапайым бір әрекетке байланысты түрлі эмоция туындап жатса, маңызды ойынның соңғы минуттарында даулы шешім орын алып жатса, ойыншылардан қалайша наразылық танытпауды сұрауға болады?

🔥7
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Челси» АПЛ-дың қаржылық ережесін бұзды ма?
Бүгінгі пост соңғы үш трансферлік кезеңде екі рет британдық трансферлік рекордты жаңартқан «Челси» Премьер Лиганың Кірістер және Тұрақты даму реттеулерін (Premier League’s Profit and Sustainability rules) қаншалықты ұстанып жатқанына арналады.

Better call Sula
«Челси» АПЛ-дың қаржылық ережесін бұзды ма? Бүгінгі пост соңғы үш трансферлік кезеңде екі рет британдық трансферлік рекордты жаңартқан «Челси» Премьер Лиганың Кірістер және Тұрақты даму реттеулерін (Premier League’s Profit and Sustainability rules) қаншалықты…
«Ливерпуль» «Челси» клубына Мойзес Кайседо үшін жарысты жеңіліп қалды, сонымен қатар жаз бойы саудаласып алып келе жатқан Ромео Лавианы да «Челсиге» беріп қойды.
Осы трансферлік сагалар орын алғаннан кейін, «Ливерпуль» клубының басшылары Премьер Лигаға лондондық клубтың қаржылық есептеріне назар аударуды сұрады.
Олардың пайымдауынша, үш трансферлік терезеде 800 миллион фунт стерлингтен астам сомаға трансферлер жасау – Лиганың қаржылық ережелерін бұзады.
Ал «Челси» өз кезегінде трансферлік алаңда соңғы сөзін айтып болмаған сияқты, белді дереккөздерге сәйкес клубқа Майкл Олисе қосылуы ықтимал.
«Ливерпуль» басшылары көтерген мәселе өздерінің жеке жеңілісімен уәждемелі болғанымен, өте орынды сұрақ екені айқын. «Челси» Ағылшын Премьер Лигасының қаржылық реттеулерін бұзды ма?
Қысқаша айтқанда, клуб ешқандай заңсыз әрекеттер жасамаған, тек бар саңылауларды сауатты қолданған.
Боули футбол әлеміне жарқ етіп кірген. УЕФА-ның қаржылық фейр плей ережелеріндегі олқылықты тауып, оны ессіз ақша құртып пайдаланған. Саңылауды асыра қолданғанның әсерінен УЕФА тіпті реттеулерді өзгертуге мәжбүр болған.
«Челсидің» қаржылық реттеулерді сақтау стратегиясы ойыншылармен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасуға бағытталған. Өз кезегінде осы жағдай клубтың бухгалтерлік есептерінде трансферлік төлемдердің құнын ұзақ мерзімге бөлуге алып келеді – бұл процесс амортизация деп аталады. Боули алған ойыншыларын ұзақ мерзімді келісімшартқа отырғызу арқылы елеулі ақша жұмсай алды.
Мәселен, Кайседо трансферіне 115 миллион фунт стерлинг жұмсалған. Бірақ контракт мерзімі 8 жыл болғандықтан, клубтың есептерінде осы трансфер сол 8 жыл бойы 15 миллионға жетпейтін сома шығын ретінде тіркеледі.
Одан басқа клуб көптеген ойыншыларды сату арқылы кіріс алғанын және жалақы тізімдемесін елеулі түрде босатқанын атап өткен дұрыс.
Премьер Лига бұл саңылауды ойыншыларға келісімшарттарды максималды тек бес жылға жасасуға рұқсат беру арқылы жоюға ниетті.
Еуропалық футболдың басқарушы органы мұндай ережені жаздан бастап енгізген, бірақ Челси осы маусымда Еуропада ойнамайтындықтан бұл ережелер оларға таралмайды.
Мүмкін Боулидің кемеңгерлігі соншалық, көбірек ақша құрту үшін клубты әдейі еурокубоктарға жеткізбеген болар?

⚡4
ФА берген ең ұзақ дисквалификациялар:
• Джоуи Бартон ұтыс тігу мен құмар ойындарға қатысты ережелерді бұзғаны үшін 13 айға шеттелген.
• Эрик Кантона «Кристал Пэлас» жанкүйерін кунг-фу стилінде тепкені үшін 9 ай бойы футболға байланысты белсенділіктерге қатыса алмаған.
• Марк Боснич кокаин тестінің сәтсіз нәтиже көрсеткеніне байланысты 8 айға дисквалицияланған.
• Айвен Тоуни ұтыс тігу регламентін бұзғаны үшін 8 айға футболсыз қалды.
• Рио Фердинанд есірткі тестін өткізіп алғаны үшін 8 айлық дисквалификациямен жазаланды.
Айвен Тоунидың жаңадан берген сұхбаты мен Лукас Пакетаның ұтыстармен болжамды байланысы жайындағы жаңалықтар осы мәліметті өзекті еткен сияқты.
Тоуни сұхбатта дисквалификацияның өзінің өміріне қалай әсер еткенін және болашақ жоспарларымен бөліседі. Алдыңғы АПЛ маусымында 20 гол соғып, үшінші үздік сұрмерген болғанын ұмытпаған жөн. Егер осы шеттетуден кейін өз бабына оралса, ағылшындық топ клубта көруіміз әбден мүмкін деп ойлаймын.
Ал бразилиялық ойыншыға келетін болсақ, оның ойындарына отбасы мүшелері сары қағаз алатынына ұтыс тіккен деген айыптар тағылып жатыр. Бұндай медиа жанжалдан кейін тіпті Пакетаның «Ман Ситиге» трансфері тоқтатылған сынды.
Айвен Тоуни өзінің кінәлі екенін мойындап, ұтыс тігуге тәуелді болғанын айтқандықтан ФА асыра ауыр жаза бермеген. Пакетаның кінәлі екендігі дәлелденсе, жазасы қаншалықты ауыр болады деп ойлайсыздар?

