Азаматтық құқықтық сана және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың облыстық айлығы
2024 жылғы 4 қарашадан 4 желтоқсан аралығында Азаматтық құқықтық сана және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың облыстық айлығы өткізілді.
Айлықтың негізгі мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру, «Біртұтас тәрбие» тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру.
Айлық аясында құқық қорғау, прокуратура, денсаулық сақтау органдары қызметкерлерінің қатысуымен Профилактика күндері, сынып сағаттары, суреттер, плакаттар, эссе конкурстары, викториналар, құқық тақырыбындағы дебат турнирлері, спорт іс-шаралары, рейд іс-шаралары өткізілді, тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылды, тақырыптық буклеттер мен жадынамалар таратылды.

Областной Месячник гражданского правосознания и профилактики правонарушений среди несовершеннолетних
С 4 ноября по 4 декабря 2024 г. проведен областной Месячник гражданского правосознания и профилактики правонарушений среди несовершеннолетних.
Основная цель Месячника - повышение уровня правовой грамотности обучающихся, формирование общечеловеческих ценностей через призму реализации Программы воспитания «Біртұтас тәрбие».
В рамках Месячника проведены Дни профилактики с участием сотрудников правоохранительных органов, прокуратуры, здравоохранения и др., классные часы, конкурсы рисунков, плакатов, эссе, викторины, дебатные турниры по правовой тематике, спортивные мероприятия, рейдовые мероприятия, оформлены книжные тематические выставки, распространены тематические памятки и буклеты.

Қостанайда 280 орындық мемлекеттік балабақша ашылды
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында облыс орталығында кішкентай қостанайлық тұрғындары үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытатын 280 орындық жаңа мемлекеттік балабақша өз есігін айқара ашты.
Заманауи балабақшаның құрылысына 1,7 миллиард теңге жұмсалды, онда 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік және орыс тілдерінде 15 топ істейді.
Балабақша заманауи талапқа сай жабдықталды, балалардың жан-жақты дамуына барынша қауіпсіз және жайлы жағдайлар жасалған, ыңғайлы жатын бөлмелер мен ойын бөлмелері бар, хореографиялық, гимнастикалық, музыкалық және спорт залдары, педагог-психологтың, логопед пен қосымша білім беру кабинеттері, сондай-ақ медициналық және ем-шара кабинеттері қарастырылған.
Балабақшаның ашылу рәсімінде Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов: «Біздің облыстың әлеуметтік саясатының басты міндеттерінің бірі-сапалы мектепке дейінгі білім беру. Ерте жастан бастап мектеп жасына дейінгі балалардың ІТ–құзыреттерін қалыптастыру үшін бақшада инновациялық STEAM–зертханасы бар «цифрлық балабақша» жүйесі енгізілетін болады. Балалар робототехникамен айналыса алады, эксперименттер мен тәжірибелер жасай алады, анимация студиясында мультфильмдер жасай алады және квадрокоптерлерді басқара алады» деп айтты.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналары жаңа балабақшаның ашылуына өте қуанышты. «Біз бұл балабақшаның ашылуын асыға күттік. Жанымызда орналасқаны қандай жақсы. Енді бұл біздің балаларымыздың екінші үйі болмақ!», - деді ағынан жарылып, қуанышын бөліскен Раушан Иманкулова.
Жаңа балабақшаның ашылуы облыс орталығындағы кезектілікті 18%-ға төмендетуге мүмкіндік береді, педагогтер үшін 43 және көмекші персонал үшін 34 жаңа жұмыс орны құрылды
Бүгінгі таңда облыста 485 мектепке дейінгі ұйым істейді, онда 32 мыңнан аса бала оқиды, оның ішінде Қостанай қаласында 11 мыңнан аса баланы қамтитын 74 ұйым істейді.
Кезектілік мәселесін шешу үшін көптеген іс тындырылып жатыр. Биылдың өзінде 760 орындық 5 жаңа балабақша өз жұмысын бастап кетті: оның 2-еуі Қостанай ауданында, бір жекеменшік балабақша Рудный қаласында және біреуі Торғай ауылында. Сондай-ақ Әулиекөл ауданында «Халық» қорының қолдауымен 280 орындық жаңа балабақша ашылды.
Сондай-ақ, бүгін Арқалық қаласында 140 орынға арналған жаңа балабақша ашылды.