Қостанай облысы білім басқармасы
1.12K subscribers
16K photos
3.36K videos
12 files
4.83K links
Download Telegram
Мектеп оқушылары, ата-аналар және педагогтар арасындағы облыстық пікірсайыс турнирі аяқталды.
Достық ойынында орындар келесідей бөлінді:
қазақ тілі лигасы бойынша 1 орынды Әулиекөл ауданының «Ақиқат» педагогтар командасы;
2 орынды Қостанай облысы «Шағала-Ата-Ана» ата-аналары командасы;
3 орынды Әулиекөл ауданының «Үміт» ата-аналар командасы иеленді.
«Үздік спикер» болып Әулиекөл ауданының оқушысы Қонқабаева Малика танылды.
Орыс тілі лигасында Федоров ауданының «Ғалым» ата-аналар командасы жеңімпаз атанды; 2 орынды Жітіқара ауданының «Орда» оқушылар командасы алды; 3 орынды Рудный қаласының «Спикер» оқушылар командасы иеленді және «Үздік спикер» номинациясын Жітіқара ауданының педагогы Курбацкий Ярослав Сергеевич жеңіп алды.
Баршаңызды мектеп оқушылары, ата-аналар және педагогтар арасындағы достық турнирдегі тамаша жеңістеріңізбен құттықтаймыз! Барлықтарыңызға сәттілік және жаңа жеңістер тілейміз!
Завершился областной дебатный турнир среди школьников, родителей и педагогов.

В дружеской игре места распределились следующим образом:
1 место в казахской языковой лиге заняла команда педагогов "Аqiqat" Аулиекольского района;
2 место- родителей "Шағала- Ата ана" Костанайского района;
3 место команда родителей "Үміт" Аулиекольского района.

"Лучшим спикером" признана учащаяся Конкабаева Малика из Аулиекольского района.

В русской языковой лиге победителем стала команда родителей "Ғалым" Федоровского района; 2 место заняла команда школьников "Орда" Житикаринского района; 3 место команда школьников "Speaker" города Рудного и в номинации "Лучший спикер" победил педагог Курбацкий Ярослав Сергеевич из Житикаринского района .

Поздравляем всех победителей дружеского турнира среди школьников , родителей и педагогов! Удачи всем и новых побед!
Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі

2025 жылғы 5-8 қаңтарда 15 жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының III (облыстық) кезеңі өтті.

Олимпиада «Қостанай қаласы білім бөлімінің №2 мектеп-лицейі» ММ (ҚГБ пәндері) және «Қостанай қаласы білім бөлімінің №22 жалпы білім беретін мектебі» ММ (ЖМБ пәндері) базасында өтті,

Олимпиадаға облыстың барлық өңірлерінен 457 оқушы – аудандық және қалалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен дарынды балаларға арналған 3 мамандандырылған білім беру ұйымдары қатысты. Олар «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы дайындаған тапсырмаларды орындады. Қатысушылардың көпшілігі ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, биология және география сияқты пәндер бойынша қатысты.

Олимпиада 2 турда өтті, онда оқушыларға теориялық және практикалық сипаттағы тапсырмаларды орындау қажет болды.
Олимпиадаға қатысушылардың жұмыстарын, қазылар алқасы құрамына енген Қостанай қаласының жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылары бағалады.

222 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанды, олар 15 жалпы білім беретін пән бойынша 46 бірінші, 79 екінші және 97 үшінші орынды иеленді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жобалық кеңсенің қызметімен танысты

📌EXPO қалашығында орналасқан Жобалық кеңсе елімізде қолға алынған реформалар мен стратегиялық бастамаларды жүзеге асыру ісіне үлес қосуды көздейді.

✔️Жоғары билік органы жанындағы мұндай құрылымдар әлемнің бірқатар елінде бар. Мәселен, Ұлыбританияда Премьер-министрдің жобалық кеңсесі (Prime Minister`s Delivery Unit), Малайзияда PEMANDU, Біріккен Араб Әмірліктерінде Акселерация кеңсесі қызмет көрсетеді.

✔️Жобалық кеңсе Мемлекет басшысының жолдаулары мен Қазақстанның ұлттық даму жоспарындағы басым бағыттарды сапалы жүзеге асыруға арналған шешімдер әзірлеумен айналысады.

