ВАР неліктен Кевин де Брюйне «Реал Мадрид» қақпасына соққан голды тексермеді?
Бельгиялық 67-минутта жойқын соққымен есепті теңестірді, алайда шабуыл басында Кайл Уокер пасынан кейін доп алаңның сыртына шығып кеткендей болды. ВАР (Video Assistant Referee) неліктен бұл эпизодты қарастырмады?
Арсен Венгер бейне көмекшілер дұрыс жұмыс істемеді деп санайды: «Вардың міндеті – таза голдың бар-жоғын тексеру. Мұндай жағдайда бейне төрешілер араласуы керек».
ВАР ережелеріне сәйкес төрешінің бейне көмекшісі – бұл матчтың бейнежазбасына тәуелсіз қол жетімділігі бар матчтың ресми өкілі, ол төрешіге тек «айқын қателік» немесе «елеулі жіберіп алған эпизод» орын алған жағдайда ғана көмектесе алады:
А. Гол / голдың болмауы
B. Пенальти / пенальти жоқ
C. Тікелей қызыл қағаз (екінші сары қағаз / ескерту кездерінде емес)
D. Қате сәйкестендіру (төреші дұрыс емес ойыншыға сары немесе қызыл қағаз берген кезде)
Бұл эпизодтар қайта қаралатын шешімдер / матч барысын өзгертетін оқиғалар деп аталады, яғни осылар орын алғанда ғана ВАР тікелей араласа алады. Арсен Венгер сонда осы жағдайды дұрыс бағалады ма?
Eurosport-қа сәйкес УЕФА дереккөздері доптың алаңның сыртына шыққанын растады, бірақ ВАР жүйесінің араласуға құқығы болмады, өйткені доп «Реалға» Камавинга арқылы қайта келді және ол «шабуылдың жаңа кезеңі» ретінде тіркеледі. Басқаша айтқанда, доп алаңнан шығып кетті, төрешілер қателік жіберді, алайда бұл қателікті Камавинга араласқандықтан түзету мүмкін болмады.
ВАР-дың араласпағаны – тек техникалық шешім.

👍14❤5
Чалханоглу әлемдегі ең жанжалқой ойыншы ма?
Чемпиондар Лигасының екінші жартылай финалда «Интер» мен «Милан» кездесті. Түрік құрамасының ойыншысы өзінің бұрынғы командасына гол соғуына сәл қалды, соққыдан кейін доп Майк Меньян қақпасының бағанасына тиді. Хакан гол соққанда, оны тойлауы ешкімді таңғалдырмас еді. Неліктен деген сұрақ туындаса, түрік футболшысы өзінің әр трансферін күштеп өткізіп, бұрынғы клубтарымен қарым-қатынасын бұзған.
Мұның бәрі Чахланоглу «Карлсруэнің» академиясында болған кезде басталды. Ол 17 жасында әкесімен бірге, кәмелетке толғаннан кейін, «Трабзонспорға» ауысуға келіскен болатын. Олар 100 мың еуро көлемінде аванс алып, өздерінің келісімін орындамаған. Келісімді орындау уақыты келгенде ешқандай келісім болмағанын, құжаттарға қол қоймағанын және ақша алмағанын келтірген болатын. Бес жылдан кейін ФИФА Чахланоглуды бұл әрекеті үшін 4-айлық дисквалификация береді.
Нәтижесінде, 18 жасқа толғаннан кейін біздің кейіпкеріміз «Карлсруэден» «Гамбургке» ауысады. Бундеслигадағы алғашқы толыққанды маусым Чалханоглу үшін өте жақсы өтті – 11 гол + 3 ассист. Қыста клуб басшылығы керемет ойыны үшін ойыншыға жалақысын көтеретін жаңа келісімшарт ұсынады. Келісімге қол қойылды, барлығы риза, бірақ көктемге қарай команда ойыны шашырап, Бундеслигадан ұшу қаупі пайда болды.
Содан кейін Чемпиондар Лигасының аймағында жүрген «Байер» өкілдері ойыншының айналасымен байланысады. Бұл жағдайда Чалханоглу не істеді? Әрине, ереуіл ұйымдастырды. «Гамбург» трансферді маусымның соңында талқылауға дайын болды, бірақ Хакан бәрін тез арада шешкісі келді және психотерапевттен алынған жалған анықтамасын сылтау етіп, жаттығудан бас тартты. Осылайша, Хакан «Байерге» көшеді.
2017 жылы CAS апелляциялық шағымды қабылдамай, ФИФА дисквалификациясын күшінде қалдырған кезде, «Байер» онымен келісімшартты ұзартуға дайын болды, бірақ Чалханоглу жалақыны көбейтуді сұрады. Көп ұзамай «Милан» өзінің жаңа қытайлық иелерімен оның жалақысы мен қол қою бонусына сұраныстарын қанағаттандырды.
2021 жылдың жазында Чалханоглу «Миланмен» келісімшартты ұзартуына уәде береді, келіссөздерді соңына дейін созып жатқанын, Түркия құрамасындағы жұмыспен түсіндірді. Ал оның құрамасы Еуро-2020 (2021) жарысынан ұшқаннан тура бір жарым күн өткен соң, ол ресми түрде «Интер» ойыншысы атанған.
Ең қызығы «Милан» сапында 2020/21 маусымында скудеттоға күрескенде, «Интерге» жарысты ұтылып сезонды 2-ші орында аяқтады. Ал келесі маусымда «Интерде» ойнағанда бірінші орынды бұрынғы клубына «Миланға» беріп қойған. Бұл жай жолы болмағаны ма, әлде өзінің мансаптық жолы бойы ұйымдастырған жанжалдары үшін кармалық жазасы ма? «Интермен» Чемпиондар Лигасын алса, Хакан үшін қуанамыз ба?

