«Астон Вилла» Конференция Лигасында
Вилландар маусым басында бірінші ондықта болуды және бәрі сәтті жүріп жатса еурокубоктарға іліну мақсатын алдыларына қойған. Алайда маусым бойы барлығы сәтті болды деп айту дұрыс болмайды.
«Астон Вилла» жобасын Стивен Джеррард бастағанын естен шығармайық, нәтижелерді алмасақ Унаи Эмери командасына қарағанда ағылшындық бапкердің қоюға тырысқан ойыны көзге жағымдырақ көрінген. Бірақ Коутиньо сияқты қажетсіз әрі үлкен трансфер және команда көшбасшысы Тайрон Мингзбен жанжалдар сияқты мәселелердің қосындысы нәтижелердің күрт төмендеуіне алып келді. Клуб басшылары Джеррард орнына испан бапкерін шақыру туралы шешім қабылдады.
Унаи прагматикалық стильде ойын құрастыратын бапкер. Оның мықты жағы – өз ойынын құру емес, қарсыласқа өз ойынын жүзеге асыруды қиындатуда. Осы себепке байланысты Эмери үлкен клубтарда жақсы нәтижелерге жете алмаған да шығар. Мәселен, испан маманы «ПСЖ», «Арсенал», және «Спартак» футбол клубтарында қызмет жасаған, бірақ айтарлықтай нәтиже бермеген.
Керісінше «Севилья», «Вильяреал» және қазір «Астон Вилла» сияқты орташа деңгейлі клубтарында нәтиже беруде. Эмери өзінің дебют ойынында «Манчестер Юнайтедті» 3-1 есебімен жеңген, жеңіс толыққанды әділ болмаса да, бапкер командасының ерекше ойын тәртібі бірден көзге түсті.
Компактты 4-4-2 жүйесі шабуылда көбінесе 3-2-5 ке ауысады. Эшли Янг шабуылға қосылмай, артқы үштікте қалса, Алекс Морено қаптал бойынша жоғары көтеріледі. Сол қапталдағы Буэндия орнын босатып, сол жартылай қапталға ойысады. Аргентиналық команданың маңызды ойыншылардың бірі десек те болады, қорғаныста көмекті, допты шабуыл шебіне дейін көтеріп тарту және прессингте белсенді жұмыс сияқты әртүрлі әрекеттерді бір матч ішінде жасап үлгереді. Орталық шептегі екі орынды МакГинн, Дуглас Луиз және Камара бөліп, ойын көрсетеді.
Алаңның сол қапталдағы испандық пен аргентиналықтан басқа шабуыл бестігінде Джейкоб Рэмзи, Бэйли және Олли Уоткинс гол соғуға тырысады. Шабуылдаушы тобынан ағылшындық форвардты атап өту керек. Осы маусымда өз атына 15 гол және 6 ассист жазып, қысқы трансферлік кезеңде Дэнни Ингзді «Вест Хэм» сапына көшуге мәжбүр етті.
Жалпы Эмери «Вилласы» белсенді түрде жоғары прессинг жасаудан қорықпайды және команда күші азайған кезде автобустық жүйеге көшуге де сескенбейді. Гол соғарлық мүмкіндіктерді осы ойындық элементтер көмегімен табады, қарсыластың қысым астындағы қателігі немесе терең қорғаныстан қарымта шабуыл – «Астон Вилланың» наны.
Келесі маусымға қатысты болжам беру қиын, бұндай жобада команда айтарлықтай жаман нәтиже көрсетуі екіталай болса да, оның нақты жақсырақ көрсеткіштерге иелене алатыны туралы сенім көп емес. Осындай жағдайға клуб басшылары қаншалықты көңіл толатыны белгісіз. Не болса да Эмеримен «Астон Вилла» танылатын және әзірше нәтижеге жететін клубқа айналды.

👍4
Харри Кейнді дұрыстап бағалай білейік
Харри Кейн Ағылшын Премьер Лигасында 2-ші рет 30 гол соқты. Екі рет те ағылшындық форвард үздік сұрмерген атағын иеленбеген. Тек Алан Ширер (АПЛ тарихындағы үздік сұрмергені – 260 гол) ғана 30 голды көбірек соққан (3 рет). Холланд 36 гол соққан маусымы үшін Харри қажетті құрметті иеленбегені әділетсіз жағдай.
Кейнге қатысты бірнеше ақиқат-мәлімет:
• Қазіргі таңда ағылшындық 213 голмен АПЛ-дың 2-ші үздік сұрмергені.
• Оның 30 голы Премьер Лиганың алдыңғы 24 маусымында үздік сұрмерген атағын жеке-дара немесе бірлескен жеңімпаз ретінде жеңіп алу үшін жеткілікті болар еді.
• 2022/23 маусымында Кейн 26 түрлі ойында гол соққан. Бұл 38 тур өткізілетін жарыстағы рекорд, 42 турдан тұратын чемпионатта Энди Коул да 26 матчта нәтиже жасаған.
• Осы АПЛ маусымында Харри баспен 10 гол соқты – бұл жарыс тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.
• Ол сондай-ақ Премьер Лиганың 38 турлық жарыстың екі бөлек маусымында 30 гол соққан алғашқы ойыншы болды.
Осы статистика Кейнге қажетті құрмет көрсетіп, оның осы маусымдағы көрсеткен ойынын оң жағынан атап өту үшін жеткілікті болар. Бірақ Харри сонша мықты ойыншы болса, неге «Тоттенхэм» тек 8-ші орында деген сұрақ туындайды. Бұған тек ішкі клубтағы бірізділіктің болмауы, соның әсерінен команданың нашар ойыны осындай нәтижелерге алып келді деуге болады.
Кейн болмаса лондондықтар тіпті бұдан да төмен орынды иеленуі әбден мүмкін еді, чемпионаттағы 6-шы нашар қорғаныспен жоғары нәтижелерге жету қиын. «Тоттенхэм» 60-тан астам гол соғып, 60-тан көп гол өткізген 2-ші команда. Бірінші команда 2007/08 маусымдағы «Тоттенхэм» болған. Ал Харри соққан голдар командасының еншісіне 24 ұпай қосқан.
Тағы да айта кетерлік жайт, Кейн соңғы маусымдарында өзінің дамуының көмегімен командасына тек гол соғумен ғана емес, гол соғатын мүмкіндіктер жасаумен де айналыса бастады. Бірақ мүмкіндіктер туындату үшін оған өзін тереңірек позицияларда ойнауға мәжбүрлейді, сәйкесінше өзі иеленетін гол соғатын мүмкіндіктер тек айып алаңда жүретін кездеріндегі мүмкіндіктерден нашарлау болады. Осыған қарамастан ағылшындық гол соғу қарқынын азайтпауда. Ол осы маусымда 21,5 xG мүмкіндігін 30 голға айналдырған.
Әрине, Харри Кейнге олжалар ұту маңызды болса, «Тоттенхэмнен» кету керектігі даусыз. Трансферлік кезең басталмаса да ағылшындық шабуылшыны еуропаның үздік клубтарымен байланыстырып жатыр. Атап айтқанда, «Манчестер Юнайтед», «Реал Мадрид» және «Бавария» Кейнді алғысы келеді деген мәліметтер бар. Сіздің ойыңызша Кейн қай клубты таңдауы қажет?

