«Ньюкасл» Чемпиондар Лигасында
Біріншіден, менеджменттің жасаған жұмысын “өте жақсы” деп бағалау керек.
3 трансферлік кезеңде - 240 миллион фунт жаратып, команда құрамын таңдаулы әрі қажет ойыншылармен күшейтті. Орынсыз және жоғары сомадағы ақша құртылған жоқ, оған қоса жұлдызды футболшыларға жүгіру де орын алмады.
Атап айтқанда, Бруно Гимарайнш орталық шептегі ең маңызды ойыншы болды. Бразиялық жарақат алған кезде, Ньюкасл ойын сапасы мен нәтижелері нашарлап кетті. Свен Ботман осы маусымдағы ең сенімді қорғаушылардың бірі, «Ньюкасл» нидерландықты ұлы Миланмен жарыса сатып алғанын ұмытпау керек. Киран Трипье, көшбасшы, плеймейкер және капитан деген 3 сөз жеткілікті.

👍8
Екіншіден, Эдди Хау ойынның сапасы жағынан жоғары деңгейдегі, стиль жағынан бірден танылатын команда құрды. Агрессивті, тұншықтыратын жоғары прессингтен доппен иелік еткісі келетін командалар зардап шексе, лигадағы ең мықты стандартты жағдайлардан барлық командалар зардап шекті.
Оған қоса, клубтағы бар ресурсты керемет пайдаланды, Альмирон ең мықты маусымын өткізді, Жоэлинтон шабуылшыдан бокс-ту-бокс позициясына ауысып маңызды рөл ойнады және Шер өзінің барлық қасиеттерін толыққанды ашатын жүйеде жарқырап кетті.
Үшіншіден, «Ньюкаслға» жаңа маусымға жақсылап бейімделу қажет. Апта ішінде енді бір ойын ғана емес екеу болатындықтан, маусым бойы екі майданда интенсивті ойын көрсету қиын болады, сондықтан Хауға осы мәселені шешу қажет. Тағы осы себепке байланысты құрамды күшейту қажет, Гимарайнш, Трипье сияқты көшбасшыларға сапалы ауысым керек.
Осы мәселелерді шеше алса, Чемпиондар Лигасындағы орын үшін таласуда өзін фавориттер қатарында сезінуі қажет.

👍10
Почеттино «Челсиді» шыңға көтере ала ма?
Бұл сұраққа жауап берудің екі жолы бар. Біріншісі – Почеттино «Челсида» жиналған көптеген жас ойыншыларды «Тоттенхэмдегідей» дамытып, өзінің стиліне тән команда құрады деген сенім. Алайда аргентиналық бапкер солтүстік Лондонда жақсы нәтижелерді бірден көрсете бастаған жоқ, сәйкесінше, оған сеніп уақыт беру - маңызды фактор. Бұл бізді екінші жолға алып келеді, оның аты – Тодд Боули.
«Челси» қайтадан жаңа жоба бастағалы жатыр. Тек айырмашылығы жаңа бапкерде, өйткені Грэм Поттер кезінде де дәл осындай жағдай болған. Көптеген жас ойыншылар, жаңа ойын бағытына ауысу және нашар нәтижелер. Нәтижелердің болмауын Поттердің өзіндік ойын үлгісін енгізу үшін қажетті сенім мен уақыттың болмауымен байланыстыруға болады, оған қоса маңызды ойыншылардың жарақат алғандығы да бар. Ең қызығы – Поттер енді тұрақты жүйе мен құрамды тауып, оңтайлы ойын көрсете бастағанда «Астон Виллаға» әділетсіз жеңілісі үшін қуылуы. Бұл эмоционалды шешім болғаны анық.
Маурисио барлық бапкерге сияқты өз стилін енгізу үшін уақыт керек.Футболда өз ойынын бірден қоятын бапкер – Антонио Конте ғана сияқты, бірақ 1,5 жылдан кейін бәрімен жанжалға түсіп клубтан кетіп қалуы да бар. Почеттиноның бапкерлік қызметінің басында да әділетсіз, өкінішті ұтылыстар болатыны айқын, бірақ Поттермен болғандағыдай Боулидің ашулық шешімдері қайталанбайды дегенге кім кепіл?
Боулидің рационалды шешім қабылдайтынын не қабылдамайтынын біз болжай алмаймыз, ал қазіргі құрамның Почеттино ойын тұрғысына қаншалықты сәйкес келетіні жайлы әңгіме құруымызға болады.
