Қостанай облысы білім басқармасы
1.13K subscribers
15.8K photos
3.33K videos
12 files
4.8K links
Download Telegram
⚜️ Мұғалім мәртебесі - ел мерейі: Қазақстан педагогтердің еңбек жағдайы бойынша әлемдік көшбасшылар қатарында

🧑‍🏫
Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында халықаралық TALIS-2024 зерттеуінің қорытындылары жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары арқасында Қазақстан мұғалімдердің жалақыға қанағаттану деңгейі бойынша әлемдегі үздік бес елдің қатарына енді. 2018 жылы бұл көрсеткіш небәрі 39% болса, 2024 жылы 71%-ға жетті.

➡️ Толығырақ gov.kz сайтында


⚜️ Статус учителя - престиж страны: Казахстан вошел в число мировых лидеров по условиям труда педагогов

👩‍🏫
На расширенном заседании коллегии Министерства просвещения РК были представлены итоги международного исследования TALIS-2024. Благодаря реформам Главы государства Касым-Жомарта Токаева Казахстан вошел в пятерку стран мира по уровню удовлетворенности учителей заработной платой. Если в 2018 году этот показатель составлял всего 39%, то в 2024 году достиг 71%.

➡️ Подробнее на gov.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📚 Білім және бала құқығы: алқа отырысының негізгі қорытындылары

🏛 Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жүзеге асып жатқан білім беру реформалары мен бала құқықтарын қорғау шаралары талқыланды.

«Қазақстан балалары» 2026–2030 жылдарға арналған бірыңғай тұжырымдамасы қауіпсіздік, инклюзивті білім және психологиялық қолдау бағыттарын біріктіріп, балалардың құқықтарын жүйелі қорғауға негіз қалайды.

🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿

📚 Образование и права ребенка: основные итоги заседания коллегии

🏛 На расширенном заседании коллегии Министерства просвещения были рассмотрены реформы в сфере образования и меры по защите прав ребенка, реализуемые при поддержке Главы государства Касым-Жомарта Токаева.

Единая концепция «Дети Казахстана» на 2026–2030 годы объединяет направления обеспечения безопасности, развития инклюзивного образования и психологической поддержки, формируя системную основу защиты прав детей.
⚖️ «Адал азамат» - заманауи тәрбие мен сапалы білімнің негізі

📑 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы қарқынды іске асырылуда. Бұл бастама жас ұрпақтың санасына отаншылдық, бірлік, әділдік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық және жасампаздық сияқты іргелі құндылықтарды сіңіруді көздейді.

➡️ Толығырақ gov.kz сайтында


⚖️ «Адал азамат» - основа современного воспитания и качественного образования

📑 В соответствии с поручением Главы государства Касым-Жомарта Токаева во всех организациях образования страны активно реализуется единая программа воспитания «Адал азамат». Инициатива направлена на формирование у подрастающего поколения таких базовых ценностей, как патриотизм, единство, справедливость, закон и порядок, трудолюбие и созидательность.

➡️ Подробнее на gov.kz
💻 Білім берудің цифрлық трансформациясы

🤖 Мемлекет басшысы 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялап, Қазақстанның білім беру жүйесін инновациялық және икемді модельге көшіру міндетін қойды.

🌏 Бұл стратегиялық қадам цифрлық экономика жағдайында бәсекеге қабілетті, жаһандық цифрлық кеңістіктің мүмкіндіктерін тиімді пайдалана алатын жаңа ұрпақты қалыптастыруға бағытталған.

➡️ Толығырақ gov.kz сайтында


💻 Цифровая трансформация образования

🤖 Глава государства объявил 2026 год Годом цифровизации и искусственного интеллекта, поставив задачу перехода системы образования Казахстана к инновационной и гибкой модели.

🌏 Этот стратегический шаг направлен на формирование поколения, способного эффективно использовать возможности глобального цифрового пространства и быть конкурентоспособным в условиях цифровой экономики.


➡️ Подробнее на gov.kz
🏭 Қазақстан техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін халықаралық стандарттар негізінде жаңғыртуда

⚙️ Бүгінгі таңда техникалық және кәсіптік білім беру жоғары технологиялық экономиканы дамытудың шешуші құралына айналды.

🤖 Жаһандық трендтерге сәйкес, оқыту үдерісіне автоматтандыру, роботтандыру және жасанды интеллект сияқты цифрлық дағдылар терең интеграциялануда.

➡️ Толығырақ gov.kz сайтында


🏭 Казахстан модернизирует систему технического и профессионального образования на основе международных стандартов

⚙️ Сегодня техническое и профессиональное образование становится ключевым инструментом развития высокотехнологичной экономики.

🌏 В соответствии с глобальными трендами в образовательный процесс глубоко интегрируются цифровые навыки, включая автоматизацию, роботизацию и ИИ.

➡️ Подробнее на gov.kz
Қостанай облысы колледждері директорлар кеңесі

2026 жылғы 26 ақпанда Қостанай Гуманитарлық колледжінің базасында Қостанай облысы колледждері директорлары кеңесінің отырысы өтті.