❤🔥8
АПЛ 2022/23
Қызықты және сенсациялық нәтижелерді егжей-тегжейлі талқыладық. Енді қысқаша түрде қалғандары туралы жазып, маусым командасын ұсынайын.
«Ман Сити» - үздік марафоншы. Гвардиола Холландты өзінің ойын жүйесіне қосып, команданың тепе-теңдігін тапқаны көбісі үшін қарапайым нәрсе сияқты көрінсе де, негізінде жоғары деңгейдегі жұмыс.
«Арсенал» - керемет жас команда. «Ситимен» соңына дейін күрескен команданың сапасы жоғары екені айқын. Келесі маусымда команданың тереңдігін ұлғайту қажет және Артетаға кей жағдайларда икемдірек болу қажет.
«Ман Юнайтед» - тен Хаг клубтағы ішкі шиеліністерге және оның ойын стиліне қажетті ойыншылардың жеткіліксіздігіне қарамастан, керемет нәтижелерге жетті. Жазда шабуылшы, қақпашы және жартылай қорғанысқа ойыншы алынса, нағыз тен Хаг командасын көреміз.
«Ливерпуль» - орталық шепті жаңартпауы және негізгі ойыншылардың жаман ойыны - тұрақсыз нәтижелерге алып келді. Клопп Тренттің рөлін өзгерту арқылы жаңа балансқа жеткен сияқты, келесі маусымда толыққанды оралу керек.

👍2
Ла Лига 2022/23
«Барселона» - әділетті чемпион. Хави командаға ең басты базис - жоғары деңгейдегі қорғанысты құрып үлгерді, оған қоса футболдағы қиын элементтердің бірі прессинг өте жақсы имплементацияланған. Қорғаныстың мызғымастығы, Тер Штеген қарқыны сақталып, алдыңғы шептегі тым болжамды шабуылдарды түзетсе, «Барса» Еуропаны шулатуға дайын.
«Реал Мадрид» - жұлдыздар еркіндігі чемпиондыққа алып келмеді. Анчелотти және Зидан ойыншыларына асыра кеткен тактикалық жүк тиемейді, алайда бұндай тәсіл үлкен қашықтықтағы жарыстарда жүйелі түрдегі нәтижелерге алып келуі екіталай. Көлеңкеде жүрген жұлдыз Каземиро кеткені – чемпиондық жарысқа үлкен әсер етті.
«Атлетико» - кемеңгер Cимеоне қайта жаңа команда құрды. Маусым басында өмірлік жұмысынан қуылуға да жақын болған. Алайда Әлем Чемпионатынан кейін мадридтіктердің ойын қарқындары керемет болды. Бұл «Атлетико» енді терең орналасқан 4-4-2 және қарымта шабуыл жасайтын команда емес, көзге жағымды әрі нәтижелерге жете алатын командаға айналған сияқты.

👍10
Бундеслига 2022/23
«Бавария» - чемпиондықты ұтылу мүмкін емес, тек басқаларға сыйлық ретінде беру мүмкін. Ойын көрсеткіштері 11-ші қатарынан ұтқан олжалары әділетті, олар әлі де чемпионаттағы үздік команда. Алайда команда деңгейі бірнеше саты төмендеген және де физикалық тұрғысы қажетті сапада болмады. Маусым барысында жасалған менеджменттік қателіктері үшін жазалануы кармалық тұрғыдан дұрыс болатын ба еді?
«Боруссия» - өз мүмкіндіктерін өздері жіберіп алды. Әлем Чемпионаты алдында 6-шы орында болып, соңғы турға дейін чемпиондық жарыста болғанын атап өтейік. Команданың жүйелік трансформациясы үшін жауап беретін көшбасшы Джан, жас жұлдыз Беллингем және қаһармандық түрде оралған Алле бәрімізге Ройс үшін қуанатын жалған үміт беріп қойды.
«Унион» - xG деген не? Болжамды ұпайлар бойынша 13-ші орындағы команда, 4-ші орынды иеленді. Келесі Чемпиондар Лигасында ешкімге оңай берілмейтін, айып соққыларынан голдар соғатын, физикалық және тәртіптілік басымдылықты көрсететін команданы күтіңіздер.

⚡5👍1
Лига 1 2022/23
«ПСЖ» - Еуропада маусымы Чемпиондар Лигасынан ұшқанға дейін созылатын жалғыз-ақ команда. Әлем Чемпионатына дейін 3 орталық қорғаушы жүйесімен ойнағанда қарқыны да керемет, ойыншылар құрамының балансы да сақталған болған. Одан кейін жарақаттар және Мбаппе қылықтары командаға негативті әсер етті. Футболдағы менеджмент маңыздылығын тек «ПСЖ» кейсімен түсіндіруге болады.
«Ланс» - 2020 жылы Лига 1 шыққан команда келесі маусым Чемпиондар Лигасында ойнайды. Франк Эс командасы әдемі ойын көрсетеді, позициялық тұрғыдан да, қарымта шабуыл да жасайды, қысым көрсетуді үйренген. Жыл сайын олардан негізгі ойыншыларды алып кетсе де, жаңа маусымда күштірек болып оралады.
«Марсель» - Игор Тудор сымбатты жоба құрып жатқандай көрінген. Бапкер ойынды агрессивті жоғары прессинг айналасында құрады. Физикалық талпынысты көп қажет ететін стиль жұлдызды ойыншыларға жақпады, бірақ клуб басшылығы толығымен Тудорды қолдау көрсетті деген мәліметтер шыққан. Қолдау болғанның өзінде бапкердің кетуі өте қызық жағдай.

❤🔥1
Серия А 2022/23
«Наполи» - сөзсіз чемпион. Спалетти құрған команда қайталанбас өнер туындысы деуге болады. Жиналған ойыншылардың ерекше ойын қабілеттеріне икемделіп, реляциялық команданың айқын үлгісін құрды. Өкінішке орай, барлығы керемет топтың жазда тарауына алып келе жатыр.
«Интер» - чемпиондыққа күресуге болатын еді. Конте құрған қаңқаны Симоне Индзаги толыққанды өз командасына айналдырды деуге болады. Ойын сапасы жағынан «Наполи» екеуінің арасы турнирлік кесте көрсететіндей емес, айтарлықтай жақынырақ. Индзаги керемет бапкерлік жұмыс жасап жатыр, құрам сапасы Конте кездегі сәттен төмендесе де, ойын сапасы жоғары деңгейде, оған қоса олжалар да бар.
«Лацио» - Сарридің командасы емес. Бәріміз бапкердің «Наполи» кезіндегі саррибол ойын нұсқасына ғашық болған едік. Қазіргі жобасында Маурицио терең қорғаныста отырып, өзінің сол бұрынғы командасын қарымта шабуылмен жеңуден сескенбейді. «Ювентус» адамды соншалықты өзгерте ала ма?

