Қайырлы күн, достар! Ақыр соңында, бүгін футбол және футбол құқығы жайлы блогымды бастауды ұйғардым. Өзімді таныстыра кетсем, есімім Султанбейбарс, жасым 22-де.
Соңғы жыл бойы спорт құқығы саласында қызмет көрсететін халықаралық заң компаниясының Қазақстандағы кеңсесінде қызмет атқардым. Қазіргі таңда осы бағыт бойынша магистратураға түсу барысындамын.
Блогты бастаудың басты себептерінің бірі – өзімнің мансаптық және жеке пікірмен бөлісу мұқтаждықтарымды қанағаттандыру. Оған қоса, футбол құқығы алаңында көпшілікке қызықты болатын, шолу жасауға тұрарлық кейстер күннен-күнге көбейіп жатыр.
Алайда арнада футболдың тек сұр, құрғақ фактілерден ғана тұратын заңи тарапы ғана сәулеленбей, ойынның тактикалық нюанстары, ілгерінді статистиканың футболдың қазіргі болмысындағы рөлі туралы да сөз жүргіземіз.
Сіз бұл спортқа деген кішігірім ғана қызығушылығыңыз болса да немесе ойынның құмар жанкүйері болсаңыз да, оқырмандық қажеттіліктеріңіз қанағаттандырылады. Сондықтан менімен жаңа сапарға қосылып, арнаға жазылыңыздар, жақындарыңызбен бөлісіңіздер!

🔥6🆒4❤2
Бірінші пост ретінде футболға ауқымы бойынша ең жоғары ықпал еткен сот шешімі туралы жазуды дұрыс көрдім.
Бір сот шешімі спортқа қаншалықты әсер ете алады? Қандай регламенттік реттеулер өзгеріске ұшырады? Істің орын алуына қандай жағдайлар түрткі болды?
https://telegra.ph/Zamanaui-futboldy-құrғan-sot-sheshіmі-03-29

Telegraph
Заманауи футболды құрған сот шешімі
Мазмұны: Босман ісі және оның алғышарттары Істің мән-жайы мен шешімі Кейінгі әсері Босман ісі және оның алғышарттары Босман кейсі – 1995 жылы Еуропалық соттың футболды біржолата өзгерткен шешімі. Бұл істе сол кездегі футболшылардың трансферлік жүйесі мен…
❤7🔥2
Алғашқы постта топ клубтармен қалғандарының арасындағы өсіп келе жатқан қаржылық теңсіздік жайында сөз қозғалған еді, енді осы жағдайға тікелей әсер ететін реттеудің ерекшеліктеріне назар салайық.
https://telegra.ph/Қarzhylyқ-fejr-plej-retteulerі-top-klubtardyң-pajdasyna-әreket-ete-me-04-11

Қаржылық фейр-плей реттеулері топ клубтардың пайдасына әрекет ете ме?
Мазмұны: Қаржылық фейр-плей дегеніміз не? Кірістер, шығындар және амортизация Топ клубтардың айрықшалығы Қаржылық фейр-плей дегеніміз не? Қаржылық фейр-плей 2009 жылы УЕФА атқару комитетімен Еуропалық футболдың қаржылық тәуекелдермен күресу мақсатында бекітілген…
🤯5👌3🤓1
Жоғары деңгейдегі футболдың анализы соңғы жылдары ілгерінді статистикалық мәліметтермен бірге жүреді, тіпті кейбір футбол клубтары өзінің клубтық жүйесін толықтай статистика мен технологиялар көмегіне табыстаған. Еске бірден «Брайтон», «Брентфорд» секілді командалар түседі.
Жаңа постта футбол қарауды және түсінуді жеңілдететін негізгі тактикалық және статистикалық ұғымдарға түсініктеме бердім.
https://telegra.ph/Negіzgі-statistikalyқ-zhәne-taktikalyқ-terminder-04-13

