Қостанай облысы білім басқармасы
1.13K subscribers
15.8K photos
3.34K videos
12 files
4.8K links
Download Telegram
Педагогтардың аттестаттаудан өтуіндегі мәселелер

2026 жылғы 30 қаңтарда Білім басқармасының педагогтармен жұмыс мониторингі бөлімінің әдіскерлері Қостанай ауданы педагогтарымен «Педагогтардың аттестаттаудан өту мәселелері» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.

Кездесуге әдіскерлермен қатар педагог қызметкерлердің аттестациясын ұйымдастыруға жетекшілік ететін директордың орынбасарлары және білім бөлімдерінің әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ететін мамандары қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушыларға әдістемелік және практикалық көмек көрсету.
Кездесу барысында алғы сөзді бөлім басшысы Айман Дүйсенбаевна Дощанова сөйлеп, Қостанай ауданы бойынша 2025 жылы педагогтердің аттестациясынан өту қорытындыларына тоқталды.

Сонымен қатар Білім басқармасының әдіскерлері Ж. Х. Ташетова мен А. А. Нугманова педагогтарды аттестаттау рәсімін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстырып, орта білім беру, қосымша және мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің, сондай-ақ басшылар мен басшының орынбасарларының материалдарын (портфолиосын) бағалау парақтарына қойылатын талаптарды нақтылады.
Кездесуге қатысшылар туындаған сұрақтар қойып, жауап алды. Сондай-ақ проблемалық мәселелер бойынша жеке консультациялар өткізумен аяқталды.
Вопросы прохождения аттестации педагогов

30 января 2026 года методистами отдела мониторинга работы с педагогами управления образования была организована встреча с педагогами Костанайского района на тему «Вопросы прохождения аттестации педагогов».

В мероприятии приняли участие методисты, заместители руководителя организаций образования, курирующие вопросы аттестации, а также специалисты отделов образования, обеспечивающие методическое сопровождение.

Основная цель мероприятия-оказание методической и практической помощи участникам.

В ходе встречи с приветственным словом выступила руководитель отдела Дощанова Айман Дуйсенбаевна, которая озвучила итоги прохождения аттестации педагогов Костанайского района за 2025 год.

Также методисты управления образования Ташетова Ж. Х. и Нугманова А. А. ознакомили педагогов с нормативно-правовыми документами, регламентирующими порядок проведения аттестации, разъяснили требования к оценочным листам и материалам портфолио педагогов организаций среднего, дополнительного и дошкольного образования, а также руководителей и их заместителей.

В ходе встречи педагоги активно задавали вопросы и получали подробные разъяснения специалистов. Завершилось мероприятие проведением индивидуальных консультаций по наиболее актуальным и проблемным вопросам.
2026 жылғы 30 қаңтарда ҚМҚК «Қостанай политехникалық жоғары колледжі» базасында Қостанай облысының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі директор орынбасарларына арналған ауқымды практикалық сессия өтті.

«Болашақ фабрикасы: білім, технология, даму» атты семинар қазіргі экономиканың талаптарына сай оқу үдерісін қалай трансформациялау қажеттігін талқылайтын маңызды алаңға айналды. Кездесуді аша отырып, модераторлар мен колледж басшылығы бүгінгі таңда білім беру жүйесі барынша практикалық нәтижеге бағытталуы тиіс екенін атап өтті.

Ең көп талқыланған тақырыптардың бірі – озық технологияларды интеграциялау болды. «Skills Hub» блогы аясында сарапшылар жасанды интеллектіні білім беру ұйымының стратегиялық ресурсы ретінде пайдаланудың жүйелі тәсілін ұсынды. Қатысушылар цифрлық құралдарды қолдана отырып өндірістік оқыту сабақтарын өткізу әдістемелерімен танысып, «1С» өнімдерін білім беру бағдарламаларына енгізу мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ студенттердің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың негізгі құралы ретінде демонстрациялық емтиханға ерекше назар аударылды. Инновациялық тәжірибелер шеберханасы тек технологияларға ғана емес, сонымен қатар «жұмсақ дағдыларды» (soft skills) дамытуға арналды.

Директор орынбасарлары жұмыс үдерістерін тиімді басқаруға арналған «тайм-дизайн» әдістерін меңгеріп, WorldSkills сияқты кәсіби шеберлік конкурстарына студенттерді психологиялық тұрғыда даярлау мәселелерін қарастырды. Спикерлер стрессті жеңіске жетудің ресурсына айналдыру жолдарымен бөлісті.

Өткен іс-шара тәжірибе алмасуға арналған бірыңғай кәсіби кеңістік қалыптастыруға мүмкіндік берді. Сессия қатысушылары дуальды оқытуды енгізу және білім беру шешімдерін жобалау бойынша дайын кейстермен оралып, бұл тәжірибелер облыс колледждерінің нағыз «болашақ фабрикаларына» айналуына жол ашады.