Кейннің Англияға оралуы қалай өтеді? «Севилья» қайтадан Еуропа Лигасына ұша ма?
Хвича өзі жанкүйер болған командасына қарсы қалай ойнайды? F тобында кімге F деп айтамыз?
Жеребе жақсы өтті деген ойдамын. Нәтижесінде қызықты интригаларға толы және балансы сақталған топтар шықты.
«Барселона» барлық ақшасын жеребеге құртқан ба сонда?

🌚6👍4❤1⚡1
Ансу Фати «Брайтонда»
«Барселона» түлегі Хави жүйесінде негізгі құрамның толыққанды мүшесі бола алмағаннан кейін күшін тұманды Альбионда сынауды жөн көрді. Бірақ Фати басқа клубқа өзінің бұрынғы бабына келу үшін көшсе, «Брайтон» жақсы таңдау деп айту қиын.
Ансу шабуылда ойнайтын әмбебап ойыншы болғанымен, негізгі әрі ыңғайлы позициясы бар екені айқын. Ол позиция – сол қапталдағы вингер/шабуылшы. Ал «Брайтон» командасында бұл позиция клубтың ең жарқын және тұрақты ойыншысы Каору Митомамен бетондалған.
Егер испандық құрамдағы негізгі ойыншы рөлі үшін күресуге дайын болса, «Барсада» қалуы ғанибет еді деп ойлаймын. «Брайтонда» барлығы ойдағыдай іске асқанның өзінде, «Барселонаға» оралғанда жасаған еңбегін қайталауға тура келеді.
Біршама өнер көрсеткен шабуылшы аймағында да бәсекелестік зор. Академия түлегі Эван Фергюсон, лига аңызы Дэнни Уэлбек, 30 миллиондық рекордты трансфер Жоау Педро және парагвайлық Хулио Энсисо “жаңа Мессиге” оңайлықпен негізгі құрамға жол ашқалы жатқан жоқ.
Ал клуб үшін бұл трансферді сәтті деп айтуға болады. АПЛ-дың боксинг дэй сынды аса интенсивті кезеңдермен Еуропа Лигасын есепке алсақ, ойыншы өзін көрсетуге мүмкіндік алатыны анық. Жапондық ойыншы егер жарақат алып қалса, Фати сапа жағынан ешбір кемшіліксіз орнын баса алатына сенімдімін.

