Better call Sula
173 subscribers
59 photos
6 videos
47 links
Футболдың құқықтық және өзге де аспектілері жайында.

Автор - @sultanjumakhanov
Download Telegram
Мбаппенің «ПСЖ» сапында соққан голдарының картасы (1-сурет), осы маусымда доп қабылдаған аймақтары (2-сурет), «Реал Мадридтің» «Барселонаға» қарсы ойынындағы құрамы (3-сурет).

Киллианың қайда көшкені дұрыс болады?
👏2🍓1
АПЛ 2023/24: чемпиондық бәйге

25 тур алдында олжа үшін «Манчестер Сити», «Ливерпуль» және «Арсенал» өзара таласытыны айқын. Менше, 3 команда арасында абсолютті фаворит жоқ, әрқайсысы чемпион атануы мүмкін. Бүгінгі постта әр ұжымның қандай өзіндік артықшылығы арқасында чемпиондыққа қол жеткізе алатындығына шолу жасаймын.

«Манчестер Сити» - көктемгі тұрақты мықты форма + оралған Де Брюйне
Треблдік маусым көбінің есінен кетпесе, Гвардиола шәкірттері наурыз ортасынан бастап оталып, барлығын тас-талқан еткен. Бұл бапкердің Джон Стоунске тапқан жаңа тактикалық рөлі мен команданың тұрақты құрамын анықтау сәтімен дәл келді.

Пеп көбінесе маусым басында тактикалық тәжірибелер жасап, тұрақты жүйе мен ойыншылар байланыстарын іздейді. Тұрақты құрам бекітілгеннен кейін жеңіс серияларының рекордтарын жаңартумен айналысады. Қазір негізгі 11 ойыншы нақты анықталмаса да, бапкер соған максималды түрде жақындаған болып көрінеді.

Бұған футболды әбден сағынған Де Брюйненің жалынды бабын қосуды ұмытпаңыздар. Бельгиялық оралған сәттен бастап, 4 ойында 4 нәтижелі пас + 1 гол әзірлеп үлгерген. Төрт ойынның тек біреуінде ғана 90 минут ойнағанын да атап өткен жөн.

• «Арсенал» - 2 эффективті ойын жүйесі + айып соққылар
Лондондықтар осы маусымда қақпаларын зеңбіректеп қорғап жатыр. Opta көрсеткіштеріне сәйкес «Арсенал» ең мықты қорғанысқа ие, олар тек 16.48 xG (болжамды гол) құруға мүмкіндік берген. Қорғаныстарының берік болуы тек деңгейі төменірек командалармен ғана емес, топ клубтармен ойнағанда да сақталады.

Топ клубтарға қарсы матчтарда Артета алаңда бірден екі тіреуші (Райс+Жоржиньо) көмегімен ойнап, қорғаныс пен шабуыл арасында тепе-теңдік құрайды. Алдыңғы маусымда осындай прагматикалық шешімдер жетіспеген сияқты.

Қорғаныстан басқа «Арсенал» айып соққыларды орындаудан да үздік команда. «Ситиден» Артетамен бірге келген Николас Ховер бапкерінің еңбегі командаға 16 гол алып келді. 16 голдың 11-і бұрыштамалардан келген. Бұрыштама соққыларының статистикасы келесідей: 74 соққы, 8.2 xG, 11 гол.

• «Ливерпуль» - Клопп сиқыры + прессинг және жылдам шабуылдар
Маусым басында қажетті тіреуші алынбағандықтан және орталық аймақты қайта құру керектігіне байланысты Юрген ұжымы чемпиондыққа таласпайды деген едім. Тіреуші мәселесін Мак Аллистерді жаңа рөлде ойнап үйретумен шешсе, жаңадан жасалған жартылай қорғаныста Собослаи, Джонс өмір бойы бірге ойнағандай өнер көрсетіп кетті. Бұл Клопп сиқыры болмаса, не?

«Ливерпуль» жоғары қысым көмегімен басқаларға ойнауға мүмкіндік бермейді. Олардың қарсыластары шабуыл басталған кездегі пас беру дәлдігі ең төменгі көрсеткішке ие - 68,5%. Юрген командасы қарсыластарына допты алғанға дейін орта есеппен (PPDA) тек 9,2 пас жасауға мүмкіндік береді.

