Better call Sula
173 subscribers
59 photos
6 videos
47 links
Футболдың құқықтық және өзге де аспектілері жайында.

Автор - @sultanjumakhanov
Download Telegram
Channel created
Қайырлы күн, достар! Ақыр соңында, бүгін футбол және футбол құқығы жайлы блогымды бастауды ұйғардым. Өзімді таныстыра кетсем, есімім Султанбейбарс, жасым 22-де.

Соңғы жыл бойы спорт құқығы саласында қызмет көрсететін халықаралық заң компаниясының Қазақстандағы кеңсесінде қызмет атқардым. Қазіргі таңда осы бағыт бойынша магистратураға түсу барысындамын.

Блогты бастаудың басты себептерінің бірі – өзімнің мансаптық және жеке пікірмен бөлісу мұқтаждықтарымды қанағаттандыру. Оған қоса, футбол құқығы алаңында көпшілікке қызықты болатын, шолу жасауға тұрарлық кейстер күннен-күнге көбейіп жатыр.

Алайда арнада футболдың тек сұр, құрғақ фактілерден ғана тұратын заңи тарапы ғана сәулеленбей, ойынның тактикалық нюанстары, ілгерінді статистиканың футболдың қазіргі болмысындағы рөлі туралы да сөз жүргіземіз.

Сіз бұл спортқа деген кішігірім ғана қызығушылығыңыз болса да немесе ойынның құмар жанкүйері болсаңыз да, оқырмандық қажеттіліктеріңіз қанағаттандырылады. Сондықтан менімен жаңа сапарға қосылып, арнаға жазылыңыздар, жақындарыңызбен бөлісіңіздер!
🔥6🆒42
Бірінші пост ретінде футболға ауқымы бойынша ең жоғары ықпал еткен сот шешімі туралы жазуды дұрыс көрдім.

Бір сот шешімі спортқа қаншалықты әсер ете алады? Қандай регламенттік реттеулер өзгеріске ұшырады? Істің орын алуына қандай жағдайлар түрткі болды?

https://telegra.ph/Zamanaui-futboldy-құrғan-sot-sheshіmі-03-29
7🔥2
Жоғары деңгейдегі футболдың анализы соңғы жылдары ілгерінді статистикалық мәліметтермен бірге жүреді, тіпті кейбір футбол клубтары өзінің клубтық жүйесін толықтай статистика мен технологиялар көмегіне табыстаған. Еске бірден «Брайтон», «Брентфорд» секілді командалар түседі.

Жаңа постта футбол қарауды және түсінуді жеңілдететін негізгі тактикалық және статистикалық ұғымдарға түсініктеме бердім.

https://telegra.ph/Negіzgі-statistikalyқ-zhәne-taktikalyқ-terminder-04-13
👍9👀1
«Челси» УЕФА-ны амортизация ережелерін өзгертуге қалай мәжбүр етті?

2023 жылғы қысқы трансфер кезеңінде «Челси» 330 миллион еуро жұмсаған. Бұл Бундеслига, А сериясы, Ла Лига және Лига 1 клубтарының шығындарын қоса алғандағы сомасынан да көп. Жазғы трансферлік кезеңді ескеретін болсақ, лондондық клубтың трансферлік шығындары жарты миллиард еуродан асқан, алайда клуб УЕФА мен ағылшын Премьер Лигасының қаржылық фейр-плей ережелерін бұзбаған.

«Челси» ҚФП ережелерін сақтаудың негізгі аспектісі – амортизация. Қарапайым тілмен айтқанда, «Челси» айтарлықтай жылдық шығындарды болдырмау үшін транферлік төлем құнын ойыншының жасасқан келісімшарттың бүкіл мерзіміне бөледі дегенді білдіреді. Сол үшін клубтың жаңадан келген ойыншылары ұзақ мерзімді келісімдер жасасқан.

