Better call Sula
173 subscribers
59 photos
6 videos
47 links
Футболдың құқықтық және өзге де аспектілері жайында.

Автор - @sultanjumakhanov
Download Telegram
Маусым қорытындылары (1)

Еуропада клубтық футбол маусымы өз соңына жетті. Қысқаша түрде көзіме түскен жаһанды трендтерге арналған бірнеше шағын посттармен бөлісу арқылы маусымға қорытынды жасаған дұрыс болады деп шештім. Өткен маусым қызық оқиғалар менен кенетсіздіктерге толы болғанымен заңдылықтар да аз болмады.

Билдап фазасында 3+2 жүйесін қолдану

Шабуылды 3 қорғаушы және 2 жартылай қорғаушылар көмегімен дайындау үдерісі осы маусымда тренд ретінде біржолата орнатылды. Ең қызығы бұндай пішінге командалар түрлі жолдар арқылы келеді.

«Ман Сити» орталық қорғаушысын (Аканджи немесе Стоунс) тіреуші жанына жіберіп, қорғаныста қалғандар сол аймақта үштік құрайды.

«Арсенал» мен «Ливерпуль» қапталдағы қорғаушысын жартылай қорғанысқа жіберу арқылы 3+2 жүйесіне көшеді, лондондықтарда трансформация үшін Зинченко жауапты болса, мерсисайдтықтар бұл рөлді Трентке табыстаған.

«Байер» командасы да билдап кезінде 3+2 пішінін қолданады, бірақ бұған жету үшін ешбір трансформация жасамайды. Германия чемпионы 3-4-2-1 жүйесімен ойнағанына байланысты, 3 қорғаушысы және 2 орталық жартылай қорғаушысы бірден қажетті аймақтарда орналасқан.

Командалар позициялық шабуылды бастау кезінде осы жүйені қолдануларының бірқатар себептері бар. Біріншіден, терең қорғаныста орналасқан командалардың қорғаныс шебін бұзуға көмектеседі.

Жартылай қорғаныстың орталық аймағында кем дегенде 1 ойыншыға артық болуы алаңның ортасында үстемдік орнатуға көмектеседі, оған қоса ең қауіпті және аз адам жиналатын жартылай қаптал аймақтарында екі ойыншы береді.

Екіншіден, допты жоғалтқан сәтте ойыншылардың орналасқан структурасының көмегімен контрпрессинг арқылы қорғану, мінсіз жағдайларда допты қайтарып, жаңа шабуылды бастауға мүмкіндік беру қажет.

Қарымта шабуылдарды 3+2 ден басқа қалған шабуыл құрамындағы 5 ойыншы алаңның 5 вертикалді жиегін жабу арқылы тоқтату қажет.

3+2 допқа иелік етіп, алаң жиегінде доминация орнатуды қалайтын бапкерлер арасында үлкен қолданысқа ие. Аталмаған командалардан басқа Хави, Эрик тен Хаг, Компани, «Челсидің» жаңа бапкері Мареска және «Боруссияның» бапкерлік штабына Шахин келуімен Терзич те қолданған.

Алайда бұдан радикалды билдапта 2+3 жүйесін қолданатын екі бапкер көзіме түсті. Олар: «Тоттенхэм» бапкері Андж Постекоглу және Клопп ізбасары Арне Слотт. Бапкерлерде қапталдағы қорғаушылар біреуі емес екеуі де жартылай қорғанысқа көтерілумен 2+3 жүйесіне көшеді.

Постекоглу шабуылға басымдылықпен шығу қағидатына назар салса, Арне бұл жүйені допқа және орталық аймақта толық бақылау орнату үшін қолданады.

Андж АПЛ сияқты күрделі лигаға келсе де өз стилін қолданудан саспады. Слотт не істейді екен? Клубта орныққан жүйеге және әлемдік трендке ілесе ме әлде қағидаттарына берік бола ма?

@bcsula
63
Маусым қорытындылары (2)

Заманауи футболдың басты жұлдыздары мен ең маңызды адамдары жаттықтырушылар екені айқын. Клубтар олардың қалауларына сүйеніп, керек трансферлер мен өзге әрекеттер көмегімен қолайлы орта құруға тырысады. Тіпті бір бапкер келуімен клуб өзінің стилін толығымен өзгертуі де мүмкін және бапкерлер үшін компенсация төлеу қалыпты жағдайға айналуда.