⚡5
Better call Sula
Ансу Фати «Брайтонда» «Барселона» түлегі Хави жүйесінде негізгі құрамның толыққанды мүшесі бола алмағаннан кейін күшін тұманды Альбионда сынауды жөн көрді. Бірақ Фати басқа клубқа өзінің бұрынғы бабына келу үшін көшсе, «Брайтон» жақсы таңдау деп айту қиын.…
Митома мен Ансу сәл өзгешеліктер болмаса, бір-біріне ұқсас және Де Дзерби жүйесімен үйлесімді ойыншылар. Фати турашыл және гол соғуға бағытталған ойыншы, ал Каору болса гол соғатын мүмкіндіктер үйлестіруге көбірек көңіл бөледі. Бірақ екеуі де дриблинг жасауды ұнатады, бұл бапкердің вингерлерді 1-ге-1 қалдыратын изоляциялық ойын суретінде өте қажетті құрал.
❤4
Трансферлік кезең дедлайны: түсініксіз ауысымдар
Трансферлік кезеңнің соңғы күнін ең алдымен асығыстықта жасалған трансферлермен байланыстырамын. Осы дедлайн кезінде де ондай ауысымдарсыз қалмағанымыз анық. Бүгін қисыны аз немесе мен үшін түсініксіз трансферлерді талқылаймын.
Жоау Канселу/Жоау Феликс – «Барселона»
Каталондық клуб әдемі жарқырап жатқан бірақ клубтарына керек емес екі жұлдызды ойыншыны алып үлгерді, бірақ осы трансферлермен өз бапкерін тығырыққа тіреген көрінеді. Ақпараттық мәліметтерге сәйкес бұл жұлдызды жауын клуб президенті Жоан Лапортаның жеке ниеті. Екі ойыншы да футболдық сапалары бойынша «Барса» деңгейінде болғанымен, оларға жүйеге бірден кіре алатындай позиция табылмайды.
Канселу қорғаныста екі қапталдан да ойнай алады, алайда команданың қорғаныстық балансын немесе жүйені өзгертпей орналыстыру қиын. Оң қапталда ойнаса, Бальде шабуылға қосылғаннан кейін бірін-бірі жақсы түсінетін және жақсы қорғанатын Кристенсен-Араухо-Кунде үштігінен айырылады. Сол қапталда ортаға ойысумен ойнаса, Гави ортаға қарай жылжығаннан кейін команда Бальде беретін қапталдағы ендіктен айырылады.
Феликстың техникалық дағдыларына ғана назар салсақ, клуб үшін мінсіз трансфер секілді. Бірақ ойыншы мен команда арасындағы үйлесімділігіне байланысты біршама сұрақтар бар. Біріншіден, Хави құрған мықты прессинг жүйесіне икемделе ала ма? Екіншіден, еркіндікті ұнататын Феликс жүйелі командада өзін қалай сезінеді? Үшіншіден қай позицияда ойнайды?
Райан Гравенберх – «Ливерпуль»
45 миллионға тағы да бір орталық жартылай қорғаушы келді, ал таза тіреуші позициясында ойнайтын Эндо ғана. Ең қызықтысы, «Бавария» кеткен Гравенберхті «Ливерпульға» аса қажет Палиньямен ауыстырғысы келген. «Фулхэм» португалиялықтың орнын басатын ойыншы тапқағандықтан, трансфер жүзеге аспады.
Қазір Клопп жүйесіндегі екі 8-дік позиция орнына алты ойыншы таласады. Допты ала білетін, қорғанатын ойыншы қажет болғанда онсыз да жақсы жасақталған позиция үшін ақша құрту – үлкен қателік.
Мохаммед Кудус – «Вест Хэм»
Ганалық жартылай қорғаушы шабуыл шебінің барлық жерінде ойнап шыққан әмбебап ойыншы. Бұл ойыншының бір уақытта мықты жағы және осал тұсы деуге болады. «Аякста» жарқ еткен сәттері көп болғанымен, тұрақты позиция табылмады. Жаңа клубта әмбебаптылығы көбірек ойын уақыт өткізуге көмектесіп, мықты жағы ретінде ашылады.
Бұл трансфер шабуылдауды жақсы көретін Кудустың көбінесе қарымта шабуылмен ойнайтын «Вест Хэмге» көшкендігімен түсініксіз. Ойыншы толыққанды өз дарынын жасыл алаңда жүзеге асыра алмау қаупі туындайды. Мохаммед позициялық шабуылдауды жиі жасайтын командаға ауысқаны дұрыс болар еді. Оған қоса, «Брайтон» ойыншы үшін «Вест Хэм» төлеген ақшаны құртуға дайын болған.

Жас сұрмергендер
Өткен демалыстарда клубтар ойнамағандықтан, Қазақстан құрамасының жеңісінен басқа мен үшін қызықты ойындар болмады. Ал оның алдындағы аптада «Брайтон» және «Ньюкасл» арасындағы керемет матчын тамашалап, 18 жастағы Эван Фергюсон хет-тригінің куәсі болдым.
Ағылшындықтың сұрмергендік жетістіктеріне орай, Opta ағылшын Премьер Лигасында өз атын ойын протоколына енгізген ең жас футболшыларға қатысты қызықты статистикалық мәлімет келтірген екен.
Гол соққан ең жас ойыншылар:
1. Джеймс Воан – 16 жас, 270 күн
«Эвертон» - «Кристал Пэлас» (15 сәуір, 2005 жыл)
Джеймс 2005 жылдың сәуірінде «Эвертонның» 4-0 есебімен жеңісіндегі төртінші голды соққан кезде Премьер Лиганың ең жас сұрмергені атанды.
2. Джеймс Милнер – 16 жас, 356 күн
«Лидс Юнайтед» - «Сандерленд» (26 желтоқсан, 2002 жыл)
Милнердің осы ойындағы голы 2 ай бұрын ғана Уэйн Руни қойған рекордты бұзды, ең қызығы ағылшындық шабуылшы дәл осы күні рекордтан қана айырылмай, оған қоса қызыл қағаз иеленді.
3. Уэйн Руни – 16 жас, 360 күн
«Эвертон» - «Арсенал» (19 қазан, 2002 жыл)
«Манчестер Юнайтед» клубының үздік сұрмергені соққан голы «Арсенал» командасының жеңіліссіз 30 ойындық сериясын аяқтаған.
Ең жас хет-трик Майкл Оуэнмен соғылған.
«Ливерпуль» ойыншысы 1998 жылдың ақпанында «Шеффилд Уэнсдей» қақпасына 3 гол кіргізген. Оуэн осыған қоса, покер соққан ең жас ойыншы, 18 жас және 314 күнге толған ағылшындық 1998 жылдың қазан айында «Ноттингем Форрестті» ренжіткен.
Ал ең жас автогол иесі – Мартин Крэни.
Мартин автоголды 2004 жылы мамырда «Саутгемптонның» «Челсиден» 4-0 есебімен жеңілуі кезінде дебюттік матчында соққан. Бұдан басқа ол осы жарыста 18 жасқа толмай, автогол соққан жалғыз ойыншы болып ерекшеленеді.