Почеттино Бьелса шәкірті болғандықтан, интенсивті әрі жоғары прессинг міндетті түрде қолданылады. Құрамда жас ойыншылардың көптігі бұл жағдайда қосымша артықшылық береді, өйткені жас футболшылар тезірек үйренеді, көп және жоғары қарқынмен жүгіре алады. Аргентиналық, әрине, Гвардиола деңгейінде емес, бірақ өзіндік позициялық шабуыл жасау жүйесін ұйымдастырады.
Сол кездегі «Тоттенхэмнің» негізгі жүйесі 4-2-3-1 болды. «Челси» сапында да аргентиналық өзінің сүйікті схемасын қолдану керек. Қақпада Льорис ойын көрсетті, Кепа мен Менди Уго деңгейіндегі "шотстоппер" болмағанымен, екі қақпашы да аяқпен жақсы деңгейде ойнай алады.
Қапталдағы қорғаушылар жиі-жиі соңына дейін көтеріліп, шабуылға көмектесетін. Ол рөлдерді Кайл Уокер мен Дэнни Роуз атқаратын. Рис Джеймс пен Бен Чилуэлл бұндай функционалды орындай алады, бір ағылшындық дуэт екіншісін алмастырады.
Орталық қорғаушыларда пас беру шеберлігі мен алаңның жоғары желісінде ойнай алуы керек. Тоби Алдервейрельд пен Ян Вертонген құрған бельгиялық дуо орнын енді жас француздықтар Уэсли Фофана мен Бенуа Бадьяшил басу қажет. Екеуі де әлі тұрақты түрде ойнайтын қорғаушылар болмаса да, осы позицияда ойнау үшін барлық қабілеттері бар. Неге Сильва емес десеңіз, бразилиялықтың жасы да келіп қалды және үздік ойынын үштікте Тухель кезінде өткізген болатын.
Екі орталық жартылай қорғаушы ретінде Матео Ковачич пен Энцо Фернандес ойнауы қажет. Ковачичтің дриблингпен өту қабілеті оны Мусса Дембелемен салыстыруға итермелейді. Ал Энцо Виктор Ваньяма болмаса да, допты алу қабілеті жақсы дамыған, прессинг жүйеде де ойнау ол үшін мәселе емес. Прессингтен ешқашан бас тартпайтын Рогер Шмидтан сұрап көрсеңіздер болады.
Сол қапталда қорғаушылардың артына жүгіріп кіретін Сонның рөлін Стерлинг немесе Мудрик орындай алады. Деле Алли сияқты шабуыл шебіне көтеріліп, қосымша шабуылшы ретінде Мэйсон Маунт та («МЮға» ауысатын сияқты), Кай Хавертц те және Нкунку да ойнай алады. Бірақ франциялықтың керемет әмбебаптық қасиеті үшін, оны он қапталдан ортаға ойысып, мүмкіндіктер ұйымдастыратын Кристиан Эриксен орнына қоямыз.
Осы маусымда гол соға алатын нағыз 9-дық болмаған «Челсиден» Харри Кейн орнын басатын ойыншыны қайдан таппақшысың деген сұраққа Ромелу Лукаку деп жауап беремін. Ромелу өз бабында болса керемет ойыншы. Барлық физикалық көрсеткіштері жоғары деңгейде, шебер пасты да бере алады, соғылған гол статистикасы көптеген жанкүйерлермен жете бағаланбаған. Маурисио дұрыс мотивация беріп сенім танытса, бельгиялық жақсы ойынмен жауап беруі керек.
Бұл сұраққа жауап берудің екі жолы бар. Біріншісі – Почеттино «Челсида» жиналған көптеген жас ойыншыларды «Тоттенхэмдегідей» дамытып, өзінің стиліне тән команда құрады деген сенім. Алайда аргентиналық бапкер солтүстік Лондонда жақсы нәтижелерді бірден көрсете бастаған жоқ, сәйкесінше, оған сеніп уақыт беру - маңызды фактор. Бұл бізді екінші жолға алып келеді, оның аты – Тодд Боули.
«Челси» қайтадан жаңа жоба бастағалы жатыр. Тек айырмашылығы жаңа бапкерде, өйткені Грэм Поттер кезінде де дәл осындай жағдай болған. Көптеген жас ойыншылар, жаңа ойын бағытына ауысу және нашар нәтижелер. Нәтижелердің болмауын Поттердің өзіндік ойын үлгісін енгізу үшін қажетті сенім мен уақыттың болмауымен байланыстыруға болады, оған қоса маңызды ойыншылардың жарақат алғандығы да бар. Ең қызығы – Поттер енді тұрақты жүйе мен құрамды тауып, оңтайлы ойын көрсете бастағанда «Астон Виллаға» әділетсіз жеңілісі үшін қуылуы. Бұл эмоционалды шешім болғаны анық.