Команданы бапкердің қажеттіліктеріне сүйеніп құру = нәтиже

Клубтарда өзінің Гвардиоласын немесе Клопп сынды бапкерін табу арманы бар, алайда олардың көбі шыдамсыздық танытып, бапкерлерден бірден нәтиже талап етеді немесе қажетті жағдай жасамайды. Сауатты менеджмент сапалы бапкерге жан-жақты көмек көрсету арқылы ғана үлкен жетістіктерге жету мүмкін екендігін түсінген.

Осы маусымда сенсациялық нәтиже көрсеткен командалардың айтарлықтай бөлігі бапкер фигурасының негізінде құрылған командалар. Алонсо – алғашқы толық маусымында бундеслига олжасын жеңді, Эмери – толыққанды маусымында «Вилланы» чемпиондар лигасына жетеледі, Хенесс – бірінші толық ойын науқанында «Штуттгартпен» «Баварияны» озып, ең беделді еурокубокте ойнау құқығына ие болды. Бұдан басқа Мичелдің «Жиронасы» және Моттаның «Болонья» сияқты мысалдар бар.

Бұндай тенденция әсерінен клубтар бапкерді таңдауда тәуекелге жиі бара бастады. «Бавария» топ клубты мүлде жаттықтырмаған Компаниді тағайындады, «Челси» жоғары деңгейде тәжірибесі жоқ Марескаға мүмкіндік берді, «Брайтон» болса «Санкт Паулиді» бундеслигаға көтерген Фабиан Хюрцелерді АПЛ тарихындағы ең жас бас бапкер етуді жоспарлап жатыр.

@bcsula
3
Жейдедегі жұлдыздар

Кейбір футбол құрамаларының және клубтардың жейделеріне назар аударсаңыз, жұлдыз немесе жұлдыздар бейнеленгенін көрген боларсыз. Бүгін оларды жейделерге не себеппен қосатыны жайлы айтамын.

ЕУРО және КОПА Америка жүріп жатқандықтан ұлттық құрамалардан бастаған жөн болар. Бұл жейделердегі орналасқан жұлдыз әлем чемпионатындағы жеңістің белгісі болып табылады. Бразилия ең көп жұлдыз – 5 жұлдызға ие болғандарына байланысты оларды пентакампеондар деп атап кеткен де бар.

Клубтық футболда болса әр ұлттық чемпионаттың өзіндік ережелері бар. Италия футболында команда әр 10 чемпиондық үшін 1 жұлдыз бейнелеу құқығына ие болады. 2023/24 маусымында скудетто ұтқан «Интер» осылайша таңба белгісіне 2-ші жұлдызын қосады.

Бундеслигадағы жұлдыздар иелену жүйесі келесідей: 3 олжа – 1 жұлдыз, 5 олжа – 2 жұлдыз, 10 олжа – 3 жұлдыз, 20 олжа – 4 жұлдыз. «Бавария» 30-шы чемпиондығын жеңгенде жейдесіне 5 жұлдызды қосты.

Кейбір чемпионаттарда жұлдызды ойын жейдесіне бейнелеу мәдиниеті мүлде болмаса, Шотландия чемпионатында жұлдызды еуропалық аренадағы жетістіктермен белгілейді. Мәселен, 1967 жылы требл жасап, еуропалық кубок иегері атануына орай «Селтик» жейделерінде жалғыз жұлдыз орын тапқан.

Айрықша жағдай Уругвай құрамасының жұлдыздарына қатысты орын алған. Олар мундиаль олжасын 2 рет қана жеңгенімен, 4 жұлдыздың заңи иегері болып саналады. Әлем чемпионаты жарыс ретінде ұйымдастырыла басталғанға дейін футболдан олимпиада ойындары халықаралық деңгейдегі бас турнир мәртебесіне ие болған.