❤🔥4
Кең таралмаған пікір: «Реал Мадрид» жас ойыншыларға қатысты трансферлік саясаты жоғары деңгейде
Кәмелетке толмаған ойыншылармен келіссөздер жүргізу үшін трансферлік шеттету алғандарына қарамастан, мадридтіктердің жас футболшыларға қомақты сомаларды инвестиция ретінде құю стратегиясы сәтті жүзеге асып жатыр.
Трансферлік істерді осындай амалмен жүргізу ойын аңыздарына айналған Каземиро-Модрич-Кросс дәуірін еш ауыртпалықсыз ауыстыруға жол ашып жатыр. Әрине, өте жас футболшыларға үлкен ақша құрту – қауіп-қатері жоғары шешім болып табылады, сондықтан «Реал Мадрид» инвестицияларын үлкен пайдаға айналдыру тәжірибесі таңғаларлық әрі шолуға тұрарлық жағдай.
Жас футболшыларды сатып алу саясаты өз бастауын Мартин Эдегордан алады. 4 миллион еуро сомасына алынған норвегиялық Мадридте негізгі құрамға іліне алмау себептері жайында жеке мәтін жазуға болады. Бірақ қазіргі «Арсенал» капитаны лондондықтар сапына 35 миллионға көшуі – мадридтіктерге таза кіріс алып келді.
Ең алғашқы үлкен қаржылық қауіп клуб Винисиус Жуниор трансферін 46 миллион еуроға жүзеге асырғанда орын алған. Сол мезетте бұл трансфер бразилиялық үшін төленген 2-ші ең қымбат және 19-жастан төмен ойыншы үшін ең көп ақша төленген трансфер атанған. Вини бірден жоғары деңгейдегі ойынды көрсетпесе де, қазір клубтың басты жұлдыздарының бірі болып саналады.
«Managing Madrid» сайтының бас редакторы Мэтт Уилсонның зерттеуі Эдегор келгеннен бері клуб 23 жасқа дейінгі 22 ойыншыға жалпы сомасы 460 миллион еуроға жететін трансферлер жасағанын көрсетті.
Алайда, амортизацияны ескерсек, клуб бастапқы инвестициялары үстінен 189% шамасында пайда көрді. Бұл статистика Эдегор, Хакими, Тео, Регилон, Оскар Родригес, Маркос Льоренте және Матео Ковачич үшін «Мадрид» 64-ақ миллион еуро төлеп, аталғандарды 185 миллионға сатқан пайдасынан шығып тұр.
Қазіргі таңда «Реал» құрамы жас және қымбат ойыншыларға толы: Винисиус, Родриго, Вальверде, Камавинга, Тчуамени, Милитаоларға Джуд Беллингем қосылды, оған қоса Эндрик өзінің сәтін күтуде. Флорентино Перес өз заманындағы ең үздік құрамын жаңарту үрдісін жақсы жүргізіп жатыр.
Қорытындылай келе, «Реал Мадридтің» трансферлік саясатын венчурлық капиталист/сәтті инвестор деп сипаттауға болады. Өз шығындарын әрең жабатын немесе аз шығынға ұшыраған қанағаттанарлықсыз трансферлер болса да, сәтті трансферлік келісімдер оларды оңайлықпен өтеп шығатын саясаты жемісін беруде.

👍9
Бір маусымдық ғажап
Лучано Спалетти өзінің чемпиондық командасы жайлы: «Футболда енді жүйелер жоқ, тек қарсыластар қалдыратын зоналар бар», - деді. Осы тақырыпқа байланысты қызықты «Позициялық ойынның дәуірі аяқталғалы жатыр ма?» атты эссенің аудармасын оқысаңыз да болады.
Итальяндық бапкер команда ойынын толығымен жиналған ойыншылардың қабілеттерін максимизациялауға бағыттады. Футболды бұндай амалмен ойнау бағыты – реляциялық (relations-байланыс), яғни, бапкердің фундаменталды қағидаттары негізінде ойыншылардың мықты жақтары мен олардың өзара байланыстары негізіндегі еркіндікті толығымен іске асыру. Реляциялық ойын бағытының айқын өкілдері Анчелотти және шәкірті Зиданды келтіруге болады.
Қысқаша айтқанда, «Наполи» қарсыластарын өздеріне қысым көрсетуге шақырады. Прессинг астында болу – футболшылардың ойын қасиеттеріне ыңғайлы ойын суреті болып табылады.
Олар прессингті қарсылас команданың көп ойыншыларын өзінің жартылай аймағына алдап тартып, қысымды футболшыларының күшті жақтары арқылы өткеннен кейін өздері үшін жалған қарымта шабуыл ұйымдастырады. Бәсекелестер қорғаныста қалдырған үлкен аймақты жылдам Хвича, Осимхен, Лосано немесе Политано қуана-қуана толтырып, голдар соғады.
Чемпиондық топтың ең маңызды бөлігі және осындай бағытта ойнаудың басты себебі – жартылай қорғаныс аймағы. Тіреуші болып жартылай қорғаныста – Лоботка ойын көрсетеді, маусым басында артық салмағы болған ойыншыға үлкен сенім танытқан Спалетти бәйгесі толыққанды ойнады. Лоботка допты қысым астында жоғалтпаудан әлемдегі үздік ойыншылар қатарына кіреді.
Оның жанында дриблинг шебері Замбо-Ангисса ойын көрсетеді. Келесі ойыншы доппен басқаларға қарағанда некен-саяқ кездессе де, жүйенің икемді өзгеруіне жауап беретін ойыншы, қажетті жағдайда прессингті өту үшін көмектесуге 4-2-3-1 жүйесін орталық шепке қарай түсу арқылы 4-3-3-ке ауыстырады немесе керісінше қысымды сәтті өткен кезде ашылған аймақтарды толтырып, жартылай қорғаныс пен шабуыл шебін желімдейді.
Постфактум анализ жасағанда осындай бағытта ойынды ұйымдастыру – сөзсіз шешім сияқты, алайда Лучанодан еңбегі сіңген жұмысын қажетті түрде мадақтап өтейік. Себебі оның алдындағы барлық жобалары қарама-қайшы жүйелік бағытта жасалған болатын.
Бірақ «Наполиге» қарсы ойнауды маусым аяқталмас жатып үйренгенін де атап өтейік. Жарыстас командалар неополитандық клубқа қысым көрсетпей, допты бере салып ойнай бастады. Бұндай жағдай оларды позициялық шабуылдауды талап етті, олардың чемпиондық деңгейде ұйымдастырылмаған жақтарының бірі.
Алғаш бұндай тактиканы Симоне Индзаги қолданды. Нәтиже тұрғысынан сәтсіз болса да, идея тұрғысынан сәтті деп шешкен Сарри осы әдіспен «Наполиді» жеңе алды және Чемпиондар Лигасында «Милан» да бұл әлсіздіктерді әшкерелегенін көрдік.
Мүмкін келесі маусымда Спалетти позициялық шабуылды ұйымдастырып, әлсіздіктерді жоюға бағытталған шаралар қолданатын ба еді? Қазір бұл бағытта болжам жасаудың қажеті жоқ, өйткені Лучано «Наполи» клубынан кетті. Оған қоса, жастары келген бірақ аңызға айналған ойыншыларды сату туралы шешім қабылдаған, Ким мин-Дже және Хвича Кварацхелия сынды дарындарды тапқан спорт директоры да клубтан кетті.
Бұрынғы «Ювентус» Неапольден үздік шабуылшысын алып кететін болса, ал қазіргі өздеріне тек спорт директорды ғана өткізуге шамалары жететін сияқты. Әлде «Юве» қиыншылықтар әсерінен ақылдырақ қимылдай бастады ма?
«Наполи» жайындағы мәтінді басқа команда жайлы сөйлеммен бітіруді дұрыс емес деп шештім. Сондықтан «Наполи» - чемпион! – деп тәмәмдайын.