Мәселен, 80 миллион еуроға алынған Михаил Мудрик сегіз жылдық келісімшартқа қол қойды, бұл «Челсиге» украиндық үшін төлеген соманы өз есептік баланстарында осындай ұзақ мерзімге бөлуге мүмкіндік береді, яғни 8-жылдық мерзім ішінде әр маусымда осы трансфер үшін «Зейнеткерлер» шамамен тек 9 миллиондық шығынға ұшырайды. Осылайша, абсолютті құны жоғары болған трансфер амортизациясы 8 жылға созылғандықтан, ұтымды мәмілеге айналады.

Алайда мұндай ұзақ мерзімді келісімшарттарды ұсыну қаупі де бар, жас әрі талантты ойыншылардың барлығы оларға артқан үміттерді бірқатар факторларға байланысты ақтай бермейді. Оларға: жаңа лигада ойыншының жоғары деңгейін көрсете алмауы (адаптация факторы); жарақат алу не алмауы; тіпті жаңадан келген бапкердің ойын стиліне үйлесімділігі де жатады. Ал үмітті ақтамаған ойыншылар ұзақ мерзімді келісімі бар болғандықтан, басқа клубқа ауысқысы келуі екіталай болуы мүмкін.

Тодд Боулидің соңғы екі трансферлік кезеңде ҚФП саңылауын аса белсенді түрде пайдалануы УЕФА-ны амортизацияға қатысты ережені өзгертуге итермеледі. Келесі жазғы трансферлік кезеңнен бастап, трансферлік төлем шығындарын клубтарға максимум 5-жылдық кезеңге бөлуге рұқсат етіледі.
👍11🔥4
Бүгінгі пост жасанды фулбэктердің маңыздылығы, олардың функционалдық жіктелуі және сол рөлдерді ойнау үшін қандай ойын қабілеттеріне ие болу керектігіне арналған.

Гвардиола Джон Стоунсты оң қапталдағы жасанды қорғаушы позициясына ауыстырып, командасының тұрақты ойнау конфигурациясын тапқан сияқты.

Аталған өзгеріс арқылы «Сити» треблге қарай келе жатқан қарқыны мен «Канселу неліктен Зинченконы алмастыра алмады» бейнесі осы мәтінді жазуға итермеледі.

https://telegra.ph/ZHasandy-қaptaldaғy-қorғaushylardy-zhіkteu-04-29
👍16
Қаржылық фейр-плей ережелеріне шолу жасаған кезде бұл реттеудің кейбір сәттерде тиісті түрде жүзеге аспайтыны туралы жазғанмын. Осы постта нені меңзегенім туралы жаза кеттім, яғни УЕФА мен «Ман Сити» арасындағы ҚФП бұзылу негізінде орын алған дауды талдауға кірістім.

Оған қоса, мақалада УЕФА ҚФП ережелерінің бұзылуы жайлы кейстерін басынан бастап соңына дейін қалайша жүзеге асатыны туралы да мәлімет бар.

https://telegra.ph/UEFA-vs-Manchester-Siti-1-04-20#УЕФА-vs-Манчестер-Сити
11❤‍🔥2👍2🔥1
Эмилиано Мартинес өзінің әріптестерінің өмірін қалай қиындатты?

Қақпашылар ережелерге енгізілетін өзгерістерге байланысты пенальти соққыларын тоқтату кезінде жаңа күрделіліктермен кездесетін болады. Бұндай өзгерістерді енгізу қажеттілігі Эми Мартинес Катардағы әлем чемпионаты кезіндегі ерсі қылықтарынан кейін туындаған деп есептеледі.

Аргентиналықтың пенальтиді сәтті тоқтату икемінің бір бөлігі оның қарсыластарына психологиялық қысым көрсетумен байланысты. Бұл әлем чемпионатының финалында Орельен Тчуамени мен Кингсли Коман соққыларында айқын көрініс тапты, Копа Америка жарысының жанкүйерлері Эмилианоның мұндай шеберлігі бар екенін бұрыннан білетін. Алайда, мұның бәрі Халықаралық футбол қауымдастығының кеңесі (IFAB) осы жылдың соңында күшіне енетін жаңа ережелерді қабылдағаннан кейін өзгеруі керек.