Маурисио барлық бапкерге сияқты өз стилін енгізу үшін уақыт керек.
Боулидің рационалды шешім қабылдайтынын не қабылдамайтынын біз болжай алмаймыз, ал қазіргі құрамның Почеттино ойын тұрғысына қаншалықты сәйкес келетіні жайлы әңгіме құруымызға болады.
Почеттино Бьелса шәкірті болғандықтан, интенсивті әрі жоғары прессинг міндетті түрде қолданылады. Құрамда жас ойыншылардың көптігі бұл жағдайда қосымша артықшылық береді, өйткені жас футболшылар тезірек үйренеді, көп және жоғары қарқынмен жүгіре алады. Аргентиналық, әрине, Гвардиола деңгейінде емес, бірақ өзіндік позициялық шабуыл жасау жүйесін ұйымдастырады.
Сол кездегі «Тоттенхэмнің» негізгі жүйесі 4-2-3-1 болды. «Челси» сапында да аргентиналық өзінің сүйікті схемасын қолдану керек. Қақпада Льорис ойын көрсетті, Кепа мен Менди Уго деңгейіндегі "шотстоппер" болмағанымен, екі қақпашы да аяқпен жақсы деңгейде ойнай алады.
Қапталдағы қорғаушылар жиі-жиі соңына дейін көтеріліп, шабуылға көмектесетін. Ол рөлдерді Кайл Уокер мен Дэнни Роуз атқаратын. Рис Джеймс пен Бен Чилуэлл бұндай функционалды орындай алады, бір ағылшындық дуэт екіншісін алмастырады.
Орталық қорғаушыларда пас беру шеберлігі мен алаңның жоғары желісінде ойнай алуы керек. Тоби Алдервейрельд пен Ян Вертонген құрған бельгиялық дуо орнын енді жас француздықтар Уэсли Фофана мен Бенуа Бадьяшил басу қажет. Екеуі де әлі тұрақты түрде ойнайтын қорғаушылар болмаса да, осы позицияда ойнау үшін барлық қабілеттері бар. Неге Сильва емес десеңіз, бразилиялықтың жасы да келіп қалды және үздік ойынын үштікте Тухель кезінде өткізген болатын.
Екі орталық жартылай қорғаушы ретінде Матео Ковачич пен Энцо Фернандес ойнауы қажет. Ковачичтің дриблингпен өту қабілеті оны Мусса Дембелемен салыстыруға итермелейді. Ал Энцо Виктор Ваньяма болмаса да, допты алу қабілеті жақсы дамыған, прессинг жүйеде де ойнау ол үшін мәселе емес. Прессингтен ешқашан бас тартпайтын Рогер Шмидтан сұрап көрсеңіздер болады.
Сол қапталда қорғаушылардың артына жүгіріп кіретін Сонның рөлін Стерлинг немесе Мудрик орындай алады. Деле Алли сияқты шабуыл шебіне көтеріліп, қосымша шабуылшы ретінде Мэйсон Маунт та («МЮға» ауысатын сияқты), Кай Хавертц те және Нкунку да ойнай алады. Бірақ франциялықтың керемет әмбебаптық қасиеті үшін, оны он қапталдан ортаға ойысып, мүмкіндіктер ұйымдастыратын Кристиан Эриксен орнына қоямыз.
Осы маусымда гол соға алатын нағыз 9-дық болмаған «Челсиден» Харри Кейн орнын басатын ойыншыны қайдан таппақшысың деген сұраққа Ромелу Лукаку деп жауап беремін. Ромелу өз бабында болса керемет ойыншы. Барлық физикалық көрсеткіштері жоғары деңгейде, шебер пасты да бере алады, соғылған гол статистикасы көптеген жанкүйерлермен жете бағаланбаған. Маурисио дұрыс мотивация беріп сенім танытса, бельгиялық жақсы ойынмен жауап беруі керек.
👍5
Better call Sula
Почеттино «Челсиді» шыңға көтере ала ма? Бұл сұраққа жауап берудің екі жолы бар. Біріншісі – Почеттино «Челсида» жиналған көптеген жас ойыншыларды «Тоттенхэмдегідей» дамытып, өзінің стиліне тән команда құрады деген сенім. Алайда аргентиналық бапкер солтүстік…
Жалпы алғанда «Челси» құрамы мен Маурисио Почеттиноның бапкерлік ойын құру әдістері үйлесімді заттар екенін түсіндік. Алайда лондондықтар осы жазда өзінің үлкен құрамын әлі тазалауы қажет.