Medium
Is the era of the Position Game coming to an end?
For years it represented the tactical standard, but today perhaps something is changing.
👍1🔥1
Маусым нәтижелері: статистикалық қызықтар
Топ-5 лигалардың барлығы аяқталды, өзімнің қорытындыларыммен де бөлісіп үлгердім. Енді осы қызыққа толы маусымды кілтті статистикамен шығарып салайық.
• Осы маусымда Англияның жоғарғы дивизионында 1084 гол соғылды, бұл маусымдағы көрсеткіш алдыңғы 38-ойындық жарыстың қақпаға 1072 гол кірген рекордын жаңартты.
• Германиядағы голдар ғажабы Бундеслиганы еуропалық топ-5 жарысының ішінде голдарды xG (болжамды голдар) көрсеткішінен асырып соққан жалғыз-ақ чемпионат етті.
• Ла Лига маусымы 137 қызыл қағазбен аяқталды. Бұл АПЛ-дан 107-ге артық және АПЛ (30), Бундеслига (43) және Серия А (68) чемпионаттарының қызылдарын қоса алғанда, 4 көрсеткішке ғана кем болады.
• Серия А қақпашылары өзінің жартысында берген 552,6 пастары ең жоғары көрсеткіш екен, 2-ші орында 551,3 паспен Бундеслига қақпашылары. Екі чемпионаттың қақпашылары да орташа 9,9% дәлдікпен көрінген. Бұл жарыстардағы прессинг күшін жанама түрде көрсетуі мүмкін.
• Франциялық Лига 1 матчтарында толық өткізілген уақыт бойынша ең төмен сандарға иеленсе де (96 минут 16 секунд), доптың ойында болу көрсеткіші бойынша жеңімпаз (55 минут, 56 секунд).
Алда жазғы трансферлік кезең, бітпейтін сыбыстар және келесі маусымға дайындық. Маусым аяқталуына қарамастан посттар шығару қарқынын түсірмеуге тырысамын.

🔥5👍3👏1
Әйелдер футболы > ерлер футболы?
1921 жылы ағылшындық ФА шешімімен әйелдерге футбол ойнауға тыйым салынды, нақтырақ айтқанда ФА-ға тиесілі стадиондарда ойнау құқығынан айырды. Неліктен?
Ерлер өсіп келе жатқан әйелдер футболын потенциалды бәсекелес ретінде санаған. Ол уақытта бірінші дүниежүзілік соғыс әсерінен ерлер футболы 1915-1919 жылдары тоқтатылған болатын, ал әйелдер футболы, керісінше, гүлдену дәуірін өткізіп жатты.
1920 жылы ең танымал «Дик, Керр Лэдис» футбол клубы өз жерінде Францияның ұлттық құрамасымен 4 ойын өткізіп, Францияда тағы 4 матч ойнаған. Әйелдер футболының өсіп келе жатқан ықпалы соншалық олардың «Гудисон Парк» стадионындағы өткізілген қайырымдылық ойыны 3000 фунт стерлинг жинаған. Бұл қазіргі есеппен 140 мың фунт сомасына тең. «Дик, Керр Лэдис» және «Сент Хеленс Лэдис» арасындағы матч 53 мың көрермен жинағанын да атап өтейін.
Өсіп келе жатқан әйелдер футболының ықпалы ФА басшылары үшін үлкен мазасыздыққа айналды. Әйелдер футболының ойындары қайырымдылық матч нысанында өтетін, көбінесе жиналатын ақша соғыстан кейінгі қиындықтарды шешуге көмектесуге арналған болатын.
Қайырымдылық матчтарды ФА ұйымдастырмағандықтан, бұл матчтарға қатысты юрисдикциясы таралмаған. Сәйкесінше жиналатын қаражаттарға да қолжетімділігі де болмаған. ФА әйелдер футболын белгілі деңгейдегі экономикалық қауіп ретінде көріп, ерлер футболының барлық қаражат өндіру жолдарын қорғау мақсатында келесідей шешім шығарды.
ФА Консультативтік Комитетінің шешімі: «Әйелдер футболына қатысты шағымдар келді. Комитет футбол ойыны әйелдер үшін мүлдем үйлесімсіз және оны ынталандыруға болмайды деген қатаң пікірді білдіреді. Шағымдар кейбір матчтар ұйымдастырылған және өткізілген жағдайларға, сондай-ақ жиналған ақшаның қайырымдылық мақсаттарға бағытталмауына байланысты болды.
Комитет сонымен қатар түсетін қаражаттың шамадан тыс бөлігі шығындарға кетіп, қалған жеткіліксіз бөлігі ғана қайырымдылық мақсаттарға жұмсалады деп санайды. Осы себептерге байланысты Комитет қауымдастыққа (ФА) кіретін клубтардан осындай матчтарды өткізу үшін өз алаңдарын пайдаланудан бас тартуды сұрайды».
Осылайша зәулім стадиондарды толтыратын әйелдер футболы парк және көшелер алаңдарына көшті. 1969 жылы Лондонда ӘФА (Әйелдер футбол ассоциациясы) құрылды, алайда шеттету шешімінің күші тек 2 жылдан кейін жойылған болатын. 1983 жылы ӘФА ФА құрамына кіреді, ал 1993 жылы әйелдер футболын ұйымдастыру міндеті толығымен ФА-ға өтеді. Ең қызығы әйелдер Англияда футбол ойнау құқығын дауыс беру құқығынан ертерек иеленген. Футбол отанында басқаша болуы мүмкін емес сияқты.
Бұл әлемде кең таралған әйелдерді футболдан шеттету практикасының ең әйгілі оқиғаларының бірі. Егер басқа мемлекеттерде әйелдерге футбол ойнауды қандай себеппен тыйым салғаны қызықты болса, талқылауға жазыңыздар.