❤6
Алонсо және «Байер»
«Байер» топ-5 чемпионаттар ішінде ұпай жоғалтпағандар қатарында. 3 турдағы 3 жеңіс тарихтарында 3-ші рет қана қайталанып жатыр.
Жаңа шабуылдаушы ойын суреті арқасында өткен 3 турдың нәтижесінде 11 гол соғып үлгерген – тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. «Байер» маусымды осылай керемет қарқынмен бастауының себептерін зерделеп көрейін.
Біріншіден, жоғары деңгейде өткізілген трансферлік кезең жемісін беруде.
Патрик Шиктің жарақаттарына байланысты алынған Виктор Бонифас 4 гол және 2 нәтижелі пас беріп үлгерген. 189 сантиметрлік нигериялық шабуылшы өзінің физикалық күштілігінен басқа доппен элегантты жұмыс жасағаны таңғалдырды, шабуылшыға қажетті ақылға қонымды эгоисттік шешімдері де бірден көзге түсті.
Жылдам Мусса Диабидің орнына келген креативті Йонас Хоффманның келуі команданың ойын суретін өзгерту процессінің басты қозғаушысы деуге болады. Хоффман болжамдалғандай бірден ойынға сіңіп кетті, 1 гол және 2 ассист жанама түрде келтіргеннің жанама дәлелдемесі.
Гранит Джака орталық аймақтың айқын көшбасшысына айналды. Ол барлық ойындарда 91% дәлдікпен 278 пас берген, бұдан көп пасты тек Киммих қана жасаған. Гранит терең орналасқан плеймейкер қасиеттерін және алдыңғы маусымдық «Арсенал» стиліндегі шабуылға қосылу дағдысын толыққанды қолданып жатыр.
Екіншіден, команда көзге жағымды шабуылдайтын әрі нәтиже беретін ойын көрсетіп жатыр.
Команданың негізгі 3-4-2-1 жүйесі ойыншылар қасиеттерімен жақсы үйлеседі. Шабуылда Виктор Бонифас болса, оның астында қапталға жақын екі 10-дық Флориан Виртц (сол жақтан) және Хоффман (оң жақтан) өнер көрсетеді. Орталық аймақты Джака мен Паласиос өз бақылауларына алған. Вингбэктер рөлдерін Гримальдомен Фримпонг орындайды. Қорғаныста сол жақтан оң жаққа қарай Тапсоба, Та және Коссуну ойнайды.
Команда доппен орташа 58% уақыт қана иелік еткенімен, сол уақыт ішінде допты өте динамикалық түрде үшбұрыштық комбинациялар арқылы алаң бойында жүргізіп, көп гол соғуға талпынады.
Оң қапталда ойыншылардың жиналуы орын алса, сол қаптал тепе-теңдікті сақтау үшін сәл байсалдырақ ойнайды. Коссуну оң жақтағы орталық қорғаушы және Фримпонг өте жоғары көтеріліп, комбинациялар құрады. Кейде оларға тіпті Виртц те қосылады.
Флориан да маусымды өте жақсы бастағанын атап өткен жөн. Қарсыластардың қорғанысы мен жартылай қорғанысында аймақта жиі ашылып, соққыға пас шығару мен жарыстастарын алдау әрекеттерін белсенді түрде жасайды.
Жалпы команда тіреуші аймаққа көп адам санымен жиналып, көп мүмкіндіктер жасайтыны көзге айқын көрінді. Өткен 3 тур ішінде прессинг жасаудың бірнеше нұсқасы болған. Осындай тактикалық трансформация бас бапкердің және менеджмент жасаған трансферлердің арқасы деп ойлаймын.
«Байер» маусым басында қаншалықты мықты көрінгенімен, Бундеслига үшін фаворит «Бавария екенін ұмытпайық. Әзірше Алонсо бастаған жігіттер ойынын тамашалау арқылы ләззат алумен шектелген жөн.
Қазір санаулы минуттарда екі команда арасында ойын басталғалы жатыр, ойынды өткізіп алмаңыздар!