Жылдам вертикал шабуылдар жаңа жартылай қорғаныстың құрамына байланысты негізгі қаруға айналды. Жартылай қорғаныс аймағында Трент, Мак Аллистер және Собослаи сынды пас шеберлері жиналып, шабуылда жылдамдығы жоғары Нуньес, Салах және Диас сияқты ойыншылар бар болғанда допты орталық аймақта ұстап тұрудың мәні жоқ.
👌3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ең оғаш гол

2009 жыл 19 қазан күні «Сандерленд» «Стэдуим оф Лайт» алаңында «Ливерпуль» командасын күткен.

Ойынның 5-минутында қожайындар шабуылшысы Даррен Бент Рейна қақпасына соққы жасайды, доп испандықтың қолына келе жатқан еді, алайда жолшыбай жасыл алаңға лақтырылған жағажай добына рикошет болып қақпаға кіріп кетеді.

Сәттілікпен келген гол матчтағы жалғыз гол болып «Сандерлендке» жемісті нәтиже сыйлаған. Ең қызығы, жағажай добын алаңға «Ливерпуль» жанкүйерлері лақтырған. Ақыр соңында бұл доп аукционда 411 мың фунт стерлингке сатылады.

Футбол ережелеріне сәйкес лақтырылған доп сырттан келген объект ретінде саналып, ойын тоқтатылуы қажет еді. Сәйкесінше гол есептелгені ережеге қайшы. ВАР болмаған футбол заманы осындай қызықтарға толы болған.

Даррен Бенттің өзін осы соққы жайында сұрағанда:
«Мен негізі соққыны әдейі жағажай добына дәлдеп тепкен едім. Бірақ оны доптың астынан өтіп, Рейнаға көрінбейтіндей соққы болғанын қалаған едім».


Даррен айтқанына сенгендер бар ма?
🤣10
Жете бағаланбаған командалар

«Атлетик» және «Штутгарт» командаларының жемісті ойындары чемпионатта өзге ұжымдар («Жирона» және «Байер») тарихи маусым өткізіп жатқандықтан еленбей қалып жатыр.

Екі ұжым да жаңа бапкер келуімен заманауи футбол көрсетуде, қысқаша айтқанда, ойындары жоғары прессинг пен позициялы шабуылға негізделген. Командалар неге қажетті түрде бағаланбаған екенін статистика арқылы дәлелдеп көрсетейін.

«Атлетик Бильбао»
Эрнесто Вальверде шәкірттері шабуылда 45 гол (5 орын), 47.59 xG (5 орын) еншілеген. Қорғаныста 23 гол (2 орын) өткізіп, 25.03 xGА (2 орын) құруға жол берген.

Өздері құрған мүмкіндіктер (xG) және өз қақпасына құруға мүмкіндік берген (xGA) айырмасы бойынша 3 орынға ие. Мәселен, «Жирона» бұл көрсеткіш бойынша 5 орынға жайғасқан.

«Атлетиктің» допты алаңның жоғары аймағында 251 рет қайтарғаны – чемпионаттағы үздік көрсеткіш. Оған қоса, бұл қайтарымдарды голға айналдыру бойынша да көш басында (6 гол).

«Штуттгарт»
Себастьян Хенесс ұжымы 52 гол (3 орын) соғып, 56.03 xG (2 орын) құрған. Қақпасына 29 гол (5 орын) жіберіп, қақпасына 28.11 хGA (3 орын) мүмкіндік жасауға жол берген.

Команда жасаған болжамды голдар және өз қақпасына жол берілген болжамды голдар көрсеткішінің айырымы бундеслига бойынша 3 орында болса, топ-5 лига командалар арасында 8 орында.

Прессинг интенсивтілігі (PPDA - 11.32) бойынша «Штутгарт» чемпионатында 4 орында. Жоғары прессинг көмегімен соғылған голдар бойынша неміс біріншілігінде 1-ші орынға ие, команда бұндай 8 гол соға алған.

Әр команда өзінше ерекшелене алады. «Бильбао» тек баск ойыншыларымен нәтиже ғана емес әдемі ойын көрсетумен айрықшыланса, «Штутгарт» чемпионаттағы 16-шы орыннан еуропалық аренада назар аударарлық деңгейге жетуімен көзге түседі.
❤‍🔥1
Суперлиганың кезекті тосқауылы

Флорентино Перес бастаған Суперлига турнирі атауын өзгертуге мәжбүр болады.

