Қостанай облысы білім басқармасы
1.13K subscribers
15.9K photos
3.36K videos
12 files
4.82K links
Download Telegram
Қостанай облысының олимпиадалық құрама командасы Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша жалпы командалық 3 орынға ие болды

Астанада қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 7 пән бойынша республиканың ауыл мектептерінде оқитын 9-11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың төртінші кезеңі аяқталды.
Олимпиада 10-14 желтоқсан аралығында дәстүрлі форматта екі турда өтті.

Бастапқы кезеңінде олимпиадаға Қостанай облысының ауыл мектептерінің 2700-ден астам оқушысы қатысты, облыстық (іріктеу) кезеңінде - 415 оқушы, оның нәтижесі бойынша олимпиаданың қорытынды кезеңінде біздің облыстың атынан қатысатын оқушылар іріктелді.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысқан 22 қатысушының 9-ы Әулиекөл ауданынан, 5-еуі Қостанай ауданынан, Амангелді, Меңдіқара аудандарынан – 2 оқушыдан, Алтынсарин, Қарабалық, Сарыкөл Федоров аудандарынан – 1 оқушыдан.
12 қатысушы олимпиада жүлдегерлері атанды, оның ішінде 1 бірінші, 4 екінші және 7 үшінші орын, тағы 3 оқушы ерекше жетістіктері үшін грамоталармен марапатталды.

Қостанай облысының олимпиадалық құрама командасы Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша жалпы командалық 3 орынға ие болды.

Республикалық деңгейде жоғары нәтиже көрсетулеріңізбен құттықтаймыз!
Олимпийская сборная Костанайской области по итогам Республиканской олимпиады по общеобразовательным предметам для учащихся сельских школ заняла 3 общекомандное место по предметам общественно-гуманитарного направления

В Астане завершился четвертый этап республиканской олимпиады по общеобразовательным предметам для учащихся 9-11(12) классов, обучающихся в сельских школах республики, по 7 предметам общественно-гуманитарного направления.
Олимпиада прошла с 10 по 14 декабря в традиционном формате в два тура.

В стартовом этапе олимпиаде приняли участие более 2700 учащихся сельских школ Костанайской области, в областном (отборочном) - 415 учащихся, по итогам которого были отобраны учащиеся, представившие нашу область на заключительном этапе олимпиады.

Из 22 участников, принявших участие в заключительном этапе олимпиады по предметам общественно-гуманитарного направления, 9 – из Аулиекольского района, 5 - из Костанайского района, по 2 учащихся - из Амангельдинского и Мендыкаринского районов, по 1 участнику – из района Алтынсаринского, Карабалыкского, Сарыкольского, Федоровского районов.

Призерами олимпиады стали 12 участников, из которых 1 первое, 4 вторых и 7 третье место, еще 3 учащихся награждены грамотами за особые достижения.

Олимпийская сборная команда Костанайской области по итогам Республиканской олимпиады по общеобразовательным предметам для учащихся сельских школ заняла 3 общекомандное место по предметам общественно-гуманитарного направления.