👍15
Бапкерді жұмыстан шығару, жаңа жұлдызды ойыншыны сатып алу, трансляциялық құқықтар туралы келіссөздер, ойыншылардың заңсыз әрекеттері немесе миллиондаған, кейде миллиардтаған сомадағы клубтарды сатып алу болсын, заңгерлер барлық футбол мәмілелерінің маңызды бөлшегі болып қалады.
Қазір Премьер-Лиганың жетекші заңгері Дэниел Джи жазған «Done Deal» кітабын оқу барысындамын, 9 тараудың 4-еуін аяқтадым. Қысқаша айтқанда, футболдың алаң сыртындағы әрекеттерді қарапайым тілмен сипаттайды.
Посттағы сурет клубтар, ойыншылар, агенттер мен ұйымдар өзара әрекеттесетін және табыс үшін қызметтер мен құқықтармен алмасатын, барған сайын күрделеніп жатқан футбол экожүйесін суреттейді. Кітапта осындай футболдың ішкі жүйесін егжей-тегжейлі түсіндірулер көп. Егер осындай тақырыптағы мәлімет қызық болса, бұл шығарманы оқуға кеңес етемін.

❤13
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ла Лиганың осы маусымы қызыл қағаздарға толы болып, бұзушылықтар аз тіркелген. Қалайша?
Ла Лиганың жарыс жөніндегі директоры Луис Хиль мұның себебін Испанияда ойыншылар немесе ойындар емес, төрешілер үшін алаңнан қуу критерийлері өзгергенін түсіндірді. Бұл ішкі және еуропалық ойындарда қолданысқа енгізілді.
Лиганың қысқаша мәлімдемесінде: «Ла Лига ойыншылары агрессивті бола бастамады, тек испандық төрешілерге қызыл қағаз көрсету межелігі өзгертілді және осы маусымда Ла Лигада да, испандықтар төреші болған еуропалық жарыс матчтарында да бір матчтағы орташа қызыл қағаз саны күрт өсті», - деп келтіріледі.

👍6❤1
Ла Лигада көрсетілген 125 қызыл қағаз еуропалық қалған кез-келген үздік бестіктен кем дегенде 35-ке көп. 125-тің 78-і тікелей көрсетілген, бірақ орташа фолдар саны 2005/06 маусымнан бастап ең төмен нәтиже иеленген.
AS-қа берген сұхбатында төрешілер комитетінің басшысы Луис Медина Канталехо қызыл қағаздардың көбеюін төрешілер өздерінің «ойыншыны спортшы және футбол командаларының басты активі ретінде қорғау міндетін» орындайтындығымен түсіндірді.
Бұл әрине өте игі ниет болғанымен, лига басшыларының ойлағандары жүзеге аспай жатқаны айқын. Егер олар ойыншыларды қорғауға ниеттенсе, бұзушылықтардың орташа көрсеткіші төмендемей, керісінше өсуі керек еді ғой.

