Қостанай облысы білім басқармасы
1.13K subscribers
15.8K photos
3.33K videos
12 files
4.8K links
Download Telegram
Қостанай ауданының Еңбек аулында 100 орындық
мектеп ашылды

Қостанай облысында білім беру саласының инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыс жалғасып келеді. Соңғы үш жылда балаларға арнап аймақта 19 әлеуметтік нысан, оның ішінде 9 мектеп, 6 балабақша және 3 шығармашылық үйі пайдалануға берілді.

Мектептердің екеуі Қостанай ауданында салынды. Барлығы заманауи оқу кабинеттерімен, кітапхана, спорт залы және мультимедиялық жабдықтармен жарақтандырылған. Бұл адами капиталды дамытуға маңызды үлес қосу.

9 мектептің 2-і Қостанай ауданында пайдалануға берілді. 18 ақпанда Еңбек ауылындағы 100 орынға арналған мектептің салтанатты ашылуы өтті.

Облыс әкімі Құмар Іргебаев құттықтау сөзінде: «Бүгін барлығымыз үшін көптен күткен ерекше атаулы күн! Балаларымыз заманға сай білім алып, армандарың іске асыратын жаңа мектеп есігін айқара ашып отыр! Бүгінгі күн жаңа мүмкіндіктер мен жаңа жетістіктердің бастауы деп білемін.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен жаңа мектеп ауылдық өңірде инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынып отыр.

Үлкен қалаларда немесе кішкентай ауылдарда тұрғанына қарамастан, балаларымызға сапалы білім алу үшін бірдей мүмкіндіктер жасалуы қажет.

Естеріңізде болсын, білім алуға ұмтылған балаға, әрдайым, барлық есіктер ашылады. Айта кететінім, биылғы оқу жылында еліміздің жоғары оқу орындарына грантқа түскен түлектердің жартысы ауылдық мектептердің оқушылары болды», - деп атап өтті.

Еңбек ардагері Жаксылық-қажы Жүнісов жиналғандарға батасын берді.

Жаңа мектепте оқушылардың қабілеттерін дамыту үшін барлық жағдайлар жасалған. Оқу кабинеттері интерактивті тақталармен жабдықталған, компьютерлік сынып және мультимедиялық кабинет, шеберхана мен технология кабинеті жұмыс істейді.

Спорт залы қажетті құралдарға толы, асхана қазіргі заман талаптарына сай жарақталған. Мектептің кітапханасы көркем әдебиет кітаптардың үлкен қорымен қамтамасыз етілген.

Педагогикалық еңбек ардагері Надежда Пак өз қуанышымен бөлісті: «Мектептің ашылуын асыға күткен едік! Біздің балаларымыз сапалы білім алып, талант пен қабілеттерін ашуға мүмкіндік берілгенін көріп менің қуанышымда шек жоқ! Болашақта олардың арасынан мықты ғалымдар, инженерлер, дәрігерлер, спортсмендер шығатынына мен сенімдімін».

Жаңа мектептің табалдырығын аттаған сегізінші сынып оқушысы Айзере Айжарқын шын жүректен қуанып: «Біздің жаңа мектебіміз – ең керемет! Мұнда бәрі әдемі, әр сынып заманауи жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Бізге олимпиадаларға жан-жақты дайындалуға және ғылыми жобалармен айналысуға жаңа мүмкіндіктер ашылды. Ең кереметі – енді тамаша кітапханамыз бар!»

Оқушылардың екінші үйіне айналған бұл мектепте қазір 77 оқушы білім алып жатыр.
В с.Енбек Костанайского района открылась школа на 100 мест

В Костанайской области продолжается активная работа по развитию инфраструктуры сферы образования. За последние три года в регионе для детей введено в эксплуатацию 19 социальных объектов, в том числе 9 школ, 6 детских садов и 3 дома творчества.

Две из этих школ построены в Костанайском районе. Они оснащены современными учебными кабинетами, спортивными залами, библиотеками и мультимедийным оборудованием. Это важный вклад в развитие человеческого капитала.

Из 9 школ 2 построены в Костанайском районе. Одна из них – школа в селе Енбек на 100 ученических мест, торжественное открытие которой состоялось с18 февраля.

Аким области Кумар Аксакалов в своем поздравительном слове подчеркнул: «Сегодня долгожданный особенный день для всех нас! Мы открываем не просто здание, а новую школу, где наши дети будут учиться и смело идти к своим мечтам. Это начало новых возможностей и новых достижений.

При поддержке нашего президента Касым-Жомарта Кемелевича Токаева школа построена в рамках государственной программы по модернизации школьной инфраструктуры в сельских регионах.

Важно, чтобы все наши дети, независимо от того, где они живут – в больших городах или в маленьких селах, имели равные возможности для получения качественного образования.

Для тех, кто стремится к знаниям, открыты все дороги. Практически половина выпускников, поступивших на гранты в вузы Казахстана в этом учебном году, – из сельских школ».

Слова благословения прозвучали на открытии из уст ветерана труда Жұнісова Жаксылық-қажы.

В школе созданы все условия для комфортного и качественного обучения. Учебные кабинеты оснащены и интерактивными досками, действуют компьютерный класс и мультимедийный кабинет, мастерская и кабинеты технологии.

Спортивный зал оснащен необходимым инвентарем, уютная столовая соответствует современным нормам. Школьная библиотека имеет большой фонд учебной литературы и художественных книг.

Яркий дизайн современного учебного пространства способствует творческому подходу.

Ветеран педагогического труда Надежда Пак делится своими впечатлениями: «Мы очень ждали открытия школы! Здесь все сделано для наших детей, чтобы они могли не просто получать знания, но и раскрыть свои таланты и способности. Уверена, среди наших школьников есть будущие ученые, инженеры, врачи, спортсмены и что в этих стенах вырастет не одно поколение достойных людей!»

Искренне радуется новой школе и восьмиклассница Айзере Айжарқын: «Наша новая школа – самая лучшая! Здесь так красиво и каждый кабинет полностью оснащен. Для нас открываются новые возможности углубленной подготовки к олимпиадам и работы над научными проектами. А еще у нас теперь отличная библиотека!»

В школе, ставшей ребятам вторым домом, сейчас обучается 77 школьников.