IFAB ойынның ережелеріне (Laws of the Game) қатысты шешім қабылдайтын әмбебап орган болып табылады. Оның міндеттері ФИФА бақылайтын және ФИФА, Конфедерациялар және ұлттық футбол ассоциациялар ұйымдастыратын футбол қауымдастығы шеңберінде қолданылатын ойынның ережелерін сақтау, құрастыру және өзгерту болып табылады. Басқаша айтқанда, бүкіл әлемде ережелердің біркелкі қолданылуын сондай-ақ футболдың дәйекті тәжірибесін қамтамасыз етілуін бақылайды.

Жаңа ережелерге сәйкес, қақпашыға енді ойынға қатысты құрметсіздік көрсетуге, яғни қарсыласын алаңдатуға тыйым салынады. Қақпашы өз қақпасының сызығында қалып, пенальти тағайындалғанға дейін торға, қақпа бағанасына немесе маңдайшасына тиіспеуі керек. Егер қақпашы соққыны қайтарып алса, оған қуану барысында құрметтемеушілік белгілері мен әрекеттеріне тыйым салынады.

Мартинес жаңа ережелерге қатысты ойын айтып үлгерді: «Мен Америка кубогы мен әлем чемпионатында тоқтатқан пенальтилер команданың жеңуіне үлесін қосты. Маған осы да жеткілікті. Біз әрқашан ережелердегі өзгерістерге және ФИФА не қалайтынына бейімделуіміз керек, сондықтан ешқандай мәселе туындамайды. Біз бейімделеміз».

Жалпы пенальти командалар үшін, әсіресе, қақпашы үшін қатаң жазалау. Бұндай соққылардың әдетте 80% голға айналады, ал статистика провайдерлері әдетте пенальти белгіленген кезде оны 1 xG-ге бағалап, ойындағы жасалған мүмкіндіктерден бөлек келтіреді. Оған қоса, пенальти ережелері қазірдің өзінде әділетсіз болып табылады.

Қазіргі уақытта қақпашыдан пенальти тағайындалмас бұрын оның бір аяғын сызықта ұстау талап етіледі. Егер қақпашы аяғының бірін сызықтан алыстатып, пенальтиді қайтарып алса, пенальти әдетте қайта тағайындалады. Мүмкін өзгерістердің орын алуына өткен әлем чемпионатындағы аномалия да әсер еткен шығар. Матчтан кейінгі пенальти серияларын ескерсек, соққылардың тек 58%-ы ғана жүзеге асты, қалған 42% - қақпашылардың сейвтері, қақпа бағаналары және қақпадан қиыс кеткен соққылар.

Бүгінгі күнгі қақпашылардың пенальти кезіндегі ойыны дамығаны анық, пенальти соққыларына байланысты көптеген ғылыми зерттеулер, аналитиканың дамуы және пенальти орындаушылардың барлық соққыларын көру және талдау мүмкіндігі қақпашыларға үлкен көмек береді. Алайда көп пенальтидің соғылмауы – негативті үдеріс пе?

Жаңа ережелер күшіне 1-шілде енеді.
11🔥1😨1
Спорттық төрелік сотындағы (CAS) УЕФА мен «Сити» арасыдағы текетірес жайлы сөз жүргізу алдында, Cпорттық төрелік сот қандай ұйым екенін, функцияларын және неліктен футболға қатысты істерді қарастыра алатыны туралы сөз қозғаған дұрыс болар.

https://telegra.ph/CAS---Sporttyқ-tөrelіk-sot-04-24#Спорттық-төрелік-сот-тарихы
🤨1
Глейзерлер неге «Манчестер Юнайтед» футбол клубын сатуда?

«Челси» футбол клубының сәтті сатылуы.

Американдық инвестор Тодд Боули бастаған консорциумға «Челсидің» 4,25 миллиард фунт стерлингке сәтті сатылуы Глейзерлердің бақылауынан тыс қалмағаны анық. Осы мәміле лондондық клубты бірден ең қымбат сатып алынған спорт клубына айналдырды, яғни менің сәтті сатылу деп келтіріп жатқаным жоғары деңгейдегі ақша сомасын білдіреді. Клуб иелері егер «Челси» осындай қаражатқа сатылса, «Манчестер Юнайтед» бұдан едәуір артық ақша алып келуі әбден мүмкін екендігі туралы ойлап жатқан болар.