«Челси» қайтадан жүйелі түрде Чемпион Лигасында ойнап, кейде АПЛ үшін таласатын деңгейге жете ме деген сұраққа толық жауап бере алмаймын. Бұған әсер ететін факторлар шексіз. Бірақ американдық клуб иегері толыққанды сенім танытса, Почеттино қажетті нәтижелер бере алатынына сенемін. Ал аргентиналыққа Тодд Боулимен бірге жұмыс жасауында тек шыдам мен сәттілік тілей аламын.

👍6
Пеп Ағылшын Премьер Лигасын 3-ші рет қатарынан жеңді, енді тарихи 2-ші треблге жету үшін қалған Англия кубогінің және Чемпиондар Лигасының финалдарында жеңіс керек.
Еуропалық футбол тарихында требл жасаған 9 команда бар. Бүгін сол командаларды еске түсірейік. Талқылауда осы маусымдағы Ман Сити осы қатарға қосылуға лайық па деген сұраққа пікір алмасайық.
1. Селтик 1966-67
2. Аякс 1971-72
3. ПСВ Эйндховен 1987-88
4. Манчестер Юнайтед 1998-99
5. Барселона 2008-09
6. Интер 2009-10
7. Бавария 2012-13
8. Барселона 2014-15
9. Бавария 2019-20

✍1
Бүгін АПЛ-да келесі маусымды Чемпионшипте өткізетін клубтар анықталады.
Үміткерлер арасында «Эвертон», «Лидс» және «Лестер», үш клуб та + ұшып кеткен «Саутгемптон» өзінің бас бапкерін Ағылшын Премьер Лигасында қалу үшін ауыстырған болатын. Ең қызығы ұшуға басты кандидаттар «Ноттингем Форрест» және «Борнмут» өздерінің бапкерлеріне сенім танытып, сақтану күресінде жеңіс таба білді.
Неліктен клубтар АПЛ-да қалу үшін барлығына дайын?
Мәселен, «Лидс» бір емес екі бапкер ауыстырды және Сэм Эллардайсқа клубты жоғары дивизионда қалдырса, 2 миллион еуро бонус береді. Жоғарыдағы сұраққа АПЛ-дың байлығы және одан ұшудың қатал қаржылық әсері деп жауап беруге болады.
Ұшқан клубтар әдетте келесі маусымда кірістердің 50-ден 70 пайызға дейінгі айтарлықтай төмендеуін бастан кешеді. Мысалы, «Фулхэмнің» ұшқаннан кейінгі 2019-20 маусымындағы кірісі 58 пайызға төмендеді. Бұндай төмендеудің негізгі факторы – теледидар құқықтарынан түсетін кірістің жоғалуы. Премьер-Лига клубтары бұл құқықтар үшін орташа есеппен 125 миллион фунт стерлинг алады, ал чемпионаттан ұшқан клубтар 100-110 миллион фунт стерлинг алады. Чемпионшип клубтарының теледидар құқықтар үшін орташа кірісі 5-6 миллион фунт стерлинг болғандықтан, клубтар бірден 100 миллион сомасындағы ақшаны жоғалтады.
Бұндай қатты қаржылық соққыны болдырмас үшін ұшқан клубтарға парашют төлемдері қарастырылған. Ұшқаннан кейін клубқа АПЛ-дан соңғы маусымында алған кірісінің 55 пайызы бірінші маусымда, екіншіде 45 пайыз және үшіншіде 20 пайызы төленеді.
Парашют төлемдеріне қарамастан, жарыстан ұшқан клубтар әлі де кірістердің айтарлықтай төмендеуін бастан кешеді. Бұл әсер матч күніндегі кірістер мен коммерциялық кірістерге қатысты орын алады. Демеушілерге Премьер Лигадан тыс клубтардың тартымдығы азырақ болады, оған қоса билет бағалары төмендеп, матчтарға келетін жанкүйерлер саны да азаяды. Алайда ең ауыр соққы – теледидарлық құқықтардан түсетін кірістің жоғалуынан.