👍4
Чемпиондар лигасы
Бүгін түнде еуропалық футболдың басты жарысының тұсауы кесіледі. Осы маңызды сәтке орай, жаңа маусымдық сапардағы басты интригаларға назар салайық.
«Манчестер Сити» «Реал Мадрид» клубының жетістігін қайталай ала ма?
Басты еуропалық жарыс 1992 жылдан бастап Чемпиондар лигасы атауы алғаннан бері тек «Мадридтіктер» өз жеңісін қорғай алған және біріншілікті 3 рет қатарынан жеңген.
Пеп Англия жерінде сәтті жүзеге асырып жатқан доминациясын еуропалық деңгейге дейін көтере ме?
Ұлы аңыздардың орнын кім басады?
2023/24 біріншілігінен бастап Роналду және Месси футболдың ең басты жарысында ойнамайтынына көзіміз үйрене бастауы қажет.
Жарыс тарихындағы басты сұрмергендері Криштиану және (140 гол) Мессиге (129 гол) үшінші орындағы Левандовски (91 гол) ғана жақындай алады.
Алайда осы маусымнан бастап ұлы аңыздарды ұмытуға 59 ойында 40 гол соққан Мбаппе және 30 ойында 35 гол еншілеген Холланд көмектесулері қажет.
Фрешмендер немесе балмұздақтар қандай ойын көрсетеді?
Тек 2018/19 маусымда Бундеслигаға шыққан «Унион Берлин» Германияның астанасында футбол мейрамын ұйымдастырғалы жатыр.
«Унион» өзінің олдскулдық ойынымен топтарындағы әр ұжымға қиындық туғызатыны анық. Ал олардың топтары «Реал Мадрид», «Наполи» және «Брага» сынды өз елінің басты клубтарынан тұратынын атап өту қажет.
Бұдан басқа бельгиялық «Роял Антверп» клубын ұмытпайық. Бельгиялықтар соңғы рет басты еуропалық турнирде 66 жыл бұрын 1957/58 маусымында қатысқан.

👍2
Чемпиондар лигасындағы ең ұзақ жеңіліссіз сериялар
Тағдыр «Манчестер Юнайтедке» өз рекордын «Бавариямен» жеке текетіресте сақтап қалуға мүмкіндік беріп жатыр. Егер бүгінгі бастамалары жеңіспен аяқталмаса, соңғы турда тағы бір мүмкіндіктері болады.
Клубтар бір-бірімен 11 рет кездескен. «Юнайтед» 1 рет жеңген, ал «Бавария» ағылшындықтарды 6 матчта жыққан. 5 рет ойын тең нәтижемен аяқталған.
Маусымды сәтсіз бастаған қызыл сойқандар неміс машинасының жеңіліссіз сериясын тоқтата ма?

«Челси» әйтеуір жеңді...
Тіпті «Челси» жеңіс жолына оралып үлгерді, маған да белсенділікті күшейту керек сияқты. Бірақ әзіл әзілімен, статистикаға үңілсек, лондондықтар 4-ші орынға лайықты ойын көрсетіп жатыр.
Болжамды ұпайлар кестесі «Челсидің» ойыны шамамен 13 ұпайға лайықты екенін көрсетеді. Нағыз кестедемен салыстырғандағы 5 ұпайлық айырмашылық, тек «Эвертонның» 8 ұпайға жақын айырмасынан кейінгі ең жоғары көрсеткіш.
Қорғаныс жағынан «Челси» үшін алаңдауға нақты себеп жоқ. Олар тек 7,98 болжамды голға жол берген, бұл лигадағы соңынан алғанда 4-ші орын, қақпашылар 2 голдан құтқарғандарын айта кету жөн.
Ал алаңның шабуыл шебіне келетін болсақ, бұл жерде мүмкіндіктерді голға айналдыра алмаулық деген үдеріс орын алып жатыр. The xG Philosophy твиттер аккаутының келтірген мәліметі: «Челси» – барлық жарыстардағы ойындарын xG көрсеткіші бойынша жеңген АПЛ-дағы жалғыз команда.
Олар болжамды 13,82 голға лайықты мүмкіндіктерді тек 7 голға айналдырған. Көбінесе топ клубтар ойыншылары өздерінің сапалы ойынына байланысты болжамды голдардан көбірек гол соғады. Егер команданың ойыншылары өз мүмкіндіктерін Премьер Лиганың орташа ойыншысы ретінде жүзеге асырса, «Челси» Чемпиондар Лигасына жолдама беретін орында болар еді.
Жеке Николас Джексон жайлы айтып өту қажет. Ол 3,79 болжамды голдан 1 ғана гол жасай алды. Жалпы шабуылшы үшін мүмкіндіктерге иелену – жақсы белгі, енді тек психологиялық не өзге мәселелерді шешіп, мүмкіндіктерді голға айналдыру ғана қалды. Нуньез кейсін ұмытпайық.
Бірақ Джексон жағдайында орнына Гакпо не Жота сияқты шығатын адам жоқ. Нкункуды күтеміз бе? Немесе жанжалдасып қалған Осимхенді алған дұрыс па? Не болса да Почеттиноға сәттілік, Боулиға шыдамдылық.

👍5🔥2
Ирландия азаматы «Реалды» арқалап келе жатыр
Беллингем өткізген 9 ойынында 8 гол соғып және 3 нәтижелі пас беріп үлгерді. Алайда бүгін қозғалатын тақырып алаңдағы шеберлік жайында емес, сол шеберлікті көрсетуге рұқсат беретін, реттейтін ережелерге байланысты болады.
Ла Лигада әр клубқа Еуропалық Одақ азаматы емес 5 ойыншыны тіркеуге рұқсат етіледі, бірақ матч құрамына бұндай тек 3 ойыншыны ғана қосуға құқылы. «ЕО азаматы емес ойыншы» термині азаматтығы Еуропалық Одақтан тыс елге жататын футболшыларға таралады.
Аталған реттеу Brexit-ке байланысты Ұлыбритания ойыншыларына қатысты, сәйкесінше, Джуд ағылшындық азаматтығымен Ла Лигада легионер болып саналады. Легионерлік орынды босату мақсатында Беллингем әкесі жағынан ата-апасының ирландиялық азаматтығын алған.
Ирландия ЕО-ның мүшесі болғандықтан, Беллингемге Ла Лиганың легионерлік шектеулері таралмайды. Гарет Бейл және Киран Триппьер мадридтік клубтармен келісімшарт жасасқан сәтте Ұлыбритания Одақтан шығуды толықтай аяқтамағандықтан олар легионер саналмағанын атап өткен жөн.
Қызықты факт: Еуропалық одаққа кірмейтін, бірақ ЕО-мен қауымдастық туралы бөлек келісімдері бар мемлекеттің ойыншылары Ла Лигада легионерлер деп саналмайды. Атап айтқанда, Котону келісіміне кіретін елдердің футболшыларына легионерлік шектеу таралмайды.
Котону келісімі – ЕО мен Африка, Кариб теңізі және Тынық мұхит мемлекеттерінің тобы арасындағы келісім. Осылайша, Альфонсо Дэвис Ла Лигаға көшсе, Либерия азаматтығы бар болғанына байланысты легионер ретінде есептелмейді.
Родриго, Винисиус және Милитао испан азаматтығын алып, барлық легионерлік орындарды босатты. Джуд клубына алаңда ғана емес, алаң сыртында көмектескені арқасында артық легионерлік орынды басып отырған жоқ. Тіпті командаға Эндрик қосылғанның өзінде «Реалда» 2 ЕО азаматы емес ойыншыны алуға мүмкіндігі болады.

