Қостанай облысы білім басқармасы
1.13K subscribers
15.8K photos
3.33K videos
12 files
4.8K links
Download Telegram
🧑‍🏫 Сапалы білім - тең мүмкіндік: Оқу-ағарту министрлігі алқа отырысында 2025 жылдың қорытындысын жариялады

🏫 Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында еліміздің білім беру саласын дамытудың іргелі стратегиялық басымдықтары мен 2025 жылдың жетістіктері сараланды. Осы мақсатта инфрақұрылымды түбегейлі жаңғырту және оқыту стандарттарын жаңа деңгейге көтеру бағытындағы жүйелі реформалар іске асырылуда.

➡️ Толығырақ gov.kz сайтында


🧑‍🏫 Качественное образование - равные возможности: Министерство просвещения подвело итоги 2025 года на заседании коллегии

🏫
На расширенном заседании коллегии Министерства просвещения РК были проанализированы ключевые стратегические приоритеты развития сферы образования страны и достижения 2025 года. В этом направлении реализуются системные реформы, нацеленные на кардинальную модернизацию инфраструктуры и вывод образовательных стандартов на новый уровень.

➡️ Подробнее на gov.kz
⚜️ Мұғалім мәртебесі - ел мерейі: Қазақстан педагогтердің еңбек жағдайы бойынша әлемдік көшбасшылар қатарында

🧑‍🏫
Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында халықаралық TALIS-2024 зерттеуінің қорытындылары жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары арқасында Қазақстан мұғалімдердің жалақыға қанағаттану деңгейі бойынша әлемдегі үздік бес елдің қатарына енді. 2018 жылы бұл көрсеткіш небәрі 39% болса, 2024 жылы 71%-ға жетті.

➡️ Толығырақ gov.kz сайтында


⚜️ Статус учителя - престиж страны: Казахстан вошел в число мировых лидеров по условиям труда педагогов

👩‍🏫
На расширенном заседании коллегии Министерства просвещения РК были представлены итоги международного исследования TALIS-2024. Благодаря реформам Главы государства Касым-Жомарта Токаева Казахстан вошел в пятерку стран мира по уровню удовлетворенности учителей заработной платой. Если в 2018 году этот показатель составлял всего 39%, то в 2024 году достиг 71%.

➡️ Подробнее на gov.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📚 Білім және бала құқығы: алқа отырысының негізгі қорытындылары

🏛 Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жүзеге асып жатқан білім беру реформалары мен бала құқықтарын қорғау шаралары талқыланды.

«Қазақстан балалары» 2026–2030 жылдарға арналған бірыңғай тұжырымдамасы қауіпсіздік, инклюзивті білім және психологиялық қолдау бағыттарын біріктіріп, балалардың құқықтарын жүйелі қорғауға негіз қалайды.

🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿

📚 Образование и права ребенка: основные итоги заседания коллегии

🏛 На расширенном заседании коллегии Министерства просвещения были рассмотрены реформы в сфере образования и меры по защите прав ребенка, реализуемые при поддержке Главы государства Касым-Жомарта Токаева.

Единая концепция «Дети Казахстана» на 2026–2030 годы объединяет направления обеспечения безопасности, развития инклюзивного образования и психологической поддержки, формируя системную основу защиты прав детей.
⚖️ «Адал азамат» - заманауи тәрбие мен сапалы білімнің негізі

📑 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы қарқынды іске асырылуда. Бұл бастама жас ұрпақтың санасына отаншылдық, бірлік, әділдік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық және жасампаздық сияқты іргелі құндылықтарды сіңіруді көздейді.

➡️ Толығырақ gov.kz сайтында


⚖️ «Адал азамат» - основа современного воспитания и качественного образования

📑 В соответствии с поручением Главы государства Касым-Жомарта Токаева во всех организациях образования страны активно реализуется единая программа воспитания «Адал азамат». Инициатива направлена на формирование у подрастающего поколения таких базовых ценностей, как патриотизм, единство, справедливость, закон и порядок, трудолюбие и созидательность.

➡️ Подробнее на gov.kz
💻 Білім берудің цифрлық трансформациясы

🤖 Мемлекет басшысы 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялап, Қазақстанның білім беру жүйесін инновациялық және икемді модельге көшіру міндетін қойды.