Клубқа инвестиция құю қажеттілігі

Глейзерлер отбасысы инвестиция клубқа иелік ету барысында бір тиын ақша инвестиция жасамаған. Олар инвестиция құюға қарағанда, керісінше, клубтан ақша шығарумен белсенді түрде айналысқан.

Swiss Ramble-ге сәйкес Глейзерлер соңғы 17 жылда клубтан 1,1 миллиард фунт стерлингті алып шықты. Бұл көрсеткіш клубты бірінші кезекте сатып алу үшін қарызға алған ақшаға пайыздық төлемдер түрінде 743 миллион фунт стерлингті қамтиды. Қарыз бойынша төлемдер тағы 147 миллион фунт стерлингті құрайды, ал клуб иелері өздеріне 166 миллион фунт стерлинг дивиденд төледі, оның ішінде 133 миллион фунт стерлингі соңғы онжылдық мерзімде шығарылған. Оған қоса, директорларға сыйақы түрінде тағы 55 миллион фунт стерлинг және менеджментке 23 миллион фунт стерлинг төленген.

Онда клуб қалайша жоғары сомадағы трансферлерді жүзеге асыра алды және асыруда деген сұрақ туындайды. Барлығы оңай түсіндіріледі, «Манчестер Юнайтед» үлкен жанкүйерлік базасы және тарихи клуб болғанына байланысты ұтымды коммерциялық келісімдер жасау арқасында өзіне қажетті қаражатты табу арқылы сыртқы инвестициялардан тәуелсіз.

Егер клубқа ойыншыларға қатысты ақша құю қажеттігі болмаса да, инфрақұрылымдық объектілер, атап айтқанда, клуб стадионы – «Олд Траффорд», «Каррингтон» жаттығу комплексі, шұғыл түрдегі реновация немесе реконструкцияны талап етеді. Сәйкесінше инвестиция қажеттілігі туындап тұр, ал Глейзерлер бұл жағдайға қатысты ешнәрсе жасағысы келмейді, олар тек пайда тапқысы келеді. «МЮ»-дың инфрақұрылымын клубтың аңызы Криштиану Роналду және түлегі Джесси Лингард сынға тартқанын айта кеткен жөн.

«Манчестер Юнайтед» қазіргі жағдайда өзінің экономикалық шыңында

2018 жылы Эд Вудворд: «Спорттық жетістіктер біздің бизнестегі коммерциялық бөлігінде жасай алатын нәрселерге айтарлықтай әсер етпейді», - деп мәлімдеген.

Манчестерлік клуб соңғы жылдары ойын алаңында табатын жеңістер контекстінде еуропаның ең озық клубтары қатарына кірмесе де, экономикалық көрсеткіштер бойынша әрдайым алдыңғы қатарларда. Мәселен, Deloitte консалтингтік компаниясы жыл сайынғы «Money League» есебін жариялады, оған сәйкес «Манчестер Юнайтед» айналымының 23%-ға өскенін – клубтың қаржылық әл-ауқатының дәлелі ретінде келтіруге болады.

Алайда клубтың кірісі пандемияға дейінгі деңгейден әлі де төмен екендігі, сонымен қатар осы есептің 26 жылдық жарияланым тарихында алғаш рет «Ливерпуль» өзінің ең түбегейлі қарсыластарын рейтингте басып озғаны ешкімнің назарынан тыс қалмады.

Футбол экономикасының маманы Киран Магуайрге сәйкес: «Демеушілер клуб нәтиже берген жағдайда ғана көбірек ақша төлейтін болады. 2016 жылдан бастап біз коммерциялық кірістер көрсеткіші өзгеріссіз екенін көріп отырмыз және жағдай қиындай түсуде, өйткені «Юнайтед» мәмілелер жасауда қазіргі кездегі жетістіктеріне емес, өтіп кеткен жеңістерге сүйенеді. «Ман Сити» мен «Ливерпуль» бәсекелестерінің кірісі өсіп келе жатқанда, «МЮ» экономикалық даму тұрғысынан өзгеріссіз жағдайда. Өйткені спорттық нәтижелер табысқа әсер ететіні анық».