👍7❤1
Биг Сэм «Лидс Юнайтедті» Чемпионшипке қайта құлаудан құтқаруға тырысып жатса, мен «Лидстің» сол Чемпионшиптік кезеңінде пайда болған Жан-Кевин Огюстенге қатысты дауды талқылайын.
Жан-Кевин Огюстен 2017 жылдың жазында «РБ Лейпцигке» ауысып, 2019 жылдың жазына дейін командада ойын көрсетті. Осыдан кейін шабуылшы алдымен «Монакоға» (2019 жылдың қыркүйегінен 2020 жылдың қаңтарына дейін), содан кейін 2020 жылдың қаңтарынан бастап «Лидс Юнайтедке» жалға берілді. Ол кезде «Лидс» Чемпионшипта, ағылшын футболының екінші дивизионында, өнер көрсеткен болатын.
Жалдау шартында «Лидс Юнайтед» Премьер Лигаға шыққан жағдайда ойыншының ағылшындық клубқа ауысуы туралы ереже болды. Коронавирустық пандемияға байланысты 2019/20 маусымы 2020 жылдың 30 маусымынан асқан, яғни жалдау мерзімі өткеннен кейінгі уақытта аяқталған. Осы жағдайға байланысты «Лидс» Огюстенді сатып алу туралы келісімшарты жарамсыз деп шешті, өйткені клубтың пікірінше, олардың АПЛ-ға көтерілуі келісімшартта белгіленген мерзім ішінде орын алмаған.
Осыдан кейін «РБ Лейпциг» ФИФА-ға шағым түсіреді. 2021 жылдың 1 маусымында ФИФА «Лидс Юнайтед» келісімшартта көзделген және келісілген трансфер сомасын «РБ Лейпцигке» төлеуі керек деген шешім шығарды.
«Лидс» бұл шешімге шағымданды, алайда, CAS-та тағы бір жеңіліске тап болады. Шешім ағылшын клубы ешқашан иелік етпеген ойыншы үшін қомақты соманы төлейтінін білдіреді. Оған қоса, «Лидс Юнайтед» ойыншымен келісімшартты бұзғаны үшін кінәлі деп танылғаннан кейін Жан-Кевин Огюстенге 24,5 миллион фунт стерлинг өтемақы төлеуге міндеттелді.
Себебі Огюстен мен «Лидс» арасындағы контракт шарттары алдын-ала келісіліп қойған болатын, бұл контракт жалға алу келісімі негізінде көшкен кезде күшіне енетін. «Лидс» трансфер жүзеге асу үшін жалға алу келісімі шарттарына сәйкес орын алмады деген дәйектері заңсыз болғандықтан, француз ойыншысының 5 жылдық, апта сайынғы 80 мың фунт стерлинг жалақы төлейтін келісімшартын бұзған болып тұр. Осыған байланысты клуб жоғарыда келтірілген соманы төлеуге міндетті.
«Лидс» ойыншымен неліктен алдын-ала контрактты келісіп қойды деген сұрақ туындаса, олар өздерін максималды түрде сақтандырғысы келді. Мұндай жағдайларда ойыншымен алдын-ала контракт жасасу қисынды әрі кең таралған практика. Бұл ойыншы жалға алу кезінде жақсы ойын көрсетіп өсіп кетсе, жоғарырақ сомадағы жалақыны төлемеу амалы.
Басқаша айтқанда, тұрақты трансфер жүзеге аспай жатып, ойыншымен жеке келісімшарт жасалмаса, трансфер орын алғаннан кейін ойыншының жеке шарттары жайындағы келіссөздерде футболшы ұтымды жағдайға иеленеді. Өйткені ол үшін ақша төлену міндеттемесі алынып қойған, сәйкесінше өз шарттарын күштеп таныту мүмкіндігіне иеленеді.
Алайда «Лидс» басшылары неліктен Огюстеннің алдынғы ойындарына қарамастан, 5-жылдық 80 мың фунт стерлинг жалақысымен қамтылған контракт бергені басқа сұрақ.
«Лейпцигте» 2 жыл ішінде 67 ойын ойнап, командасына 20 гол және 8 нәтижелі пас берген. Лидске қосылмай тұрып Ромада жарты сезон уақытында 13 ойынға қатысқан, гол және пас бойынша 1+1 ұпай жинаған. Қаншалықты қисынды шешім болғанын өздеріңіз бағалаңыздар.
Қазіргі күні Жан-Кевин Швейцариядағы «Базель» клубы сапында ойын көрсетеді