Уругвай ұлттық құрамасы олимпиаданы 2 рет жеңгенін түсініп қойған боларсыздар, ФИФА бұл жеңістерді әлем чемпионаты жарысындағы жеңістерге эквивалентті етіп тану шешіміне байланысты аспан-көктілер 4 жұлдызды бейнелеуге толыққанды құқылы.
4👍2
Трансферлік шолу - АПЛ

Трансферлік кезең аяқталмаса да клубтық маусым басталып кетті, яғни командалардың жасақталуы бойынша кішігірім қорытындылар жасауға болады.

Осы жолы әр топ-5 лиганың ең қызықты, күтпеген және бағасы мен сапасы жағынан ең ұтымды трансферлерді атап өтемін деп шештім.

Қызықты трансфер - Доминик Соланке (Борнмут-Тоттенхэм, 64 млн. еуро)

Шабуылшы лондондықтардың алдыңғы шебінде жетіспей жүрген бөлшек сынды. Соланке әмбебап тоғыздық, шабуылдық қасиеттерін айып алаңнан басқа бос кеңістікте де жүзеге асыра алады.

Оған қоса Андони Ираоланың прессинг жүйесінде маңызды рөл ойнайтын ойыншы болғанын атап өткен жөн. Бұл қасиеті Постекоглу мырзаға өте қажет құрал болады. Сон, Мэддисон, Кулусевски үштігімен бірге талай клубтардың мазалайтын шабуыл квартетіне айналатынына сенімдімін.

Күтпеген трансфер - Жан-Клер Тодибо (Ницца-Вест Хэм, 40 млн. еуро)

Франциялық заманауи футбол нысанындағы сапалы қорғаушы. Допты қорғаныстан жоғары пас арқылы және аяқпен сүйреу арқылы да жылыта алады. Тікелей қорағаныстық міндеттерін де жоғары деңгейде орындайды.

Топ клубтар үшін дайын қорғаушы болғандықтан Вест Хэмге көшкені мені таңғалдырды. Мүмкін АПЛ шынымен Суперлигаға айналып жатқан шығар? Жалпы осы маусымда лондондық клуб онсыз да сапалы құрамын жақсы ойыншылармен толықтыруда.

Ұтымды трансфер - Нуссаир Мазрауи (Бавария-Манчестер Юнайтед, 15 млн. еуро)

Бас бапкер ойын жүйесіне қажетті ойын дағдылары бар ойыншы. Допқа бақылау орнату кезінде жартылай қорғанысқа көтеріле алады, пас арқылы шабуыл бастай алады және креативтік машықтары жоғары деңгейде дамыған.

Оң қапталдағы қорғаушы позициясын сапалы түрде күшейтіп, одан басқа Далоттың әмбебаптылығының арқасында жарақатқа жиі шалдығатын сол қапталды жабатын маңызды көмекші болады.
👌31
Трансферлік шолу - Ла Лига

Ұтымды трансфер - Серхио Гомес (Ман Сити-Реал Сосьедад, 9 млн. еуро)

Гомес отанына оралып жатыр. Әмбебап ойыншы - қорғаныста әр қапталдан бөлек, шабуылға жақын жерде өнер көрсете алады.
Барселонаның түлегіне сай техникалық пен тактикалық дағдылары жақсы дамыған.

Гвардиола жайдан-жай ойыншыны алып қалғысы келгені анық. Сосьедад бұл трансфермен қорғаныстағы сол қапталын жоғары потенциалы бар ойыншымен жабдықтады деп ойлаймын.

Күтпеген трансфер - Дани Ольмо (РБ Лейпциг-Барселона, 55 млн. еуро)

Даниді жарақаттар мазаламаса, мықты жақтары топ клубта еселенетін ойыншыға ұқсайды. Атап айтқанда, үздік командалар допқа иелік ету және доминация жағынан қарсыластарына қарағанда басым болғандықтан оның гол және нәтижелі пас беру көрсеткіштері көбеюі қажет.

Бірақ Барселона онсыз да жақсы жасақталған позицияға тағы ойыншы алғаны мен үшін түсініксіз. Тіреуші позициясы Бускетс кеткелі бос. Егер Ольмоны сол қапталда ойнайтын вингер позициясын жабады десеңіз, Еуро жарысының басқа жұлдызы, Нико Уильямс, Флик жүйесінде ұтымдырақ болатын еді.

