Қостанай облысы білім басқармасы
1.12K subscribers
16K photos
3.36K videos
12 files
4.82K links
Download Telegram
​​📁 2024 жылы бала құқықтарын қорғау саласында 3 негізгі заң қабылданды

✔️ 2024 жыл елімізде балалардың құқықтарын қорғау бойынша маңызды оқиғаларға толы кезең болды. Биылғы жылы балалардың жағдайын жақсартуға, әсіресе әлеуметтік қолдау мен балалардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған үш негізгі заң қабылданды.

🔹 Ақпан айында «Баланың құқықтары туралы» заңға жетім балалар үшін тәлімгерлік институтын енгізу бойынша өзгерістер енгізілді. Енді ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәлімгерлердің жеке қолдауына жүгіне алады. Бұл жобаны қазіргі таңда жүзеге асыру белсенді түрде жүргізілуде: бүгінде 17 қалада 330-дан астам тәлімгер айқындалып, олар балаларға қоғамға бейімделуге және өз бетінше өмір сүруге дайындалуға көмек көрсетуде.

🔺 Сәуір айында әйелдер құқықтары мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында заңға қол қойылып, ол маусым айынан бастап өз күшіне енді. Бұл заң 70-тен астам өзгерісті қамтиды, балаларға қатысты жасалған зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтуді және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Оның ішінде тәулік бойы көмек көрсететін «111» байланыс орталығының қызметінің бекітілуі, сондай-ақ балалардың құқықтары бойынша өңірлік уәкілдер институтын құру туралы жаңашылдықтарды атап өтуге болады. Заңда буллинг үшін әкімшілік жауапкершілік және балаларды автобустан түсіруге тыйым салу қарастырылған.

📔 Биыл Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау жөнінде маңызды қадамдар жасалды. Желтоқсан айында Сенат мұндай балаларға арналған отбасылық құрылымның жаңа формасын - кәсіби қабылдаушы отбасын енгізетін заңды мақұлдады, бұл олардың тұрақты ортадағы өмір сүру және тәрбиелеу жағдайларын жақсартады. Сондай-ақ заңмен қамқоршылық органдары мамандарының штат саны - 5 мың балаға кемінде бір маман болып белгіленген, осылайша олардың жұмысының тиімділігін арттыру көзделіп отыр.

🏢 Тағы бір жаңалық әлеуметтік көмектің кеңеюі болды: енді жеке меншік мектептерде оқитын осал отбасылардың балалары қажетті мектеп керек-жарақтары мен тауарларды мемлекеттік мектептегі оқушылармен бірдей алатын болады.

«Бұл жыл еліміздегі балалардың құқықтарын қорғау жүйесінде маңызды өзгерістер жылы болды. Қабылданған заңдар тек балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың толыққанды дамуына жағдай жасайды, соның ішінде жетім балаларды, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды және қиын жағдайға тап болған мектеп оқушыларын қолдау көзделіп отыр. Біз бұл қадамдар әрбір баланың жарқын болашағын қамтамасыз ететін қоғам құруға ықпал ететініне сенімдіміз», — деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.


❗️ Айта кетейік, қабылданған заңдардан бөлек, биыл Комитет балалардың құқықтарын қорғауды күшейту және жас ұрпақты қолдаудың қосымша механизмдерін құру мақсатында 14 жаңа нормативтік құқықтық акті, оның ішінде қаулылар мен бұйрықтарды шығарды.
​​📁 Три ключевых Закона приняты в сфере защиты прав детей по итогам 2024 года

✔️ 2024 год стал важным этапом в сфере защиты прав детей в Казахстане. В этом году были приняты три ключевых закона, которые сыграют важную роль в улучшении условий для подрастающего поколения, особенно в сфере социальной поддержки и безопасности детей.

🔹 В феврале в Закон «О правах ребенка» были внесены изменения, касающиеся внедрения института наставничества для детей-сирот. Теперь дети, оставшиеся без попечения родителей, могут рассчитывать на индивидуальную поддержку наставников. Этот проект уже активно реализуется: на сегодняшний день более 330 наставников работают в 17 городах страны, помогая детям лучше адаптироваться в обществе и подготовиться к самостоятельной жизни.