👍3
Пенальти ережесі қалай пайда болды?
Бірнеше сағаттан кейін басталатын «Реал» мен «Сити» арасындағы текетірес тағдыры пенальтимен шешілуі әбден мүмкін. Сондықтан бүгін пенальти соққысының пайда болу тарихын зерделейік.
1891 жыл 14-ші ақпан, «Трент Бридж» стадионы, Ноттингем, Англия. Льюис Баллам бір көзімен доптың қону траекториясын есептеп, соққы жасауға дайын; екіншісімен ол «Ноттс Каунти» қақпашысы Джеймс Трейвстің құлағанын көрді.
«Сток» үшін есепті теңестіруге керемет мүмкіндік пайда болды: енді Баллам Англия Кубогінің ширек финалында гол соққалы тұр. Шабуылшы соққы жасады, доп дәл сол жылдары қақпаға бекітіле бастаған торға ұшты, алайда доп қақпа сызығынан енді өтейін деп жатқанда, «Ноттс Каунтидің» сол жақ қорғаушысы Джон Хендридің оң қолы доптың жолына түсті.
Хендри ойын ережесін әдейі бұзғандықтан, «Сток» клубының барлық он бір ойыншысы төрешімен дауласа бастады және одан голды санауды сұрады. Қызу шағымдарға қарамастан, төреші ережелерге берік болып, қақпадан бірнеше метр қашықтықтағы айып добын тағайындады. Бұл соққыны Трейвс тізе бүгіп, қақпа ішінде бір-бірінің иықтарын тіреп тұрған он командаластарымен оңай қайтарды. Есеп өзгеріссіз қалып, «Сток» жеңіліске ұшырайды.
Жеңілгендер тікелей ФА штаб-пәтеріне барып, олар орын алған әділетсіздікке байланысты тағы бір рет шағымданды. Наразылықтар аяқталғаннан кейін ұйым өкілдері Ноттингемде ережелермен қорғалған айқын әділетсіздік болғанын мойындап және болашақта мұндай масқара жағдай қайталанбауы үшін бірдеңе істеу керек деп келісті.
Көп ойланғаннан кейін басшылық ирландиялық делегат әрі қақпашы Уильям Маккрам ұсынған ережені енгізу туралы шешім қабылдады. Маккрам пенальтиді, 11 метр қашықтықтан (қатаң айтқанда, 12 ярд, 10,97 метрге сәйкес келетін) қақпаға дейін тікелей айып добын ұсынды.
Осылайша, доп әлі ойында болған кезде өз қақпасының жанында дөрекілікке жол берген команда үшін "максималды жаза" пайда болды (айып алаңы тек 1902 жылы пайда болған). «Сток» менеджерлері спорт кодексіне адалдық қосқанына жақсылып қуанды. Бірақ олар істің аяқталмағанын әлі білмеді.
Сол жылы 21 қарашада «Вилла Парк» стадионында «Сток» ойыншылары тағы да жаңа сәтсіздікке тап болды. Матчтың аяқталуына бірнеше секунд қалғанда қонақтар өздерінің басты қарсыластарының бірі «Астон Виллаға» 2-1 есебімен ұтылып жатқанда пенальти тебу құқығына иеленеді.
Льюис Баллам Англия Кубогіндегі ең өкінішті жеңілісі үшін тағдырдан реванш алуға тамаша мүмкіндік алды. Алайда, алаң иелерінің қақпашысы Джимми Уорнер төрешінің беделіне қарсы шығуға бел буды. Ол допты алып, оны стадионның сыртына жойқын соққымен шығарып жіберді.
Неліктен екені түсініксіз, төреші Уорнерді жігітсіздік әрекеті үшін жазаламады; сонымен қатар, басқа доп болмағандықтан, ол ойынды аяқтады. Сол кезде матч уақытының әр таймының соңында пенальтиді орындауға мүмкіндік беретін қосымша уақыт қосатын ереже әлі пайда болмағандықтан, «Сток» үйге қайтадан бос қолмен оралды.
«Сток» ойыншылары орнында болсаңыз, қандай әрекет жасаушы едіңіздер?

👍6
2023 жылғы 6 ақпанда Премьер Лига «Манчестер Ситидің» қаржылық ақпарат беру ережелеріне қатысты жүзден астам болжамды бұзушылық туралы ақпаратты Премьер Лиганың сот алқасының тәуелсіз төрағасы тағайындаған тәуелсіз комиссияға бергенін хабарлады.
Бұл Ағылшын Премьер Лигасы жүргізген төрт жылдық тергеудің нәтижесі, тергеу «Манчестер Сити» Премьер Лиганың барлық жиырма командасы ұстануға міндетті ережелерді қаншалықты адал түрде орындағанын тексерді.
Мақалада АПЛ «Ситиге» қатысты қандай жаза қолдана алатыны және бұл істің қандай саяси себептерге байланысты басталғаны туралы жазылған.
https://telegra.ph/APL-Man-Sitidі-zhazalaj-ma-05-18

Telegraph
АПЛ Ман Ситиді жазалай ма?
Болжамды бұзушылықтар 5 негізгі санатқа бөлінген және олар 2009/2010-2022/2023 жылдар, яғни он төрт маусым аралығында орын алған деп есептеледі. Бұзушылықтардың бірінші санаты клубтардың кірістеріне және шығындарына қатысты қаржылық жағдайын нақты көрсететін…
👍8
Ла Лигада қызыл қағаздар тасып жатса, Бундеслигада голдар ғажабы орын алуда.
Статистика көрсетіп тұрғандай, Бундеслигада басқа топ чемпионаттарымен салыстырғанда үнемі көбірек голдар соғылады.
1992 жылдан бастап топ-5 лига арасындағы ең көп гол соғылған 11 маусымның 9-ы Германияда болды, оның ішіне 1 ойында орташа есеппен 3,17 гол соғылатын Бундеслиганың осы маусымы да кіреді. Үздік бес маусымның барлығы — неміс жоғары дивизионының маусымдары, ал олардың төртеуі соңғы бес жылда орын алған екен.
Холланд, Левандовски секілді голеадорлар кеткенімен неміс футболы гол соғу қарқынын азайтпауда.