Еуропалық Одақтың зияткерлік меншік басқармасы жарыстың «Super League» атты тауар белгісін тіркеуден бас тартты. Бұндай шешімге себепкер болған ЕО аумағында Дания футбол лигасының бұрын тіркеліп қойған «Super Liga» тауар белгісінің болуы. Тараптар арасындағы дау шамамен 3 жыл бұрын басталып, наурыздың 7-сі ғана шешілді.

Тауар белгісі (таңбасы) - бір заңды немесе жеке тұлға тауарларының (қызметтерінің) басқа заңды немесе жеке тұлғалардың біртектес тауарларынан (қызметтерінен) ажырату үшін қолданылатын таңбасы.

Шешімге сәйкес, ұсынылған дәлелдерден «Super Liga» бұрыннан және қарқынды түрде қолданылатын жапыға белгілі тауар белгісі. Оған қоса, спорттық іс-шараларды ұйымдастыру нарығында айтарлықтай беделге ие деген қорытындыға келді.

ЕО аймағындағы қоғамның едәуір бөлігі «Super League» белгісін Данияның «Super Liga» сөзінің ағылшын тіліндегі аудармасы ретінде қабылдауы мүмкін болғандықтан белгілерді концептуалды ұқсас деп таныған.

Заң тілінде айтатын болсақ, Даниялық «Super Liga» ЕО аймағында жалпыға бірдей белгілі деп танылған тауар таңбасы болғандықтан және аталмыш таңбалар біртектес қызметтерге қатысты ұқсас белгілер болғанына байланысты «Super League» атты тауар белгісі тіркелуге жатпайды.
💯1
ЧЛ ширекфиналдарының тактикалық интригалары

«Арсенал» - «Бавария»

Зеңбірекшілер осы маусымда неміс ұжымына қарағанда бірізділігі жоғары команда. Осыған қарамастан, Тухель командасына қойған қарымта шабуылдық ойын жүйесі «Арсеналға» қарсы оң нәтиже беруі мүмкін.

Лондондықтарға қарымта шабуылдың басқа шеберіне, «Ливерпульға», қарсы жемісті ойын тәжірибесі үлкен көмек болып, жеңіске жетелеу ықтималдығы бар.

Қысқаша айтқанда, «Арсеналдың»позициялық шабуылы мен «Баварияның» қарымта шабуылының текетіресін тамашалаймыз.

«Барселона» - «ПСЖ»

Энрике келуімен париждік команда жоғары прессинг жасауды үйренді. Каталондықтар жоғары қысым көрсететін ұжымдарға тойтарыс бере алады, бірақ қазіргі таңда жарақаттардың көптігі жағдайды қиындатып тұр.

Оған қоса, қарымта шабуылдарды тоқтату мәселесі де бар. Мбаппе және Дембеле сынды ойыншылар ойын нәтижесін жалғыз өздері де шешіп тастауы әбден мүмкін.

«Реал» - «Ман Сити»

Чемпиондар лигасының жаңа классикасына айналған ойындарда әрдайым жеке дуэльдер өте маңызды рөл ойнайды.

Вини-Уокер, Холланд-Рюдигер сынды жұптарға маңызды Тчуамени және Родри дуэлі қосылады деп ойлаймын. Бір-біріне тікелей қарсы ойнамаса да, шабуылдарды басталмай жатып тоқтату осы ойыншылардың жауапкершілігі.

Анчелотти міндетті түрде «Ман Сити» ойынына икемделіп, қызықты жоспар дайындайтынына сенемін. Әсіресе Беллингем мен Вальверде ерекше рөл иеленеді деп ойлаймын.

«Атлетико» - «Боруссия»

Симеоне шәкірттері қарсыластарына ыңғайсыз ойын жүйесін қолданып, өмірлерін қиындата алады. Атлетико допты бере салса, Боруссия позициялық шабуылдардан мүмкіндік табудан қиналады. Оған қоса, мадридтіктер қарымта шабуылдармен үлкен қауіп төндіретіні анық.

Неміс командасы жеңісіне таңғалмаймын, алайда нәтижеге айтарлықтай басымдықпен жететініне сенбеймін.
🏆7
Better call Sula
«Байер Невер Леверкузен» «Байер» тарихындағы алғашқы чемпиондық олжасына келе жатыр. Леверкузендіктер екінші орынды 5 рет иеленгендерін атап өткен жөн. Бұл Германиядағы чемпиондық атағы жоқ командалар арасындағы рекорд. Клубтың «Неверкузен» деген атауы орынсыз…
Осы пост пікірінде @Gukalone жазбақшы «Байер Неверлузен» болып жатыр ғой.