⚡8❤2
АПЛ «Челсиге» жаңа демеушімен келісімшарт жасасуға тыйым салды. Неліктен?
Құқық тақырыбына байланысты мәтіндер шықпағанына көп болды, жалпы посттар шықпағанына аптадан асып кетті, сондықтан жиналған қарыздарымды жаба бастайын.
1,5 аптадай бұрын желіде ағылшын Премьер Лигасы «Челси» және оның жейдесінде орналасатын олжалы демеуші арасындағы келісімге жол бермейтіні жайлы ақпараттар шықты. Лондондықтардың потенциалды демеушісі Paramount Plus болуы керек еді.
Біріншіден, Paramount Plus стримингтік сервис қызметін көрсететін компания екенін атап өтейін. Екіншіден, лигадағы барлық клубтары хабар тарататын компаниялар мен бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты бірқатар мәселелерді қамтитын лицензиялық келісімге қол қоятыны да бар.
Үшіншіден, АПЛ-дағы белді дереккөздер мәліметінше «Челси» және Paramount жасасқалы тұрған шарты аталған лицензиялық келісімге басынан қайшы келетін. Басқаша айтқанда, АПЛ жайдан-жай «Челсиге» қатысты қастандық жасағысы келмеген, олар бұл келісімді шарттық міндеттемелеріне байланысты жүзеге асыруға құқығы болмаған.
Бұндай лицензиялық келісімдер конфиденциалды болғандықтан, ашық дереккөздерде бұл келісім қолжетімсіз. Сәйкесінше тараптар арасындағы келісімшарт қандай ережелерді бұзатынын нақты айту мүмкіндігі жоқ. Алайда біз АПЛ-дың басты пайда табу жолы көрсетілім құқықтарын ұлттық және шетелдік медиа компанияларға сатудан тұратынын білеміз. Мәселе осы жағдайға байланысты орын алуы әбден ықтимал.
Paramount Plus Ұлыбританияда АПЛ ойындарын көрсетпесе де, АҚШ-та ең үздік лиганы көрсету құқығына ие. Оған қоса «Челси» жаңа иесі Тодд Боули американдық инвестор екенін де ұмытпайық. Осындай кішігірім бөлшектер мүдделер шиеленісіне алып келуі де мүмкін.

«Манчестер Юнайтед» трансферлік рекордтары
Белді дереккөздерге сәйкес ағылшындық клубтың осы трансферлік кезеңде 100 миллион фунт стерлинг жұмсауға құқылы.
Бюджеттік шектеулердің негізгі себебі қаржылық fair play реттеулері, бұл Глейзерлердің стратегиялық жоспарлауы болмағанын кезекті дәлелі. Егер клуб аталған сомадан көбірек қаражат жұмсауды қарастырса, қажет емес ойыншыларды сатып, түскен ақшаны ғана қолдана алады.
Соңғы жылдардағы «МЮ»-дың жұмсаған ақшасына назар салсақ, орын алған жағдай таңғалдырмау керек. Манчестерлік клуб өзінің доминациялық кезеңінде жеңістерге академиясының дарынды түлектері мен сатып алынған жұлдызды ойыншылар көмегімен жететін.
Клуб 2019/20 маусымының 17 турында керемет рекорд орнатқан, манкуниандықтар 1937 жылдан бастап әр матч турында құрам өтінімінде академия түлегі болған. Академия таланттарына байланысты дәстүрлер ұмытылмаса да, трансферлерді жасау қабілеті тым нашарлап кетті.
Еуропалық алаңда бәсекелестерден қалып қалмас үшін сэр Алекс те кезінде қаражат жұмсаудан қорықпаған және соған Глейзерлердің сәтсіз трансферлік саясатын қосып алатын болсақ, клубтың үлкен ақша жұмсау тарихы бар екендігі айқын. Негізі «МЮ» Англиядағы трансферлік рекордты 6 рет жаңартқан.
Өзекті ақпараттарға, клубтың трансферлік мақсаттарына және Райс үшін «Сити» мен «Арсенал» арасындағы жарысын қарасақ, жазда қызыл сойқандар тарапынан тағы бір рет рекорд жаңартылады дегенге сену қиын. Сондықтан бүгін сол бұрынғы рекордтарға кішігірім шолу жасап жіберу туралы ой келді.
Дэннис Лоу – 115 мың фунт стерлинг (1962 жылы «Торинодан»)
Джордж Бест және сэр Бобби Чарльтонмен бірге құрған киелі үштігі даусыз клуб аңыздары, 1968 жылы клубтың алғаш Чемпиондар Лигасының жеңісіне жетелеген.
Брайан Робсон – 1,5 миллион фунт стерлинг (1981 жылы «Вест Бромвичтен»)
Капитан Марвел «МЮ» сапында 2 Чемпиондық олжа, 3 Англия кубогін және Кубок иелерінің кубогін жеңген.
Энди Коул – 7 миллион фунт стерлинг (1995 жылы «Ньюкаслдан»)
АПЛ тарихындағы ең жете бағаланбаған сұрмергендердің бірі, 1999 жылғы требл жеңген құрамның маңызды мүшесі.
Хуан Себастьян Верон – 28,1 миллион фунт стерлинг (2001 жылы «Лациодан»)
Ойын аңызы және керемет жартылай қорғаушы, өкінішке орай, Манчестерде бағы жанбады.
Рио Фердинанд – 29,1 фунт стерлинг (2002 жылы «Лидс Юнайтедтен»)
АПЛ тарихындағы үздік орталық қорғаушылардың бірі, қазіргі орталық қорғаушылардың прототипі.
Поль Погба – 89 миллион фунт стерлинг (2016 жылы «Ювентустен»)
Өзінің дарынын клубтық деңгейде тіпті жартылай жүзеге асырмаған ойыншы.

👍8
Келер сезонды хош деммен күткізетін трансферлер
Жалпы трансферлік кезең жүріп жатқан кезінде әр сыбысты талқылауды аса ұнатпаймын. Клубтар құрамдарын толығымен жасақтап, маусымға дайын болған кездегі кейіптері жайында сөз құру дұрысырақ сияқты.
Бірақ келесі потенциалды трансферлер командалардың көрсеткен ойын тұрғысына үйлесімділігі жағынан және басқа да критерийлер бойынша керемет болатындықтан, оларға қатысты ережеден тыс жағдай жасадым.
1. Йошко Гвардиол – «Манчестер Сити»
Орталық қорғаушы Англия чемпиондарының жаңа жүйесіне судай сіңіп кетеді. Хорват ойыншысы керемет маусым өткізген Натан Аке рөліне апгрейд немесе көпжылдық шешім деуге де болады. Йошко «Ситидің» жылдамдығы жоғары, бойы ұзын, 1-ге-1 жағдайында мықты және доппен ойнау білетін кезекті қорғаушысы болады.
3 қорғаушы жүйесінде ойнау тәжірибесі бар, яғни қорғаныс 4-тігі Стоунстың жартылай қорғанысқа көтерілумен жасалатын жүйенің трансформациясына бейімделу қиындыққа соқпайды. Керек жағдайда Диаш орнын басып, Аке өз позициясында ойнай алады.
2. Юрриен Тимбер – «Арсенал»
Лондондықтар талантты әрі жеңістерге аш ойыншыларды сатып алу саясатын тоқтатпауда. Тимбер пас шеберлігі мен допты жоғары шабуылға қарай тарту икемділігі өте жоғары деңгейде. Негізгі позициясы орталық қорғаушы болғанымен Артета «Аякс» түлегін Бен Уайт атқарған қапталдағы жасырын орталық қорғаушы рөлінде көретін сияқты.
Тимбер әмбебап ойыншы болғандықтан, бұл трансфер клубтың қорғанысын саны жағынан ғана емес сапасы жағынан да жақсартады. Енді Салиба сияқты негізгі қорғаушы жарақат алғанда «Арсенал» жанкүйерлері байсалды қабылдайтын болады.
3. Андре Онана – «Манчестер Юнайтед»
Давид де Хеа Эрик тен Хагтың ойын жүйесіндегі қақпашы рөлін ойнауға қажетті дағдылары жоқ екеніне алдыңғы маусымда көзіміз жетті. Команда толығымен прессингке шығып, қорғаушылар жоғары көтерілгенде олар қалдырған аймақты Нойер, Аллисон немесе тіпті «Ньюкаслдағы» Поуп секілді қақпадан шығып қорғай алмайды. Оған қоса аяқпен ойнау машықтары жеткілікті деңгейде дамымаған.
Аталғандардың барлығын камерундық голкипер оңайлықпен жасайды. Тіпті әлем чемпионатында допты жай алға тебуден бас тартып, бапкермен жанжалға түсіп, жарыста 1 ойын ғана өткізгені де бар. Менше осы трансфер жүзеге асса, бұл «Юнайтедтің» дамуына шабуылшыдан көбірек әсер етеді.