Премьер Лига клубтары бірінші кезекте чемпионаттан ұшпау үшін және жақсы нәтиже көрсету үшін ең озық ойыншыларды тартады. Сәйкесінше жақсы ойыншылар жоғары жалақыға ғана келеді. Бірақ кейде футболда ақша барлығын шеше бермейді, жоғары жалақысы бар ойыншыларды жинаған клуб та АПЛ-дан ұшуы әбден мүмкін. Бұндай ұшқан клубтар кірістің күрт төмендеуінен өздерінің жалақылық есептері шамадан тыс асып кеткен болады. Бұл өз кезегінде клубтарды жоғары жалақысы бар сапалы ойыншылардың әділетсіз, тым арзан сатуына мәжбүрлейді.
Қысқаша айтқанда, жоғарыда келтірілген қаржылық сұмдықты өз бастарынан кештірмес үшін клубтар ең үздік лигада ойнау құқығын сақтауда барлығына дайын. Неге барлығы «Брайтон» сияқты емес? Жалақы бойынша 18-ші орында, ал келесі маусымы еурокубоктік кештерге толы болады.

✍4🤔1
Футбол маусымы ақырындап аяғына келе жатыр. Маусым қорытындыларын жасауды да бастау керек.
Егжей-тегжейлі тек АПЛ-ға ғана тоқталамын, себебі басқа чемпионаттарды басынан аяғына дейін терең қарамадым. Әзірше Эдди Хау бастаған жігіттердің ойынын талқылап үлгердік. Тағы «Брайтон», «Астон Вилла» және Кейн жайындағы посттар жоспарланған. Басқа жарыстардың тек басты және қызық командаларына тоқталып кетемін.
АПЛ маусымының қорытындысы бойынша ең жоғары прогресс көрсеткен «Ньюкасл» (+22 ұпай), ал регресті – «Челси» (-30 ұпай). тен Хаг бірінші маусымында «Манчестер Юнайтед» көрсеткіштерін 17 ұпайға жақсартқан. Эмеридің қоржынға 16 ұпай қосқаны «Астон Вилланы» Конференция Лигасына жеткізді.
«Вест Хэм» 16 ұпай жоғалтып, еурокубоктарсыз қалды. 7 ұпай – Лидс үшін АПЛ-дағы орнының бағасы. «Саутгемптон» басшылары ауысып, не жасағысы келгенін ешкім түсінбеген сияқты. Ұшқандарға Шмейхель орнына дұрыс қақпашы алмай, сұмдық ұпай жоғалтқан «Лестер» қосылды.

❤5
«Брайтон» Еуропа Лигасында
«Брайтон» - футболдағы сапа мен баға арақатынасы критерийі бойынша ең таңғалдырарлық жоба.
Біріншіден, клубтың өзіндік нақты философиясы бар, олар сол жолға әрдайым берік. «Челси» Грэм Поттерді маусымның басталғанынан бір ай өткен кезде өзіне көшіріп алса да, бапкердің орнын Роберто де Дзербимен ешбір ауыртпалықсыз ауыстырған. Ең қызығы клубтың бас директоры Пол Барбер Грэм Поттер кететін болса, оның орнын басатын бірінші кандидат итальяндық бапкер болғанын айтқан. Осындай алдын-ала жоспарлау мысалынан «Брайтонның» өз философиясына адал екені бірден анық.
«Брайтон» алдыңғы маусымда керемет ойын көрсетіп, өкінішке орай, еурокубоктарға іліне алмады. Алайда көптеген көрсеткіштер бойынша алдыңғы қатарда болып, УЕФА жарыстарында ойнауға лайық еді. Клуб осындай жоғары деңгейдегі нәтижеге жеткізген ойыншылардың көбісінен айырылып қалды. Атап айтқанда, орталық шептегі Биссума, шабуылшы Нил Мопе және алдыңғы маусымның үздік ойыншысы Кукурелья, осылардың барлығы үшін жақсы қаражат төленсе де, олар «Брайтонның» тікелей қарсыластарына кеткенін де ұмытпайық. Оған қоса, «РБ Зальцбургтан» алынған ең қымбат трансфері Мвепу денсаулығына байланысты мансабын аяқтауға мәжбүр болды.
Екіншіден, селекция мамандарының керемет жұмысын атамауға да болмайды. Кеткен жақсы ойыншыларды жоғалтқандарына қарамастан, оларға лезде сапалы ауысым таба білді. Клубта болған колумбиялық жартылай қорғаушы Мойзес Кайседо, Вильяреалда жақсы ойын көрсеткен Эступиньян, жалға берілген Митоманың келуі мен академия түлегі Эван Фергюсон кеткен ойыншыларды оңайлықпен ұмытатындай ойын көрсетті.