Жеңіліссіз серия 39 ойынға дейін жетті. Оның ішінде кем дегенде 5-6 ойын нәтижелері 90+ минуттарында шешілді.

Бүгін 88 және 90+1 минуттарында «Хоффенхайм» қақпасына соғылған голдар командаға камбэк сыйлады.

Тарихында болған барлық сәтсіздіктері үшін осы маусымда екі есе қайтып келе жатқандай. Бірақ жеткен нәтижелер сәттіліктің арқасы деп айтқан да дұрыс болмас.

P.S. Алонсо «Байерде» қалғаны қуантты, чемпиондар лигасында өтетін нағыз тексерісі келер маусымның басты интригаларының бірі.
🔥11
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Чемпиондар лигасы:«Реал» - «Сити»

1. Де Брюйненің соққан голы осы ширек финалдағы 32-ші әрі рекордты гол болды. Алдыңғы рекорд - 30 гол 2022/23 маусымында қойылған.

2. «Сити» барлық жарыстардағы соңғы 4 пенальти сериясының 3-інде жеңілді.

3. «Реал Мадрид» Чемпиондар лигасының соңғы 14 маусымда жартылай финалға 12 рет шықты.

4. Карло Анчелотти - Гвардиоланы үш рет Чемпиондар лигасынан шығарған алғашқы бапкер. 2014 жылы («Бавария»), 2022 және 2024 жылдары («Сити»).

______

Букмекерлердің бағалауларына сәйкес олжаны ұтуға «Реал» 41.7% көрсеткішімен фаворит, келесі 28.6%-бен «ПСЖ», ал «Баварияға» 26.7% берсе, «Боруссия» жеңісі тек 10%-бен бағаланған.
❤‍🔥6👍2
9 жыл бұрын Садио Мане «Астон Вилла» қақпасына ең жылдам хет-трик соқты.

2 минут 56 секунд ішінде соғылған, 1.12 xG-мен бағаланған, сенегалдық жасаған хет-трик – бүгінгі күнге шейін Премьер Лиганың басылмаған рекорды. Ең қызығы Мане рекорд қойғанын бірден білмеген екен, 2020 жылы Премьер Лигаға берген сұхбатында бұл жетістік туралы төреші хабарлағанын айтты.

Келесі жылдың мамырында Мане тағы бір хет-трик соғады, бірақ бұл шабуылшылық жетістігін «Манчестер Сити» қақпасына 42 минут 41 секундта жасайды. Сол жылдың жазында ол «Ливерпуль» клубына көшеді.

Мерсисайдтықтар қатарында Чемпиондар Лигасы мен Премьер Лига олжалары және одан басқа жетістіктерге қарамастан, Мане АПЛ-да басқа хет-трик жасай алмаған. Бірақ 9 жыл бұрын жасаған хет-триктен кейін басқа хет-трик керек пе?

***
АПЛ-дың ең жылдам хет-триктері:

2:56 мин:
Садио Мане («Саутгемптон» - «Астон Вилла») – 16 мамыр, 2015 жыл;

4:33 мин: Робби Фаулер («Ливерпуль» - «Арсенал») – 28 тамыз, 1994 жыл;

7:00 мин: Жермейн Дефо («Тоттенхэм» - «Уиган Атлетик») – 22 қараша, 2009 жыл.

@bcsula
7👍2
Ұнамды «Боруссия» немесе жеңіліссіз «Реал»?

Бүгін чемпиондар лигасының шешуші ойынында олжа иегері анықталады. Бейтарап футбол қауымының көбі «Боруссияға» жақтасатыны айқын, «Реал» командасының чемпиондар лигасындағы жеңістері әбден шаршатқан сынды.

Соңғы рет кілегейлілер еурокубоктік финалдағы жеңіліске сонау 1983 жылы ұшыраған. Бұл жеңілістің себепкері әлі сэр атағын иеленбеген Алекс Фергюсон болған. Кубок иегерлерінің кубогі финалында «Абердин» «Реал Мадридті» 2-1 есебімен жеңген, содан бері патшалық клуб еуропалық жарыстар финалында жеңіліс көрмеген.

