Қостанай облысы білім басқармасы
1.12K subscribers
15.9K photos
3.36K videos
12 files
4.82K links
Download Telegram
Құрметті ата-аналар!
❄️Жаңа жыл мерекелері мен қысқы демалыстар қарсаңында жарақаттануды болдырмау үшін білім бөлімі мұз үстінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді (қысқы сырғанақтарға, мұз айдындарына және т.б. барған кезде).

Уважаемые родители!
❄️ В преддверии новогодних праздников и зимних каникул, во избежание травматизма отдел образования напоминает о необходимости соблюдения правил техники безопасности на льду (при посещении зимних горок, катков и т.д.)
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📅 КҮН САНЫ

🎒Бүгінде Қазақстанда 21 387 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар, олардың 17 660-ы отбасыларда тәрбиеленуде.

🔹 Еліміздегі жетім балалардың 82%-ы қазақстандық отбасылардың қамқорлығында. Биыл 3 мыңнан астам бала отбасы тәрбиесіне берілді.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📅 ЦИФРА ДНЯ

🎒 Сегодня в Казахстане проживает 21 387 детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, из которых 17 660 воспитываются в семьях.

🔹 82% детей-сирот в стране уже обеспечены заботой казахстанских семей. В этом году более 3 тысяч детей обрели семьи.
​​🇰🇿 ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылдың қорытындысы бойынша жетістіктері

💰 Елімізде 90-ға жуық педагогке 3,6 млн теңгеден мемлекеттік сыйақы төленді

✍🏻 Мемлекет басшысының бастамасымен педагогтерді қолдау мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының біріне айналды. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша білім саласындағы жетістіктері үшін 89 педагогке мемлекеттік сыйақы тағайындалып, әрқайсысына 1000 АЕК көлемінде (3 692 000 теңге) жалпы сомасы 328 588 000 теңге біржолғы сыйақы төленді.

⚡️ Оның ішінде «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының иегерлері - Алматы қаласындағы №4 арнайы мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі Гүлжанар Нұрпейісова және Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі Эльмира Траисова бар. Ең жоғары дәрежелi мемлекеттік награданың бірден екі педагогке берілуі – тарихи оқиға және педагогтер қауымына көрсетілген үлкен құрметтің белгісі.

👩🏻‍🏫 Нұрпейісова Гүлжанар Молдакерімқызы математика пәнінен 40 жылдан аса дәріс беріп келеді. Оның сабақ берудегі әдіс-тәсілін, көру қабілеті бұзылған балаларға бейімдеп жазған оқулықтарын, шәкірттерінің 100 пайыз білім көрсеткішіне қол жеткізіп жүргендігін айтпағанда, бар педагогикалық ғұмырын арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арнауға бел шешкендігі де шәкірт жүрегіне жол тапқан нағыз шынайы ұстаз екенін байқатады.

👩🏻‍🏫 Ал филологиялық білім берудегі жетістіктері мен жас мұғалімдерді ұстаздыққа баулыған тәлімгерлігі көпке үлгі-өнеге боларлық Орал қаласындағы №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі Траисова Эльмара Асқарқызы - еліміздің батыс өңіріндегі алғашқы жұлдызды ұстаз.
Сонымен қатар қайта қалпына келтірілген «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын биылғы жылы Мемлекет басшысының қолынан 23 педагог алды.

🏆 Дәстүрлі республикалық «Үздік педагог» байқауының қорытындысы бойынша 64 педагог жеңімпаз болды.
Бұл шаралар педагогтердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау, олардың маңдай тер адал еңбегін әділетті бағалау бағытында «Педагог мәртебесі туралы» Заңы аясында жүзеге асырылуда.

📌 Айта кету керек, соңғы жылдары мұғалімдердің, сондай-ақ балабақша тәрбиешілерінің, колледждерге кәсіпорындардан тартылатын мамандардың еңбекақылары айтарлықтай өсті. Мұғалімдерге академиялық дәрежесіне сәйкес үстемақы төлеу жолға қойылды. Одан басқа халықаралық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған мұғалімдерге де қаржылай сыйақы төлеу дәстүрлі үрдіске айналды.

