Қостанай облысы білім басқармасы
1.12K subscribers
15.9K photos
3.35K videos
12 files
4.82K links
Download Telegram
Қостанай облысының 12 ауылдық мектебі жаңартылды

Тәуелсіздік күні қарсаңында, Қостанай облысының Меңдіқара ауданында өңірдің атақты ұлы, педагог және ақын Ғаббас Жұмабаевтың есімімен аталатын Боровской мектеп-гимназиясы жаңартылып, тұсаукесері өтті.

Мектепті дамытуға шамамен 250 млн. теңге жұмсалды. Бұл Білім беруді тұрақты дамыту қоры, «Қазақстан халқына» және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» қорының жобасы аясында іске асырылды.

Жарты ғасырдан астам уақыт бұрын салынған мектеп 1994 жылы балаларды мемлекеттік тілде оқытатын аудандағы алғашқы мектептердің бірі болды. Бүгінгі күні мектеп толығымен жаңартылып, 300-ден астам оқушының жайлы үйіне айналып отыр.

29 пәндік кабинет әлемдік трендтегі заманауи жабдықтармен жарақтанды, олар интерактивті панельдері бар заманауи білім беру кеңістіктеріне және жаңа модификациялары бар зертханалық жабдықтарға айналды. Робототехника кабинеті мен STEM-зертхана 3D-принтерлермен және практикалық жұмыс үшін қажетті жиынтықтармен қамтамасыз етілген. Кітап қоры жаңартылған мектеп кітапханасы өте жайлы кітапханаға айналды.

Акт залы заманауи музыкалық аппаратурамен жабдықталып, шығармашылық іс-шаралар өткізу үшін жаңа домбыралар мен гитаралар сатып алынды.

Білім басқармасының басшысы Айман Ибраева: «Сіздердің алдарыңызда білім беру сапасын арттыру үшін көптеген жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр. Қостанай облысының білім беру жүйесін дамытуға үлкен қаражат бөлетін «Қазақстан халқына» қорына ерекше алғысымды білдіремін. Ауыл мектептерін модернизациялау өте маңызды іс деп санаймын, өйткені әрбір оқушының білім алуы үшін ең жақсы жағдайлар жасалуы қажет. Біз Мемлекет басшысының қала мен ауыл арасындағы алшақтықты қысқарту туралы алға қойған міндетін іске асыра отырып, уақытпен бірге жүруге тырысып келеміз»,- деп атап өтті.

«Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық бағдарламасын іске асыру барысында 2022 жылдан бастап облыстың 12 мектебін жабдықтауға шамамен 3 млрд.теңге бағытталды.

Мектептің тұсаукесерінде Күләш Шамшидинова мұғалімдермен әңгімелесіп, заманымыздың күнделікті өзгеретін жағдайында кәсіби шеберлік деңгейін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

«Мектептің 42 педагогы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» базасында оқытудың заманауи технологиялары мен әдістемелерін қамтитын инновациялық құралдармен жұмыс бойынша оқыту курстарынан өтті. Мектепке үш жылдық әдістемелік сүйемелдеу ұйымдастырылды. Нәтижесінде педагогтар өз ауданының шағын жинақты мектептеріне әдістемелік қолдау және көмек көрсете алады»,- деді.

Білім беруді тұрақты дамыту қоры келесі жылы тағы 7 мектепті жарақтандыруды жоспарлап отыр.
12 сельских школ Костанайской области получили обновление

В преддверии Дня Независимости в Мендыкаринском районе Костанайской области прошла презентация обновленной Боровской школы-гимназии, носящей имя великого сына костанайской земли, педагога и поэта Габбаса Жумабаева.

В развитие школы было вложено порядка 250 млн. тенге. Это стало возможным благодаря проекту Фонда устойчивого развития образования, фонда «Қазақстан халқына» и «Назарбаев Интеллектуальные школы».

Школа, построенная более полувека назад, в 1994 году стала одной из первых в районе, где дети начали обучаться на государственном языке, полностью преобразилась, став уютным домом для более 300 учащихся.