Маған менің сүйікті Марко Ройсым жеңіске жетсін немесе «Реал» жеңе бергені шаршатты деген пікірлер жақын емес. Анчелотти таза шабуылшысыз жүйесімен құрған командасы - ең жоғары деңгейдегі бапкерлік жоба және еуропа континентіндегі үздік команда атағын иеленуге толыққанды құқылы.

Әрине, бір ойында түрлі кездейсоқтықтар орын алуы мүмкін. Егер ертең «Боруссия» жеңіске жетсе – өкінбеймін. Көбінесе чемпиондар лигасын ең мықты команда емес, мықты әрі жолы болатын команда жеңеді.

Кезінде «Реал» ең шыдамды және салқынқанды команда болып бірнеше олжаны жұлып алған. Енді ең мықты деген атаққа максималды жақын болып жеңілсе, өте қызық болады.

@bcsula
8
🎉 АЛЫП (ӘЛІП) ҰТЫС 🎉

Құрметті оқырмандар! Нұралы Әліп қолтаңбасы қойылған ұлттық құраманың жейдесін жеңіп алу мүмкіндігінен қапы қалмаңыздар!

Әліп мен үшін барлығымызға үміт сыйлаған ұлттық құрамамыздың кейіпі. Ешбір қарсыластан қорықпай әрдайым қайсарлық, күш және шыдамдылық көрсете білген ойыншы. Словения футболшысын жағадан алып, алаңнан тыс жерге лақтыра салып қорғанған бейнесі әлі де көз алдымда.

Қазақстан ұлттық құрамасының тарихи "Магомед Адиев" дәуірінің аяқталуы және Нұралы Әліптің еншілеген голы «Зенитке» алтын дубль сыйлауы – жейдеге ұтыс өткізу үшін мінсіз жағдай сияқты.

Ұтыс ойынына қатысу үшін бірнеше қарапайым іс-әрекет орындау қажет:

Арнаға жазылу📲
Жазбамен бөлісу 📤
Батырманы басу 🇰🇿


Жеңімпаз барлық қатысушылар арасынан Еуро-2024 жарысының шешуші ойынына қарай, яғни 14 шілде күні кездейсоқ анықталатын болады.

Барлықтарыңызға сәттілік!

@bcsula
😍9👍1
Маусым қорытындылары (1)

Еуропада клубтық футбол маусымы өз соңына жетті. Қысқаша түрде көзіме түскен жаһанды трендтерге арналған бірнеше шағын посттармен бөлісу арқылы маусымға қорытынды жасаған дұрыс болады деп шештім. Өткен маусым қызық оқиғалар менен кенетсіздіктерге толы болғанымен заңдылықтар да аз болмады.

Билдап фазасында 3+2 жүйесін қолдану

Шабуылды 3 қорғаушы және 2 жартылай қорғаушылар көмегімен дайындау үдерісі осы маусымда тренд ретінде біржолата орнатылды. Ең қызығы бұндай пішінге командалар түрлі жолдар арқылы келеді.

«Ман Сити» орталық қорғаушысын (Аканджи немесе Стоунс) тіреуші жанына жіберіп, қорғаныста қалғандар сол аймақта үштік құрайды.

«Арсенал» мен «Ливерпуль» қапталдағы қорғаушысын жартылай қорғанысқа жіберу арқылы 3+2 жүйесіне көшеді, лондондықтарда трансформация үшін Зинченко жауапты болса, мерсисайдтықтар бұл рөлді Трентке табыстаған.

«Байер» командасы да билдап кезінде 3+2 пішінін қолданады, бірақ бұған жету үшін ешбір трансформация жасамайды. Германия чемпионы 3-4-2-1 жүйесімен ойнағанына байланысты, 3 қорғаушысы және 2 орталық жартылай қорғаушысы бірден қажетті аймақтарда орналасқан.

Командалар позициялық шабуылды бастау кезінде осы жүйені қолдануларының бірқатар себептері бар. Біріншіден, терең қорғаныста орналасқан командалардың қорғаныс шебін бұзуға көмектеседі.

Жартылай қорғаныстың орталық аймағында кем дегенде 1 ойыншыға артық болуы алаңның ортасында үстемдік орнатуға көмектеседі, оған қоса ең қауіпті және аз адам жиналатын жартылай қаптал аймақтарында екі ойыншы береді.