#ОМжылқорытындысы
​​🇰🇿 Достижения Министерства просвещения РК по итогам 2024 года

💰 Почти 90 педагогов страны получили государственные премии по 3,6 млн тенге

✍🏻 По инициативе Главы Государства в Казахстане поддержка педагогов стала одной из приоритетных задач государственной политики. По итогам текущего года за значительные достижения в области образования 89 педагогам назначены разовые государственные премии. Каждому из них была выплачена сумма в размере 1000 АЕК (3 692 000 тенге), общая сумма госпремий составила 328 588 000 тенге.

👩🏻‍🏫 Среди них обладатели звания «Қазақстанның Еңбек Ері»: Гульжанар Нурпеисова - учитель математики специализированной школы-интерната №4 города Алматы и Эльмира Траисова - учитель гимназии №34 имени А.Тайманова города Уральск Западно-Казахстанской области. Отметим, что присуждение высшей государственной награды сразу двум педагогам стало историческим событием и важным свидетельством проявления глубокого уважения к педагогическому сообществу.

👩🏻‍🏫 Нурпеисова Гульжанар Молдакеримовна учитель математики с 40-летним стажем. Помимо уникальной методики преподавания и разработанных учебников для детей с нарушением зрения, свою педагогическую деятельность она посвятила детям, нуждающимся в специальном образовании.
Траисова Эльмара Аскаровна также посвятила всю свою жизнь педагогике. Ее значительные достижения в филологическом образовании и наставничество молодых учителей вдохновляют многих педагогов региона. И сегодня она стала первым учителем-героем в западном регионе страны.

🏆 Кроме того, Глава государства присвоил почетное звание «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» 23 педагогам за выдающиеся достижения в сфере образования.
Также победителями конкурса «Лучший педагог» стали 64 учителя. Традиционно победители получили нагрудный знак «Лучший педагог» и денежное вознаграждение в размере 1000 МРП. Все эти меры реализуются в рамках Закона «О статусе педагога» и направлены на защиту законных прав и интересов учителей, а также на справедливую оценку их труда.

📌 Следует отметить, что в последние годы значительно увеличились заработные платы учителей, воспитателей детских садов, а также специалистов, привлекаемых в колледжи из предприятий. Введены надбавки в зависимости от академической степени педагогов. Стал традиционным и процесс выплаты денежных премий учителям, подготовившим победителей и призеров международных олимпиад.

#итогигодаМП
ҚР Президентінің атынан Жаңа жылдық шыршаға Қостанай облысының 200 оқушысы қатысты

Жаңа жыл – барлық жастағы адамдарды біріктіретін ертегілер мен ғажайыптар мерекесі. Бүгін ҚР Президентінің атынан Жаңа жылдық шыршаға Қостанай облысының барлық өңірлерінен 200 оқушы жиналды.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов балаларды келе жатқан мерекемен құттықтай отырып: «Мемлекет қолдауының арқасында біз сіздердің таланттарыңызды ашып, жетістікке жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасап келеміз. Сіздердің әрқайсыларыңыз еліміздің лайықты азаматы болып өсіп, өз Отаныңызды мақтан етеді деп сенемін. Жаңа білімге ұмтылыңыздар, бір-біріңізді қолдап, әрқашан адал және әділ болыңыздар», - деді.

Мемлекет басшысының атынан 9 жастан 13 жасқа дейінгі дарынды балалар, жетім балалар және ата–анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар қатарындағы оқушыларға Қазақстан Республикасы Президентінің атынан құттықтау хат, ұялы телефондар және «Легенды волшебной страны» кітабы мен сүйікті тәтті сыйлықтар табысталды.

Балалар үшін облыстың үздік шығармашылық ұжымдары өнер көрсетіп, жарқын концерттік бағдарлама мен интерактивті ойындар өткізілді. Оқушылар ғажайып жаңа жылдық ертегінің қонағы болды, пираттар мен роботтармен кездесіп, Алдар Көсемен және халық ертегілерінің кейіпкерлерімен танысқандарына мәз-мейрам болды, ақкөңіл және адал болу, достарына көмек көрсету қаншалықты маңызды екеніне көз жеткізді.

Қостанай ауданының №1 Заречный жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Нұрсұлтан Салемиұлы өз қуанышын былай білдірді: «Мен Президент шыршасына қатысқаныма өте қуаныштымын! Осы сәтті асыға күттім! Бұл жыл мен үшін сәттілікке толы болды, үздік оқып келемін, биыл бірнеше конкурстар мен пән олимпиадаларының жүлдегері атандым, Қазақ күресінен облыстық турнирде жеңімпаз болдым! Біз туған еліміздің патриотымыз! Әрқайсының жаңа жылдық тілегі орындалсын деп тілеймін!»

Сарыкөл ауданының Урицкий мектеп-лицейінің 3 сынып оқушысы Ксения Чиханцова да өз әсерімен қуана бөлісті: «Бүгін осы жерде болу мен үшін үлкен қуаныш және керемет жаңа жылдық сыйлық! Мен робототехника және бағдарламалаумен айналысамын, шахмет ойнағанды және математикалық тапсырмаларды шығарғанды ұнатамын, бірнеше рет ғылыми сайыстардың жеңімпазы атандым! Елім мені мақтан етсе деймін, ал өзім жақсы оқуға уәде беремін! Баршаңызды Жаңа жылмен құттықтаймын және армандарыңыздың орындалуын тілеймін!»

Жақсы дәстүр бойынша мереке шыршаны айналған ән мен бимен жалғасты.
200 школьников Костанайской области стали участниками Новогодней елки от имени Президента РК
Новый год - праздник, который объединяет всех от мала до велика и дарит атмосферу сказки и волшебства. Сегодня у Новогодней елки от имени Президента РК собрались 200 школьников из всех регионов Костанайской области.

Поздравляя ребят с наступающим праздником, аким области Кумар Аксакалов отметил: «При поддержке государства мы делаем все возможное, чтобы вы могли раскрыть свои таланты и добиться успеха. Уверен, каждый из вас вырастет достойным гражданином и будет гордиться своей Родиной. Стремитесь к новым знаниям, учитесь поддерживать друг друга, всегда оставайтесь честными и справедливыми».

От имени Главы государства учащиеся в возрасте от 9 до 13 лет из числа одаренных детей, детей–сирот и оставшихся без попечения родителей, детей из малообеспеченных и многодетных семей получили подарочные наборы, куда вошли поздравительная открытка от имени Президента Республики Казахстан, сотовые телефоны и книга «Легенды волшебной страны» и любимый всеми детьми сладкий подарок.

Для ребят выступали лучшие творческие коллективы области, прошла яркая концертная программа и интерактивные конкурсы. Школьники побывали в гостях у волшебной новогодней сказки, повстречались с пиратами и роботами, познакомились с Алдаром Косе и героями народных сказок, увидели, как важно быть добрыми и верными, всегда помогать друзьям.

Четвероклассник Заречной ОШ №1 Костанайского района Нұрсұлтан Салемиұлы искренне счастлив: «Для меня большая радость участвовать в новогодней елке! Я с нетерпением ждал этого момента. Этот год для меня прошел успешно, я отлично учусь и стал призером нескольких конкурсов и предметных олимпиад, победил в областном турнире по "Қазақ күресі". Мы будем стремиться стать лучшими для нашей Родины! Пусть у каждого сбудется его новогодняя мечта!»

Ученицу 3 класса Урицкой школы-лицея Сарыкольского района Ксению Чиханцову тоже переполняют впечатления: «Это большая радость и удивительный подарок к Новому году – быть здесь сегодня! Я увлекаюсь робототехникой и программированием, люблю играть в шахматы и решать математические задачи, много раз побеждала в научных состязаниях. Хочу, чтобы наша страна мною гордилась и обещаю хорошо учиться! Желаю всем в Новом году исполнения самых заветных желаний! Ведь Новый год — это волшебство!»