👍7
Better call Sula
Ла Лигада қызыл қағаздар тасып жатса, Бундеслигада голдар ғажабы орын алуда. Статистика көрсетіп тұрғандай, Бундеслигада басқа топ чемпионаттарымен салыстырғанда үнемі көбірек голдар соғылады. 1992 жылдан бастап топ-5 лига арасындағы ең көп гол соғылған…
Бундеслигада неге сонша көп гол соғылады?
Бундеслигада көп гол соғылуы командалардың ашық, жоғары прессингті көздейтін ойын үлгісін көрсетумен байланысты. Бұл лиганың «нәтижелілік» формуласының басты қоспасы. Командалардың жоғары прессинг жасау жиілігі матчтарды өте ашық етеді, сәйкесінше қорғаныс аймағында үлкен зоналар пайда болады. Ашықтық көптеген қауіпті сәттердің туындауына алып келеді, ал қауіпті сәттердің көптігі өз кезегінде, голдардың жиі соғылуына тікелей әсер ететіні анық.
Бундеслигада жоғары нәтижелі көрсеткішке иеленген футболшыларды сатып алу кезінде ойыншының бірден сондай жоғары деңгейді жаңа лигаға өткізетінін қатты күтпеу керек. Оны көптеген мысалдармен дәлелдеуге болады: Тимо Вернер, Джейдон Санчо, Кай Хавертц деп тізімді ары қарай жалғастыра беруге болады. Аналитиктер шабуыл шебінде ойнайтын ойыншылардың өз нәтижелігін Бундеслигадан АПЛ-ға өткізе алмау құбылысын «Бундеслигалық салық» деп атап кеткен. Келесі маусымда Кристофер Нкункудың нәтижелігін тексеріп тұруды ұмытпаңыздар.
***
Холланд: «Бундеслигалық салық? Бірінші рет естіп тұрмын».

Жасанды интеллект бүгінгі күні, ChatGPT, Midjourney немесе басқа да нейрондықтардың кең таралып кеткен қолданысының әсерінен, ешкімді аса таңқалдырмайды. Бұндай құралдар футболда да жиі қолданылып, үлкен пайда алып келуде.
«Тулуза» футбол клубы жасанды зиятты қалайша өзінің трансферлік кеңесшісіне айналдырғандығы туралы оқиға төмендегі сілтеме бойынша.
https://telegra.ph/Tuluza-zhәne-zhasandy-intellekt-05-20

Тулуза және жасанды интеллект
Goal Line Technology – доптың қақпа сызығынан өткенін немесе өтпегенін білу үшін төрешінің гарнитурасына орнатылған микрочиптен дыбыс жібереді. VAR – жартылай автоматты оффсайдты анықтау жүйесі жасанды интеллект көмегімен жүзеге асады. Ойыншылардың өнімділігін…
⚡9🤩2
FiveThirtyEight еурокубок финалдарына болжам шығарды.
Чемпиондар Лигасы:
Манчестер Сити (76%) - Интер (24%)
Еуропа Лигасы:
Рома (53%) - Севилья (47%)
Конференция Лигасы:
Фиорентина (52%) - Вест Хэм (48%)
Финалдарда кім жеңеді деп ойлайсыз және кімге жанкүйер боласыз? Талқылауда өз пікіріңізбен бөлісіңіз.
Өзім Интер, Рома және Вест Хэмді қолдаймын.
Бұрынғы қызыл сойқандар Мхитарян, Дармиан және Лукаку Ситиді тоқтату керек. Ситидің көптеген шабуылдарына Интер қорғаныс 5-тігімен және орталық аймақтағы компактты орналасуымен төтеп бере алуы керек. Оған қоса, 2-ші нөмір болып ойнап, қарымта шабуылға шығу - миландықтардың күшті жақтары.
Моуриньо еурокубок финалдарында жеңіліс көрмеген, қатарынан екі түрлі еурокубок алу - Жозе жасайтын іс.
Мойестың командасы жақсы ойынға қарамастан, маусым бойы әділетсіз АПЛ-да қалу үшін күрес жүргізді. Ең қызығы осы маусымда олар Конференция Лигасында (13) АПЛ-ға (11) қарағанда көбірек жеңіске жеткен. Қиыншылықтарды олжамен жауып, Деклан Райсты әйтеуір жіберетін шығар.

👍5❤3
«Ньюкасл» Чемпиондар Лигасында
Біріншіден, менеджменттің жасаған жұмысын “өте жақсы” деп бағалау керек.
3 трансферлік кезеңде - 240 миллион фунт жаратып, команда құрамын таңдаулы әрі қажет ойыншылармен күшейтті. Орынсыз және жоғары сомадағы ақша құртылған жоқ, оған қоса жұлдызды футболшыларға жүгіру де орын алмады.
Атап айтқанда, Бруно Гимарайнш орталық шептегі ең маңызды ойыншы болды. Бразиялық жарақат алған кезде, Ньюкасл ойын сапасы мен нәтижелері нашарлап кетті. Свен Ботман осы маусымдағы ең сенімді қорғаушылардың бірі, «Ньюкасл» нидерландықты ұлы Миланмен жарыса сатып алғанын ұмытпау керек. Киран Трипье, көшбасшы, плеймейкер және капитан деген 3 сөз жеткілікті.