🔺 В апреле был подписан закон, направленный на обеспечение прав женщин и безопасность детей, который вступил в силу в июне. Закон включает более 70 поправок, ужесточающих ответственность за насилие в отношении детей и обеспечивающих их безопасность. Среди нововведений — закрепление функции контакт-центра «111», который круглосуточно предоставляет помощь, а также создание института региональных уполномоченных по правам детей. Закон вводит административную ответственность за буллинг и запрет на высадку ребенка из автобуса, что повышает безопасность детей в общественном транспорте.

📔 В этом году в Казахстане были сделаны важные шаги по поддержке детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей. В декабре Сенат одобрил закон, который вводит новую форму семейного устройства для таких детей — профессиональную приемную семью, что улучшит условия их жизни и воспитания в стабильной среде. Также законодательно установлена штатная численность специалистов органов опеки — не менее одного на 5 тыс. детей, что повысит эффективность их работы.

🏢 Еще одной новеллой стало расширение социальной помощи: теперь дети из уязвимых семей, обучающиеся в частных школах, будут получать необходимые школьные принадлежности и товары наравне с учениками государственных школ.

«Этот год стал годом значительных перемен для системы защиты прав детей в Казахстане. Принятые законы не только обеспечивают безопасность детей, но и создают условия для их полноценного развития, включая поддержку детей-сирот, детей из уязвимых семей и школьников, оказавшихся в трудных жизненных ситуациях. Мы уверены, что эти шаги помогут построить общество, в котором каждому ребенку будет обеспечено светлое будущее», — подчеркнула председатель Комитета по охране прав детей Министерства просвещения РК Насымжан Оспанова.


❗️ Стоит отметить, что помимо принятых законов, в этом году Комитет также утвердил 14 новых нормативных правовых актов, включая постановления и приказы, направленных на усиление защиты прав детей и создание дополнительных механизмов поддержки подрастающего поколения.
🎄Ертегі кейіпкерлері, Өмір ағашы және Феникс құсы: 100-ден астам бала ҚР Президентінің атынан өткен Республикалық жаңа жылдық шыршаға қатысты

🔴 Елордада ҚР Президентінің атынан «Жаңа жыл республика төрінде» атты Республикалық Жаңа жылдық шырша өтті. Бұл мерекелік шараға еліміздің барлық өңірінен оқуда, спортта, шығармашылықта және қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен 100-ден астам бала қатысты.

🔔 Шараға қатысушылардың арасында 10 жастағы Әли Кудияров та бар. Ол — Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Күлкөл ауылының Қ.Хадесов атындағы орта мектептің оқушысы. Бұл шараға арнап оның анасы «Өмір ағашы» костюмін арнайы тігіп берген. Бас киімі бұтақтардан, жапырақтардан, моншақтардан және көбелектерден жасалған тәжге ұқсайды. Ағаштың діңі ретінде жалғасқан костюмінің алдыңғы жағында жеті атасынан тараған өз әулетінің шежіресі жазылған.

«Мен ертегілер әлемінде жүргендей сезімдемін! Барлығы өте әдемі, ал анам тіккен киімім бұл күнді мен үшін одан әрі ерекше етті. Осы ғажайып күн үшін алғысымды білдіремін!» — дейді өз әсерімен бөліскен Әли.


🍭 Тағы бір ерекше көзге түскен костюм иесі — Ақтөбе қаласындағы №8 орта мектептің 7-сынып оқушысы Жасна Орақбай болды. Оның костюмін ұстаздары өз қолымен тігіп берген.

🧶 Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушісі ақмолалық Дарья Дячишина Президентке жаңажылдық шыршаға шақырғаны үшін алғысын білдірді. Ол киокушинкай каратэмен шұғылданады және оның жетістіктері көп.

«Бүгінгі Жаңа жылдық шыршаға қатысу — менің өмірімдегі ұмытылмас оқиға. Мен көптеген сыйлықтар алдым, керемет шоу көріп, басқа өңірлерден келген балалармен таныстым. Президентке осы таңғажайып мереке үшін рахмет айтамын!» — дейді Дарья.


❄️ Сондай-ақ 12 жастағы Адема Скачкованың «Феникс құсы» кейпіндегі киімі ерекше талғаммен жасалған. Ол костюмін ұстаздарымен бірге өзі тіккен. Адема — вокалмен айналысады және ол облыстық вокалдық байқаулардың жеңімпазы.

✉️Мерекелік шарада әр балаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтау хаты табыс етілді.