YouTube
Ivan Toney Finally Opens Up About His Ban & Reveals His Preferred Future Team!
He has previously said that he would “speak soon with no filter”, for Ivan Toney that time is now.
00:00 Intro
02:02 What Made Ivan Toney?
04:57 Bouncing Back from Rejection & Going to Newcastle
10:59 High-Paid & Mixing with the Wrong Crowds
12:15 Advice…

😨3
Чемпиондар Лигасы 2023/24
Бүгін жаңа маусымның Чемпиондар Лигасының топтық кезеңнің жеребесі өтеді. Соған орай еуропалық футболда ең қалаулы олжа үшін басты үміткерлермен танысайық. Букмекерлердің коэффициенттік белгілеуі бойынша топ-10 фаворит команданы келесі тізім құрайды.
1. «Манчестер Сити» — 3,1
2. «Бавария» — 6,00
3. «Реал Мадрид» — 9,5
4. «Арсенал» — 11,00
5. «Барселона» — 13,00
6. «ПСЖ» — 15,00
7. «Манчестер Юнайтед» — 17,00
8. «Наполи» — 21,00
9. «Ньюкасл» — 21,00
10. «Атлетико Мадрид» — 26,00
10. «Интер» — 26,00
Келтірілген тізім клубтардың Чемпиондар Лигасын жеңу ықтималдығын объективті түрде бағалаған деп ойлаймын. Алайда Чемпиондар Лигасы сынды жарыстарға болжам жасау өте қиын, себебі турнирдің өткізілу нысаны көптеген құбылмалы элементтерді қамтиды.
Жеребе қай клубтарды бір-бірімен ұштастыратыны, плей-офф кезеңінде командалардың бабы қандай болатыны, маңызды ойындардағы төрешілердің шешімдері – қай команда еуропалық чемпион атанатындығына тікелей әсер етеді.
Аталғандардың барлығы – бұл олжаны міндетті түрде ең мықты команда емес, жоғары деңгейде ойнайтын, түрлі ойын сценарийлерге тез бейімделе алатын, ұжымдық күші мықты және жолы болатын команда ұтатынын көрсетеді.
Бұл тұжырымды «Манчестер Сити» мысалы оңайлықпен дәлелдейді. 5 маусым қатарынан басты фавориттар арасында болып, биыл алғашқы рет Еуропаны бағындырғандығы – Чемпиондар Лигасында ең күшті футбол көрсету жеткіліксіз екендігін айқын дәлелдейді.
Өзімнің ішкі интуициям осы жолы еуропалық таққа «Арсенал» немесе «Бавария» отырады деген сезім туындайды. Сіздің ойларыңыз қандай, қай команда Чемпиондар Лигасын жеңуі мүмкін және неліктен?
2023/24 маусымының Чемпиондар Лигасын ашкөздікпен қарауды кеңес етемін, себебі келесі маусымнан бастап, жарыстың өткізілу нысаны толықтай өзгереді. Бізді осы турнирге ғашық еткен форматпен құрмет тұтып қоштасайық.

❤2🤔1
Кейннің Англияға оралуы қалай өтеді? «Севилья» қайтадан Еуропа Лигасына ұша ма?
Хвича өзі жанкүйер болған командасына қарсы қалай ойнайды? F тобында кімге F деп айтамыз?
Жеребе жақсы өтті деген ойдамын. Нәтижесінде қызықты интригаларға толы және балансы сақталған топтар шықты.
«Барселона» барлық ақшасын жеребеге құртқан ба сонда?

🌚6👍4❤1⚡1
Ансу Фати «Брайтонда»
«Барселона» түлегі Хави жүйесінде негізгі құрамның толыққанды мүшесі бола алмағаннан кейін күшін тұманды Альбионда сынауды жөн көрді. Бірақ Фати басқа клубқа өзінің бұрынғы бабына келу үшін көшсе, «Брайтон» жақсы таңдау деп айту қиын.
Ансу шабуылда ойнайтын әмбебап ойыншы болғанымен, негізгі әрі ыңғайлы позициясы бар екені айқын. Ол позиция – сол қапталдағы вингер/шабуылшы. Ал «Брайтон» командасында бұл позиция клубтың ең жарқын және тұрақты ойыншысы Каору Митомамен бетондалған.
Егер испандық құрамдағы негізгі ойыншы рөлі үшін күресуге дайын болса, «Барсада» қалуы ғанибет еді деп ойлаймын. «Брайтонда» барлығы ойдағыдай іске асқанның өзінде, «Барселонаға» оралғанда жасаған еңбегін қайталауға тура келеді.
Біршама өнер көрсеткен шабуылшы аймағында да бәсекелестік зор. Академия түлегі Эван Фергюсон, лига аңызы Дэнни Уэлбек, 30 миллиондық рекордты трансфер Жоау Педро және парагвайлық Хулио Энсисо “жаңа Мессиге” оңайлықпен негізгі құрамға жол ашқалы жатқан жоқ.
Ал клуб үшін бұл трансферді сәтті деп айтуға болады. АПЛ-дың боксинг дэй сынды аса интенсивті кезеңдермен Еуропа Лигасын есепке алсақ, ойыншы өзін көрсетуге мүмкіндік алатыны анық. Жапондық ойыншы егер жарақат алып қалса, Фати сапа жағынан ешбір кемшіліксіз орнын баса алатына сенімдімін.

⚡5