Екіншіден, допты жоғалтқан сәтте ойыншылардың орналасқан структурасының көмегімен контрпрессинг арқылы қорғану, мінсіз жағдайларда допты қайтарып, жаңа шабуылды бастауға мүмкіндік беру қажет.

Қарымта шабуылдарды 3+2 ден басқа қалған шабуыл құрамындағы 5 ойыншы алаңның 5 вертикалді жиегін жабу арқылы тоқтату қажет.

3+2 допқа иелік етіп, алаң жиегінде доминация орнатуды қалайтын бапкерлер арасында үлкен қолданысқа ие. Аталмаған командалардан басқа Хави, Эрик тен Хаг, Компани, «Челсидің» жаңа бапкері Мареска және «Боруссияның» бапкерлік штабына Шахин келуімен Терзич те қолданған.

Алайда бұдан радикалды билдапта 2+3 жүйесін қолданатын екі бапкер көзіме түсті. Олар: «Тоттенхэм» бапкері Андж Постекоглу және Клопп ізбасары Арне Слотт. Бапкерлерде қапталдағы қорғаушылар біреуі емес екеуі де жартылай қорғанысқа көтерілумен 2+3 жүйесіне көшеді.

Постекоглу шабуылға басымдылықпен шығу қағидатына назар салса, Арне бұл жүйені допқа және орталық аймақта толық бақылау орнату үшін қолданады.

Андж АПЛ сияқты күрделі лигаға келсе де өз стилін қолданудан саспады. Слотт не істейді екен? Клубта орныққан жүйеге және әлемдік трендке ілесе ме әлде қағидаттарына берік бола ма?

@bcsula
63
Маусым қорытындылары (2)

Заманауи футболдың басты жұлдыздары мен ең маңызды адамдары жаттықтырушылар екені айқын. Клубтар олардың қалауларына сүйеніп, керек трансферлер мен өзге әрекеттер көмегімен қолайлы орта құруға тырысады. Тіпті бір бапкер келуімен клуб өзінің стилін толығымен өзгертуі де мүмкін және бапкерлер үшін компенсация төлеу қалыпты жағдайға айналуда.

Команданы бапкердің қажеттіліктеріне сүйеніп құру = нәтиже

Клубтарда өзінің Гвардиоласын немесе Клопп сынды бапкерін табу арманы бар, алайда олардың көбі шыдамсыздық танытып, бапкерлерден бірден нәтиже талап етеді немесе қажетті жағдай жасамайды. Сауатты менеджмент сапалы бапкерге жан-жақты көмек көрсету арқылы ғана үлкен жетістіктерге жету мүмкін екендігін түсінген.

Осы маусымда сенсациялық нәтиже көрсеткен командалардың айтарлықтай бөлігі бапкер фигурасының негізінде құрылған командалар. Алонсо – алғашқы толық маусымында бундеслига олжасын жеңді, Эмери – толыққанды маусымында «Вилланы» чемпиондар лигасына жетеледі, Хенесс – бірінші толық ойын науқанында «Штуттгартпен» «Баварияны» озып, ең беделді еурокубокте ойнау құқығына ие болды. Бұдан басқа Мичелдің «Жиронасы» және Моттаның «Болонья» сияқты мысалдар бар.

Бұндай тенденция әсерінен клубтар бапкерді таңдауда тәуекелге жиі бара бастады. «Бавария» топ клубты мүлде жаттықтырмаған Компаниді тағайындады, «Челси» жоғары деңгейде тәжірибесі жоқ Марескаға мүмкіндік берді, «Брайтон» болса «Санкт Паулиді» бундеслигаға көтерген Фабиан Хюрцелерді АПЛ тарихындағы ең жас бас бапкер етуді жоспарлап жатыр.

@bcsula
3
Жейдедегі жұлдыздар

Кейбір футбол құрамаларының және клубтардың жейделеріне назар аударсаңыз, жұлдыз немесе жұлдыздар бейнеленгенін көрген боларсыз. Бүгін оларды жейделерге не себеппен қосатыны жайлы айтамын.

ЕУРО және КОПА Америка жүріп жатқандықтан ұлттық құрамалардан бастаған жөн болар. Бұл жейделердегі орналасқан жұлдыз әлем чемпионатындағы жеңістің белгісі болып табылады. Бразилия ең көп жұлдыз – 5 жұлдызға ие болғандарына байланысты оларды пентакампеондар деп атап кеткен де бар.