❤4❤🔥1
АПЛ қарттары
«Кристал Пэлас» бапкерлер нарығында қажетті кандидат таба алмай Рой Ходжсонды зейнеттен қайта шығарып алды. Осыған орай Ағылшын Премьер Лигасындағы ең үлкен ақсақалдыларды еске түсірейік.
1. Рой Ходжсон – 75 жас, 292 күн
«Кристал Пэлас» - «Ноттингем Форест» (28 мамыр, 2023 жыл)
Өткен маусымның соңғы турында қойылған рекорд ағылшындық бапкердің өзімен әр тур сайын жаңартылып отыратын сияқты.
2. Бобби Робсон – 71 жас, 192 күн
«Ньюкасл Юнайтед» - «Астон Вилла» (28 тамыз, 2004 жыл)
Бұл 2004/05 маусымының екінші туры болса да, клуб басшылары «Барселонаның» бұрынғы бапкерін жұмыстан шығару туралы шешім қабылдаған.
3. Алекс Фергюсон – 71 жас, 139 күн
«Манчестер Юнайтед» - «Вест Бромвич Альбион» (19 мамыр, 2013 жыл)
2012/13 маусымының соңғы туры, 5-5 есебі және жас Лукакудың хет-трик жасаған ойыны бәрінің есінде бар шығар.
4. Нил Уорнок – 70 жас, 162 күн
«Кардифф Сити» - «Манчестер Юнайтед» (12 мамыр, 2019 жыл)
Жоғары ағылшын дивизионындағы соңғы ойынын Олд Траффордта сенсациялық 2-0 жеңісіне қарамастан, бұл «Кардиффты» Чемпионшипқа ұшудан сақтай алмады. Нил Уорнок қазіргі таңда 74 жаста болып, «Хаддерсфилд Таун» клубында бапкерлік қызмет атқарады.
5. Клаудио Раньери – 70 жас, 93 күн
«Уотфорд» - «Норвич Сити» (21 қаңтар, 2022 жыл)
АПЛ-дағы соңғы клубында 13-ақ ойын өткізіп, 2 жеңіске ғана жете алған. Бірақ өз кәсіби мансабын аяқтамаған итальяндық әлі де жетістіктерден шаршамаған сияқты. Өткен маусымда «Кальяри» клубын Б Сериясынан плей-оффтар арқылы А Сериясына көтерген.
Футбол дамуына және өзгеруіне байланысты бапкерлер жасырақ болу тренді ешбір статистикасыз да көзге түседі. Футбол ойнамаған лэптоп-бапкерлер көбейіп жатыр немесе ойыншы мансабын аяқтап, бірден бапкер болып кеткен Гвардиола сияқтылар да бар.
Нагельсманн сияқты жас дарынды мамандарға мүмкіндіктер берілуі бұрынғы футбол заманында екіталай жағдай болған. Соның өзінде қазіргі футболда Анчелотти, Ходжсон және Раньери сияқты олдскул мамандардың үлгілері футболды қызықтырақ ететіні сөзсіз.