Клубтағы қаржылық қиындықтарды ушықтырған басшыдан қисынды трансфер күткен мен де ақымақ екенмін.

Қызықты трансфер - Хулиан Альварес (75+20 млн. еуро)

Екі жақ үшін де ұтымды ауысым. Сити маңызды бірақ негізгі емес ойыншысы үшін ауқымды компенсация алса, Атлетико командасы үшін соңына дейін ойнайтын альтруист футболшыға қол жеткізді.

Прессинг шебері Симеоне бапкерге қажетті әрі сапалы құрал. Альварес тек қорғаныста ғана элиталық ойыншы емес, алдыңғы шепте де нәтиже алып келе алады. Гвардиоланың күрделі жүйесінде біраз ойынын жартылай қорғаушы ретінде өткізгенін еске саламын.

Гризман екеуінің әмбебаптылығы арқасында жаңадан көшкен Серлотпен бірге негізгі құрамда ойын көрсетулері әбден мүмкін.
👍6
Трансферлік шолу – Бундеслига

Күтпеген трансфер – Алеиш Гарсия (Жирона-Байер, 19 млн. еуро)

Орталық аймаққа сапалы толықтыру. Джака-Паласиос негізгі жұбын бұзуға алғашқы үміткер. Аталған жұп бокс-ту-бокс ойыншылар, ал Алеиш командаластарына қарағанда шабуылға көбірек көзделген ойыншыға ұқсайды. Қарсыластар Виртц Хоффман сынды басты плеймейкерлерді жауып тастаса, тереңнен креативті шешімдер арқылы командасына көмек бере алады.

Гарсия жоғары деңгейде өткізген маусымынан кейін ешбір сыбыссыз жылдам түрде Байерге ауысқаны күтпеген жаңалық болды. Оған қоса контрактта көзделген кішігірім сомаға ғана ауысты. Трансфер жүзеге асуының бірден-бір себепкері Алонсо бастаған Байер жобасы. Клуб келе жатқан чемпиондар лигасына орай өте жақсы футболшы алып күшейді.

Қызықты трансфер – Майкл Олисе (Кристал Пэлас-Бавария, 58 млн. еуро)

Рибери және Роббен сынды жылдам вингерлер дәстүрін жалғастырады. Франциялықтың ойыны – қарсыласын 1-ге-1 жағдайында алдап, пайда болған еркіндік арқылы шабуылшыларына гол соғарлық мүмкіндік жасау. Оған қоса қорғаушыларға көмек беруден қашпайды.

Еуро кезінде Австрия құрамының бапкері Ральф Рангник Олисе жайлы келесідей тұжырым жасады:
Олисе Франция құрамасына шақырылған жоқ, бірақ маған өте ұнайтын ойыншы. Ол жылдам, күшті дриблер, техникалық дарыны мол және допты жоғалтқаннан кейін әрдайым оны қайтару үшін күреседі.


Бавария құрамында Сане, Коман және Гнабри сынды тәжірибелі бәсекелестері бар, бұдан басқа қапталда Мусиала және Геррейру-Дэвис қорғаушы жұбы өнер көрсете алады. Алғашқы маусымында топ клуб сапында бірден жемісті нәтиже бере ма екен? Жарақаттардан басқа ешбір тосқауыл көріп тұрған жоқпын. Олисе алдыңғы маусымда тек 19 ойын өткізген.

Ұтымды трансфер – Паскаль Гросс (Брайтон-Боруссия, 8 млн. еуро)

Өте әмбебап ойыншы. Алеиш Гарсия Байер үшін орталық аймаққа сапалы толықтыру болса, Гросс Боруссия үшін барлық позицияларға сапалы толықтыру. Брайтонның АПЛ дәуірінде барлық бапкерлерінде құрамның маңызды және түрлі рөлдерде ойнаған.

