Қостанай облысы білім басқармасы
1.13K subscribers
15.8K photos
3.34K videos
12 files
4.8K links
Download Telegram
ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Sinovation Ventures негізін қалаушы Ли Кай-Фумен білім беруді цифрлық трансформациялаудың стратегиялық бағыттарын талқылады

Кездесуде орта және кәсіптік білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын интеграциялау және адам капиталының сапасын жаңа деңгейге көтеру жайы талқыланды.

➡️ Толығырақ gov.kz сайтында


Министр просвещения РК Жулдыз Сулейменова обсудила с основателем Sinovation Ventures Ли Кай-Фу стратегические направления цифровой трансформации образования

В ходе переговоров обсуждены вопросы интеграции технологий искусственного интеллекта в систему среднего и технического и профессионального образования, а также задачи повышения качества человеческого капитала.

➡️ 
Подробнее на gov.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🌏ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Sinovation Ventures негізін қалаушы Ли Кай-Фумен білім беруді цифрлық трансформациялаудың стратегиялық бағыттарын талқылады

🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿

🌏Министр просвещения РК Жулдыз Сулейменова обсудила с основателем Sinovation Ventures Ли Кай-Фу стратегические направления цифровой трансформации образования
🇰🇿 Оқу-ағарту министрлігі бюджет шығындарын үнемдеуге кірісті

📉 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, министрлік шығындарды азайтуға кірісті. Ендігі кезекте білім саласының ресурстары формальды шараларға емес, нақты сапаға бағытталады. Соның аясында, есеп беру үшін өткізілетін форумдар, жиындар саны қысқартылады. Республикалық және өңірлік шаралар тізіміне қатаң ревизия жүргізіліп, тек білім берудің мазмұнын байытатын жобалар ғана мемлекеттік қолдауға ие болады.

➡️ Толығырақ gov.kz сайтында


🇰🇿 Министерство просвещения приступило к оптимизации бюджетных расходов


📉 В рамках поручений Главы государства Касым-Жомарта Токаева, озвученных на расширенном заседании Правительства, министр просвещения Республики Казахстан Жулдыз Сулейменова провела онлайн-встречу с руководителями региональных управлений образования и территориальных департаментов по обеспечению качества.

➡️ Подробнее на gov.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Оқу-ағарту министрлігі бюджет шығындарын үнемдеуге кірісті



🇰🇿 Министерство просвещения приступило к оптимизации бюджетных расходов
2026 жылғы 13 ақпанда Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Д. О. Темірғалиева Басқарма қызметкерлеріне Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына арналған қызметкерден сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлама түскен кезде оны қорғауды қамтамасыз етудің іс-қимыл алгоритмі бойынша әдістемелік ұсынымдарды және Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу қағидаларын түсіндірді.
_________________
13 февраля 2026 года главным специалистом отдела правового обеспечения Темиргалиевой Д.О. разъяснены работникам Управления Методические рекомендации для руководителей государственных органов и организаций по алгоритму действий при поступлении сообщения от работника о коррупционном правонарушении и обеспечении его защиты и Правила поощрения лиц, сообщивших о факте коррупционного правонарушения или иным образом оказывающих (оказавших) содействие в противодействии коррупции.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Референдум–2026» онлайн-марафоны

Саясаттанушы Индира Рыстина жаңа преамбулада тарихымыз, қандай қоғамда өмір сүріп жатқанымыз және елдің негізгі қағидаттары анық көрсетілгенін айтты. Оның сөзінше, бұл Конституция жобасындағы кіріспе сөз мектеп оқушысына да түсінікті.

#Референдум2026 #Референдумонлайнмарафон2026
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Референдум–2026» онлайн марафоны қалай өтті?

Шара жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналды. Алты сағат бойы 100-ге жуық спикер ашық диалог алаңында талқылаулар өткізіп, құжаттың мазмұны мен маңызын және қоғам өміріне ықпалын жан-жақты талдады.