❤1🤔1
Испандықтың франциялық гегемондарға қосылуын жүйесіз жүйелік деген оксюморон мінсіз сипаттайды. «ПСЖ» қағаз үстінде перспективті жобаларды бастап, оларды соңына дейін жеткізбеуден бәрінен алда.
Тухельмен жүйелі команда құру идеясы өзіміздің аңыз Почеттиноға мүмкіндік беру жобасымен ауыстырылды. Аргентиналық маман өз ойынын прессингке негіздейтінін біле тұра, трансферлік кезең соңына қарай антипрессингтік жұлдызды ойыншы трансферлерімен, атап айтқанда, Месси және Рамоспен, тығырыққа тіреді. Маурисионы маусым соңына дейін шыдап, Галтьемен “жұлдызды” жобаны ресми түрде бастады, алайда іс жүзінде ол Почеттино кезінен басталған. Енді қайтадан жүйелі бапкермен жаңа жоба бастауда.
Луис Энрике мансабы біріншіден, топ клубқа сай ойын суретін қоя білетін маман екенін көрсетеді. Екіншіден, жоғары нәтижелерге жету тәжірибесі бар және жұлдызды ойыншылар ұжымымен тіл табыса алатыны анық. Оған қоса, белді жұлдыздарының бірі Неймармен жұмыс жасаған.
Алайда бұның барлығы париждіктер сапында ойдағыдай жүзеге аспауы мүмкін. «ПСЖ»-ға керегі тек нәтижелер, ал оларға жету үшін жүйелі ойынды тиянақтылап қою керек. Сәйкесінше бапкерге толық сенім мен уақыт берілуі өте маңызды. Бұл париждік клубтың мықты жағы емес екенін жоғарыда түсіндіре кеттім.
Нагельсманн және клуб бірдей келісімге келе алмаған оқиғасы аталып өтілгені жөн. Неміс маманы да жүйелі футбол қоятын бапкер, яғни «ПСЖ» оған кейбір мәселелерге қатысты 100 пайыздық кепілдік бере алмаған сияқты.
Энрике және «Пари Сен-Жермен» арасындағы одақ жемісті болу үшін екі жақ та белгілі компромистерге бару керектігі айқын. Бірақ тараптар қаншалықты бұндай әрекеттерге дайын? Келе жатқан маусым осы қызықты сұраққа жауап береді.
❤4🍾3
Үздік еркін агенттер трансферлері
Илкай Гюндоган - «Барселона»
Су жаңа требл иегері позициялық ойын жүйесінде ойнайтын команда үшін мінсіз жартылай қорғаушы. Орталық алаңда допты қорғаныстан шабуылға паспен жылжыту, ойын қарқынын бақылау, командаға гол соғатын мүмкіндіктер жасау және тіпті екінші қарқынмен шабуылға қосылып голдар соғу сияқты әрекеттерді жоғары деңгейде орындай алады.
Егер «Барса» Бускетстің орнына ойыншы алмаса, Гюндоган тіпті сол рөлді де атқара алады. Сонда Хави Илкайды қағаз үстінде өзінің “қораптық” орталық қорғанысының әр позициясында орналастыруына болады.
Сезар Аспиликуета - «Атлетико Мадрид»
«Атлетиконың» 4-4-2-ден 3-5-2-ге ауысатын жүйесінде орталық қорғаушы және оң қапталдағы қорғаушы фунциясын орындай алады, сәйкесінше команданың ойын суретіне бірден сіңіп кетуі керек.
Оған қоса, енді Симеоне жаңа трансфері арқасында жүйенің трансформациясын оң жақтан жасай алады. Қорғаныс 3-тігін құрайтын Эрмосо рөлін Сезар орындаса, шабуылға жоғары көтерілетін Молина рөлін жаңа ойыншы Хави Галан орындайды. Сезар «Атлетико» қорғанысына жетіспей жүрген тәжірибе, салқындалық және тұрақтылық қосады.
Юри Тилеманс - «Астон Вилла»
«Вилландар» жақсы-жақсы орталық қорғаушыларды жинауды тоқтатпай жатыр. МакГинн, Камара, Дуглас Луиз және Дендонкерге енді бельгиялық дарын қосылды.
Техникалық шеберлігі, пас беру дағдысы және жалпы потенциалы жоғары ойыншы екені сөзсіз анық. Бельгиялық үшін бастысы - бұрында көрсеткен тұрақты ойын сапасына жету. Менше Юри соңғы маусымдағы «Вилланың» жүйесінде Камара екеуі орталық жартылай қорғанысты бетондау керек.
Марко Асенсио - «Пари Сен-Жермен»
Өзінің бұрынғы бапкерімен қайта қосылуы осы трансферді тізімге кіргеннің бірден бір себебі. Испандықтар бір-бірін жақсы түсінеді, Энрике кезіндегі Испания құрамасында Асенсио тіпті жалған 9-дық болып та ойнаған.
Соңғы маусымның екінші жартысында керемет деңгейде өткізген Марко, осы маусымда да қарқынды азатпайды деп үміттенемін. Энрике ойнайтын 4-3-3 жүйесінде оң қапталда немесе жартылай қорғаныста 8-дік болып ойын көрсете алады.
Алекс Гримальдо - «Байер Леверкузен»
Португалия лигасын толықтай өсіп кеткен сол қапталдағы қорғаушы өз күшін жаңа лигада тексеретін болады. Жақсы деңгейде бәрін жасай біледі, әсіресе шабуылдаушы қасиеттері көзге бірден түседі және де соңғы маусымында агрессивті прессинг жүйесінде де жоғала қоймайтынын дәлелдеген.
Хаби Алонсо мансабындағы бірінші жұмысында ойыншылар құрамына икемділік танытып, көбінесе қарымта шабуылмен ойнаған. Жақсы нәтижелерге қарамастан, осы маусымда нағыз испан мектебінің комбинациялық ойынын қоятын сияқты. Гримальдо және Хоффман трансферлері жанама түрде мен келтіргеннің көрсеткіші.

❤7👍4
Деле Алли және менталды денсаулық
2015/16 және 2016/17 маусымдары қатарынан үздік жас ойыншы атағын иеленген жартылай қорғаушы Гари Невиллге өзінің ішкі қиындықтары жайында ашықтан-ашық интервью берді.
«Бешікташ» клубындағы сәтсіз ауысымын алдын-ала аяқтап, «Эвертонға» оралған кезде алған жарақатын емдеу үшін ота жасату керектігін білді. Сәтсіздіктердің жиынтығы және жарақатына байланысты психологиялық саулыққа арналған заманауи оңалту орталығына бару туралы шешім қабылдаған.
Сұхбаттан ағылшындық ұйқы дәрілерге тәуелді болғаны және жиі ішімдіктерге толы «тойлаулар» өткізгені айқын болды. Алайда бұл қиыншылықтардың тек салдары ғана екені және өзі қиын жағдайлардан бұрыннан зардап шегіп келе жатқанын айтты, тіпті 24 жасында футболдық мансабын тоқтату жайында ойлар болғанын мәлімдеді.
Деленің өзі барлық проблемалар балалық шағынан келе жатқан жарақаттарды (психологиялық) елемеуден болған деп ойлайды. Деле бала кезінде басынан өткізген аса ауыр жағдайлары жайында ешкімге ашыла айта алмаған, ал көмекке келген жақындары мен достарын өзінен ары бездірткен.
Сұхбатта көзінен жасы ағып, 6 жасында анасының құрбысынан сексуалды зорлық-зомбылыққа шалдыққанын, 7 жасында шылым шеге бастағандығы, 8 жасында есірткілерді сатумен айналысқанын және 11 жасында көрші ер адам көпірге іліп қойғанымен бөлісті. Қиын балалық шағы 12 жасқа дейін созылған, осы жасында Делиді басқа отбасы асырап алды.
Оңалту орталығында өткізген уақыты оң жағынан әсер еткені және қазіргі жағдайы шыныменде жақсы болғаны арқасында ғана осындай ауыр егжей-тегжейлікпен бөліскені анық. Өзіңнің 2015-2018 жылдардағы ойын деңгейіне жету сенің мақсаттарыңның бірі ме деген сұраққа: мен сол деңгейден әлдеқайда мықты ойыншы әрі тұлға бола алатына сенемін деп жауап қатты.
Деле Алли басынан кешкен ауыртпалықтарға қарамастан, қазіргі мансабының жағдайы үшін өзім ғана жауаптымын және басқа да ешбір маманды, бапкерді немесе адамды кінәлі деп айта алмаймын деген сөздері тек құрмет тудырады. Келер маусымда ойынын тиянақты қарап, ағылшындық өзінің мансабын қайта жандандыруына жанкүйер боламын.
Психологиялық саулық - денсаулықтың кепілі екенін ұмытпаңыздар!

YouTube
Dele: "Now is the Time to Talk"
Trigger warning: Sexual abuse, addiction and mental health.
In this powerful episode of The Overlap, Gary Neville sits down to have a heartfelt conversation with Dele, as he courageously speaks about his recent circumstances on and off the pitch and the…