Клубтық футболда болса әр ұлттық чемпионаттың өзіндік ережелері бар. Италия футболында команда әр 10 чемпиондық үшін 1 жұлдыз бейнелеу құқығына ие болады. 2023/24 маусымында скудетто ұтқан «Интер» осылайша таңба белгісіне 2-ші жұлдызын қосады.

Бундеслигадағы жұлдыздар иелену жүйесі келесідей: 3 олжа – 1 жұлдыз, 5 олжа – 2 жұлдыз, 10 олжа – 3 жұлдыз, 20 олжа – 4 жұлдыз. «Бавария» 30-шы чемпиондығын жеңгенде жейдесіне 5 жұлдызды қосты.

Кейбір чемпионаттарда жұлдызды ойын жейдесіне бейнелеу мәдиниеті мүлде болмаса, Шотландия чемпионатында жұлдызды еуропалық аренадағы жетістіктермен белгілейді. Мәселен, 1967 жылы требл жасап, еуропалық кубок иегері атануына орай «Селтик» жейделерінде жалғыз жұлдыз орын тапқан.

Айрықша жағдай Уругвай құрамасының жұлдыздарына қатысты орын алған. Олар мундиаль олжасын 2 рет қана жеңгенімен, 4 жұлдыздың заңи иегері болып саналады. Әлем чемпионаты жарыс ретінде ұйымдастырыла басталғанға дейін футболдан олимпиада ойындары халықаралық деңгейдегі бас турнир мәртебесіне ие болған.

Уругвай ұлттық құрамасы олимпиаданы 2 рет жеңгенін түсініп қойған боларсыздар, ФИФА бұл жеңістерді әлем чемпионаты жарысындағы жеңістерге эквивалентті етіп тану шешіміне байланысты аспан-көктілер 4 жұлдызды бейнелеуге толыққанды құқылы.
4👍2
Трансферлік шолу - АПЛ

Трансферлік кезең аяқталмаса да клубтық маусым басталып кетті, яғни командалардың жасақталуы бойынша кішігірім қорытындылар жасауға болады.

Осы жолы әр топ-5 лиганың ең қызықты, күтпеген және бағасы мен сапасы жағынан ең ұтымды трансферлерді атап өтемін деп шештім.

Қызықты трансфер - Доминик Соланке (Борнмут-Тоттенхэм, 64 млн. еуро)

Шабуылшы лондондықтардың алдыңғы шебінде жетіспей жүрген бөлшек сынды. Соланке әмбебап тоғыздық, шабуылдық қасиеттерін айып алаңнан басқа бос кеңістікте де жүзеге асыра алады.

Оған қоса Андони Ираоланың прессинг жүйесінде маңызды рөл ойнайтын ойыншы болғанын атап өткен жөн. Бұл қасиеті Постекоглу мырзаға өте қажет құрал болады. Сон, Мэддисон, Кулусевски үштігімен бірге талай клубтардың мазалайтын шабуыл квартетіне айналатынына сенімдімін.

Күтпеген трансфер - Жан-Клер Тодибо (Ницца-Вест Хэм, 40 млн. еуро)

Франциялық заманауи футбол нысанындағы сапалы қорғаушы. Допты қорғаныстан жоғары пас арқылы және аяқпен сүйреу арқылы да жылыта алады. Тікелей қорағаныстық міндеттерін де жоғары деңгейде орындайды.

Топ клубтар үшін дайын қорғаушы болғандықтан Вест Хэмге көшкені мені таңғалдырды. Мүмкін АПЛ шынымен Суперлигаға айналып жатқан шығар? Жалпы осы маусымда лондондық клуб онсыз да сапалы құрамын жақсы ойыншылармен толықтыруда.

Ұтымды трансфер - Нуссаир Мазрауи (Бавария-Манчестер Юнайтед, 15 млн. еуро)

Бас бапкер ойын жүйесіне қажетті ойын дағдылары бар ойыншы. Допқа бақылау орнату кезінде жартылай қорғанысқа көтеріле алады, пас арқылы шабуыл бастай алады және креативтік машықтары жоғары деңгейде дамыған.

Оң қапталдағы қорғаушы позициясын сапалы түрде күшейтіп, одан басқа Далоттың әмбебаптылығының арқасында жарақатқа жиі шалдығатын сол қапталды жабатын маңызды көмекші болады.
👌31