Марафон отандық телеарналар мен интернет порталдардың ресми сайты мен әлеуметтік желідегі платформалары арқылы тікелей трансляцияланды.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астанада жаңа Конституцияға арналған «Референдум-2026» онлайн-марафоны өтті

Шара жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық алаң ретінде ұйымдастырылған. Алты сағатқа созылған марафон барысында жаңа Конституцияның негізгі бағыттары жан-жақты талқыланды
🏫2026 жылы Қазақстанда 90 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде

📚
ҚР Оқу-ағарту министрлігі апатты, үшауысымды мектептердің мәселесін шешу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Биыл 47 мыңға жуық оқушы орнына арналған 90 жаңа мектеп салу жоспарлануда.

📑Жаңа оқушы орындарын пайдалануға беру Арнайы мемлекеттік қор қаражаты, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, жергілікті бюджет қаражаты мен жеке инвестициялар тарту есебінен жүзеге асырылады.

➡️ Толығырақ gov.kz сайтында


🏫В 2026 году в Казахстане ведется строительство 90 новых школ

📚
Министерством просвещения РК ведется системная работа по решению вопросов аварийных и трехсменных школ. В текущем году ведется строительство 90 новых школ почти на 47 тысяч ученических мест.

📑
Ввод новых ученических мест осуществляется за счет различных источников финансирования: Специального государственного фонда и фонда поддержки инфраструктуры образования, местного бюджета, а также привлечения частных инвестиций.


➡️ Подробнее на gov.kz
Қазақстан арнайы және инклюзивті білім беру саласында Израильмен ынтымақтастықты нығайтуда

Израиль тарапынын шақыруы бойынша Қазақстанның мамандар тобы «Innovative Approaches to Special Education» («Арнайы білім берудегі инновациялық тәсілдер) бағдарламасы бойынша оқытудан өтті.

Бағдарлама Израильдің Білім беру министрлігі және Аймақтық ынтымақтастық министрлігі ынтымақтастығында жүзеге асырылды, бұл арнайы білімге мұқтаж балаларды оқыту жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандум ережелеріне негізделген. Меморандум 2025 жылғы қарашада Астанада Қазақстан Республикасының Білім министрлігі мен Израильдің Аймақтық ынтымақтастық, Білім, Сыртқы істер министрліктері және Халықаралық ынтымақтастықты дамыту агенттігі арасында қол қойылған.

Халықаралық «Innovative Approaches to Special Education» («Арнайы білім берудегі инновациялық тәсілдер») курсы Израиль мемлекетінің Хайфа қаласында, Голда Меир атындағы MASHAV – Carmel Халықаралық оқу орталығында (MCTC) өтті. Оқыту бағдарламасы арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы заманауи инновациялық тәжірибелерді зерттеуге, ерекше білімге мұқтаж балаларды оқыту мен қолдаудың тиімді әдістемелерін енгізуге және білім жүйесінің мамандарының кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған.

Бағдарлама барысында қатысушылар Израильдің инклюзивті білім беру саласындағы озық тәжірибесімен танысты, білім беру мекемелері мен арнайы орталықтарға барды, сонымен қатар сарапшылар мен тиісті мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесулер өткізді.

2026 жылғы 12 ақпанда барлық қатысушылардың курсты сәтті аяқтағанын растайтын сертификаттарды тапсыру рәсімі өтті.

Курс жоғары кәсіби деңгейде MASHAV, Голда Меир атындағы Халықаралық оқу орталығы (MCTC), Израильдің Аймақтық ынтымақтастық министрлігі және Білім министрлігі ұйымдастырды. Бағдарлама практикалық бағыттылығы, мазмұндық байлығы және жоғары деңгейдегі сараптамалық қолдаумен ерекшеленді.

Алынған білім мен практикалық тәжірибе Қазақстанда арнайы және инклюзивті білім беру жүйесін одан әрі дамытуға және жетілдіруге ықпал етеді.