«Айналайын балақай! Сені Жаңа жыл мейрамымен құттықтаймын! Осы жарқын мереке өзінді шаттыққа бөлесін! Әрдайым жаңашылдыққа, жасампаздыққа ұмтыл! Білімпаз, озат әрі зерек болып, жақындарыңды қуанта бер! Арманың асқақ, қиялың ұшқыр болсын! Саған зор денсаулық, баянды бақыт тілеймін!», — делінген құттықтауда.


⚡️ Еліміздің бас ұстазы Ғани Бейсембаев мектеп оқушыларымен бірге шырша шамын жақты.

«Бүгін әсем елордамызға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 100-ден астам бала жиналды. Бұл күндері сіздер қаланың көрікті жерлерін аралап, еліміздің жетекші оқу орындарында болдыңыздар. 2024 жыл расында, Сіздер үшін жетістіктер мен жақсы жаңалықтарға толы жыл болды. Сіздердің араларыңызда білімімен үздік атанғандар, жарыстар мен байқауларда оза шапқандар да бар, сондай-ақ сіздер биылғы жылы жетістіктермен бірге жаңа достар таптыңыздар. Әрқайсыларыңыздың жетістіктеріңіз — еліміздің болашағына қосылған маңызды үлес деп білемін. Мемлекет сіздердің бақытты балалық шақтарыңыз бен жарқын болашақтарыңыз үшін барлық жағдайды жасауда. Ал сіздердің міндеттеріңіз — осы мүмкіндіктерді пайдаланып, жақсы оқу және жан-жақты даму, осылайша еліміздің адал да жауапты азаматы болып өсу», — деді балаларды құттықтаған Ғани Бейсембаев.


🛷Елорданың үздік шығармашылық ұжымдарының әртістері мен қойылымдар балаларға мерекелік атмосфера сыйлады. Қазақстанның танымал әртістері көңілді ән шырқап, балалар шыршаны айнала биледі.

🎄 Айта кету керек, бұл күндері балаларға елорданың көрікті жерлеріне, оның ішінде балалар театрға, кинотеатрға және мұражайларға экскурсия ұйымдастырылды.

🎁 Шара соңында әр балаға Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жаңа жылдық сыйлық табыс етілді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎄Сказочные персонажи, древо жизни и птица феникс: более 100 детей приняли участие в Республиканской новогодней ёлке от имени Президента

🔴В столице прошла Республиканская новогодняя ёлка от имени Президента РК «Жаңа жыл республика төрінде». В праздничном мероприятии приняли участие более 100 детей со всех регионов страны, добившиеся успеха в учебе, спорте, творчестве и общественной жизни.

🔔Среди участников мероприятия десятилетний Али Кудьяров. Ученик средней школы имени К.Хадесова села Кульколь Акжарского района Северо-Казахстанской области. Специально для этого мероприятия его мама специально сшила костюм «Древо жизни». Головной убор был украшен короной, ветвями, листьями, бисером и бабочками. В передней части костюма расположено «Шежире» — символическое изображение семи поколений.

«Ощущение, будто я оказался в сказке! Все вокруг так красиво, а мой наряд, который сшила мама, делает этот день для меня ещё более особенным. Спасибо за этот удивительный праздник!», — поделился своими впечатлениями Али.


🍭Ещё один наряд, привлекший внимание участников, — это костюм ученицы 7-го класса Жасны Оракбай из средней школы №8 города Актобе. Он был создан вручную педагогами школы, которые приложили все усилия, чтобы сделать образ уникальным и праздничным.

🧶Воспитанница Центра поддержки детей, нуждающихся в специальных социальных услугах, Дарья Дячишина из Акмолинской области поблагодарила Президента за приглашение. Девочка активно занимается киокушинкай каратэ и гордится своими успехами.

«Участие в новогодней ёлке — это незабываемое событие в моей жизни. Я получила множество подарков, увидела потрясающее шоу и познакомилась с ребятами из других регионов. Спасибо Президенту за этот волшебный праздник, который подарил мне море эмоций и вдохновения», — сказала Дарья.


❄️ Отдельного внимания заслуживает костюм 12-летней Адемы Скачковой из Саумалкольской школы №2 Северо-Казахстанской области под названием «Птица Феникс». Свой наряд девочка сшила вместе с педагогами-наставниками. Она занимается вокалом и является победительницей областных вокальных конкурсов.

✉️ Каждому приглашенному ребенку были вручены поздравительные открытки от имени Главы государства Касым-Жомарта Токаева.