🌏 Бұл стратегиялық қадам цифрлық экономика жағдайында бәсекеге қабілетті, жаһандық цифрлық кеңістіктің мүмкіндіктерін тиімді пайдалана алатын жаңа ұрпақты қалыптастыруға бағытталған.

➡️ Толығырақ gov.kz сайтында


💻 Цифровая трансформация образования

🤖 Глава государства объявил 2026 год Годом цифровизации и искусственного интеллекта, поставив задачу перехода системы образования Казахстана к инновационной и гибкой модели.

🌏 Этот стратегический шаг направлен на формирование поколения, способного эффективно использовать возможности глобального цифрового пространства и быть конкурентоспособным в условиях цифровой экономики.


➡️ Подробнее на gov.kz
🏭 Қазақстан техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін халықаралық стандарттар негізінде жаңғыртуда

⚙️ Бүгінгі таңда техникалық және кәсіптік білім беру жоғары технологиялық экономиканы дамытудың шешуші құралына айналды.

🤖 Жаһандық трендтерге сәйкес, оқыту үдерісіне автоматтандыру, роботтандыру және жасанды интеллект сияқты цифрлық дағдылар терең интеграциялануда.

➡️ Толығырақ gov.kz сайтында


🏭 Казахстан модернизирует систему технического и профессионального образования на основе международных стандартов

⚙️ Сегодня техническое и профессиональное образование становится ключевым инструментом развития высокотехнологичной экономики.

🌏 В соответствии с глобальными трендами в образовательный процесс глубоко интегрируются цифровые навыки, включая автоматизацию, роботизацию и ИИ.

➡️ Подробнее на gov.kz
Қостанай облысы колледждері директорлар кеңесі

2026 жылғы 26 ақпанда Қостанай Гуманитарлық колледжінің базасында Қостанай облысы колледждері директорлары кеңесінің отырысы өтті.

Отырысты Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасы басшысының орынбасары Бегатаров А.К. ашып,білім алушылардың сапалы тәрбиесі мен жан-жақты дамуы үшін күш біріктірудің маңыздылығын атап өтті. Колледж директоры Айтмагамбетов Е.Ж. алғы сөзінде тәжірибе алмасу мен тиімді тәжірибелерді енгізу тәрбие жұмысының сапасын арттыруға ықпал ететінін жеткізді.

Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Мухамедова С.М. өз баяндамасында колледжде «Адал азамат» бағдарламасын енгізу және жүзеге асырудың практикалық тәжірибесі туралы жан-жақты айтып, оны іске асырудың негізгі кезеңдерін, қол жеткізілген нәтижелерді, сондай-ақ бағдарламаның білім алушылар бойында адалдық, жауапкершілік және азаматтық белсенділік құндылықтарын қалыптастыруға әсерін атап өтті.

Бағдарламаның практикалық бөлімі «Ұлттық тәрбие – сапалы білімнің негізі» атты тақырыптық алаң жұмысы аясында жалғасты. Онда колледж білім алушылары «Бақытсыз Жамал» романы бойынша сахналық қойылым ұсынып, өздерінің ой ұшқырлығы мен сахналық мәдениетін көрсетті. «Заң және тәртіп» алаңы «Закладка» тақырыбында сот процесі форматында ұйымдастырылып, құқыққа қарсы әрекеттердің салдары мен азаматтық жауапкершіліктің маңызын айқын көрсетті. Өзіндік рефлексияны, жеке жоспарлауды және өзіне деген сенімділікті дамыту мақсатында Сулейменова М.Е. мен Чиржова О.В. «Өмірлік тепе-теңдік дөңгелегі» және «Өзіңе сенімділік: идеядан әрекетке дейін» тренингтерін өткізді.

Отырыс Қазақстан колледждерінің спартакиадасының облыстық кезеңінің қорытындысын шығарумен аяқталды. Өңірлік дене шынықтыру орталығының директоры Бимурзин К.У. қатысушылардың дайындық деңгейінің жоғары екенін атап өтіп, білім беру ұйымдарының жастар спортын дамытуға қосқан үлесін ерекше айтып, жеңімпаздарды марапаттады.

Күн мазмұнды әрі нәтижелі өтіп, Қостанай облысы колледждерінің сапалы білім мен білім алушылардың жан-жақты дамуына деген ұмтылысын тағы бір мәрте дәлелдеді.