Екіншіден, Эдди Хау ойынның сапасы жағынан жоғары деңгейдегі, стиль жағынан бірден танылатын команда құрды. Агрессивті, тұншықтыратын жоғары прессингтен доппен иелік еткісі келетін командалар зардап шексе, лигадағы ең мықты стандартты жағдайлардан барлық командалар зардап шекті.
Оған қоса, клубтағы бар ресурсты керемет пайдаланды, Альмирон ең мықты маусымын өткізді, Жоэлинтон шабуылшыдан бокс-ту-бокс позициясына ауысып маңызды рөл ойнады және Шер өзінің барлық қасиеттерін толыққанды ашатын жүйеде жарқырап кетті.
Үшіншіден, «Ньюкаслға» жаңа маусымға жақсылап бейімделу қажет. Апта ішінде енді бір ойын ғана емес екеу болатындықтан, маусым бойы екі майданда интенсивті ойын көрсету қиын болады, сондықтан Хауға осы мәселені шешу қажет. Тағы осы себепке байланысты құрамды күшейту қажет, Гимарайнш, Трипье сияқты көшбасшыларға сапалы ауысым керек.
Осы мәселелерді шеше алса, Чемпиондар Лигасындағы орын үшін таласуда өзін фавориттер қатарында сезінуі қажет.