По доброй традиции завершал праздник дружный хоровод.
​​🇰🇿 Жеңіс тұғырында: қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалар мен конкурстарда 563 медаль жеңіп алды

🧑🏻‍💻 Биылғы жылдың қорытындысы бойынша 1816 оқушы 35 халықаралық олимпиада мен конкурстарға қатысып, 563 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 77 медаль – алтын, 201 медаль – күміс, 285 медаль – қола.

🌐 Қазақстандық оқушылар Сингапур, Қытай, Грекия және АҚШ-та өткен робототехника бойынша халықаралық чемпионаттарда жоғары нәтижелерге қол жеткізді, Балқан түбегінің ең үздік жас математиктер үштігіне енді. Сонымен қатар Қазақстанның құрама командалары әлемдегі ең беделді 7 халықаралық олимпиадаға (IMO, IPhO, IBO, IOL, IСhO, IGeO, IOI) қатысып, 26 медаль иеленді: 2 алтын, 12 күміс және 12 қола.

✍🏻 Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша, 2022 жылдан бастап жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне және олардың тәлімгер-педагогтеріне біржолғы сыйақы төленіп келеді.

🥇 Химия пәні бойынша ең беделді Халықаралық олимпиадада (IChO) және робототехникадан «First Global Challenge» әлем чемпионатында қазақстандық оқушылар 190 елдің арасынан оза шауып, екі олимпиадада да үш мәрте әлем чемпионы атанды.

💰 Биыл 26 оқушыға жалпы көлемі 77,5 млн теңге, ал оларды дайындаған 24 мұғалімге 6,4 млн теңге сыйақы төленді.
Алтын медаль иегерлері 1500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), күміс медаль иегерлері 1000 АЕК, қола медаль иегерлері 500 АЕК мөлшерінде сыйақы алады.

❗️Алтын медаль мен I дәрежелі диплом иегерін дайындаған педагогке – базалық лауазымдық жалақының 26,5 еселенген мөлшері, күміс медаль мен II дәрежелі диплом иегерін дайындаған педагогке – базалық лауазымдық жалақының 17,5 еселенген мөлшері, қола медаль мен III дәрежелі диплом иегерін дайындаған педагогке – базалық лауазымдық жалақының 8,5 еселенген мөлшері төленеді.
​​🇰🇿 Пьедестал победы: казахстанские школьники завоевали 563 медали на международных олимпиадах и соревнованиях

🧑🏻‍💻 В 2024 году 1816 казахстанских школьников приняли участие в 35 международных олимпиадах и конкурсах, завоевав 563 медали. Среди них 77 золотых, 201 серебряная и 285 бронзовых. Наши школьники продемонстрировали высокие результаты на международных чемпионатах по робототехнике в Сингапуре, Китае, Греции и США, а также вошли в число лучших математиков Балканского полуострова.

🌐 На самой престижной Международной олимпиаде по химии IChO и мировом чемпионате по робототехнике «First Global Challenge» казахстанские школьники обогнали представителей 190 стран, став трехкратными чемпионами мира на двух олимпиадах. Кроме того, сборные команды Казахстана приняли участие в 7 самых престижных международных олимпиадах (IMO, IPhO, IBO, IOL, IChO, IGeO, IOI), по итогам которых были завоеваны 26 медалей: 2 золотых, 12 серебряных и 12 бронзовых.

✍🏻 С 2022 года, по поручению Президента Республики Казахстан, победителям и призерам международных олимпиад по общеобразовательным предметам, а также их педагогам предусмотрено единовременное вознаграждение.

💰 В 2024 году на эти цели было выделено 77,5 млн тенге для 26 школьников, а также 6,4 млн тенге для 24 педагогов. Школьники, завоевавшие золотую медаль, получают денежное вознаграждение в размере 1500 месячных расчетных показателей (МРП), серебряные медалисты — 1000 МРП, бронзовые — 500 МРП.

❗️ Педагогам, подготовившим победителей, выплачивается вознаграждение в зависимости от уровня медали: 26,5-кратный размер базового должностного оклада — за золотую медаль, 17,5-кратный — за серебряную, и 8,5-кратный — за бронзовую.