Современным оборудованием в духе мировых трендов оснащено 29 предметных кабинетов, ставших современными образовательными пространствами с интерактивными панелями и лабораторным оборудованием новейших модификаций. Кабинет робототехники и STEM - лаборатория обеспечены 3D-принтерами и необходимыми наборами для практической работы. Комфортной стала школьная библиотека с обновленным книжным фондом.

Актовый зал оснащен современной музыкальной аппаратурой, новые домбры и гитары ждут талантливых ребят для проведения творческих мероприятий.

Руководитель управления образования Айман Ибраева подчеркнула: «Перед вами открывается множество новых возможностей для повышения качества образования. Хочу поблагодарить Фонд «Қазақстан халқына», который вкладывает большие средства в развитие системы образования Костанайской области. Считаю очень важным, что модернизируются именно сельские школы, ведь каждый ученик достоин лучших условий для обучения. Мы стремимся идти в ногу со временем, реализуя задачу, поставленную Главой государства о сокращении разрыва между городом и селом».

В ходе реализации благотворительной программы «Развитие потенциала опорных школ в сельской местности», на реализацию которой в школах области с 2022 г. на обновление 12 школ направлено порядка 3 млрд.тенге.

На презентации школы Куляш Шамшидинова беседовала с учителями, отмечая важность повышения уровня профессионального мастерства в быстро меняющихся условиях нашего времени.

«42 педагога школы прошли обучающие курсы по работе с инновационными средствами на базе «Назарбаев Интеллектуальные школы», охватывающие современные технологии и методики преподавания. Организовано трехлетне методическое сопровождение для всей школы. В результате педагоги смогут оказывать методическую поддержку и помощь малокомплектным школам своего района», - отметила она.

В планах Фонда устойчивого развития образования на будущий год – оснащение еще 7 сельских школ.
Құрметті ұстаздар!
14 желтоқсан күні сағат 21:30-да «Qazaqstan» телеарнасында Оқу-ағарту, Мәдениет және Ақпарат министрліктерінің қолдауымен «Ұстаз» көркем фильмінің премьерасы болады.
Сондай-ақ, «Ұстаз» фильмін «Qazaqstan» телеарнасының телеграм арнасынан тікелей эфирде көрсе аласыздар.
Ол үшін Ұлттық арнаның телеграм арнасына жазылыңыздар⤵️
t.me/qazaqstantv

Уважаемые педагоги!
14 декабря в 21:30 на телеканале «Qazaqstan» при поддержке министерств Просвещения, культуры и информации состоится премьера художественного фильма «Ұстаз»
Также фильм покажут в прямом эфире на телеграм канала телеканала «Qazaqstan».
Подпишитесь на телеграм канал Национального телеканала «Qazaqstan»
t.me/qazaqstantv
Құрметті педагогтер мен ата-аналар! Қымбатты балалар!

Егемен еліміздің ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Білім беру саласын дамыту еліміздің болашақ жетістіктерінің маңызды негіздерінің бірі.
Сондықтан да біздің басты міндетіміз – нағыз патриот, жүрегінде иманы бар, инабатты, әділ және адал, туған жерінінің тарихын біліп, Әділ Қазақстанның өркендеуіне үлес қоса білетін азамтаттарды тәрбиелеу.

Бұл болашақтың инвестициясы. Оқушылар мен студенттер өздерінің жетістіктерімен, зияткерлік, спорттық және шығармашылық жарыстарда жеңіске деген ұмтылыстарымен Қазақстанның болашағы сенімді қолда екенін тағы да растап келе жатыр.

Құрметті педагогтер мен ата-аналар! Қымбатты балалар! Еліміздің келешегін нығайту жолындағы еңбектеріңізге табыс, денсаулық, жаңа жетістіктер тілеймін! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, егемендігі баянды болсын!

Ізгі тілекпен, «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ басшысы А.Е.Ибраева