👍10
Почеттино «Челсиді» шыңға көтере ала ма?
Бұл сұраққа жауап берудің екі жолы бар. Біріншісі – Почеттино «Челсида» жиналған көптеген жас ойыншыларды «Тоттенхэмдегідей» дамытып, өзінің стиліне тән команда құрады деген сенім. Алайда аргентиналық бапкер солтүстік Лондонда жақсы нәтижелерді бірден көрсете бастаған жоқ, сәйкесінше, оған сеніп уақыт беру - маңызды фактор. Бұл бізді екінші жолға алып келеді, оның аты – Тодд Боули.
«Челси» қайтадан жаңа жоба бастағалы жатыр. Тек айырмашылығы жаңа бапкерде, өйткені Грэм Поттер кезінде де дәл осындай жағдай болған. Көптеген жас ойыншылар, жаңа ойын бағытына ауысу және нашар нәтижелер. Нәтижелердің болмауын Поттердің өзіндік ойын үлгісін енгізу үшін қажетті сенім мен уақыттың болмауымен байланыстыруға болады, оған қоса маңызды ойыншылардың жарақат алғандығы да бар. Ең қызығы – Поттер енді тұрақты жүйе мен құрамды тауып, оңтайлы ойын көрсете бастағанда «Астон Виллаға» әділетсіз жеңілісі үшін қуылуы. Бұл эмоционалды шешім болғаны анық.
Маурисио барлық бапкерге сияқты өз стилін енгізу үшін уақыт керек.Футболда өз ойынын бірден қоятын бапкер – Антонио Конте ғана сияқты, бірақ 1,5 жылдан кейін бәрімен жанжалға түсіп клубтан кетіп қалуы да бар. Почеттиноның бапкерлік қызметінің басында да әділетсіз, өкінішті ұтылыстар болатыны айқын, бірақ Поттермен болғандағыдай Боулидің ашулық шешімдері қайталанбайды дегенге кім кепіл?
Боулидің рационалды шешім қабылдайтынын не қабылдамайтынын біз болжай алмаймыз, ал қазіргі құрамның Почеттино ойын тұрғысына қаншалықты сәйкес келетіні жайлы әңгіме құруымызға болады.
Почеттино Бьелса шәкірті болғандықтан, интенсивті әрі жоғары прессинг міндетті түрде қолданылады. Құрамда жас ойыншылардың көптігі бұл жағдайда қосымша артықшылық береді, өйткені жас футболшылар тезірек үйренеді, көп және жоғары қарқынмен жүгіре алады. Аргентиналық, әрине, Гвардиола деңгейінде емес, бірақ өзіндік позициялық шабуыл жасау жүйесін ұйымдастырады.
Сол кездегі «Тоттенхэмнің» негізгі жүйесі 4-2-3-1 болды. «Челси» сапында да аргентиналық өзінің сүйікті схемасын қолдану керек. Қақпада Льорис ойын көрсетті, Кепа мен Менди Уго деңгейіндегі "шотстоппер" болмағанымен, екі қақпашы да аяқпен жақсы деңгейде ойнай алады.
Қапталдағы қорғаушылар жиі-жиі соңына дейін көтеріліп, шабуылға көмектесетін. Ол рөлдерді Кайл Уокер мен Дэнни Роуз атқаратын. Рис Джеймс пен Бен Чилуэлл бұндай функционалды орындай алады, бір ағылшындық дуэт екіншісін алмастырады.
Орталық қорғаушыларда пас беру шеберлігі мен алаңның жоғары желісінде ойнай алуы керек. Тоби Алдервейрельд пен Ян Вертонген құрған бельгиялық дуо орнын енді жас француздықтар Уэсли Фофана мен Бенуа Бадьяшил басу қажет. Екеуі де әлі тұрақты түрде ойнайтын қорғаушылар болмаса да, осы позицияда ойнау үшін барлық қабілеттері бар. Неге Сильва емес десеңіз, бразилиялықтың жасы да келіп қалды және үздік ойынын үштікте Тухель кезінде өткізген болатын.
Екі орталық жартылай қорғаушы ретінде Матео Ковачич пен Энцо Фернандес ойнауы қажет. Ковачичтің дриблингпен өту қабілеті оны Мусса Дембелемен салыстыруға итермелейді. Ал Энцо Виктор Ваньяма болмаса да, допты алу қабілеті жақсы дамыған, прессинг жүйеде де ойнау ол үшін мәселе емес. Прессингтен ешқашан бас тартпайтын Рогер Шмидтан сұрап көрсеңіздер болады.
Сол қапталда қорғаушылардың артына жүгіріп кіретін Сонның рөлін Стерлинг немесе Мудрик орындай алады. Деле Алли сияқты шабуыл шебіне көтеріліп, қосымша шабуылшы ретінде Мэйсон Маунт та («МЮға» ауысатын сияқты), Кай Хавертц те және Нкунку да ойнай алады. Бірақ франциялықтың керемет әмбебаптық қасиеті үшін, оны он қапталдан ортаға ойысып, мүмкіндіктер ұйымдастыратын Кристиан Эриксен орнына қоямыз.
Осы маусымда гол соға алатын нағыз 9-дық болмаған «Челсиден» Харри Кейн орнын басатын ойыншыны қайдан таппақшысың деген сұраққа Ромелу Лукаку деп жауап беремін. Ромелу өз бабында болса керемет ойыншы. Барлық физикалық көрсеткіштері жоғары деңгейде, шебер пасты да бере алады, соғылған гол статистикасы көптеген жанкүйерлермен жете бағаланбаған. Маурисио дұрыс мотивация беріп сенім танытса, бельгиялық жақсы ойынмен жауап беруі керек.
Бұл сұраққа жауап берудің екі жолы бар. Біріншісі – Почеттино «Челсида» жиналған көптеген жас ойыншыларды «Тоттенхэмдегідей» дамытып, өзінің стиліне тән команда құрады деген сенім. Алайда аргентиналық бапкер солтүстік Лондонда жақсы нәтижелерді бірден көрсете бастаған жоқ, сәйкесінше, оған сеніп уақыт беру - маңызды фактор. Бұл бізді екінші жолға алып келеді, оның аты – Тодд Боули.