✔️Президентке фискалдық орнықтылықты арттыруға арналған платформалық шешімдер енгізу, Маңғыстау облысын өркендету, адами капиталды қалыптастыру және дамыту секілді стратегиялық маңызды жобалардың жүзеге асырылу барысы баяндалды.

✔️Бұдан бөлек, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі көлік-логистика, денсаулық сақтау, білім беру және ағарту ісі, энергетика, су, өнеркәсіп және құрылыс, цифрлық, инновациялық әрі өңірлік даму секілді бағыттармен шұғылданатын ведомствоаралық командаларды жасақтады. Бұл нақты саладағы белгілі бір міндетке баса назар аударып, анағұрлым жылдам әрі сапалы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Касым-Жомарт Токаев ознакомился с деятельностью Проектного офиса

📌Проектный офис, расположенный в кампусе EXPO, призван внести свой вклад в реализацию проводимых в стране реформ и стратегических инициатив.

✔️Подобные структуры, создаваемые при высших органах власти, функционируют в ряде стран. Так, в Великобритании действует Проектный офис Премьер-министра (Prime Minister's Delivery Unit), в Малайзии – PEMANDU, в Объединенных Арабских Эмиратах – Офис акселерации.

✔️Проектный офис будет заниматься разработкой решений для качественного исполнения приоритетных задач, поставленных в посланиях Главы государства и Национальном плане развития Казахстана.

✔️Касым-Жомарту Токаеву доложили о ходе реализации таких стратегически важных проектов, как внедрение платформенных решений для повышения фискальной устойчивости, развитие Мангистауской области, формирование и развитие человеческого капитала.

✔️Кроме того, министерство цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности сформировало межведомственные команды по таким направлениям, как транспорт и логистика, здравоохранение, образование и просвещение, энергетика, вода, промышленность и строительство, цифровое развитие, инновации и региональное развитие. Данный подход позволит сфокусироваться на ограниченном количестве задач в узкой сфере деятельности для обеспечения более качественных и быстрых результатов.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
​​📆 КҮН САНЫ

🎒 2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 373 мың оқушы орнына арналған 257 мектептің құрылысы аяқталды.

🏫 Бұл үш ауысымды 42 мектептің және 148 елді мекенде орналасқан 20 апатты мектеп пен орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік берді.
​​📆 ЦИФРА ДНЯ

🎒 По итогам 2024 года в стране завершено строительство 257 школ на 373 тыс. ученических мест.

🏫 Это решило вопросы 42 трехсменных, 20 аварийных школ и дефицит ученических мест в 148 населенных пунктах.
​​⚡️ Қазақстанда алғаш рет түркітілдес елдер арасындағы TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді

🧑🏼‍🏭 Биыл алғаш рет түркітілдес елдер арасында болашақ жұмысшы мамандардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

✔️ Бұл шара Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында өтетін негізгі іс-шаралардың біріне айналмақ. Бастама түркітілдес елдердің жастары мен студенттері арасында кәсіби шеберлікті дамыту мен ілгерілетуге, түрлі салалардағы үздік тәжірибелерді анықтауға, экономикасы өзара байланысқан елдермен инновациялық шешімдер бойынша тәжірибе алмасуға және оларды іске асыру үшін платформа құруға бағытталған.

📍 Чемпионат Түрксой ұйымының 2025 жылғы мәдени астанасы болып таңдалған Ақтау қаласында өтеді деп күтілуде.

🖇️ Анықтама үшін: WorldSkills қозғалысы кәсіби құзыреттіліктер мен дағдыларды жетілдіру үшін бірлесіп жұмыс істейтін 89 елді біріктіретін әлемдегі жұмысшы кәсіптерінің беделін арттырудың негізгі құралдарының бірі болып табылады. Қазақстан 2014 жылдан бастап WorldSkills International халықаралық қозғалысының толыққанды мүшесі болып табылады. 10 жыл ішінде елімізде 30 құзыреттілік бойынша 200-ге жуық өңірлік және 8 республикалық чемпионат өткізілді. Өткен жылы ұлттық құрама WorldSkills Lyon 2024 әлем чемпионатында ел тарихында үздік нәтижелерге қол жеткізіп, «Ұлттың үздігі» номинациясы бойынша 6 медаль мен марапатқа ие болды.