👍4❤2
Сұрмерген Мактоминей
«Брентфордқа» қарсы шотландиялық 93 және 97 минутта гол соғып, «МЮ» еншісіне көптен күткен 3 ұпай сыйлады.
Осылайша, Скотт «Юнайтедтің» ең кеш ұйымдастырылған камбэктің басты себепкеріне айналды. Манчестерлік жартылай қорғаушы Шотландия ұлттық құрамасы сапында 6 гол еншілеп, Еуроға іріктеуінің үздік сұрмергендер қатарында.
Мактоминей өзінің гол соғу жиілігі жайында былай деген: «Бапкер (Стив Кларк) маған гол соғу үшін айып алаңға кіріп қосылуға үлкен еркіндік береді, осыны қолдану арқылы командаға көмектесуге тырысамын. Ол маған үлкен сенім білдіретіні анық, мен барлығы ойдағыдай болғанын қалаймын».
Скотти соққы жасау шеберлігі Оле-Гуннар Сульшер бапкерлік кезеңінде ерекше көзге түсе бастады. Норвегиялық маман қол астында айып алаңның ішінде емес, керісінше, сыртынан бірнеше жойқын соққы көмегімен допты қақпа ішіне бағыттаған. Ал Мактоминейдің қазіргі алаңның ішінде табылып жатқан голдарға таңғалудың қажеті жоқ.
«Юнайтед» академиясында Мактоминей өзінің мансабын шабуылшы ретінде бастаған. Футболшы өзінің алғашқы позициясындағы негіздерді ұмытпағаны арқасында сұрмергендік жетістектерге жетіп жатыр. Уақыт өте келе 10-дық позициясына ауысқан, тіпті U16 құрамында Маркус Рэшфорд екеуі осы позицияға бәсекелес болған. Ал жастар командасында box-to-box болып ойын көрсеткен.
Академия түлегі клубтан кетуге жақын болғаны туралы да айта кеткен жөн. Скотт 18 жасқа толғанда оның бойы небәрі 168 см болған. Келесі 18 ай ішінде оның бойы 193 см-ге жетеді, кенеттен өсіп кету аясында Мактоминей денсаулығына байланысты бірқатар қиыншылықтардан өтті.
Мактоминей сынды аса дарынды емес, бірақ қиыншылықтарға төзімді, ойынға құмар және әрқашан соңына дейін ойнайтын футболшылар – еңбекқорлық әрқашан өз жемісін береді дегеннің керемет үлгісі.

🔥4
Қызықты статистика – АПЛ
Клубтық футбол әзірше үзілісте, яғни осы уақытқа дейін жиналып қалған қызықты статистикамен бөлісу үшін тамаша сәт туындап отыр.
• «Бернли», «Эвертон», «Лутон» және «Шеффилд Юнайтед» осы маусымда чемпионаттың бастапқы 3 матчында жеңіліп қалды, жарыс тарихында бұндай "жетістікті" 4 клуб алғашқы рет бағындырған.
• Рой Ходжсон Премьер Лига аясында «Олд Траффорд» алаңында қатарынан 5 жеңіліссіз ойын өткізген бірінші бапкер атанды.
• Эрлинг Холанд жарыс тарихында 50 гол + ассист көрсеткішіне ең жылдам жеткен ойыншы (39 матч).
• «Шеффилд Юнайтед» командасын 8-0 есеппен жеңген ойынында «Ньюкасл» 1 матчта 8 түрлі ойыншы гол соққан алғашқы команда болды.
• «Ливерпуль» 7 ойында 4 қызыл қағаз алып үлгерген алғашқы команда.
• Деян Кулусевскидің 99:53-те «Шеффилд» қақпасына соққан голы чемпионат тарихындағы ең кеш ұйымдастырылған камбэк және жеңіс голы болды.

❤🔥4
Қызықты статистика – Ла Лига x Бундеслига
• Ламин Ямал Ла Лига матчында негізгі құрамда алаңға шыққан ең жас ойыншы атағына иеленді (16 жас, 38 күн).
• Джуд Беллингем «Реал Мадрид» үшін чемпионат ойындарында 8 гол соғып үлгерген, 21-ші ғасырда алғашқы 8 ойын ішінде бұндай жетістік ешкімге бағынбаған.
• Ла Лиганың 2023/24 маусымының ойындары 5 үздік еуропалық лига арасында ең ұзақ болғанымен доптың ойында болу көрсеткіші ең төмен.
➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖
• Серху Гирасси еуропалық лигалардың үлкен бестігінің 95 командасының кем дегенде 63 командасымен бірдей гол соққан (13 гол).
• Бундеслига тарихында алғаш рет 3 команда бірінші 7 ойында 22+ гол ұйымдастырған.
• «Майнц» ойыншысы Людовик Ажорк Бундеслига тарихында 1 матчта 2 пенальти соқпаған алғашқы ойыншы болды.