«Челси» қайтадан жаңа жоба бастағалы жатыр. Тек айырмашылығы жаңа бапкерде, өйткені Грэм Поттер кезінде де дәл осындай жағдай болған. Көптеген жас ойыншылар, жаңа ойын бағытына ауысу және нашар нәтижелер. Нәтижелердің болмауын Поттердің өзіндік ойын үлгісін енгізу үшін қажетті сенім мен уақыттың болмауымен байланыстыруға болады, оған қоса маңызды ойыншылардың жарақат алғандығы да бар. Ең қызығы – Поттер енді тұрақты жүйе мен құрамды тауып, оңтайлы ойын көрсете бастағанда «Астон Виллаға» әділетсіз жеңілісі үшін қуылуы. Бұл эмоционалды шешім болғаны анық.
Маурисио барлық бапкерге сияқты өз стилін енгізу үшін уақыт керек.
Боулидің рационалды шешім қабылдайтынын не қабылдамайтынын біз болжай алмаймыз, ал қазіргі құрамның Почеттино ойын тұрғысына қаншалықты сәйкес келетіні жайлы әңгіме құруымызға болады.
Почеттино Бьелса шәкірті болғандықтан, интенсивті әрі жоғары прессинг міндетті түрде қолданылады. Құрамда жас ойыншылардың көптігі бұл жағдайда қосымша артықшылық береді, өйткені жас футболшылар тезірек үйренеді, көп және жоғары қарқынмен жүгіре алады. Аргентиналық, әрине, Гвардиола деңгейінде емес, бірақ өзіндік позициялық шабуыл жасау жүйесін ұйымдастырады.
Сол кездегі «Тоттенхэмнің» негізгі жүйесі 4-2-3-1 болды. «Челси» сапында да аргентиналық өзінің сүйікті схемасын қолдану керек. Қақпада Льорис ойын көрсетті, Кепа мен Менди Уго деңгейіндегі "шотстоппер" болмағанымен, екі қақпашы да аяқпен жақсы деңгейде ойнай алады.
Қапталдағы қорғаушылар жиі-жиі соңына дейін көтеріліп, шабуылға көмектесетін. Ол рөлдерді Кайл Уокер мен Дэнни Роуз атқаратын. Рис Джеймс пен Бен Чилуэлл бұндай функционалды орындай алады, бір ағылшындық дуэт екіншісін алмастырады.
Орталық қорғаушыларда пас беру шеберлігі мен алаңның жоғары желісінде ойнай алуы керек. Тоби Алдервейрельд пен Ян Вертонген құрған бельгиялық дуо орнын енді жас француздықтар Уэсли Фофана мен Бенуа Бадьяшил басу қажет. Екеуі де әлі тұрақты түрде ойнайтын қорғаушылар болмаса да, осы позицияда ойнау үшін барлық қабілеттері бар. Неге Сильва емес десеңіз, бразилиялықтың жасы да келіп қалды және үздік ойынын үштікте Тухель кезінде өткізген болатын.
Екі орталық жартылай қорғаушы ретінде Матео Ковачич пен Энцо Фернандес ойнауы қажет. Ковачичтің дриблингпен өту қабілеті оны Мусса Дембелемен салыстыруға итермелейді. Ал Энцо Виктор Ваньяма болмаса да, допты алу қабілеті жақсы дамыған, прессинг жүйеде де ойнау ол үшін мәселе емес. Прессингтен ешқашан бас тартпайтын Рогер Шмидтан сұрап көрсеңіздер болады.
Сол қапталда қорғаушылардың артына жүгіріп кіретін Сонның рөлін Стерлинг немесе Мудрик орындай алады. Деле Алли сияқты шабуыл шебіне көтеріліп, қосымша шабуылшы ретінде Мэйсон Маунт та («МЮға» ауысатын сияқты), Кай Хавертц те және Нкунку да ойнай алады. Бірақ франциялықтың керемет әмбебаптық қасиеті үшін, оны он қапталдан ортаға ойысып, мүмкіндіктер ұйымдастыратын Кристиан Эриксен орнына қоямыз.
Осы маусымда гол соға алатын нағыз 9-дық болмаған «Челсиден» Харри Кейн орнын басатын ойыншыны қайдан таппақшысың деген сұраққа Ромелу Лукаку деп жауап беремін. Ромелу өз бабында болса керемет ойыншы. Барлық физикалық көрсеткіштері жоғары деңгейде, шебер пасты да бере алады, соғылған гол статистикасы көптеген жанкүйерлермен жете бағаланбаған. Маурисио дұрыс мотивация беріп сенім танытса, бельгиялық жақсы ойынмен жауап беруі керек.
👍5
Better call Sula
Почеттино «Челсиді» шыңға көтере ала ма? Бұл сұраққа жауап берудің екі жолы бар. Біріншісі – Почеттино «Челсида» жиналған көптеген жас ойыншыларды «Тоттенхэмдегідей» дамытып, өзінің стиліне тән команда құрады деген сенім. Алайда аргентиналық бапкер солтүстік…
Жалпы алғанда «Челси» құрамы мен Маурисио Почеттиноның бапкерлік ойын құру әдістері үйлесімді заттар екенін түсіндік. Алайда лондондықтар осы жазда өзінің үлкен құрамын әлі тазалауы қажет.
«Челси» қайтадан жүйелі түрде Чемпион Лигасында ойнап, кейде АПЛ үшін таласатын деңгейге жете ме деген сұраққа толық жауап бере алмаймын. Бұған әсер ететін факторлар шексіз. Бірақ американдық клуб иегері толыққанды сенім танытса, Почеттино қажетті нәтижелер бере алатынына сенемін. Ал аргентиналыққа Тодд Боулимен бірге жұмыс жасауында тек шыдам мен сәттілік тілей аламын.

Пеп Ағылшын Премьер Лигасын 3-ші рет қатарынан жеңді, енді тарихи 2-ші треблге жету үшін қалған Англия кубогінің және Чемпиондар Лигасының финалдарында жеңіс керек.
Еуропалық футбол тарихында требл жасаған 9 команда бар. Бүгін сол командаларды еске түсірейік. Талқылауда осы маусымдағы Ман Сити осы қатарға қосылуға лайық па деген сұраққа пікір алмасайық.
1. Селтик 1966-67
2. Аякс 1971-72
3. ПСВ Эйндховен 1987-88
4. Манчестер Юнайтед 1998-99
5. Барселона 2008-09
6. Интер 2009-10
7. Бавария 2012-13
8. Барселона 2014-15
9. Бавария 2019-20

✍1