Отырысты Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасы басшысының орынбасары Бегатаров А.К. ашып,білім алушылардың сапалы тәрбиесі мен жан-жақты дамуы үшін күш біріктірудің маңыздылығын атап өтті. Колледж директоры Айтмагамбетов Е.Ж. алғы сөзінде тәжірибе алмасу мен тиімді тәжірибелерді енгізу тәрбие жұмысының сапасын арттыруға ықпал ететінін жеткізді.

Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Мухамедова С.М. өз баяндамасында колледжде «Адал азамат» бағдарламасын енгізу және жүзеге асырудың практикалық тәжірибесі туралы жан-жақты айтып, оны іске асырудың негізгі кезеңдерін, қол жеткізілген нәтижелерді, сондай-ақ бағдарламаның білім алушылар бойында адалдық, жауапкершілік және азаматтық белсенділік құндылықтарын қалыптастыруға әсерін атап өтті.

Бағдарламаның практикалық бөлімі «Ұлттық тәрбие – сапалы білімнің негізі» атты тақырыптық алаң жұмысы аясында жалғасты. Онда колледж білім алушылары «Бақытсыз Жамал» романы бойынша сахналық қойылым ұсынып, өздерінің ой ұшқырлығы мен сахналық мәдениетін көрсетті. «Заң және тәртіп» алаңы «Закладка» тақырыбында сот процесі форматында ұйымдастырылып, құқыққа қарсы әрекеттердің салдары мен азаматтық жауапкершіліктің маңызын айқын көрсетті. Өзіндік рефлексияны, жеке жоспарлауды және өзіне деген сенімділікті дамыту мақсатында Сулейменова М.Е. мен Чиржова О.В. «Өмірлік тепе-теңдік дөңгелегі» және «Өзіңе сенімділік: идеядан әрекетке дейін» тренингтерін өткізді.

Отырыс Қазақстан колледждерінің спартакиадасының облыстық кезеңінің қорытындысын шығарумен аяқталды. Өңірлік дене шынықтыру орталығының директоры Бимурзин К.У. қатысушылардың дайындық деңгейінің жоғары екенін атап өтіп, білім беру ұйымдарының жастар спортын дамытуға қосқан үлесін ерекше айтып, жеңімпаздарды марапаттады.

Күн мазмұнды әрі нәтижелі өтіп, Қостанай облысы колледждерінің сапалы білім мен білім алушылардың жан-жақты дамуына деген ұмтылысын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Совет директоров колледжей Костанайской области


26 февраля 2026 года на базе Костанайского Гуманитарного колледжа состоялось заседание Совета директоров колледжей Костанайской области.

Заседание открыл заместитель руководителя Управления образования акимата Костанайской области Бегатаров А.К., подчеркнув важность объединения усилий для качественного воспитания и всестороннего развития студентов. Директор колледжа Айтмагамбетов Е.Ж. в приветственном слове отметил, что обмен опытом и внедрение эффективных практик способствуют повышению качества воспитательной работы.

Заместитель директора по учебно-воспитательной работе Мухамедова С.М. в своем выступлении подробно рассказала о практическом опыте внедрения и реализации программы «Адал азамат» в колледже, отметив ключевые этапы её внедрения, достигнутые результаты, а также влияние программы на формирование у студентов ценностей честности, ответственности и гражданской активности.

Практическая часть программы включала работу тематической площадки «Ұлттық тәрбие – сапалы білімнің негізі», где обучающиеся колледжа показали креативность и сценическую культуру, представив инсценировку по роману «Бақытсыз Жамал». Площадка «Закон и порядок» в формате судебного процесса на тему «Закладка» наглядно продемонстрировала последствия противоправных действий и важность гражданской ответственности. Для развития саморефлексии, личного планирования и уверенности в себе Сулейменовой М.Е. и Чиржовой О.В. проведены тренинги «Колесо жизненного баланса» и «Уверенность в себе: от идеи к действию».

Заседание завершилось подведением итогов областного этапа Казахстанской спартакиады колледжей. Директор Регионального центра физической культуры Бимурзин К.У. отметил высокий уровень подготовки участников, вклад образовательных организаций в развитие молодежного спорта и вручил награды победителям.

День прошёл насыщенно и продуктивно, подтвердив стремление колледжей Костанайской области к качественному образованию и всестороннему развитию студентов.
2026 жылғы 26 ақпанда Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары колледжінде экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Кенжегүл Әлмағамбетқызы Китебаеваны еске алуға орай республиканың әр өңірінен келген қатысушылардың қатысуымен «IT бухгалтер» атты облыстық конкурсы өтті.
конкурсқа Қазақстанның 8 өңірінен «Есеп және аудит» мамандығы бойынша 25 колледж командасы қатысты.

Қатысушылар практика кезеңінде — 1С:Кәсіпорын бағдарламасында жұмыс істеу арқылы кәсіби дағдыларын көрсетіп, бухгалтерлік есеп саласындағы заманауи IT-технологияларды меңгеру деңгейінің жоғары екенін дәлелдеді.

🏆 Конкурс қорытындысы:
Гран-при — Рудный политехникалық колледжі
🥇 I орын — Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжі
🥈 II орын — Жітіқара политехникалық колледжі және «Қайнар» жоғары колледжі
🥉 III орын — Денисов кәсіптік-техникалық колледжі және Өскемен экономика және техника колледжі.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыға жоғары деңгей көрсеткені мен кәсіби өсуге деген ұмтылысы үшін алғыс білдіреміз! 👏