Глейзерлердің клубты сату туралы шешімінің маңызды факторы ретінде 2020 жылы Big Picture жобасының және 2021 жылы Еуропалық Суперлиганың сәтсіздігін атап кеткен жөн. Еуропалық Суперлиганың сәтсіздігі Глейзерлердің кірістердің кепілді түрде өсуіне деген үміті жоққа шығарылғанын білдіреді, ол кірістерсіз және олардың клубтық даму стратегиясын ескерсек, «МЮ» өзінің экономикалық дамуының шыңында тұр.

Осыған және жоғарыда келтірілгендерге байланысты Глезейлерлер «Манчестер Юнайтедті» сатқалы тұр.
👍42
Бахтиер Зайнутдинов топ-5 лигаға көшу үшін не істеу керек?

Бірнеше ай бұрын «Аталанта» футбол клубы Зайнутдиновке көз салғаны туралы сыбыс біздің ақпараттық басылымдармен ынтыға талқыланды. Менше біздің футболдың ең перспективті жұлдызы шетелдік топ чемпионатқа ауысу үшін келесі екі шартты орындауы қажет.

Жүйелі түрде бір позицияда ойнап бастауы керек.

Осы маусымда Бахтиер сол жақтағы орталық қорғаушы ретінде бастап, соңғы ойындарда жарақат алмай тұрып, сол қапталды толығымен жауып жүрген.

«Зенит» клубының аналитикалық бөлімінің бұрынғы басшысы Никита Васюхин «Дай глубину» подкастында (46:30) Зайнутдиновтың шетелге ауысу перспективасына қатысты өз ойын келтіргенде осы факторға назар салған.

Оған сәйкес оның сол жақтағы орталық қорғаушы позициясында ойнауы ұзақ оқиға айнамалмайтын да шығар, алайда Зайнутдиновтың бұл позициядағы ойыны, мен үшін осы чемпионаттың ашылуы.

Бұл позицияға қабілеттері жағынан жақсы келеді: солақай; өте мобильді; антропометриясы да позицияға лайықты. Шабуылды бастай алады, допты аяқта ұстап жоғарыға жылжыта алады, сонымен қатар допты алып қоюды да игерген.

Бірақ Италиядағы Зайнутдиновты командалар оны орталық қорғаушы ретінде қарастырмайды. Тиісінше Зайнутдиновты осы маусым бойынша бағалау өте қиын, яғни олар Бахтиердің өз позициясындағы қасиеттерін бағалау үшін ескі матчтарын қарау керек.

Ең қызығы, осы маусымның бірінші айналымында орталық қорғаушысы ретінде ойнағаннан кейін, ол осы позицияда «ЦСКА»-дағы ойнаған уақыты басқа позициялардағы уақыттан асып кетті. Жалпы алғанда ол көп ойын уақыт өткізгенімен, ол минуттар бірнеше позицияларда ойнағанда орын алған.

Басқаша айтқанда, клубтар үшін оның нақты позицияда қаншалықты жақсы ойнайтындығын бағалау өте қиын болады, сондықтан оларға белгілі бір позицияда тексерілмеген ойыншы үшін дереккөздерде аталатын 5-6 миллион төлеу өте қауіпті. Зайнутдиновқа батысқа кетуге көбірек мүмкіндік алу үшін, ол өзінің негізгі позициясында ойнауды бастауы керек, шартты түрде «Ростовта» ойнаған сол немесе оң жақ жартылай қорғаушы болып, шабуылға жақынырақ ойнауы керек.

Берген сұхбаттарында Бахтиер шабуылға жақынырақ ойнауды жақсы көретінін айтқан. Ал мен Бахтиердың ойын қабілеттеріне қарап, жиі Федерико Вальвердемен салыстырамын. Екеуі де әмбебап ойыншы, қысымға төзімді, жоғары қарқынмен алаңның үлкен аумағында жұмыс жасай алады. Егер орталық жартылай қорғаушы болып жүйелі түрде ойын көрсетсе, Зайнутдинов мүмкін топ клубта болмаса да, орташа клубта Вальверде рөлін атқара алатынына сенімдімін. Ал ондайды жүзеге асыру үшін…

Жарақат алмауға тырысып, тұрақты ойын көрсету қажет.

