Қарабалық ауданында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің қызметі мәселелері талқыланды
2026 жылғы 18 ақпанда Қарабалық ауданында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің қызмет қағидаларын сақтау және іске асыру мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Негізгі баяндамамен «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ аға әдіскері Абдигалиева Арайлым Қайырбековна сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметін ұйымдастыруға қойылатын нормативтік талаптарды, құжаттаманы жүргізу мәселелерін, мамандардың командалық жұмысын және облыстың білім беру ұйымдарында бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз ету жолдарын жан-жақты атап өтті.
Семинар жұмысына сондай-ақ «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ «Қарабалық ауданының білім бөлімі» ММ әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Булатбаева Бахыт Жақсылықовна, «Қарабалық ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ меңгерушісі Фогель Юлия Николаевна және «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ мұғалім-дефектологы Шаяхметова Айдана Нұрлановна қатысып, сөз сөйледі.
Семинарға ауданның 22 мектебінің директорлары, директорлардың орынбасарлары және педагог-психологтер қатысты.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметтерінің жұмыс сапасын арттыруға бағытталған әдістемелік ұсынымдар берілді.