Негізгі статистикалық және тактикалық терминдер
Статистикалық терминдер: xG (expected goals) – команда не ойыншы матчта қанша гол соғарлық мүмкіндік иеленгенін сипаттайтын көрсеткіш.
👍9👀1
«Челси» УЕФА-ны амортизация ережелерін өзгертуге қалай мәжбүр етті?
2023 жылғы қысқы трансфер кезеңінде «Челси» 330 миллион еуро жұмсаған. Бұл Бундеслига, А сериясы, Ла Лига және Лига 1 клубтарының шығындарын қоса алғандағы сомасынан да көп. Жазғы трансферлік кезеңді ескеретін болсақ, лондондық клубтың трансферлік шығындары жарты миллиард еуродан асқан, алайда клуб УЕФА мен ағылшын Премьер Лигасының қаржылық фейр-плей ережелерін бұзбаған.
«Челси» ҚФП ережелерін сақтаудың негізгі аспектісі – амортизация. Қарапайым тілмен айтқанда, «Челси» айтарлықтай жылдық шығындарды болдырмау үшін транферлік төлем құнын ойыншының жасасқан келісімшарттың бүкіл мерзіміне бөледі дегенді білдіреді. Сол үшін клубтың жаңадан келген ойыншылары ұзақ мерзімді келісімдер жасасқан.
Мәселен, 80 миллион еуроға алынған Михаил Мудрик сегіз жылдық келісімшартқа қол қойды, бұл «Челсиге» украиндық үшін төлеген соманы өз есептік баланстарында осындай ұзақ мерзімге бөлуге мүмкіндік береді, яғни 8-жылдық мерзім ішінде әр маусымда осы трансфер үшін «Зейнеткерлер» шамамен тек 9 миллиондық шығынға ұшырайды. Осылайша, абсолютті құны жоғары болған трансфер амортизациясы 8 жылға созылғандықтан, ұтымды мәмілеге айналады.
Алайда мұндай ұзақ мерзімді келісімшарттарды ұсыну қаупі де бар, жас әрі талантты ойыншылардың барлығы оларға артқан үміттерді бірқатар факторларға байланысты ақтай бермейді. Оларға: жаңа лигада ойыншының жоғары деңгейін көрсете алмауы (адаптация факторы); жарақат алу не алмауы; тіпті жаңадан келген бапкердің ойын стиліне үйлесімділігі де жатады. Ал үмітті ақтамаған ойыншылар ұзақ мерзімді келісімі бар болғандықтан, басқа клубқа ауысқысы келуі екіталай болуы мүмкін.
Тодд Боулидің соңғы екі трансферлік кезеңде ҚФП саңылауын аса белсенді түрде пайдалануы УЕФА-ны амортизацияға қатысты ережені өзгертуге итермеледі. Келесі жазғы трансферлік кезеңнен бастап, трансферлік төлем шығындарын клубтарға максимум 5-жылдық кезеңге бөлуге рұқсат етіледі.

👍11🔥4
Бүгінгі пост жасанды фулбэктердің маңыздылығы, олардың функционалдық жіктелуі және сол рөлдерді ойнау үшін қандай ойын қабілеттеріне ие болу керектігіне арналған.
Гвардиола Джон Стоунсты оң қапталдағы жасанды қорғаушы позициясына ауыстырып, командасының тұрақты ойнау конфигурациясын тапқан сияқты.
Аталған өзгеріс арқылы «Сити» треблге қарай келе жатқан қарқыны мен «Канселу неліктен Зинченконы алмастыра алмады» бейнесі осы мәтінді жазуға итермеледі.
https://telegra.ph/ZHasandy-қaptaldaғy-қorғaushylardy-zhіkteu-04-29

YouTube
The Tactical Role Of Different Inverted Fullbacks & Why Cancelo Couldn't Replace Zinchenko
We are beyond the era of just "Inverted Fullbacks" but what are the different types?
My Analysis software = Once Video Analyzer PRO: https://bit.ly/3TWXYB8
- use "FMS10" for a discount.
Support FMS on Patreon: https://www.patreon.com/footballmadesimple…

👍16
Қаржылық фейр-плей ережелеріне шолу жасаған кезде бұл реттеудің кейбір сәттерде тиісті түрде жүзеге аспайтыны туралы жазғанмын. Осы постта нені меңзегенім туралы жаза кеттім, яғни УЕФА мен «Ман Сити» арасындағы ҚФП бұзылу негізінде орын алған дауды талдауға кірістім.
Оған қоса, мақалада УЕФА ҚФП ережелерінің бұзылуы жайлы кейстерін басынан бастап соңына дейін қалайша жүзеге асатыны туралы да мәлімет бар.
https://telegra.ph/UEFA-vs-Manchester-Siti-1-04-20#УЕФА-vs-Манчестер-Сити

