Қостанай облысы білім басқармасы
1.12K subscribers
15.9K photos
3.36K videos
12 files
4.82K links
Download Telegram
Құрметті ұстаздар!
14 желтоқсан күні сағат 21:30-да «Qazaqstan» телеарнасында Оқу-ағарту, Мәдениет және Ақпарат министрліктерінің қолдауымен «Ұстаз» көркем фильмінің премьерасы болады.
Сондай-ақ, «Ұстаз» фильмін «Qazaqstan» телеарнасының телеграм арнасынан тікелей эфирде көрсе аласыздар.
Ол үшін Ұлттық арнаның телеграм арнасына жазылыңыздар⤵️
t.me/qazaqstantv

Уважаемые педагоги!
14 декабря в 21:30 на телеканале «Qazaqstan» при поддержке министерств Просвещения, культуры и информации состоится премьера художественного фильма «Ұстаз»
Также фильм покажут в прямом эфире на телеграм канала телеканала «Qazaqstan».
Подпишитесь на телеграм канал Национального телеканала «Qazaqstan»
t.me/qazaqstantv
Құрметті педагогтер мен ата-аналар! Қымбатты балалар!

Егемен еліміздің ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Білім беру саласын дамыту еліміздің болашақ жетістіктерінің маңызды негіздерінің бірі.
Сондықтан да біздің басты міндетіміз – нағыз патриот, жүрегінде иманы бар, инабатты, әділ және адал, туған жерінінің тарихын біліп, Әділ Қазақстанның өркендеуіне үлес қоса білетін азамтаттарды тәрбиелеу.

Бұл болашақтың инвестициясы. Оқушылар мен студенттер өздерінің жетістіктерімен, зияткерлік, спорттық және шығармашылық жарыстарда жеңіске деген ұмтылыстарымен Қазақстанның болашағы сенімді қолда екенін тағы да растап келе жатыр.

Құрметті педагогтер мен ата-аналар! Қымбатты балалар! Еліміздің келешегін нығайту жолындағы еңбектеріңізге табыс, денсаулық, жаңа жетістіктер тілеймін! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, егемендігі баянды болсын!

Ізгі тілекпен, «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ басшысы А.Е.Ибраева
Уважаемые педагоги и родители! Дорогие ребята!

Примите поздравления с Днем Независимости Республики Казахстан!

Развитие сферы образования всегда остается в центре внимания социальной политики государства как фундамент и основа будущих достижений нашей страны.

В Костанайской области работает более 20 тысяч педагогов, для которых с каждым годом улучшаются условия труда. 5 лет назад принят специальный закон "О статусе педагога". За это время заработная плата учителей выросла в 2 раза. Продлен трудовой отпуск педагогов. Ведется большая и серьезная работа по строительству школ и улучшению материально-технической базы.

Такие системные меры направлены на всестороннее развитие школьников как настоящих патриотов Казахстана, которые будут строить будущее нашего независимого государства.

Уважаемые педагоги и родители! Дорогие ребята! Желаю вам мирного неба, здоровья, добра, благополучия и процветания нашей земле.

С наилучшими пожеланиями,
руководитель ГУ
«Управление образования
акимата Костанайской области»
Ибраева А.Е.
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар!

Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Бұл – халқымыздың азаттық туралы арманы ақиқатқа айналып, елдік дәстүрлеріміз жаңғырған күн. Осы мерейлі мерекеде бәріміз бабалар аманатына әрдайым адал болудың және ұлт болашағына зор жауапкершілікпен қараудың мән-маңызын терең түсінеміз. Себебі тәу етер Тәуелсіздігіміз – баршаға ортақ құндылық әрі барлық игілігіміздің бастауында тұрған баға жетпес байлық. Тәуелсіздігімізден биік еш нәрсе жоқ. Оны көздің қарашығындай қорғау – әр азаматтың перзенттік парызы.

Бүгінде Қазақстан халықаралық деңгейдегі абырой-беделі жоғары, стратегиялық бағдары айқын мемлекет ретінде болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді. Халқымыз бұған еселі еңбек пен ырысты ынтымақтың арқасында қол жеткізді. Біз осы берекелі бірлігімізді, қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтай отырып, қиындықтың бәрінен сүрінбей өтеміз. Тәуелсіз еліміз өркениетті, озық мемлекет ретінде дами береді.

Баршаңызға зор денсаулық, мол табыс тілеймін!
Қастерлі Отанымыз өсіп-өркендей берсін!

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Aqorda 🇰🇿
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы Құрметті отандастар! Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Бұл – халқымыздың азаттық туралы арманы ақиқатқа айналып, елдік дәстүрлеріміз жаңғырған күн. Осы мерейлі мерекеде бәріміз…
⚜️Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Независимости

Уважаемые соотечественники!

Поздравляю вас с Днем Независимости!

Этот праздник – символ возрождения нашей государственности и воплощения мечты нашего народа о свободе. В этот день мы все глубоко осознаем, насколько важно быть верными заветам предков и брать на себя ответственность за будущее нации. Независимость – наше общее бесценное достояние, лежащее в основе всех наших достижений. Независимость превыше всего. Защищать её как зеницу ока – долг каждого гражданина.

Сегодня Казахстан уверенно движется вперед, следуя четким стратегическим курсом, шаг за шагом укрепляя свой авторитет на международной арене. Все это благодаря усердному труду и солидарности нашего народа.

Убежден, сохраняя наше единство, спокойствие и стабильность в обществе, мы преодолеем все вызовы и достигнем новых высот на пути прогресса.

Желаю всем крепкого здоровья и благополучия!
Пусть процветает наша священная Родина!

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Тәуелсіздік күні құтты болсын!

🇰🇿С Днем Независимости!

🎦 t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қостанай облысының олимпиадалық құрама командасы Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша жалпы командалық 3 орынға ие болды

Астанада қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 7 пән бойынша республиканың ауыл мектептерінде оқитын 9-11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың төртінші кезеңі аяқталды.
Олимпиада 10-14 желтоқсан аралығында дәстүрлі форматта екі турда өтті.

Бастапқы кезеңінде олимпиадаға Қостанай облысының ауыл мектептерінің 2700-ден астам оқушысы қатысты, облыстық (іріктеу) кезеңінде - 415 оқушы, оның нәтижесі бойынша олимпиаданың қорытынды кезеңінде біздің облыстың атынан қатысатын оқушылар іріктелді.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысқан 22 қатысушының 9-ы Әулиекөл ауданынан, 5-еуі Қостанай ауданынан, Амангелді, Меңдіқара аудандарынан – 2 оқушыдан, Алтынсарин, Қарабалық, Сарыкөл Федоров аудандарынан – 1 оқушыдан.
12 қатысушы олимпиада жүлдегерлері атанды, оның ішінде 1 бірінші, 4 екінші және 7 үшінші орын, тағы 3 оқушы ерекше жетістіктері үшін грамоталармен марапатталды.

Қостанай облысының олимпиадалық құрама командасы Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша жалпы командалық 3 орынға ие болды.

Республикалық деңгейде жоғары нәтиже көрсетулеріңізбен құттықтаймыз!