😢4
Айып алаңның алдындағы латын «D» әріп пішініндегі таңба сызығы не үшін қажет?
Ойын ережелеріне сәйкес пенальти орындаушысынан басқа ойыншылардың барлығы пенальти нүктесінен 10 ярд қашықтықта болуы қажет. Айып алаңның аяқталатын аймағы 10 ярдқа жетпейтіндіктен, 1937 жылы пенальти аркасы енгізілді.
Пішінінің арқасында оның әрбір нүктесі пенальти соққысын орындау нүктесінен 10 ярд қашықтықта орналасқан. Пенальти аркасы айып алаңға енгізілген соңғы өзгеріс болып табылатынын да атап өтейін.
Пенальти ережесі пайда болу туралы постқа енбей қалған бірнеше қызықты ақиқаттармен осында бөліскен орынды болар.
Қызықты факт № 1: Лондондағы «Коринтианс» әуесқой футбол клубы пенальтидің енгізілуіне қарсы болған. Егер төрешілер оларға пенальти берсе, олар мұндай мүмкіндікті пайдаланбайтын, ал егер пенальти қарсыластардың пайдасына тағайындалса, өз қақпаларын бос қалдыратын.
Қызықты факт № 2: 1902 жылға дейін пенальти белгілі бір нүктеден орындалмаған; пенальтист өз позициясын қақпадан 11 метр қашықтықта таңдаған. Пенальтиді орындамас бұрын келесідей рәсім өтетін: төреші допты қолына алып, қақпаның ортасынан он екі қадам жасап, допты өзі өлшеген нүктеге қоятын. Содан кейін пенальти орындаушысы допты өз қалауы бойынша солға немесе оңға жылжыта алатын, бірақ допты алға немесе артқа жылжытуға тыйым салынатын.
Қызықты факт № 3: пенальтидің алғашқы ережелеріне сәйкес, қақпашы қарсылас соққыны орындағанға дейін бес метрге алға шығуға құқылы болған.

👍3
«Челси» трансферлік саясаты
Маурисио Почеттино «Челси» бас бапкері атанғанда ойыншылар құрамының үйлесімділігі жайында шолу жасаған едім. Одан кейін Лондондық клуб сапынан негізгі құрамның жартысы кетіп, оларға теңдес ауысымдар алынбай жатыр. Оған қоса ойыншылар тікелей қарсыластарға өтуде, әлде «Челсидің» жаңа қарсыластары «Астон Вилла», «Брайтон» және «Брентфордтар» болмақ па?
Әзілдерді шетке ала тұра, келер жақындап қалған маусымда клубтың орталық шебінде және шабуылда кім ойнайтыны түсініксіз. Егер «Челси» кем дегенде Еуропа Лигасына түсуге үміттенсе, осы позицияларды бірінші қатарда күшейтуі тиіс, Чемпиондар Лигасына іліну жайлы тіпті айтпай-ақ қояйын.
Еурокубоктар болмаса да Энцо Фернандес қасына негізгі құрам деңгейіндегі тағы бір ойыншы керек. Мойсес Кайседо трансфері жайында қызу сыбыстар бар, бірақ маусым алдыңғы дайындық шаралары да қызып жүріп жатқанын ұмытпайық. Почеттино сияқты ойыны прессингке бағытталған бапкер үшін бұндай дайындықтар ойын деңгейіне әсер ететін шешуші факторлардың бірі. «Брайтон» қалаған соманы төлеп, болмаса өз фокусын басқа ойыншыға ауыстырған дұрыс.
Лукаку «Интер» және «Ювентус» арасында айналып жүрсе, клуб жоғары деңгейде бір де бір маусым өткізбеген шабуылшыны ғана алған. Никлас Джексон сияқты ойыншымны негізгі 9-дық қылып маусымды бастау үлкен тәуекел. Энцомен таныс Гонсалу Рамуш сынды прессинг жүйеде өзін жақсы көрсеткен немесе қасиеттері бойынша топ клубта ойнауға дайын Коло-Муани сияқты сұрмергендер трансферлік нарықта қолжетімді емес пе?
Тодд Боули трансферлік терезе кезінде бір шектен екінші шекке шығатын сияқты. Алдында оңды-солды ақша шашылса, енді ойыншыларды сатуға қызығып кеткендей. Ең бастысы ішке кіретін трансферлер жасалмаса да, Маурисионы нәтижелер үшін емес қойылған ойын сапасымен бағаласа болды. Себебі қазіргі құраммен ең жоғары деңгейдегі нәтижелер үшін күресу мүмкін емес. Бірақ Боули Почеттиноға уақыт беріп сенім танытуға дайын болса, неліктен уақыт + ақша беріп сенбеске?

👍2❤1
Джейдон Санчо = жаңа Душан Тадич?
Джейдон Санчо қазір өтіп жатқан достық кездесулерде жалған 9-дық позициясында өнер көрсетіп жатыр. Бұл Эрик тен Хагтың әсері екені сөзсіз. Бапкер бұл рөлді арнайы түрде 2018/19 маусымдық «Аякс» командасының Чемпиондар Лигасындағы жолында қолданған, ал ұлттық чемпионатта құрамда дәстүрлі шабуылшы позициясында Хунтеллаар немесе Дольберг ойнаған. Бұндай жағдайда Тадич шабуыл шебінен сол қапталдағы плеймейкер функционалын орындауға көшетін.
Шабуылшы рөлінің жарысқа байланысты өзгертілуінің бірқатар себептері бар. Нидерландтық лигада «Аяксқа» бір-екі командадан басқасының барлығы терең позициялық қорғаныста көп уақыт өткізеді, сәйкесінше қорғаушыларға қысым көрсететін нағыз шабуылшы қажеттігі жоғарырақ. Ал Чемпиондар Лигасында клуб андердог болғандықтан және қарсыластар ашық қалдыратын аймақтар көбірек болғандықтан жалған 9-дықты қолдану өте қисынды шешім.
Жалған 9-дық ойынды шабуылшы аймағында бастап, допты иелену үшін шабуылшы позициясынан тереңірек түсетін және сол аймақты вингерлерге немесе жартылай қорғаушыларға толтыру үшін қалдыратын ойыншы. «Аякста» Тадич жалған 9-дықты ойнағанда қарымта шабуылдарды жандандыратын басты ойыншы болған, ол допты қарсыластардың қорғанысы мен жартылай қорғанысының арасында қабылдап, сол қапталдағы Нереске қорғаушыдан асыратын пас беретін. Тадич қалдырған аймақты көбінесе Донни ван Де Бек толтырған.
Сипатталған тактиканы «Манчестер Юнайтед» құрамында да қолдануға болады деп ойлаймын. Санчо потенциалы бойынша Тадич сияқты креативтілік жағынан ауқымды рөлді жүзеге асыруға дағдылары жеткілікті. Сол қапталда Рэшфорд бар, ал бос аймақтарға жүгіре кіру үшін Маунт, Бруну және тіпті Доннидің өзі де таласа алады. Әрине, бұл турдан-турға қайталанатын негізгі ойын жоспары болмаса да, допқа көп иелік ететін клубтарға қарсы жақсы альтернатива.
Келер маусымда дәстүрлі 9-дық болып Марсиаль (тірі болса) немесе Хойлунд ойнағанның өзінде Санчо әмбебаптылығы және жарыстардың көптігіне байланысты алаңда көп уақыт өткізуі қажет. Алдыңғы маусымда екі қапталда да және 10-дық позициясында ойын көрсеткен, бірақ ешқайсысында негізгі бола алмады. Эрик тен Хаг жүйесінде ең ыңғайлы позиция сол қапталдағы вингер деп ойлаймын, алайда ол жерде Рэшфорд сөзсіз негізгі болатыны анық, оған қоса Гарначоны да ұмытуға болмайды. Ал сіздер Санчоның негізгі позициясы қандай болу керек деп ойлайсыздар?

👍5👏1🕊1