УЕФА vs. Манчестер Сити (1)
Мазмұны: Істі қозғау механизмі Юрисдикция УЕФА vs Манчестер Сити Істі қозғау механизмі Қаржылық фейр-плей реттеулеріне сәйкес «УЕФА» жарыстарына қатысатын клубтар өз мүмкіндіктерінен (табыстарынан) асатын қаржылық операциялар жасамауы және кешіктірілген төлемдері…
❤11❤🔥2👍2🔥1
Эмилиано Мартинес өзінің әріптестерінің өмірін қалай қиындатты?
Қақпашылар ережелерге енгізілетін өзгерістерге байланысты пенальти соққыларын тоқтату кезінде жаңа күрделіліктермен кездесетін болады. Бұндай өзгерістерді енгізу қажеттілігі Эми Мартинес Катардағы әлем чемпионаты кезіндегі ерсі қылықтарынан кейін туындаған деп есептеледі.
Аргентиналықтың пенальтиді сәтті тоқтату икемінің бір бөлігі оның қарсыластарына психологиялық қысым көрсетумен байланысты. Бұл әлем чемпионатының финалында Орельен Тчуамени мен Кингсли Коман соққыларында айқын көрініс тапты, Копа Америка жарысының жанкүйерлері Эмилианоның мұндай шеберлігі бар екенін бұрыннан білетін. Алайда, мұның бәрі Халықаралық футбол қауымдастығының кеңесі (IFAB) осы жылдың соңында күшіне енетін жаңа ережелерді қабылдағаннан кейін өзгеруі керек.
IFAB ойынның ережелеріне (Laws of the Game) қатысты шешім қабылдайтын әмбебап орган болып табылады. Оның міндеттері ФИФА бақылайтын және ФИФА, Конфедерациялар және ұлттық футбол ассоциациялар ұйымдастыратын футбол қауымдастығы шеңберінде қолданылатын ойынның ережелерін сақтау, құрастыру және өзгерту болып табылады. Басқаша айтқанда, бүкіл әлемде ережелердің біркелкі қолданылуын сондай-ақ футболдың дәйекті тәжірибесін қамтамасыз етілуін бақылайды.
Жаңа ережелерге сәйкес, қақпашыға енді ойынға қатысты құрметсіздік көрсетуге, яғни қарсыласын алаңдатуға тыйым салынады. Қақпашы өз қақпасының сызығында қалып, пенальти тағайындалғанға дейін торға, қақпа бағанасына немесе маңдайшасына тиіспеуі керек. Егер қақпашы соққыны қайтарып алса, оған қуану барысында құрметтемеушілік белгілері мен әрекеттеріне тыйым салынады.
Мартинес жаңа ережелерге қатысты ойын айтып үлгерді: «Мен Америка кубогы мен әлем чемпионатында тоқтатқан пенальтилер команданың жеңуіне үлесін қосты. Маған осы да жеткілікті. Біз әрқашан ережелердегі өзгерістерге және ФИФА не қалайтынына бейімделуіміз керек, сондықтан ешқандай мәселе туындамайды. Біз бейімделеміз».
Жалпы пенальти командалар үшін, әсіресе, қақпашы үшін қатаң жазалау. Бұндай соққылардың әдетте 80% голға айналады, ал статистика провайдерлері әдетте пенальти белгіленген кезде оны 1 xG-ге бағалап, ойындағы жасалған мүмкіндіктерден бөлек келтіреді. Оған қоса, пенальти ережелері қазірдің өзінде әділетсіз болып табылады.
Қазіргі уақытта қақпашыдан пенальти тағайындалмас бұрын оның бір аяғын сызықта ұстау талап етіледі. Егер қақпашы аяғының бірін сызықтан алыстатып, пенальтиді қайтарып алса, пенальти әдетте қайта тағайындалады. Мүмкін өзгерістердің орын алуына өткен әлем чемпионатындағы аномалия да әсер еткен шығар. Матчтан кейінгі пенальти серияларын ескерсек, соққылардың тек 58%-ы ғана жүзеге асты, қалған 42% - қақпашылардың сейвтері, қақпа бағаналары және қақпадан қиыс кеткен соққылар.
Бүгінгі күнгі қақпашылардың пенальти кезіндегі ойыны дамығаны анық, пенальти соққыларына байланысты көптеген ғылыми зерттеулер, аналитиканың дамуы және пенальти орындаушылардың барлық соққыларын көру және талдау мүмкіндігі қақпашыларға үлкен көмек береді. Алайда көп пенальтидің соғылмауы – негативті үдеріс пе?
Жаңа ережелер күшіне 1-шілде енеді.

⚡11🔥1😨1
Спорттық төрелік сотындағы (CAS) УЕФА мен «Сити» арасыдағы текетірес жайлы сөз жүргізу алдында, Cпорттық төрелік сот қандай ұйым екенін, функцияларын және неліктен футболға қатысты істерді қарастыра алатыны туралы сөз қозғаған дұрыс болар.
https://telegra.ph/CAS---Sporttyқ-tөrelіk-sot-04-24#Спорттық-төрелік-сот-тарихы
https://telegra.ph/CAS---Sporttyқ-tөrelіk-sot-04-24#Спорттық-төрелік-сот-тарихы
Telegraph
CAS - Спорттық төрелік сот
Мазмұны: Спорттық төрелік сот тарихы CAS Кодексі CAS және футбол кейстері Спорттық төрелік сот тарихы 1980 жылдардың басында Халықаралық олимпиадалық комитет мүшелерінде спортпен тікелей және жанама түрде байланысты дауларды қарастыратын төрелік юрисдикция…
🤨1
Better call Sula
Эмилиано Мартинес өзінің әріптестерінің өмірін қалай қиындатты? Қақпашылар ережелерге енгізілетін өзгерістерге байланысты пенальти соққыларын тоқтату кезінде жаңа күрделіліктермен кездесетін болады. Бұндай өзгерістерді енгізу қажеттілігі Эми Мартинес Катардағы…
Алдыңғы постқа кішігірім қосымша ретінде 2014 жылғы әлем чемпионатына орай шыққан «Мінсіз пенальтиді қалай орындау керек» атты зерттеуін тамашаласаңыздар болады.
https://www.youtube.com/watch?v=Bbxb9wyH_lw&list=PLQHF3AuyWhgtfpkWgD629mYHAytg5TXgl&index=4&t=84s

How to Take the Perfect Penalty: Dr Ken Bray (University of Bath)
Research video in which Senior Visiting Fellow at the University of Bath and author of the book 'How to Score: Science & the Beautiful Game', Dr Ken Bray explores the science and stats behind the penalty shoot-out and offers key tips for teams competing in…
🔥3