👍5
«Аякспен» не болып жатыр?
6 ойында тек 5 ұпай көрсеткішіне жету – клуб тарихындағы жаңа антирекорд, оның алдында 6 ойында ең аз дегенде 7 ұпай жиналған.
Аталған көрсеткіш статистикамен қаншалықты дәлелденеді? «Аякс» 6,2 ғана болжамды ұпай жинай алған, мәселен, соңғы орындағы «Утрехтте» 6,5 болжамды ұпай, ал 17-ші орындағы «Волендам» 7,7 болжамды ұпай иеленген. Басқаша айтқанда, «Аякстың» сұмдық нәтижелері сұмдық ойыннан әділетті туындап отыр.
Алаңдағы мәселелер клуб менеджментінің сапасыз жұмысынан. Басшылық жетістіктерге жеткізіп жүрген бапкерге сапалы ауысым таба алмады. Ішкі жанжалдармен Овермарс қуылды, одан кейін денсаулыққа байланысты Ван дер Сар да кетті. Жақында ғана спорт директоры лауазымына келген Мислинтат та өз орнын босатты.
Тұрақсыздықты сезген ойыншылар да клубтан топтап кете бастады. Қазір команданың негізгі құрамға шығатын орташа жасы Эредивизиидегі ең кішісі – 22 жас 198 күн.
Келтірілгендерге қарамастан, Оптаның алгоритмдері «Аякс» ұзақ мерзімде 5 орынға көтеріледі деген позитивті болжам беріп жатыр. Алдыңғы маусымдағы 3-ші орын – 2008/09 маусымынан бастап лигадағы ең төменгі позициясы болса, қазіргі жағдайда 5-ші орын жаман емес нәтиже болып көрінеді.
Футболдағы нәтижелер алаңдағы жеңістер арқасында табылады, бірақ жүйелі және ойластырылған алаң сыртындағы жұмыссыз көзді ашып жұмғанша жоғалуы мүмкін.

✍5😢1
Неге ағылшын клубтарының көбі «Юнайтед» деп аталады?
Бүгін Ағылшын Премьер Лигасының 9-туры аясында «Юнайтед» жалғауы бар ең танымал клуб – «Манчестер Юнайтед» және осы жалғаумен алғашқы құрылған – «Шеффилд Юнайтед» кездеседі, осыған орай «Юнайтед» сөзі клуб атауларында қандай мағына білдіреді деген сұраққа жауап беремін.
Біріншіден, «Юнайтед» клуб атауында 2 команданың қосылуын білдіретін белгі ретінде қолданылуы мүмкін. Чемпиондар лигасында өнер көрсетіп жүрген «Ньюкасл Юнайтед» қарсылас «Ньюкасл Ист Энд» және «Ньюкасл Уэст Энд» клубтарының бірігуінен пайда болған. Клубтардың бірігуіне «Уэст Эндтің» қаржылық қиындықтары себепкер болды.
Екіншіден, «Юнайтед» сөзінің біріктірілген деген мағынаны білдіргендіктен, белгілі бір аймақтың бірлігін көрсететін нышан түрінде де қолданылады. 1904 жылы құрылған «Лидс Сити» бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде футболшыларға ақша төлегені үшін Футбол Ассоциациясынан қуылған болатын. Ол кезде бұндай әрекеттерге тыйым салынған.
«Лидс Сити» ойыншыларын сату аукционы барысында 16 ойыншыны сатып алу арқылы аймақта жаңа клуб құрылады. Клубтың құрылуына бүкіл қаланың адамдары бірігіп атсалысқаны оның атауында тікелей көрініс тапқан, осылайша, «Лидс Юнайтед» клубы құрылады.
Үшіншіден, «Юнайтед» қосымшасы жаңа бастаманы көрсету мақсатында қолданылған. 1878 жылы темір жол компаниясы «Ньютон Хит» футбол клубын құрады. 1902 жылы клуб өсіп кеткен несиелік қарыздардан аймақтық бизнесмендермен құтқарылып, атауы «Манчестер Юнайтед» деп өзгертіледі.
Бұл жаңа иелердің жетекшілігімен ұйымның жаңа бастамасының кейіпі болды. Бұдан басқа клуб тек қаланы емес, бүкіл Үлкен Манчестер округы атынан өнер көрсететіндіктен «Манчестер Юнайтед» деп аталады деген тұжырымдар да бар

🔥20❤🔥6👍5⚡1🏆1
Трансферлік шолу: қаржылық перспектива
ФИФА жаздық кезеңнің халықаралық трансферлік шолуын жария етті. Шолуда бірқатар жаңа рекордтық көрсеткіштер көзге түседі. Атап айтқанда:
• Маусымнан қыркүйекке дейін трансферлерге 7.36 миллиард АҚШ доллары жұмсалған, бұл трансферлік кезеңдер ішіндегі ең жоғары көрсеткіш.
Алдыңғы жылдың кезеңінде 5 миллиардтай сома жұмсалған, ал 2019 жылғы қойылған рекорд – 5.8 миллиард доллар болған. Әрине, осы жылдың абсолютті рекорд қойылуына Сауд Арабиясы ұйымдастырған жұлдызды жауыны тікелей әсер етті.
• Рекордты 10 мыңнан аса (10125) халықаралық трансфер жүзеге асқан.
Бұрынғы рекорд 2022 жылы 9906 трансфермен қойылған болатын. 10 мың трансфердің жартысынан көбі (56,6%) келісімшарты аяқталған ойыншылардың көшуінен туындаған.
• 696.6 миллион доллар агенттердің қызметтерін төлеуге жұмсалды, бұл да жаңа рекорд.
Барлық соманың 505.2 миллионын сатып алған клубтар төлесе, 191.4 миллионы сатушы клубтар қалтасынан шыққан. Енгізілген жаңа агенттік реттеу бұндайға жол бермейтін сынды.

Нигериялық сұрмергендердің алтын ұрпағы
«Наполи» ұжымының басты жұлдыздарының бірі Осимхен, Бундеслига үшін таласып жатқан «Байердың» үздік шабуылшысы Бонифас, ең күрделі лигада жақсы өнер көрсетіп жатқан Авонийдің барлығы – нигериялықтар.
Бұдан басқа лига 1-дің 8 кездесуінде 5 гол соққан Адамс, «Ницца» үшін 9 ойында 3+2 жасаған Моффи, мансабының 61 матчында 54 гол+ассист жинаған дарын Орбан бар. Таза шабуылшы еместерге келетін болсақ, қапталдағы форвард болып ойнайтын Чуквезе мен Лукманды атап өткен жөн.
Бұндай жағдайдың орын алуын футболшыларды дайындау жүйесіне байланысты деп ойлаймын. Еуропалық ойыншылардың басым көпшілігі академиялардан шығады. Дала алаңында өсіп, табиғи гол соғушы қасиеттері бар ойыншылар аз.
Ал Африка не Латын Америка аймақтарында футбол академиялары еуропалық деңгейге жетпесе де, дала футболы арқасында аймақтан нағыз сұрмергендер шығу легі тоқтамаған.
Осы Африка кубогінде дарынды әрі баланссыз құраммен қандай нәтиже көрсетеді екен? Cоңғы рет жарысты 10 жыл бұрын жеңген.

👍1
Чемпиондар лигасы: тарихи статистика
Жарыстың кезекті турының аяқталуына орай қызықты рекордты көрсеткіштерді еске түсірейік.
Жарыс аясында ең көп гол соққан командалар:
1. «Барселона» 1999/00 – 45 гол (1 ойында 2.81 гол).
Бұл маусымның өткізілу форматы 2 топтық кезеңнен тұрған. «Барса» мүмкін 17 ойынның 16-сында өнер көрсеткені рекордтың орнатылуына әсер еткені айқын.
2. «Бавария» 2019/20 – 41 гол (3.91 гол).
Ковид орын алған маусымда ширек финал мен жартылай финал ойындары 1 ғана ойыннан тұрғандықтан, неміс машинасы турнирдің заманауи нысанында жеке рекорд қою мүмкіндігінен айырылды.
3. «Реал Мадрид» 2013/14 – 41 гол (3.15 гол).
Клуб соққан барлық голдың 17-сін Криштиану Роналду соққан, осы маусымдағы көрсеткіші бір маусымдағы үздік сұрмергендік рекордын орнатқан.
4. «Ливерпуль» 2017/18 – 41 гол (3.15 гол).
«Марибор» және «Спартак» клубтарын 7-0 есебімен жеңу арқылы топтық кезеңнің 2 турында ғана 14 гол соққан. Мане, Фирмино және Салах триосының әр мүшесі 10 гол жинай алған.
5. «Реал Мадрид» 2016/17 – 36 гол (2.77 гол).
«Реал» бұл біріншілікте 36 гол соғып, 18 гол жіберіп алғаны қатарынан 3 олжаның алғашқысын алуға жеткілікті болған.
Топтық кезеңде ең көп гол соққан командалар:
1. «ПСЖ» 2017/18 – 25 гол (1 ойында 4.17 гол).
2. «Бавария» 2019/20 – 24 гол (4 гол).
3. «Ливерпуль» 2017/18 – 23 гол (3.83 гол).
4. «Бавария» 2021/22 – 22 гол (3.67 гол).
5. «Боруссия» 2016/17 – 21 гол (3.5 гол)

❤5