Қапталда қорғаушы ретінде де, шабуылға да жақын ойнаған, орталық жартылай қорғаушы болып та үлгерген. Тіпті Де Дзерби кезінде жалған фулбэк рөлін атқарған. Шахин сияқты допқа иелік етуге негізделген футболда үйлесімді көрінетіні анық. Гросс Боруссияның балалық шағынан қолдайтын клубы болғандықтан ғана Брайтон өз аңыз ойыншысын 8 миллион еуропалық ақшаға жіберген.
👍2
Трансферлік шолу - А Сериясы

Күтпеген трансфер - Артем Довбик (Жирона-Рома, 30,5 млн. еуро)

Ла лиганың үздік сұрмергені Римде шулатады деп ойлаймын. Рома кезекті рет шабуылшы позициясына ойыншы алып жатыр, украиналық бұл орынды тұрақты түрде басуы қажет. Артемның шабуылшыға қажет барлық қасиеттері жақсы деңгейде дамыған, алайда оның ойыны командаластарына тәуелді болып келеді.

Тәуелділігіне байланысты алаңдап керек емес, команда құрамында креативті Дибала, Соуле, Пеллегрини, Ле Фе сынды ойыншылар жетіп жатыр. Довбикке гол еншілеу ғана қалып тұр. Атлетико ойыншыға көз салып тұрғанда шабуылшы Романы таңдағы мені аң-таң етті. Таңдау қаншалықты сәтті болғанын тамашалайық.

Қызықты трансфер - Дуглас Луис (Астон Вилла-Ювентус, 51,5 млн. еуро)

Вилланың сәтті нәтижелерге жетуінің басты себепкерлерінің бірі. Классикалық бокс-ту-бокс, шабуылдың екінші қарқын кезінде жемісті қосылады, жоғары динамика арқылы командасының ойына қосымша басымдық береді.

Позициялық қорғаныс фазасында әрдайым қырағылық танытып ойнамайтындығы бар. Мотта өзіндегі бар жартылай қорғаушылармен бірге қалай үйлестіреді деген сұрақ өте қызықтырады.

Ұтымды трансфер - Альваро Мората (Атлетико-Милан, 13 млн. еуро)

Мората командаластарының өнерін іске асыруға көмектесетін шабуылшы. Еуро кезіндегі Ямаль мен Уильямс жарқын көрсеткен ойыны Леау және Чуквезе тарапынан көріну қажет.

Жаңа бапкер Фонсеканың командалары әдетте допқа көп иелік етеді. Бұндай жүйеде Альваро айып алаң ішінде қорғаушылар назарын өзіне қаратып, қапталдағы вингерлерге еркіндік сыйлау қажет.

Бұдан басқа форвард жартылай қорғанысқа түсіп шабуылды байланыстыра алады және прессинг жасаудан да осал емес. Бұндай ақшаға Милан ұтымдылығы жоғары трансфер жүзеге асырды.
👍2
Трансферлік шолу – Лига 1

Қызықты трансфер – Жоао Невеш (Бенфика-ПСЖ, 60 млн. еуро)


Энрике ойын жүйесіне жетіспей жүрген ойыншы. Тіреуші позициясынан командасының қарқынын қадағалайтын, допқа бақылау орнатуға жауапты Бускетс тәріздес болады деп ойлаймын. Қажетті машықтар жеткілікті: қысым астында сенімді ойнайды, пас беруден де осал емес.

Оның алдында бұл позицияда Угартенің пас беру машығы жеткіліксіз болған, ал Витинья жақсы әмбебап ойыншы болғанымен, терең аймақта шабуылдық потенциалы толыққанды жүзеге аспаған. Осы маусымда жас дарындардан құралған Невеш-Витинья-Эмери үштігіне міндетті түрде назар салу қажет.

Ұтымды трансфер – Мэйсон Гринвуд (Манчестер Юнайтед-Марсель, 26 млн. еуро)

Мэйсон шабуыл шебінде әр позицияда жемісті ойын көрсете алатын футболшы. Қақпаға допты оңайлықпен екі аяқпен еншілейді, соққылары әрдайым өте дәл әрі жойқын болады. Оған қоса пас арқылы креативтік шешімдерді ойлап таба алады. Алдыңғы маусымда Хетафенің шабуыл қаупінің негізгі себепкері болған.