«Юный друг! Поздравляю тебя с Новым годом! Пусть этот праздник принесет тебе радостные моменты и яркие впечатления! Хорошо учись, развивайся и стремись к новому! Будь умным, успешным, радуй своих близких! Пусть сбудутся твои самые заветные мечты! Желаю тебе крепкого здоровья и долгого счастья!», — говорится в поздравлении.


⚡️Вместе со школьниками огни на ёлке зажёг главный педагог страны Гани Бейсембаев.

«Сегодня более 100 детей со всех уголков страны собрались в самом красивом городе — столице Астане. За эти несколько дней вы успели посетить главные достопримечательности и познакомиться с лучшими учебными заведениями. 2024 год стал для вас годом достижений и открытий. Кто-то из вас стал отличником учебы, кто-то одержал победу в соревнованиях или конкурсах, а кто-то приобрел новых друзей. Ваши успехи — это важный вклад в будущее нашей страны. Государство прилагает все усилия, чтобы ваше детство было счастливым. Теперь ваша цель — целеустремленно учиться, развивать свои таланты и становиться ответственными гражданами своей страны», — обратился министр.


🛷Праздничную атмосферу детям создали артисты лучших творческих коллективов столицы. Неотъемлемой частью представления стали театрализованное представление и хоровод под песни известных казахстанских артистов.

🎄Кроме того, для детей была организована экскурсия по столице с посещением достопримечательностей, театров, кинотеатров и музеев.

🎁В завершение мероприятия детям были вручены новогодние подарки от имени Президента Республики Казахстан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Білім басқармасында Қостанай облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қайрат Жандилдинұлы Сюндиков ұжыммен кездесу өткізді.

Кездесуде мемлекеттік қызметшінің этикасы және Әдеп кодексінің қағидаттарын сақтау мәселелері талқыланды.

Қайрат Жандилдинұлы басқарма қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасымен таныстырды.

Сондай-ақ, лудомания, мемлекеттік меншікті ұтымды пайдалану, жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан тыс жұмысты орындау үшін еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес тиісті рәсімдеу қажеттілігі, киімнің іскерлік стилін сақтау тақырыптары да көтерілді.
В управлении образования прошла встреча коллектива с уполномоченным по этике аппарата акима Костанайской области Сюндиковым Кайратом Жандильдиновичем.

На встрече обсуждались вопросы соблюдения этики государственного служащего и принципов этического кодекса.

Кайрат Жандильдинович ознакомил сотрудников управления с концепцией развития государственной службы Республики Казахстан на 2024 - 2029 годы.

Также поднимались темы лудомании, рационального использования государственной собственности, необходимости надлежащего оформления в соответствии с требованиями трудового законодательства для выполнения работы сверх установленной продолжительности рабочего времени, соблюдения делового стиля одежды.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎄Ертегі кейіпкерлері, Өмір ағашы және Феникс құсы: 100-ден астам бала ҚР Президентінің атынан өткен Республикалық жаңа жылдық шыршаға қатысты

🎁 🎁 🎁

🎄Сказочные персонажи, древо жизни и птица феникс: более 100 детей приняли участие в Республиканской новогодней ёлке от имени Президента
Оқытудағы заманауи трендтер

2024 жылдың 25 желтоқсанында Қостанай гуманитарлық колледжінде жалпы білім беретін пәндер оқытушыларына арналған облыстық семинар өтті. Іс-шараға Қостанай облысының 29 колледжінен 40-қа жуық педагог қатысты.

Қатысушылар оқытудағы заманауи тәсілдер мен технологияларды талқылады: оқу сауаттылығын арттыру үшін жасанды интеллектті пайдалану, тарих сабақтарында цифрлық технологиялар, оқытудағы Сингапур әдістемесі, GIS-технологияларды оқу процесіне кіріктіру, студенттердің эмоционалды интеллектісін дамыту, бірлесіп оқыту үшін бұлтты технологиялар.

Семинар тәжірибе алмасу және оқу-тәрбие ортасы үшін жаңа шешімдер табу үшін маңызды алаңға айналды. Семинарға қатысушылар біртұтас тұлғаны тәрбиелеу үшін "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын интеграциялаудың маңыздылығын атап өтті.
Қостанай гуманитарлық колледжіне қонақжайлылық, тамаша ұйымдастыру және іс-шараны өткізуге қолдау көрсеткені үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз!