Қостанай облысы білім басқармасы
1.12K subscribers
16K photos
3.36K videos
12 files
4.83K links
Download Telegram
Мамандандырылған білім беру ұйымдарының республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау

2025 жылғы 5-8 қаңтарда 9-11 сыныптарға арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

Олимпиадаға облыстың 457 оқушысы қатысты, оның ішінде 131 - мамандандырылған мектептердің оқушылары. Олимпиаданың 222 жүлдегерінің 89-ы "Дарынды балаларға арналған Білім-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты", "Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты", "Озат" ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының" оқушылары.

Олардың ішінде 23 – і бірінші, 29 – ы екінші, 37-і үшінші орын иегерлері болып атанды.

2025 жылғы 15 қаңтарда мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушылары арасынан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен және медальдармен салтанатты марапаттау өтті.

Олимпиаданың үш және одан да көп жүлдегерлерін дайындаған, мамандандырылған білім беру ұйымдарының педагогтері "Қостанай облысының білім және ғылым ұйымдарының білім беру қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы" ҚБ грамоталарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Мамандандырылған ұйымдар Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің ең жоғары нәтижелерін көрсеткен оқу орындары ретінде "Мектеп-көшбасшы" номинациясында атап өтілді.
Награждение победителей и призеров областного этапа
Республиканской олимпиады специализированных организации образования.

5-8 января 2025 года прошел областной этап Республиканской олимпиады по общеобразовательным предметам для 9-11 классов.

В олимпиаде приняли участие 457 школьников области, из них 131 - учащиеся специализированных школ. Из 222 призеров олимпиады 89 учащихся - ученики "Лицей-интерната БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ для одаренных детей", "Специализированной школы-гимназии-интерната имени И. Алтынсарина", а также "Специализированной школы-лицея-интерната информационных технологий "Озат". Среди них 23 – обладатели первого места, 29 – второго и 37 – третьего.

15 января 2025 года прошло торжественное награждение победителей и призеров областного этапа Республиканской олимпиады из числа учащихся специализированных организаций образования дипломами и медалями І,ІІ,ІІІ степени.

Педагоги специализированных организаций образования, подготовившие трех и более призеров олимпиады, награждены грамотами и денежными премиями от ОО "Локальный профессиональный союз работников образования организаций образования и науки Костанайской области".

Специализированные организации отмечены в номинации «Школа-лидер» как учебные заведения, показавшие наивысшие результаты областного этапа Республиканской олимпиады.
👩🏻‍🏫 Жайлы мектептерді дамыту бойынша семинарға 1500-ге жуық педагог қатысты

✍🏻 Елімізде заманауи жайлы мектептер үшін педагогтердің жаңа лебін даярлау жұмыстары жалғасып жатқандығы туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

📍 «Жайлы мектептің педагогикалық ұжымы: ынтымақтастық, даму және қолдау» тақырыбында өткен бірінші семинар-тренингке Шымкент қаласы, Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарынан жайлы мектептерде жұмыс жасайтын 1500-ге жуық педагог қатысты.

«Оқыту - қолайлы білім беру ортасын құруға және жаңа ұжымдарды қалыптастыру процестерінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін жайлы мектептердегі басшылар мен педагогтер арасындағы тиімді тұлғааралық коммуникацияларды дамытуға бағытталған. Оның аясында педагогтер қазіргі стереотиптерге талдау жүргізді, командалық өзара іс – қимылды оңтайландырудың негізгі бағыттарын анықтады және кәсіби міндеттерді шешуге өздерінің қатысу деңгейін арттырды», - деп атап өтті «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының төрағасы Айдана Шилибекова.


📌 Сонымен қатар семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берілді. Мұндай тәжірибе басқа өңірлерде де жалғасатын болады.
👩🏻‍🏫 Около 1500 педагогов приняли участие в семинаре по развитию комфортных школ

✍🏻 В стране продолжается работа по подготовке педагогов нового поколения для современных комфортных школ, сообщает пресс-служба Минпросвещения РК со ссылкой на Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу».

📍 В первом семинаре-тренинге «Педагогический коллектив комфортной школы: сотрудничество, развитие и поддержка» приняли участие около 1500 педагогов комфортных школ г. Шымкент, Акмолинской, Алматинской, Атырауской, Жамбылской, Жетысу , Костанайской, Северо-Казахстанской и Туркестанской областей.

«Обучение направлено на развитие эффективных межличностных коммуникаций между руководителями и педагогами в комфортных школах, что способствует созданию благоприятной образовательной среды и повышению эффективности процессов формирования новых коллективов. В рамках обучения педагоги провели анализ существующих стереотипов, выявили ключевые области для оптимизации командного взаимодействия и повысили уровень своей вовлеченности в решение профессиональных задач», – отметила председатель Национального центра повышения квалификации «Өрлеу» Айдана Шилибекова.


📌 Кроме того, участники семинара получили ответы на все актуальные вопросы. Подобная практика будет продолжена и в других регионах.
Қостанай жоғары политехникалық колледжінде
Жұмысшы мамандықтары жылы: жарқын бастау!

2025 жылғы 15 қаңтарда Қостанай жоғары политехникалық колледжінде Жұмысшы мамандықтары жылы салтанатты түрде ашылды. Бұл іс-шара жұмысшы мамандықтарының беделін арттырудағы және білім мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтудағы маңызды қадам болды.

Колледждің акт залында 9-сынып түлектері, серіктес кәсіпорындардың өкілдері, өткен жылдардың түлектері, студенттер мен оқытушылар жиналды. Іс-шара қонақтары колледждің биылғы жылға қойған жоспарларымен танысып және алдағы жұмыстың ауқымын бағалай алды.