Поздравляем с успешным выступлением на республиканском уровне!
🔊 Ғылыми-педагогикалық сараптама саласындағы сарапшылар базасына үміткерлерді қабылдау басталды
❗️Республикалық ғылыми-тәжірибелік білім мазмұнын сараптау орталығы 17-30 желтоқсан аралығында оқу бағдарламалары, оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендерді сараптау үшін мамандарды іріктеу конкурсын жариялайды. Қатысуға педагог-зерттеуші немесе одан жоғары біліктілігі бар кандидаттар шақырылады.
Мақсаты — білім беру саласында оқу материалдарының сапасын бағалау және талдау үшін кәсіби мамандарды тарту.
🔹 Сарапшылар базасына қабылдану үшін қажетті іс-шаралар:
E-EXPERT.GOV.KZ порталы арқылы қажетті құжаттар мен өтінішті тапсыру;
• Тестілеу — кәсіби құзыреттерді тексеру кезеңдері;
• Сұхбат — кәсіби тәжірибені, мотивациямен білім беру процесін түсінуді анықтау үшін жеке әңгімелесу;
• Эссе жазу — ойды нақты әрі дәйекті түрде білдіру және өз пікірін дұрыс дәлелдеу дағдыларын көрсету.
📁 Барлық кезеңдерден сәтті өткен үміткерлер оқудан өтеді. Курстардың ұзақтығы 360 сағатты құрайды. Бағдарлама оқу материалдарының сапасын бағалауға қатысты құзыреттерді дамытуға бағытталған. Оқу барысында үміткерлер сараптамалық шешім әзірлеу бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгереді.
📌 Оқуды аяқтағаннан кейін қатысушылар 5 жыл мерзімге жарамды сертификат алады. Сондай-ақ, қатысушылар білім беру материалдарын сараптауға әрі бағалауға белсене қатысып, кәсіби біліктілігін арттырады және мансаптық мүмкіндіктерін кеңейтеді.
🔗 Өтінім беру үшін E-EXPERT.GOV.KZ сайтынан толық мәлімет алуға болады.
🔊 Стартовал набор кандидатов в базу экспертов для научно-педагогической экспертизы
❗️ Республиканский научно-практический центр экспертизы содержания образования с 17 по 30 декабря открывает конкурсный отбор специалистов для проведения экспертизы учебных программ, учебников и учебно-методических комплексов. К участию приглашаются кандидаты с квалификации не ниже педагога-исследователя.
Цель — привлечение профессионалов в сфере образования для оценки и анализа качества образовательных материалов.
🔹 Для зачисления в базу экспертов необходимо:
• подать необходимые документы и заявление через портал E-EXPERT.GOV.KZ;
• тестирование — этапы проверки профессиональных компетенций;
• собеседование — личное интервью для выявления профессионального опыта, мотивации и понимания образовательных процессов;
• написание эссе — демонстрация умения ясно выражать мысли и аргументировать свою позицию.
📁 Успешно прошедшие все этапы кандидаты пройдут обучение. Курсы продлятся 360 часов. Программа направлена на развитие компетенций в оценке качества учебных материалов. В рамках обучения кандидаты получают теоретические знания и практические навыки в составлении экспертного решения.
📌 После обучения участники получают сертификат сроком на 5 лет и возможность активно участвовать в экспертизе и оценке образовательных материалов, повышая профессиональную квалификацию и расширяя карьерные перспективы.
🔗 Желающие подать заявку могут ознакомиться с деталями на сайте E-EXPERT.GOV.KZ
🇰🇿 Елімізде Тәуелсіздік күнінде жаңа білім беру нысандары ашылды

📍Астана қаласында және Түркістан, Қостанай, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында балабақшалар, мектептер мен балаларға арналған шығармашылық орталықтары ашылды.

🏢 Түркістан облысының екі бірдей ауылында - Еңбек Дихан мен Манкентте жаңа мектептер есігін айқара ашты. Олардың бірі Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған. Бұл мектеп 600 оқушыға арналған және заманауи қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Айта кетейік, бұл Түркістан облысындағы екінші «Жайлы мектеп» болып табылады.

💡 Ал елордада екі ауысымда 4 мың оқушыға арналған 11-ші «Жайлы мектеп» ашылды. Бұл мектеп Үркер тұрғын алабында орналасқан, ол оқушы орны тапшылығын шешуге септігін тигізеді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2026 жылға дейін Астанада 24 мектеп салынады деп жоспарланып отыр.

🏐 Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында 400 оқушыға арналған жаңа мектеп пайдалануға берілді. Мектепте балалар шығармашылығын дамыту мен демалуға арналған кеңістіктер, сондай-ақ жеке шкафтар қарастырылған. Сонымен қатар спорт және акт залдары, кітапхана, асхана, шеберхана және 36 пәндік кабинет бар.

🔔 Қостанай облысының Қостанай және Арқалық қалаларында екі жаңа мемлекеттік балабақша ашылды. Бұл мектепке дейінгі ұйымдар барлық заманауи стандарттарға сай. Олар жатын бөлмелерімен, ойын бөлмелерімен, хореографиялық, гимнастикалық, музыкалық және спорт залдарымен, педагог-психолог, логопед, медициналық, қосымша білім беру кабинеттерімен қамтылған. Айта кету керек, осы жылдың басынан бері елімізде 560-тан астам мектепке дейінгі ұйым ашылды.

👥 Еліміздің төрт өңірінде қосымша білім беру нысандары ашылды. Мысалы, Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Бадамша ауылында өнер мектебі ашылды. Онда 550-ге жуық бала білім алуда.

📚 Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында екі қосымша білім беру ұйымы – оқушылар сарайы мен өнер мектебі ашылды. Бұл мекемелерде 19 қосымша білім беру бағыты бойынша 250-ден астам бала білім алады.

📣 Сондай-ақ бүгін ғана Павлодар облысының Екібастұз қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған «Самғау» балалардың замануи шығармашылық үйі ашылды. Ол «Балаларға қосымша білім беру жүйесінің жаңа үлгісі» ғылыми-техникалық бағдарламалары аясында 12 бағыт бойынша балаларды оқытуға арналған жоғары технологиялармен жабдықталған. Орталық күніне 3000-ға дейін баланы қабылдайды. Оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар да бар.

2024-2025 оқу жылының басынан бері елімізде барлығы 500-ден астам жаңа білім беру ұйымдары ашылды.