Үшіншіден, алаңның сыртындағы керемет жұмыс алаңдағы ойынға әсері жоғары болғанымен, ойын нәтижелері доп тебумен алынады. Роберто де Дзерби жиі 3-тік қорғаушы жүйесімен ойнайтын Поттер командасын өзінің 4-2-3-1 жүйесіне ауыстырды. «Брайтон» ойындары әрдайым ойын-сауықтық элементке толы болып өтеді. Олар шабуылды құру кезеңін әрқашанда жерден пас алмасу арқылы бастайды, қақпашы допты орталық қорғаушыларға берген соң, ойыншылар допты алға жылжытуға асықпайды. Орталық қорғаушылар қарсыласты прессинг бастауын күтіп, бір-бірімен пас алмасуы да мүмкін. Қарсылас команда қысым бастап көрсеткенде, автоматты түрде жаттыққан комбинациялар көмегімен тез пастар алмасу арқылы қарсыластың алаң жиегіне өтіп кетеді. Бұндай ойын xP (болжамды ұпай) көрсеткіші бойынша төртінші орынға дейін жеткізген. Серия А чемпионы «Наполи» де осыған ұқсас ойын жүргізгенін де атап кетейік.
Төртіншіден, клуб тек алаңда ойын көрсететін ойыншыларды ғана емес, сол ойыншыларды табатын менеджмент адамдарын да жоғалтты. «Челси» сапына Кукурельядан басқа «Брайтон» ойыншыларын пазл секілді жинаған Пол Уинстанли кетті. Алдыңғы жазда осы «Брайтонды» құруға көп үлес қосқан техникалық директоры Дэн Эшуорт «Ньюкаслға» кеткен. Осыған қарамастан, Брайтон жығылмады. Бұл - клубтағы адамдардың ішкі жүйедегі өзара әрекеттесуі әлемдік деңгейде екенін көрсетеді. Брайтон - бұл үлкен және күрделі механизмдерден тұратын машина. Ал оның бас директоры сол машинаны білу тиянақтылығы соншалықты, одан қандай бөлшекті сатып алмаса да, машинасы әдеттегідей жұмыс жасайды. Осы және өзге де тақырыптар аясында Пол Барбер қатысуымен жақында керемет подкаст шыққан.
Команда ойнайтын стильдегі бапкерді тағайындау, сол ойынға тез бейімделетін ойыншыларды сатып алу дегендердің барлығы - қисынды және онсыз да жасайтын қарапайым әрекеттер сияқты көрінеді. Бірақ осындай қисынды әрекеттерді өзіңнің бағытында берік түрде орындау - ең қиын нәрсе. Бапкерді бір-екі сәтсіз ойынынан кейін бірден жұмыстан шығару немесе жоғары деңгейдегі, бірақ ойынға үйлеспейтін ойыншыларды мүмкіндік бар ғой деп сатып алу сияқты азғыртулардан аулақ болу керек.
«Брайтон» керемет нәтижелерге өзі таңдаған жолына адал болуды жүйелі міндеттемесі ретінде бұлжытпай орындауы арқасында жетіп жатыр.

YouTube
Brighton CEO Reveals Secrets to Premier League Success, Dealing with Chelsea and Finding Wonderkids
Paul Barber is the CEO of Brighton & Hove Albion FC. In Barber's first season at the club, they recorded their highest league finish for more than 30 years.
How did he achieve it and what has he done since to instil the club’s values?
He reflects on how…

❤4🔥2👍1
«Астон Вилла» Конференция Лигасында
Вилландар маусым басында бірінші ондықта болуды және бәрі сәтті жүріп жатса еурокубоктарға іліну мақсатын алдыларына қойған. Алайда маусым бойы барлығы сәтті болды деп айту дұрыс болмайды.
«Астон Вилла» жобасын Стивен Джеррард бастағанын естен шығармайық, нәтижелерді алмасақ Унаи Эмери командасына қарағанда ағылшындық бапкердің қоюға тырысқан ойыны көзге жағымдырақ көрінген. Бірақ Коутиньо сияқты қажетсіз әрі үлкен трансфер және команда көшбасшысы Тайрон Мингзбен жанжалдар сияқты мәселелердің қосындысы нәтижелердің күрт төмендеуіне алып келді. Клуб басшылары Джеррард орнына испан бапкерін шақыру туралы шешім қабылдады.
Унаи прагматикалық стильде ойын құрастыратын бапкер. Оның мықты жағы – өз ойынын құру емес, қарсыласқа өз ойынын жүзеге асыруды қиындатуда. Осы себепке байланысты Эмери үлкен клубтарда жақсы нәтижелерге жете алмаған да шығар. Мәселен, испан маманы «ПСЖ», «Арсенал», және «Спартак» футбол клубтарында қызмет жасаған, бірақ айтарлықтай нәтиже бермеген.
Керісінше «Севилья», «Вильяреал» және қазір «Астон Вилла» сияқты орташа деңгейлі клубтарында нәтиже беруде. Эмери өзінің дебют ойынында «Манчестер Юнайтедті» 3-1 есебімен жеңген, жеңіс толыққанды әділ болмаса да, бапкер командасының ерекше ойын тәртібі бірден көзге түсті.
Компактты 4-4-2 жүйесі шабуылда көбінесе 3-2-5 ке ауысады. Эшли Янг шабуылға қосылмай, артқы үштікте қалса, Алекс Морено қаптал бойынша жоғары көтеріледі. Сол қапталдағы Буэндия орнын босатып, сол жартылай қапталға ойысады. Аргентиналық команданың маңызды ойыншылардың бірі десек те болады, қорғаныста көмекті, допты шабуыл шебіне дейін көтеріп тарту және прессингте белсенді жұмыс сияқты әртүрлі әрекеттерді бір матч ішінде жасап үлгереді. Орталық шептегі екі орынды МакГинн, Дуглас Луиз және Камара бөліп, ойын көрсетеді.
Алаңның сол қапталдағы испандық пен аргентиналықтан басқа шабуыл бестігінде Джейкоб Рэмзи, Бэйли және Олли Уоткинс гол соғуға тырысады. Шабуылдаушы тобынан ағылшындық форвардты атап өту керек. Осы маусымда өз атына 15 гол және 6 ассист жазып, қысқы трансферлік кезеңде Дэнни Ингзді «Вест Хэм» сапына көшуге мәжбүр етті.
Жалпы Эмери «Вилласы» белсенді түрде жоғары прессинг жасаудан қорықпайды және команда күші азайған кезде автобустық жүйеге көшуге де сескенбейді. Гол соғарлық мүмкіндіктерді осы ойындық элементтер көмегімен табады, қарсыластың қысым астындағы қателігі немесе терең қорғаныстан қарымта шабуыл – «Астон Вилланың» наны.
Келесі маусымға қатысты болжам беру қиын, бұндай жобада команда айтарлықтай жаман нәтиже көрсетуі екіталай болса да, оның нақты жақсырақ көрсеткіштерге иелене алатыны туралы сенім көп емес. Осындай жағдайға клуб басшылары қаншалықты көңіл толатыны белгісіз. Не болса да Эмеримен «Астон Вилла» танылатын және әзірше нәтижеге жететін клубқа айналды.

👍4
Харри Кейнді дұрыстап бағалай білейік
Харри Кейн Ағылшын Премьер Лигасында 2-ші рет 30 гол соқты. Екі рет те ағылшындық форвард үздік сұрмерген атағын иеленбеген. Тек Алан Ширер (АПЛ тарихындағы үздік сұрмергені – 260 гол) ғана 30 голды көбірек соққан (3 рет). Холланд 36 гол соққан маусымы үшін Харри қажетті құрметті иеленбегені әділетсіз жағдай.
Кейнге қатысты бірнеше ақиқат-мәлімет:
• Қазіргі таңда ағылшындық 213 голмен АПЛ-дың 2-ші үздік сұрмергені.
• Оның 30 голы Премьер Лиганың алдыңғы 24 маусымында үздік сұрмерген атағын жеке-дара немесе бірлескен жеңімпаз ретінде жеңіп алу үшін жеткілікті болар еді.
• 2022/23 маусымында Кейн 26 түрлі ойында гол соққан. Бұл 38 тур өткізілетін жарыстағы рекорд, 42 турдан тұратын чемпионатта Энди Коул да 26 матчта нәтиже жасаған.
• Осы АПЛ маусымында Харри баспен 10 гол соқты – бұл жарыс тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.
• Ол сондай-ақ Премьер Лиганың 38 турлық жарыстың екі бөлек маусымында 30 гол соққан алғашқы ойыншы болды.
Осы статистика Кейнге қажетті құрмет көрсетіп, оның осы маусымдағы көрсеткен ойынын оң жағынан атап өту үшін жеткілікті болар. Бірақ Харри сонша мықты ойыншы болса, неге «Тоттенхэм» тек 8-ші орында деген сұрақ туындайды. Бұған тек ішкі клубтағы бірізділіктің болмауы, соның әсерінен команданың нашар ойыны осындай нәтижелерге алып келді деуге болады.
Кейн болмаса лондондықтар тіпті бұдан да төмен орынды иеленуі әбден мүмкін еді, чемпионаттағы 6-шы нашар қорғаныспен жоғары нәтижелерге жету қиын. «Тоттенхэм» 60-тан астам гол соғып, 60-тан көп гол өткізген 2-ші команда. Бірінші команда 2007/08 маусымдағы «Тоттенхэм» болған. Ал Харри соққан голдар командасының еншісіне 24 ұпай қосқан.
Тағы да айта кетерлік жайт, Кейн соңғы маусымдарында өзінің дамуының көмегімен командасына тек гол соғумен ғана емес, гол соғатын мүмкіндіктер жасаумен де айналыса бастады. Бірақ мүмкіндіктер туындату үшін оған өзін тереңірек позицияларда ойнауға мәжбүрлейді, сәйкесінше өзі иеленетін гол соғатын мүмкіндіктер тек айып алаңда жүретін кездеріндегі мүмкіндіктерден нашарлау болады. Осыған қарамастан ағылшындық гол соғу қарқынын азайтпауда. Ол осы маусымда 21,5 xG мүмкіндігін 30 голға айналдырған.
Әрине, Харри Кейнге олжалар ұту маңызды болса, «Тоттенхэмнен» кету керектігі даусыз. Трансферлік кезең басталмаса да ағылшындық шабуылшыны еуропаның үздік клубтарымен байланыстырып жатыр. Атап айтқанда, «Манчестер Юнайтед», «Реал Мадрид» және «Бавария» Кейнді алғысы келеді деген мәліметтер бар. Сіздің ойыңызша Кейн қай клубты таңдауы қажет?

❤🔥8
АПЛ 2022/23
Қызықты және сенсациялық нәтижелерді егжей-тегжейлі талқыладық. Енді қысқаша түрде қалғандары туралы жазып, маусым командасын ұсынайын.
«Ман Сити» - үздік марафоншы. Гвардиола Холландты өзінің ойын жүйесіне қосып, команданың тепе-теңдігін тапқаны көбісі үшін қарапайым нәрсе сияқты көрінсе де, негізінде жоғары деңгейдегі жұмыс.
«Арсенал» - керемет жас команда. «Ситимен» соңына дейін күрескен команданың сапасы жоғары екені айқын. Келесі маусымда команданың тереңдігін ұлғайту қажет және Артетаға кей жағдайларда икемдірек болу қажет.
«Ман Юнайтед» - тен Хаг клубтағы ішкі шиеліністерге және оның ойын стиліне қажетті ойыншылардың жеткіліксіздігіне қарамастан, керемет нәтижелерге жетті. Жазда шабуылшы, қақпашы және жартылай қорғанысқа ойыншы алынса, нағыз тен Хаг командасын көреміз.
«Ливерпуль» - орталық шепті жаңартпауы және негізгі ойыншылардың жаман ойыны - тұрақсыз нәтижелерге алып келді. Клопп Тренттің рөлін өзгерту арқылы жаңа балансқа жеткен сияқты, келесі маусымда толыққанды оралу керек.

👍2
Ла Лига 2022/23
«Барселона» - әділетті чемпион. Хави командаға ең басты базис - жоғары деңгейдегі қорғанысты құрып үлгерді, оған қоса футболдағы қиын элементтердің бірі прессинг өте жақсы имплементацияланған. Қорғаныстың мызғымастығы, Тер Штеген қарқыны сақталып, алдыңғы шептегі тым болжамды шабуылдарды түзетсе, «Барса» Еуропаны шулатуға дайын.
«Реал Мадрид» - жұлдыздар еркіндігі чемпиондыққа алып келмеді. Анчелотти және Зидан ойыншыларына асыра кеткен тактикалық жүк тиемейді, алайда бұндай тәсіл үлкен қашықтықтағы жарыстарда жүйелі түрдегі нәтижелерге алып келуі екіталай. Көлеңкеде жүрген жұлдыз Каземиро кеткені – чемпиондық жарысқа үлкен әсер етті.
«Атлетико» - кемеңгер Cимеоне қайта жаңа команда құрды. Маусым басында өмірлік жұмысынан қуылуға да жақын болған. Алайда Әлем Чемпионатынан кейін мадридтіктердің ойын қарқындары керемет болды. Бұл «Атлетико» енді терең орналасқан 4-4-2 және қарымта шабуыл жасайтын команда емес, көзге жағымды әрі нәтижелерге жете алатын командаға айналған сияқты.