Салтанатты бөлімінде техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Ж.С. Жумина, колледж директоры К.А. Каткенов, жұмыс берушілер мен ҚЖПК табысты түлектері өз құттықтауларын білдіріп сөз сөйледі. Олар өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, өңірді дамыту үшін жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын атап өтті.

Ресми бөліммен қатар колледж залында көрме-тұсаукесер ұйымдастырылды, онда студенттер өздерінің жобалары мен оқу процесі барысында жасаған бұйымдарын таныстырды. Бұл қонақтарға болашақ мамандардың дайындық деңгейін бағалауға, колледж қабырғасында қандай білім мен дағдыларды алып жатқанын көруге мүмкіндік берді.

Жұмысшы мамандықтары жылы – бұл жастарға болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдап, табысты мансап бастауға тамаша мүмкіндіқ болып табылады.
Год рабочих профессий в Костанайском высшем политехническом колледже: яркий старт!

15 января 2025 года Костанайский политехнический высший колледж торжественно открыл Год рабочих профессий. Это событие стало важным шагом в повышении престижа рабочих специальностей и укреплении связей между образованием и производством.

В актовом зале колледжа собрались выпускники 9-х классов, представители предприятий-партнеров, выпускники прошлых лет, студенты и преподаватели. Гости мероприятия первыми узнали о планах колледжа на этот год и смогли оценить масштаб предстоящей работы.

В рамках торжественной части прозвучали приветственные речи руководителя отдела ТИПО Жуминой Ж.С., директора колледжа Каткенова К.А., выступления работодателей и успешных выпускников КПВК. Они поделились своим опытом и подчеркнули важность рабочих профессий для развития региона.

Параллельно с официальной частью в холле колледжа развернулась выставка-презентация, где студенты продемонстрировали свои проекты и изделия, созданные в рамках учебного процесса. Это позволило гостям оценить уровень подготовки будущих специалистов и увидеть, какие знания и навыки они получают в стенах колледжа.

Год рабочих профессий – это прекрасная возможность для молодежи сделать осознанный выбор своей будущей профессии и начать успешную карьеру.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Талдау мектебі» қоғамдық жобасының қатысушыларымен кездесуде инклюзивті және арнайы білім беруді дамыту туралы айтты.

https://www.instagram.com/reel/DE6d4UOtbgn/?igsh=MXZ1cThwdXlpMmt1cg==

🔹🔹🔹

🇰🇿Гани Бейсембаев рассказал о развитии инклюзивного и специального образования на встрече с участниками общественного проекта «Талдау мектебі – Школа аналитики».

https://www.facebook.com/share/v/1HeZoBARV2/?mibextid=wwXIfr
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎓Білім беру ұйымдарында жайлы орта қалыптастыру барлық білім алушылар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін негізгі фактор – Ғани Бейсембаев Қазақстанда инклюзивті және арнайы білім беруді дамыту туралы

🇰🇿Оқу-ағарту министрі «Талдау мектебі – Школа аналитики» қоғамдық жобасының қатысушыларымен кездесіп, инклюзивті және арнайы білім беру мәселесін талқылады.

⚡️ Ғани Бейсембаевтың айтуынша, 2024 жылы елімізде ерекше білім беруді қажет ететін балалардың саны 230 мыңнан асты. Барлық білім беру ұйымдарында бірдей инклюзиялық білім берудің қажеттілігі мен маңыздылығын ескере отырып, министрліктің құрылымында алғаш рет Инклюзивті және арнайы білім беру департаменті құрылды.

«Өткен жылы ғылыми қауымдастық және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп қыруар жұмыс атқарылды. Инклюзиялық және арнайы білім беру саласындағы барлық нормативтік құжатқа талдау жүргізіліп, нәтижесінде 15 нормативті-құқықтық акт қабылданды. Осыған орай баланың дүниеге келген сәтінен бастап оқу оқып, мамандық алған кезіне дейін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің үш деңгейлі үлгісі енгізілді, қолдау кабинеттері үшін жаңа талаптар бекітілді, ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс үшін жеке бағдарламалар әзірленді, одан бөлек педагог-ассистент, арнайы педагог, жеке көмекші секілді жаңа лауазымдар пайда болды», - деп бөлісті бұл туралы әлеуметтік желідегі өз жазбасында министр.


⚡️Сондай-ақ министрлікпен Ұлттық үздіксіз инклюзивті білім беру орталығын құру туралы шешім қабылданды. Оның мақсаты педагогтерге әдістемелік сүйемелдеу көрсету, білім берудегі қиындықтарды анықтау және алдын алу бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметін үйлестіру жұмыстарын жүзеге асыру.

«Әсіресе, балалардың әлеуметтік бейімделуіне ерекше көңіл бөлінуде. Міне, дәл осы мақсатта Алматы қаласындағы Арнайы және инклюзивті білім беру орталығын трансформациялау қолға алынуда. Маңыздылығына баса назар аударар тағы бір жаңалық — былтырдан бастап техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін квота саны өсті. Онымен қоса «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға кешенді қолдау көрсету туралы» жаңа заң жобасы әзірленуде. Білім беру ұйымдарында жайлы орта қалыптастыру барлық білім алушылар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін негізгі фактор», - деп қорытындылады министр.


❗️Естеріңізге сала кетейік, елімізде бүгінгі таңда 500-ге жуық арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ел аумағындағы мектептердің 90%-да инклюзивті білім алуға жағдай жасалды, ал балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту 80%-ға жетті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM