Қостанай облысы білім басқармасы
1.12K subscribers
16K photos
3.36K videos
12 files
4.83K links
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қостанай облысының орталығында бірден екі Жайлы мектеп ашылды

Сразу две Комфортных школы открылись в областном центре Костанайской области
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қостанай облысының орталығында бірден екі Жайлы мектеп ашылды

Сразу две Комфортных школы открылись в областном центре Костанайской области
ДАМУДЫҢ ЖАҢА ҚЫРЛАРЫ

Қостанай облысы колледж директорларының 30 орынбасары «Оқу үдерісін ұйымдастыру: оқу орнын дамытудың жаңа қырлары» тақырыбы бойынша директордың оқу және оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған Оқу-әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында әдістемелік флеш-семинарына қатысты.

Флеш-семинарға қатысушыларды жандандыру үшін ОӘЖ жөніндегі басшысы, «Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚК директорының ОІ жөніндегі орынбасары И.А. Щербакова ой-талқын ұйымдастырды, оның барысында «Оқу үдерісін ұйымдастыруға арналған жаңа идеялар» коктейлі дайындалды. Семинарға қатысушылар мына ингредиенттерді айқындады: білікті кадрлардың, заманауи материалдық-техникалық базаның болуы, заманауи технологияларды пайдалану, инновацияларды енгізу, жұмыс берушілермен бірлесіп жұмыс істеу, сондай-ақ педагогтер мен студенттерді лайықты нәтижелерге қол жеткізуге ынталандыратын моральдық және материалдық қолдау көрсету.

«Рудный тау-кен - технологиялық колледж» КМҚК директорының ОІ жөніндегі орынбасары Ж.С. Ибрашеваның «Басқару сапасынан бастап сапаны басқаруға дейін» атты мeetup-ті өткізуі, басқарушылық қызметтің күрделі аспектілерін кадрлап бөліп қана қоймай, сонымен қатар ойын барысында директор орынбасарларының өз жұмысының негізгі негізі болып табылатын нормативтік-құқықтық актілерді білуін анықтауға мүмкіндік берді.

«К. Дөненбаева атындағы кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК
директорының ОӨЖ жөніндегі орынбасары А.В. Кашарин ұйымдастырған «Кәсіби игілік, студенттердің Weell-being компоненттерінің бірі ретінде» практикалық шеберханасы, қатысушыларды аналитикалық-синтетикалық тұрғыдан студенттердің кәсіби дайындығын ұйымдастыру мәселесін қарастыру мүмкіндігімен баурап алды.

«Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» КМҚК директорының ОІ жөніндегі орынбасары М.С. Койшина және директордың ОӨЖ жөніндегі орынбасары К.А. Нарихнюк бірлесіп өткізген «Педагогикалық қызметті жетілдіру арқылы оқу орнын дамыту» тақырыбындағы тренинг қатысушылардың әрбір тобына оны ұйымдастырудың базалық негіздерінен бастап педагогикалық ұжымның нәтижелі жұмысына ықпал ететін перспективалық жұмыс бағыттарына дейін оқу үдерісін құруға мүмкіндік берді.

Флеш-семинар барысында «Заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, білім алушылардың өзіндік қызметін ұйымдастыру» тақырыбы бойынша «Қазақстан агротехникалық колледжі» КМҚК директорының ОІ жөніндегі орынбасары К.А. Аманбаева және «Білім беру талдауы: білім беру негізінде шешім қабылдау» тақырыбы бойынша «Қостанай Гуманитарлық колледжі» мекемесі директорының ОІ жөніндегі орынбасары К.А. Алекешова өз нәтижелерімен бөлісіп, қатысушылардың қызығушылығы мен белсенді талқылауын тудырды.

Әдістемелік флеш-семинар жаңа идеяларды қалыптастырудың, оқу орындарын белсенді дамыту үшін қажетті векторларды анықтаудың маңызды алаңына айналды.