Де Дзерби жүйесіндегі қапталдағы рөл өте үйлесімді болуы қажет. Италиялық маманда вингерлер алаң жиегінде жоғары позицияда орналасады және оларға өте ұтымды 1-ге-1 жағдайлар жиі ұйымдастырылады. Бірақ бұның алдында Гринвуд жүйелі командада ойнап көрмеген, Хетафеде тіпті жұлдыз ретінде толық еркіндік берілген. Қорғаныс фазасында икемділік және тәртіптік танытып біраз нәрсе үйрену қажет.

Күтпеген трансфер – Матвей Сафонов (Краснодар-ПСЖ, 20 млн. еуро)

Біріншіден, геосаяси жағдайға байланысты ресейлік чемпионаттан тікелей еуропалық топ клубқа көшу мүмкін емес деген ойда болғанмын. Алдыңғы маусым алдында Кузяевтің Гавр клубына ауысуына қарағанда Франция үшін ойыншының қай жерден келгені аса маңызды емес сияқты.

Екіншіден, Энрикеге жоғары деңгейде пас беріп ойнай алатын қақпашы керек. Сафонов Доннарумаға қарағанда аяқпен жақсырақ ойнаса да дәл осы компонентте топ клубқа сай деңгейде емес, ал доп қайтарудан Доннарума үздік қақпашылар қатарында. ПСЖ Барт Вербрюгген сынды жақсы пас беретін қақпашы алғанда Доннарумаға сөзсіз сапалы және қаупі жоғары бәсекелестік болар еді.
👍10🏆1
Мбаппе парадоксы

Күні кеше Эль Класикода хет-трик жасаған Киллиан Мбаппе мадридтіктер тарихындағы ең нәтижелі дебюттік маусым өткізіп жатыр. Ол 39 гол соғып, Самораноның 1993/94 маусымындағы 37 голдық рекордын жаңартты.

Бірақ футбол — командалық ойын, жеке нәтиже мен ұжымдық жетістік қатар жүруі тиіс. Өткен маусымда алтын дубль жасаған «Реал» биыл олжасыз қалуы мүмкін.

Ал Мбаппе кеткен ПСЖ керісінше — әлдеқайда үйлесімді, жүйелі командаға айналды. Қазір олар треблге екі-ақ қадам жерде.

Сонда Мбаппе жетістікке кедергі ме? Жоқ, бірақ ойын жүйесі Мбаппеге бейімделген болуы керек.

ПСЖ-да Луис Энрике жүйелі футбол қойып, тәртіп пен ұйымшылдықты талап етеді. Арсеналға қарсы матчта Хвича 6 рет допты қайтарып, аталған көрсеткіш бойынша үздік болды. Мбаппені бұндай рөлде елестету қиын.

Энрикенің Мбаппеге айтқан сөзі әлі есімізде:
«Саған Майкл Джордан ұнайды дейді. Джордан — қорғаныста да, шабуылда да командасы үшін жанын беретін көшбасшы болды. Сен де сондай болуың керек».

Мбаппенің кетуі ПСЖ үшін жаңа бетбұрысқа бастама болды. Жас әрі дарынды ойыншылар Энрикенің талаптарын бұлжытпай орындайды.

Бұған дейін де айтып жүретінмін: егер шабуылшы «Реалға» келсе, не клуб соған бейімделуі керек, не өзі ұжымға икемделуі тиіс. Биылғы маусымда екі тарап та тек жартылай бейімделіп, өз әлеуеттерін толық аша алмады.

Мүмкін Перес әлемнің үздік ойыншысын мықты командаға қоссақ, бізді ешкім жеңе алмайды деп ойлаған шығар. Алайда футбол бұдан әлдеқайда күрделі құбылыс. Мбаппе келгеннен кейін «Реал» ұжым ретінде әлсірегені анық.

Меніңше, Винисиус пен Мбаппенің біреуі ғана қалуы керек. Кезінде Роналдуға Бензема көмекші рөл атқарды, дәл сондай серіктес Мбаппеге де қажет. Бәлкім, бұл тактикалық түйінді Хаби Алонсо шешер.

Ол келгенде клуб толығымен Мбаппеге жағдай жасай ма, әлде Мбаппе мен команда толықтай жаңа бапкерге бейімделе ме? Қалай болғанда да, келесі маусым өте қызықты болатыны анық.
👍73🔥3
Ливерпуль ақшасын бекер шашты ма?

Исак ақыры дегеніне жетті: ол Ливерпульге рекордтық 130 млн фунтқа ауысады. Бұл сома – клуб және АПЛ тарихындағы ең қомақты трансфер. Алайда дәл осы ауысым Ливерпульдің ұзақ жылдар бойы ұстанып келген ақылды трансферлік саясатына қайшы келетіндей.

Иә, жаңа ойыншылардың бәрі керемет, бірақ олардың ойыны команданың ойын өрнегіне толық сәйкес емес. Мысалы, қапталдағы қорғаушылар Керкез бен Фримпонг негізінен шабуылға көбірек бейім, ал Слоттың жүйесінде керісінше – допқа бақылау орнататын ойыншылар қажет. Фримпонг жарақаттанғаннан кейін бұл позицияда жартылай қорғаушы Собослайидің ойнауы осының айқын дәлелі.

Экитикені алған соң Исакты қоса алу – стратегиялық қате. Екі шабуылшының біріне қапталдан ойнауға тура келеді, бұл олардың әлеуетін толық ашуға мүмкіндік бермейді. Ал біреуін қосалқы құрамға қалдыру – команда ішіндегі атмосфераға теріс әсер етуі мүмкін. Луис Диас кеткеннен кейін Родриго немесе Барколя сияқты вингер алу әлдеқайда қисынды шешім болар еді.

Клопп дәуіріндегі қымбат трансферлер басқаша болатын: Ван Дейк, Аллисон, Фабиньо – барлығы нақты жетіспей тұрған пазлдар еді. Қазір, керісінше, Слот дайын тұрған командаға қайта бейімделуге мәжбүр.

Менің ойымша, Фримпонгтың орнына Трентке ұқсас ойыншы алған орынды еді. Исак пен Экитикеден біреуін ғана алып, қалған қаражатты сол қапталда ойнайтын вингерге жұмсаған дұрыс болатын. Сондай-ақ, тіреуші рөліне лайық және орталық қорғаушыға бәсеке жасайтын ойыншылар қажет. Ал Виртцке келсек – ол болашақ «алтын доп» иегері атануы мүмкін сирек талант, бұндай ойыншыдан қапы қалмау керек.

Бұрынғы Ливерпуль осындай ақылды шешімдер қабылдайтын еді. Егер осы саясат жалғасқанда, клуб ағылшын футболындағы жаңа династияға айналуы ықтимал еді. Қазір Сити қайтадан жаңа құрам қалыптастырып жатыр, Арсенал тұрақты түрде төрттіктің командасынан чемпиондыққа үміткерге айналды, ал Челси жобасы әлі өзінің шыңына жеткен жоқ.

Осындай кезеңде Ливерпуль барлығынан алға ұзап шығатын тарихи мүмкіндікті қолдан жібергендей әсер қалдырады. Оның орнына керісінше, команданың тепе-теңдігі бұзылып, құрам шабуылға қарай жылжып кеткендей әсер қалдырады.

Бұл трансферлік кампания Ливерпульді қиратады деп айта алмаймын. Арне Слот қиындықтарға қарамастан командасын жеңістерге жетелеуі мүмкін. Бірақ клубтың байсалды, есепті трансферлік саясаты бұзылғаны анық, ал бұл болашақта қажетсіз мәселелерге әкелуі әбден ықтимал.
👍73🤔2
Брентфорд = тиімділік.

Допты қарсыласқа беріп қояды, кейін тоқтаусыз қысым көрсету арқылы қайтарып алған соң гол соғуға 3-4 пас жеткіліті-ақ. Ойындары — эффективтілік сөзінің жасыл алаңға көшкен кейіпі ғой. «Минималды шығын, максималды нәтиже» қағидасының футболдағы үлгісі десем де артық болмас.

Бұл ерекшелік алаңдағы ойыннан басқа, клубтың басқару шешімдерінен айқын байқалады. Мысалы, клубты АПЛ-ға шығарып, төрт маусым қатарынан лигада сақтап қалған бапкері Томас Франк Тоттенхэмге кеткен соң, менеджмент ешкім күтпеген шешім қабылдады, жаңа бас бапкер ретінде бұрынғы стандарттарға жауапты маман, тәжірибесіз Кит Андрьюсті тағайындалды.

Бұндай тәуекелді мен түсінбедім, ешкім де түсінбеді. Бірақ Брентфорд дәл осындай батыл, есепті шешімдерімен ерекшеленеді. Бұл олардың философиясы.

Клуб сырттан беделді бапкерге ақша шашудың орнына, ішкі резервті тиімді пайдаланды. Кезінде Томас Франк та осылай, көмекші лауазымынан көтеріліп, бас бапкер атанған еді. Бірақ ол кезде Франктің бас бапкер ретіндегі тәжірибесі бар болатынын атап өткен жөн.

Брентфорд тиімділігінің сыры тікелей клуб иесі Мэттью Бэнхеммен байланысты. Ол Оксфорд физфагін тәмәмдап, қаржы саласында тәжірибе-жетістік жинап, кейін букмекерлік салада бизнес жасап қалталы болған. Жинаған дәулетін сүйікті клубына жұмсайды: бірінші Брентфордты банкроттықтан құтқарып, кейін толықтай сатып алады. Осылайша, статистика және аналитиканың фанаты рационалдық пен дерекке сүйенген шешім қабылдау Брентфордтың философиясына айналды.

Бүгінгі күні Брентфордтың жалақы қоры АПЛ-дағы ең төменгілерінің бірі болғанымен, лигадан ұшу мәселесі мүлде орын алмайды. Керісінше әр матчта күреске қабілетті ең қайсар ұжымдардың қатарында. Эффективті ойын өрнегі әсіресе ірі клубтарға үлкен қиындық туғызады. Челсимен тең ойнады, Юнайтед пен Ливерпульді ойсырата жеңді, тек Ситиден жеңіліс тапқан, оның өзінде ойын тең нәтижеге жақынырақ болған.

Егер талас-тартыс, эмоцияға толы футбол көргіңіз келсе, Брентфордтың топ клубтарға қарсы матчтарын қосыңыз. Үлкен күшпен шабуылға шығып, артында бос аймақ қалдыратын ірі клубтардың қалай шапшаң қарымта шабуылдармен жазаланатынын көріп, еріксіз тамсанасың.

Міндетті түрде команданың бастя плеймейкері Микель Дамсгорға назар салыңыз. Жете бағаланбаған ойыншы, 2020 жылғы еурода көзге түсіп еді. Барлық жағынан да нәзік ойыншы: пастары әсем әрі өткір, өзі де сұңғақ денелі. Әлі де жас, топ клуб сапында ойнауға барлық қасиеті бар, әдемі келбеттен басқа, жарты маусымға Галатасарайға жалға барып келсе, шешілетін мәселе негізі)
👍61
Луис Энрике — инноватор ма?

Испан бапкерінің дисквалификациясы болмаса да «ПСЖ» - «Бавария» матчының бірінші таймын стадион трибунасынан тамашалаған. Өз сөзінше, ойын жоғарыдан әлдеқайда жақсы көрінеді.

«Аталантаға» қарсы кездесуден кейін ол бапкерліктің бұл тәсілін былай түсіндірді: Матчты трибунадан көру маған қосымша ақпарат береді. Осы арқылы үзілісте жақсы талдау жасауға мүмкіндік аламын.

Шынында да, бұл — қазіргі заманауи футболда жиі қолданылатын тәсіл. Бірақ әдетте мұндай бақылауды бас бапкер емес, штабтағы аналитик не ассистенттердің бірі атқарады. Олар ойын барысын жоғарыдан қарап, бапкерлер штабына нақты деректер мен эпизодтарды талқылайды да, үзілісте командаға өзгеріс енгізуге арналған ойын эпизодтарының кескіндерін дайындайды.

Бұндай әрекетке жас маман емес, Энрикедей тәжірибелі бапкер барғандықтан айтуға тұрарлық қызықты жайт. Мүмкін, бұл тәсіл болашақта жаңа трендке айналар. Бірақ Конте мен Симеоне сияқты эмоцияға сүйенетін бапкерлер бұған бара қоймайтыны анық)
8