Никита Васюхин ұсынған шабуылға жақын позиция болсын, не менің ұсынған орталық жартылай қорғаушы позициялары ауысымға (ротацияға) жиі түсе бермейді. Бұл аймақтарда ойнайтын ойыншылар негізгі құрам ойыншысы ретінде орнығып қалу үшін маусымды жоғары деңгейде өткізіп, әрдайым ойнауға дайын болу керек.

Осы маусымда Бахтиер ауыр жарақаттарсыз жақсы ойын көрсетуде, оған қоса «ЦСКА» клубының медициналық штабы мықтылар қатарына кіреді. Енді тек өзінің негізгі позициясына ойнай бастап, жемісті нәтиже көрсету ғана қалды.
6
Better call Sula
Қаржылық фейр-плей ережелеріне шолу жасаған кезде бұл реттеудің кейбір сәттерде тиісті түрде жүзеге аспайтыны туралы жазғанмын. Осы постта нені меңзегенім туралы жаза кеттім, яғни УЕФА мен «Ман Сити» арасындағы ҚФП бұзылу негізінде орын алған дауды талдауға…
Футбол даулары әдетте ішкі реттеу арқылы жүзеге асады, олар басқарушы органдар, лигалар, менеджерлер, ойыншылар және басқа қатысушылар арасындағы тәртіпті сақтауға бағытталған.

Ішкі кеңестер, комитеттер, комиссиялар мен палаталар футболдағы тәртіптік процедуралар мен даулардың көпшілігімен айналысады, бірақ кейде істер аталған органдардан асып, сыртқа шығып кететін кездер болады. Бүгін сондай жағдайды талдаймын, дәлірек айтқанда, талдауды жалғастырамын.

https://telegra.ph/UEFA-v-Manchester-Siti-2-05-09
1
ВАР неліктен Кевин де Брюйне «Реал Мадрид» қақпасына соққан голды тексермеді?

Бельгиялық 67-минутта жойқын соққымен есепті теңестірді, алайда шабуыл басында Кайл Уокер пасынан кейін доп алаңның сыртына шығып кеткендей болды. ВАР (Video Assistant Referee) неліктен бұл эпизодты қарастырмады?

Арсен Венгер бейне көмекшілер дұрыс жұмыс істемеді деп санайды: «Вардың міндеті – таза голдың бар-жоғын тексеру. Мұндай жағдайда бейне төрешілер араласуы керек».

ВАР ережелеріне сәйкес төрешінің бейне көмекшісі – бұл матчтың бейнежазбасына тәуелсіз қол жетімділігі бар матчтың ресми өкілі, ол төрешіге тек «айқын қателік» немесе «елеулі жіберіп алған эпизод» орын алған жағдайда ғана көмектесе алады:

А. Гол / голдың болмауы
B. Пенальти / пенальти жоқ
C. Тікелей қызыл қағаз (екінші сары қағаз / ескерту кездерінде емес)
D. Қате сәйкестендіру (төреші дұрыс емес ойыншыға сары немесе қызыл қағаз берген кезде)

Бұл эпизодтар қайта қаралатын шешімдер / матч барысын өзгертетін оқиғалар деп аталады, яғни осылар орын алғанда ғана ВАР тікелей араласа алады. Арсен Венгер сонда осы жағдайды дұрыс бағалады ма?

Eurosport-қа сәйкес УЕФА дереккөздері доптың алаңның сыртына шыққанын растады, бірақ ВАР жүйесінің араласуға құқығы болмады, өйткені доп «Реалға» Камавинга арқылы қайта келді және ол «шабуылдың жаңа кезеңі» ретінде тіркеледі. Басқаша айтқанда, доп алаңнан шығып кетті, төрешілер қателік жіберді, алайда бұл қателікті Камавинга араласқандықтан түзету мүмкін болмады.

ВАР-дың араласпағаны – тек техникалық шешім.
👍145